- Учителю
- Тақырыбы: Б І Л Г І Р Л Е Р
Тақырыбы: Б І Л Г І Р Л Е Р
</ Тақырыбы: Б І Л Г І Р Л Е Р
Мақсаты: бастауыш сынып оқушылардың меңгерген білім деңгейін анықтау,ойлау қабілеттерін дамыту,сөйлеу мәдениетін жетілдіру, білімді, жан-жақты болуға үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру арқылы танымдық ақыл-ой,логикалық пайымдау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту.Сөз өнерін қастерлей білуге үйрету.
Тәрбиелілік: өз ойлорын нақты, дәл айта білуге баулу, сауаттылыққа, алғырлыққа, достыққа тәрбиелеу.
Барысы:
І. Ұйымдастыру
- Психологиялық дайындық.
Күндей жадырап,
Айдай арайлап Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір, таза көңілмен - бүгінгі 4 «А» сынып оқушылар арасында өтетін «Білгірлер» сайысына қош келдіңіздер!
І топ. «Алғырлар»
ІІ топ. «Тапқырлар»
ІІІ топ. «Білімділер»
Ұрандары: І топ. «Алғырлар» тобы
«Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп».
ІІ топ. «Тапқырлар»
«Талаптыға нұр жауар».
ІІІ топ. «Білімділер»
« Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар».
-
Бүгінгі біздің сайысымыз 6 бөлімнен тұрады.
- Бұл бөлімдерде бірнеше тапсырмалар беріледі. Соған мұқият жауап береміз. Сайысымызды бастамас бұрын мен сендерді 3 топқа бөлемін.
I бөлім. «Кім білімді?»;
II бөлім. «Тіл өнері»;
III бөлім. «Ұшқыр ой»;
I V бөлім. « Тапқырлық»;
V бөлім. « Ойлан тап?».
VI бөлім. « Жедел жауап»
1-бөлім «Кім білімді?». Әр топқа ортақ 10 сұрақ беріледі.
1-топ сұрақтары:
-
Қазақтың ұлы ақыны кім? (Абай Құнанбаев)
-
Қазақ тілІнде неше септік бар? ( 7 септік)
-
Жүз жасаған ақын? ( Жамбыл)
-
Мәтіннің неше түрі бар? ( 3 түрі)
-
Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді? (Қанша?Неше?Нешінші?Нешеу?)
-
Тұрлаусыз мүшелерді ата? (Толықтауыш,анықтауыш, пысықтауыш)
-
« Менің атым Қожа» кімнің әңгімесі? (Б.Соқпақбаев)
-
Абай Құнанбаев қай жылы дүниеге келді? (1845ж.)
-
Мемлекеттік рәміздер қашан бекітілді? ( 1992 жылы 4 маусымда)
-
Қазақстан Республикасы неше облыстан құралған? (14)
2-топ сұрақтары:
-
А. Байтұрсынов кім? (Ақын, ағартушы, ғалым)
-
Қазақ халқының батыр қыздары кімдер? (Мәншүк,Әлия)
-
Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды? (1991 жылы 16 желтоқсан)
-
« Жетім» әңгімесін кім жазған? (М.Әуезов)
-
Дарынды суретші кім? ( Ә. Қастеев)
-
Қосымша нешеге бөлінеді? (2)
-
Көкжиектің төрт тұсын ата? (Оңтүстік,солтүстік, батыс, шығыс)
-
«Көксерек» әңгімесін жазған жазушы кім?( М.Әуезов)
-
Тірі табиғатқа нелер жатады? (Адам, өсімдік, жануар)
-
Қазақ даласында тұңғыш рет ғарышқа кім ұшты? ( Т. Әубәкіров)
3- топ сұрақтары
1. « Ғылым таппай мақтанба » өлеңінің авторы кім? ( А.Құнанбаев)
2.Балаларға арналған журналдарды ата? ( Айгөлек, Балдырған, Ақ желкен)
3. Үш биді ата? (Төле,Әйтеке,Қазыбек)
4. Адам өмір сүру үшін не қажет? (Ауа, жарық,су,тамақ, жылу )
5. Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал қалай аталады?( Түсбағдар)
6. Атаңа сен кім болсың? (Немере)
7. Қуанышты хабар жеткізушінің сөзі? (Сүйінші)
8.Қыста жейтін малдың еті қалай аталады? ( Соғым)
9. Күй атасы кім? ( Құрманғазы)
10. Жас кезінде Абайды қалай атаған? (Телғара)
2- бөлім. « Тіл өнері» мақалды жалғастыру
1-топ сұрақтары:
1. Тіл тас жарады, тас жармаса (бас жарады)
2. Мектеп -кеме, ( білім- теңіз)
3.Қыз өссе елдің көркі, ( гүл өссе жердің көркі)
4.Ел іші - (алтын бесік)
5. Жаңбырменен жер көгерер, ( батамен ел көгерер)
2-топ сұрақтары:
1.Досы көпті жау алмайды,
(Ақылы көпті дау алмайды)
2.Ақылды қария ,
(Ағып жатқан дария)
3.Сөз сүйектен өтеді,
(Таяқ еттен өтеді)
4.Мал аласы сыртында,
(Адам аласы ішінде)
5.Жаяудың шаңы шықпас,
(Жалғыздың үні шықпас)
3- топ сұрақтары
1. Қына тасқа бітеді,
(Білім басқа бітеді)
2.Төртеу түгел болса , төбедегі келеді,
(Алтау ала болса , ауыздағы келеді)
3.Балапан ұяда не көрсе,
(Ұшқанда соны іледі)
4.Бас кеспек бар болса да,
(тіл кеспек жоқ)
5.Шебердің қолы ортақ
(Шешеннің сөзі ортақ)
3- бөлім. « Ұшқыр ой» ( логикалық сұрақтарға жауап айту .Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай)
1. Бес бұтақты қайыңда,
Бұтақ сайын бес алма.
Біреуін бер Сайынға, Сонда қалмақ неше алма?
(Қайыңда алма өспейді)
2. 1 кг тұз ауыр ма әлде 1 кг мақта ауыр ма? (Тең)
3. Сол жақтан оқысаң да, оң жақтан оқысаңда бірдей сан қайсысы?
(40)
4. Бір жұмыртқа 3 минутта піседі, онда 4 жұмыртқа неше минутта піседі? (3 минут)
5. Барлық адам әдетте кімнің алдына барғанда бас киімін шешеді? (Шаштараз)
6. Қандай бөшкеге су құюға болмайды?
(Толып тұрған бөшкеге)
7. Судың астында қандай тас болмайды? (Құрғақ)
8. Жабық көзбен не көруге болады? (Түс)
9. 31 ақпан күні не болды? ( 31 ақпан болмайды)
4- бөлім. « Тапқырлық» сайысы
« Тапқырлық» сайысында жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тілдеріне аудару
1. Қабат -қабат қаттама,ақылың болса аттама.
( кітап- книга- )
2. Қанаты бар ұшпайды,
Су астында қыстайды. (балық - рыба- )
3. Ашу дұшпан болса,
Ақыл .........?
( дос- друг - )
4. Сөз анасы құлақ,
.......... анасы бұлақ.
(су - вода - )
5. Тұмсығымен қозғалар,
Соңында аппақ із қалар.
( бор - мель - )
6. Үй үстінде ұсақ тас,
Алайын десем табылмас.
( жұлдыз -звезда - )
7. Оқу - білім бұлағы,
Білім - ........ шырағы.
( өмір - жизнь - )
8. Ас атасы не?
( нан - хлеб - )
9. От басында құмған,
Екі көзін жұмған.
(Мысық -кошка-
5-бөлім. « Ойлан тап?»
(Әр топтың балалары « қазақстандықтар» сөзіне бірнеше сөздер құрайды
6-бөлім. «Жедел жауап»
Топ басшылары бір әріпті таңдайды. Менің сұрағыма сол әріптен басталатын жауаптар айту керек. А; Б; Қ.
А- дыбысынан басталатын сөздерді көп білесің бе?
1 .Қала- Алматы
2. Хан- Абылай
3. Ақын -Абай
4. Ұлттық тағам -Айран
5. Ай аты- Ақпан
6. Жабайы аң -Арыстан
7. ЖЕмңс-жидек- Алхоры
8. Ұлт -Араб
9. Сан -Алпыс
10. Ойын -Алтыбақан
Б - дыбысынан басталатын сөздерді көп білесің бе?
1.Қала- Бішкек
2. Көл - Балқаш
3. Батыр -Бөгенбай
4. Жазушы - Бердібек Соқпақбаев
5.Әнші- Бейбіт Қорған
6.Сәндік бұйым - Білезік
7.Ойын - Бәйге
8. Ұлттық тағам -Бесбармақ
9.Киім - Бөрік
10. Сан -Бір
Қ- дыбысынан басталатын сөздерді көп білесің бе?
1.Қала - Қарағанды
2. Мемлекет -Қазақстан
3. Батыр -Қабанбай
4. Музыкалық аспап - Қобыз
5. Хан- Қасым хан
6.Ұлттық тағам - Қазы
7. Күйші -Құрманғазы
8. Қыздың есімі - Қарақат
9. Сан -Қырық
10. Көкөніс -Қарбыз
Қорытынды:
Барына риза болсын көрермендер,
Үйретті білмегенге білімділер.
Осымен бұл сайысты тәмәмдасақ,
Тағы да жүздесерміз белестерде,
-дей келе бүгінгі біздің « Білгірлер» атты сайысымыз өз мәресіне жетті.Қай топтың жеңгенін анықтау үшін сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.