7


  • Учителю
  • Қош бол, құтты, Әліппем атты ертеңгілік

Қош бол, құтты, Әліппем атты ертеңгілік

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Жүргізуші: Бүгін мына салтанатты жерде қандай керемет мереке өтейін деп жатыр?

Жүргізуші: Көркем салтанатты жерде бүлдіршін балалрдың Әліппемен қоштасу ертеңгілігі өтпек.

Жүргізуші:

Бала деген шіркін ай балдай екен

Тәттілігі жая мен жалдай екен

Арып ашып даладан келгеніңде

Бал иісін татырып алдайды екен - деп Кенен атамыз айтпақшы , тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген бүлдіршіндеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған «Қош бол құтты Әліппем! атты ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер!

Қош келіпсіздер , құрметті ата - аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Шәкірттердің қолдарына тұңғыш ретұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі Әліппені бітіргелі отыр.



Жүргізуші: Әліппе оқылығын түгелдей оқып бітірген түлектеріміз қайда ?

Жүргізуші: Олар біздің хабарландыруымызды үтіп тұр.

Жүргізуші: Ендеше бүлдіршіндерді шақырсақ қалай қарайсың?

Жүргізуші:

Бесіктегі баланың,

Күлгенін көрген - бір мұрат.

Алдына түсіп ананың

Жүргенін көрген- бір мұрат - дегендей, оқушыларымызды ортаға шақырайық!

Жүргізуші:

Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық

1«В »сыныбын ортамызға!



Музыка әуенімен сынып оқушылары ортаға келеді.



Жүргізуші :

Өсті міне бойларың

Өсті міне ойларың

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларын!



Жүргізуші: Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Сендер оған жауап беруге тырысыңыздар.

Іші толы әріпке

Білімдегі жарық не?

Хормен балалар: «Болашаққа жол ашар Ол сүйікті Әліппе!»



Жүргізуші: Олай болса бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.



Балалар хормен: Әліппе, Әліппе, Әліппе!



Музыка қойылады ортаға Әліппе келеді. Сөз сөйлейді.

Әліппе: Балалар осы сендер қандайсыңдар?

Оқушылар «Осы біз қандаймыз?»

- Мың бұралған бишіміз

-Жанып тұрған шырақпыз.

- Біз шеберміз

- Өнерліміз, білімдіміз.

-Қазақ елін өркендететін

Қазақ тілін көркемдететін

-Бабаларға тағзым ететін

Аналарға бас иетін

-Елтаңбасымен еңселі.

Туымен тұғырлы.

нұранымен айбатты.

Хормен: Бі қазақ елінің болашағымыз?



Жүргізуші: Әліппе онда алдарыңда тұрған еліміздің болшақ азаматтарының сізге арналған ертеңгілігін тамашалауға шақырамын.



Жүргізуші:

Мектеп, мектеп бақытқа толды үйің,

Ұша білсек болмас - ау тіпті қиын.

Бастауыштың соңғы әнін шырқап бүгін,

Бастауыштың билейміз алғаш биін.

Вальс биі



Жүргізуші: Рахмет сендерге балалар. Расында да мың бұралған бишілер екен гой. Ал енді мына сұраққа жауап беріңіздерші Алібидің алғашқы үш әрібі қандай?



Жүргізуші: Әрине А,Ә,Б. Ал енді осы үш әріппен сіздерді қыздарым таныстырады.

Тақпақ Жанель, Сабина, Диана





Еркежамал: Армысың сен , алтын ұя мектебім

Саған айтар жыр- алғысым көп менің

Жүректерге жаққан білім шырағын ,

Мектебіме арналады бұл әнім!





Еркежамалдың орындауында «Мектебім» әнін қабыл алыңыздар!



Мектебім

Өмірге ең қажетті,

Білім берген керекті

Әр үйінен ұшырған

Алтын ұям, мектебім!

Ұмтылдырған білімге

Құлшыңдырған өмірге

Ақ ниетті ұстаздар

Бас иеміз сіздерге.



Жаңшы, жаңшы жаңған шырақ болшы

Білім, орда мектебім

Ағып жатқан, ағып жатқан бұлақ болшы

Гүлдене бер, мектебім!



Мектеп, ұстаз, жас ұлан

Қамқор болған жасынан

Ер жеткен соң табылмас

Жас інімдей қасымнан

Өзің ұшқан ұяңда

Ұмытпасан жүрейік

Ұлағатты ұстазды

Құрметтете білейік.





ЖҮРГІЗУШІ .Ұлдар хоры. «Ақ көгершін». Жетекшісі: Зәуреш Аманжолқызы.



ЖҮРГІЗУШІ:

Мың бұралған биші қызымызды

Қошеметтеп ортаға шақырайық.



ЖҮРГІЗУШІ. Арнаның орындауында «Жастар»биі.



Балалар өздері шығады.



Мұхаммаджан:Мектебім , алтын ұям , нұрың жарық,

Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.

Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,

Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.



Ануар: Мектеп - үйім , ұстазым менің - ата- анам,

Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам.

Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек.

Тамырланып , сан тарапқа тараған.



Айдар: Мектебім- сүйікті мектебім,

Бауырыңда түлеймін , көктеймін.

Сен - бұлақ, мен- қайың бүр ашқан,

Өзіңнен нәр алып көктедім.



Руслан: Мектеп - кеме , білім - теңіз,

Барар жерге тез жетеміз.

Төрт жыл алған білім нәрін ,

Азық етіп ер жетеміз.



ЖҮРГІЗУШІ: Ғайнижамалдың орындауында «Полька»



ЖҮРГІЗУШІ: ұлдар биі «Бумм Бумм»



ЖҮРГІЗУШІ: Хор «Отаным Қазақстан» жетекшісі Зәреш Аманжолқызы



ЖҮРГІЗУШІ; Көрініс «ГАЙ»



ЖҮРГІЗУШІ: «Үйретеді мектепте» мантаж



«Үйретеді мектепте»



Ельжас: Ойланып есеп шығартып,

Төрт таңбаны білдірген.

Ғылымдардың патшасы,

Математика данасы



Зарина:Анашымдай сыр шерткен,

Ақыл- білім үйреткен.

Ана тілін оқыдық ,

Ерекше зор құрметпен.

Ана тілін сүйеміз,

Құрметпен бас иеміз.

Ана тілмен қоштасамыз,

Әдебиетпен достасамыз.



Нұрбол:Қазақ тілі пәнінен,

Білім алды балалар.

Сөйлемді, сөз таптарын,

Етістіктің шақтарын,

Жалғаулар мен жұрнақтар.

Ережесін жаттадым.



Арна;Ой жіберсең бәріне ,

Дүниетану пәніне.

Өмір сырын үйретер,

Пәннің жақсы бірі де.

Жер байлығы көп екен,

Игеруді қалайды.

Осының бәрін білдірген ,

Дүниетану сабағы.

Хормен:Білімімізді шыңдаймыз, биіктерге самғаймыз!



ЖҮРГІЗУШІ: Хор «Мектебім» жетекшісі: Зәуреш Аманжолқызы.



ЖҮРГІЗУШІ:

Домбырасыз ән қайда?

Домбырасыз сән қайда?

дей келе ортаға Еркежамал, ағасы Еркөкше екеуінің орындауында

күй «Ерке сылқым»





ЖҮРГІЗУШІ:

Мектеп, мектеп бақытқа толды үйің,

Ұша білсек болмас - ау тіпті қиын.

Бастауыштың соңғы әнін шырқап бүгін,

Бастауыштың билейміз соңғы биін.



Түлектеріміздің шыр айналып билеген «Вальс» биін тамашалаңыздар.



ЖҮРГІЗУШІ:

Артта қалып балғын шағы - ертегі,

дәл бүгіннен басталады ертеңі.

Алып шығар ашық, терең теңізге

Арман атты ақ кеменің желкені.



Бойға жиған салт-дәстүр мен мұраны,

Ел мүддесі болсын асқақ ұраны

Мәртебесін көтеретін биікке

Жас түлектер - тәуелсіз ел қыраны!



4 сынып аяқтау куәлігін табыстауға бастауыш сынып оқу ісі меңгерушісі Каскеева Алмагүл Аскербекқызын ортаға шақырамыз.

ЖҮРГІЗУШІ:

Ажырымай мектептен бір елісіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз берелік құрметпен өзіңізге,

Шәкірттерге арналасын тілегіңіз,

дей келе құттықтау сөз кезегі сынып жетекшісі Аубакирова Жанар Исмагуловнаға беріледі.





ЖҮРГІЗУШІ:

Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым - балбұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол былғаймын.

деп, түлектерімізге сөз беріледі.



Орыс тілі мұғаліміне алғыс:

Ана тілімен табалдырықты аттадық,

Орыс тілін қосып бірге жаттадық

Кайриса апай арқасында

Орысша еркін сөйлей бастадық,



Музыка мұғаліміне алғыс:

Ән сабағын өте жақсы көреміз

Өлең айтып, би де билеп береміз,

Зәуреш апай, үйреткен әрбір әндерді

Күнде айтып, көңілденіп жүреміз



Сөз өнері мұғаліміне алғыс:

Сөз өнері үйретеді мәнерге,

Оқимыз біз, сөйлейміз де қызыға

Мінгесеміз «Білім»атты кемеге

Алғыс айтып, Алмагүл Әскербекқызына









Жолдайды мектеп басшысы

Түлектерге, ақ тілек

Өмір деген үлкен жолда

Ақ жол тілеп, бақ тілеп-дей отыра құттықтау сөзі мектеп-гимназия директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жұмашева Толқын Ғабдуллақызына беріледі



Мектеп бұйрығымен таныстыруға бастауыш сынып оқу ісі меңгерушісі Каскеева Алмагүл Әскербекқызына сөз беріледі.









«Мектебім» әні шырқалады. Хормен айтылады.



Қарлығаштай қанат қағып самғаңдар,

Есейіңдер өмір жолын таңдаңдар.

Бастауыштан алған нұрлы білімді,

Әрі қарай, ізденіңдер, жалғаңдар, - дей келе, «Бастауышым балбұлағым» атты ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті. Қош сау болыңыздар! Кездескенше!



































Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған сияқты едік - бүгін, міне, төрт жылдың қалай зулап өткенін байқамай да қалыппыз.

Көздеген мұрат - мақсаттарына қол жеткізіп, армандарың орындалсын. Келешеглерің кемел, болашақтарың нұрлы болсын. Жұртқа жұғымды, елге сүйкімді қалптарынан айнымай, алда талай асу белестерді бағындыра беріңдер. Мектепті жақсы бітіріп, жоғары оқу орнына түсіп, биік белестерден көрініңдер. Нұрлы жол, думанды шақ тілеймін. Ата - ананың қуанышы, шаңырақтарыңның шуағы болыңдар. Жұлдыздарыңыз жансын.

Білім нәрімен сусындап, ақылды азамат, отан сүйгіштік рухтарың мықты болуын тілеймін. Азаматтық жігерлерің мұқалмасын. Асқар шыңдарды бағындырыңдар. Қонар тұғырларың биіктей берсін.



Құрметті, атааналар! Бүгінгі күн сіздердің де мерекелеріңіз!сіздерге тілерім:

Жылдарыңыз жемісті!

Айларыңыз арайлы!

Күндеріңіз көңілді!

Сағаттарыңыз сәтті!

Минуттарыңыз мәңді болсын!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал