7


  • Учителю
  • Конспект на тему Дала өсімдіктері

Конспект на тему Дала өсімдіктері

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Дүниетану

Уақыты:23.11.2015ж

Кабинет:215

Айдарова Л

Сабақтың атауы

Дала өсімдіктері мен жануарлары

Далалық белдеу, оның ерекшеліктері, дала жануарлары мен өсімдіктері туралы мағлұмат беру.

Тақырыптың маңыздылығымен танысады, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйренеді, тпсырмаларды дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыланады.

Қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Мақсаты:

Күтілетін нәтиже:

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Білем деме, балам!

Білмейтінің көп шығар.

Бәрін білген адам,

Дүниеде жоқ шығар.

Көп білуге ұмтылған,

Көз жұмғанша оқиды.

Көз жұмғанша оқыған,

Көп нәрсені тоқиды.

(Ө.Тұрманжанов)

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Топқа бөлу

Топтың ұраны: «Өзгені тыңдату, өзін тыңдату».

1-топ : «Су» 3-топ: «Өсімдік»

2-топ: «Жер» 4-топ: «Жануар»

Топтық ереже:

1. Әркімнің пікірін тыңдап алу

2.Дауласпай ойланып, дәлел айту

3.Уақытты тиімді пайдалану

4.Бағаға әділ болу керек

Оқушылар суреттерді құрастырып, топтарға бөлініп отырады.

Өткен сабақты пысықтау

«Конверт» әдісі арқылы үй тапсырмасына шолу жасау.

1.Шалғында қандай өсімдіктер өседі?

2.Шалғын деп қандай жерлерді айтамыз?

3.Шалғынды адамдар қалай пайдаланады?

4.Шалғында қандай жануарлар тіршілік етеді?

5.Шалғында мекендеушілер бір-бірімен қалай байланысады?

6. Шалғынды қорғау жолы?

7.Шалғында өсетін улы шөптерді ата.

Оқушылар бір-біріне конверт арқылы сұрақтарға жауап береді.

Қызығушылықты ояту

Постермен жұмыс.

«Өсімдік», « Жануар», «Құстар», «Жәндіктер» жеке, жұпта, топта талқылайды.

«Топырақ тозса, құйқасы кетер,

Ауа ластанса, шипасы кетер.»

Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс

Жаңа сабақ тақырыбы: Дала өсімдіктері мен жануарлары.

Әр топтан «Бағалаушы», «Баяндаушы», «Хатшы» сайлап алған едік, енді «Өкіл», яғни елші сайлап аламыз.Мәтін бөліктерге бөліп беріледі.Әр топтың өкілі мәтінді өз орнында отырып оқып болған соң, келесі топқа елшілікке барып, мәтінді түсіндіріп береді.Баяндаушылар 1-ші кезекте өз топтарының атауын қорғайды.

1-топ: Даланың түрлері

2-топ: Қуаң дала өсімдіктері

3-топ: Даланың жануарлар әлемі

4-топ: Дала құстары мен жәндіктері.

Даланың түрлері: Шалғынды, қуаң, егістік

Шалғынды. Шөптекті өсімдіктер жыл бойы жайқалып өсетін ылғалы жеткілікті шалғын үлескілерді әдетте - көгал, ал аумағы жағынан үлкендерін - шалғын дейді

Егістік. Егістік дегеніміз - егін егетін алқапты айтамыз. Еліміздің солтүстік және орталық аймақтар оның топырағы ылғалды, әрі құнарлы келеді. Сондықтан арнайы суармай - ақ өсірілетін егістік алқабы. Ол жерде бидай, сұлы, арпа сияқтылар мол өнім береді.

Сондықтан арнайы суармай - ақ өсірілетін ондай егістік жерлер бар. Онда бидай, сұлы, арпа сияқты дақылдардан мол өнім алуға болады.

Қуаң дала. Қуаң даланың сәнге де бөленетінін кезі - көктем. Топырағы көктемге қар суымен ылғалданып, шөбі көкмайса болып, көз тартады.



Сергіту сәті

«Көңілді күн» ән ырғағымен билеу.

Шығармашылық жұмыс

Шөптері:жауқазын,сарыгүл,көкнәр,

Қазжуа

Бұталары;Қараған, тобылғы,дала шиесі,шомырт,бетеге,боз,жусан.

Саршұнақ

сұртышқан,аламан,

суыр, қосаяқ,түлкі,

қасқыр,сасық күзен,ор қоян,қарсақ,дала айдаһары, сұр жылан,су жылан,ақ бөкен, құлан, қарақұйрық.

Қоңыздар,ара

шыбын,маса,

түкті аралар,біте,

көбелек.

Шалшықшы,ақбас тырна, бозторғай,дуадақ, безгелдек,

дала қыраны.

Қорық - саны азайып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар қадағаланып, күтілетін жер. Оларды «Қызыл кітапқа, жазып, қамқорлыққа алады.

-Елімізде қоршаған ортаны қорғауға, әрбір аймақтың табиғи ерекшеліктерін сақтап қалуға ғылыми тұрғыдан мән берілуде.1997 жылы 15 шілде «Қоршаған ортаны қорғау» туралы, 1997 жылы 6 тамызда «Ерекше қорғалатын аймақтар «туралы заң қабылданды.

Венн диаграммасы

Үй жануары мен жабайы жануар, шалғын жануарлары мен дала жануарларын салыстыру.

Ой толғаныс

Топбасшы сайысы

1.Ұшатын сүтқоректіні ата? (Жарқанат) 2.Теңіз сүтқоректілерін ата?(Дельфин, кит, итбалық) 3.Көктемде ең кеш оянатын жануар?(жылан) 4.Балаларын көп ойнататын жануар?(Аю)

5.Піл құпиясын ата? (Тұрып ұйықтайды)

6.Қоян құпиясын ата ? ( Ол өте қорқақ)

Экологиялық есептер:

  1. Борсықтар орманда мекен етеді. Бұл пайдалы жануарлар. Олардың қорегі- орман зиянкестері. Егер бір борсық 1 күнде 1 кг жәндіктермен тышқандарды жейтін болса, 1 аптада қанша зиянкестерді жей алады.( 7кг)

  2. Қорықтағы маралдарға шөп берілді.Егер бір марал 12 кг шөп жесе үш маралға неше кг шөп керек ? (36кг)

Тест сұрақтары .

1. Қосмекенді жануарды ата.

а) бақа ә) жылан

2. Қандай аң түсін өзгертеді?

а) қасқыр ә) қоян

3. Бунақденелілер қай ортада тіршілік етеді?

а) жер ә) аспан

4. Адам қолында тіршілік ететін жануар қалай аталады?

а) үй жануары ә) аңдар

5. Қыста ұйқыға кететін аңдар?

а) түлкі ә) аю

Ертегілер еліне саяхат.



Табиғаттың панасымыз,

Түйіп айтар сөзіміз,

Табиғатты аялайық,

Мына біздер өзіміз!



Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып алу

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау</</p>



Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Конспект на тему Дала өсімдіктері











Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал