7


  • Учителю
  • Дүниетану Дұрыс тамақтану 2 сынып

Дүниетану Дұрыс тамақтану 2 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Дүниетану. 2 сынып

Сабақтың тақырбы: Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың дұрыс тамақтану туралы білімдерін жүйелеу, кеңейту; оқушылардың ойлау, есте сақтау, салыстыру және таным белсенділігін арттыру; тазалық гигиенасын сақтау, тазалыққа баулу.

Сабақтың түрі: жаңа

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтау

Сабақтың көрнекіліктері: суреттер, жасанды жеміс, көкөністер, сүт тағамдарының суреттері

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

-Оқушыларды түгендеу, балалардың назарын сабаққа аудару

  1. Үй тапсырмасын сұрау.

(үйде әр кім өз отбасында сақталған дәстүр туралы айту)

3. Жаңа сабақ:

а) - Қанеки, барлығымыз тақтаға көңіл бөлейік. Қандай сурет көріп отырсыңдар?( тақтада бір өте семіз адамның және өте жүдеу адамның суреті бейнеленген)

  • Неге бұл адамдар осындай сырт көрініске тап болды деп ойлайсыңдар? (оқушылар ойларын айтады)

  • Жалпы балалар, сендердің айтып жатқан ойларың дұрыс. Бұл адамдар дұрыс тамақтанбаудың салдарынан, денсаулықтарын жоғалтқан.

  • Олай болса, балалар бүгін сабақта «салауатты өмір сүрудің бір ережесі - дұрыс тамақтану» туралы мәлімет аламыз.

ә) Кіріспе әңгіме: тамақтану - адам ағзасы үшін аса маңызды қажеттілік. Біздің денсаулығымыз көбінесе қалай тамақтануымызға байланысты. Адам күш-қуат жұмсайды, соны қалпына келтіру үшін дұрыс тамақтану керек. Дұрыс тамақтану - денсаулық негізі.

Өткен кезеңнің данышпан адамдары «Біз тамақтану үшін өмір сүрмейміз, өмір сүру үшін тамақтанамыз»деген. Дұрыс тамақтану дегеніміз бұл аз-аздан әр-түрлі тамақтарды қабылдау. Ағза үшін жұмыс атқарады, сондықтан уақытылы тамақтануды талап етеді. Ағзада қоректік заттар қарапайым заттарға ыдырайды да, қуат бөліп шығарады.

Тағам өнімдері өсімдік және жануартекті болады. Өсімдіктекті тағамдарға: жемістер мен көкеністер, нан, қант, өсімдік майы жатады. Жануартекті тағамдарға: ет, жұмыртқа, ірімшік, сүзбе, балық, құс еті, сары май жатады.

Дүниетану Дұрыс тамақтану 2 сыныпДүниетану Дұрыс тамақтану 2 сыныпДүниетану Дұрыс тамақтану 2 сынып



Дүниетану Дұрыс тамақтану 2 сыныпДүниетану Дұрыс тамақтану 2 сыныпДүниетану Дұрыс тамақтану 2 сыныпДүниетану Дұрыс тамақтану 2 сынып

Тамақты жеткіліксіз, артық мөлшерде ішу ағза үшін зиянды.

Адам белгілі бір мөлшерде күніне 4-5 рет уақытылы тамақтану қажет.

- Суретпен жұмыс:

Оқулықтағы суретті көрсетеміз. «топтау» әдісі бойынша жануартектес азық түліктерді бір топқа, өсімдіктектес азық-түліктерді екінші топқа бөлеміз.

- Қосымша мәлімет. Балалардың күнделікті тағамында жеміс-жидектер, витаминдер көп болуы тиіс. «Витамин» терминін американ ғалымы Казимир Фуик ойлап тапқан. Ол күріш дәнінің сыртындаға қабықшасын ағзаға қажетті деп есептеп, «vita» сөзі(өмір) мен «амин» сөзін қосып, витамин деп атаған. А витамині сәбізді, алмада көп болады, ол көздің көруін жақсартады. Орамжапырақта С витамині көп, оның көмегімен тістерің мықты және әдемі қалпында сақталады. Салат жапырағында болатын В витамині ұйқыны жақсартып, көңіл-күйді көтереді.

4.Сергіту сәті. «Мынау не?» дидактикалық ойыны ойналады.

Мазмұны: мұғалім оқушыларға көздерін жұмып отыруды тапсырады. Оқушылар көздерін ашқанда тақтада пияз, сарымсақ немесе лимонның суреті тұрады. Мысалы: 1 оқушы лимонның түрін, түсін, дәмін, иісін, оның құрамында қандай дәрумендер бар екенін әңгімелейді. Оны басқа оқушылар толықтырады.

5. Білімін тексеру: Дұрыс тамақтанудың диагностикалық картасы құрастырылады.

Оқушылар өз беттерінше дұрыс тамақтану және дұрыс тамақтанбаудың ережелерін жазады, неге екенін дәлелдейді.

6.Сабақты бекіту:

  1. Біз неге дұрыс тамақтануымыз керек?

  2. Неліктен жемістер мен көкеністерді жуып жеу керек?

  3. Жануартектес азық-түліктерге нелер жатады?

  4. Өсімдіктектес азық-түліктерге нелер жатады?

  5. Тамақтану барысында қандай ережелерді сақтағанымыз жөн?

7.Рефлексия.

Балалар, бүгінгі сабақ ұнады ма? Бүгінгі сабақтан не алдық?

8.Бағалау (оқушылар өзін-өзі бағалайды)

9.Үйге тапсырма: Әр оқушы дұрыс тамақтанудың сызбасын сызып келеді.















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал