7


  • Учителю
  • Конспект урока по самопазние 'Еңбектің наны тәтті'

Конспект урока по самопазние 'Еңбектің наны тәтті'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: А.Байтұрсынов атындағы орта мектебі.

Мерзiм: 28.02.2015 ж.

Тақырып: Енбектің наны тәтті

Құндылық Дұрыс әрекет

Қасиеттер жауапкершілік және тәртіппен, сүйіспеншілікпен және шынайылықпен жұмыс істеу, уақытты үнемдей білу.

Мұғалiм: Ахатова Л.М.

Класс 3

Оқушылар саны: 16.


Сабақ мақсаты: балалардың «еңбек» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • Еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.

  • Еңбекті қадірлеу, бағалау, еңбектің қуанышын сезіну, іскерліктерің дамыту.

  • Еңбексүйгіштікке, табандылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.


Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

  • Сәлеметсіздерме балалар, бүгінгі өзін-өзі тану сабағында түгелміз бе?

  1. Тыныштық сәтi.

Балалар, орнымызға жайлап отырайық. Екі қолымыз партада немесе дізеде. Көзімізді жабамыз.

Релаксациялық әуен ойнайды.

«Нұрға бөлену»

Орманға саяхат

Денелеріңізді түзу ұстаңыз. Көздеріңізді жабыңыздар. Терең тыныс алып елестетіңіздер.

Қазір біз бірге орманға саяхатқа барамыз. Елестетіп көріңіздер, сіздер орындарыңыздан тұрып, сыныптан шығып, далаға шықтыңыздар. Далаға шыққанда сіздер таза ауаны сезіндіңіздер, осы ауамен терең тыныс алып, беттеріңе күн шуағының жылуы сезіледі. Орманға қарай бағыттаңыздар. Орманға кіріп, жан жақтарыңызға бір қараңыздар. Айнала толған әсем, түрлі түсті гүлдер. Таза ауамен тағы да терең тыныс алыңыздар. Қараңыздар сіздер гүлді көрдіңіздер. Осы гүлге жақындап гүлдің хош иісін иіскеңіздер. Орманда құстардың әні, ағаштардың иісі, жәндіктердің тынысы сезіледі. Ағаштарға қараңыздаршы, олар биік және үлкейіп бара жатыр. Сіз өзіңізге бір ағашты таңдап, сол ағаштың қасына жақындаңыз. Ағашты ақырын құшақтап тұрыңыз. Ағаш сізге өз энергиясын береді. Ақырындап ағашты жіберіп, ағаштың астына отырыңыз. Жан - жақыңызға қараңыз. Орман ішіндегі тіршілікті көріп тұрсыз ба? Осы қалыпта біраз отырыңыз. Бұл сіздің ағашыныз. Бұл ағашқа сіз қалаған уақытыңызда келе аласыз. Орманның таза ауасымен тағы да терең тыныс алып, артқа қайтуға дайындалыңыз. Келген жолдарыңызбен орманнан қайта шығыңыз. Ақырындап мектепке кіріп, өз кабинетімізге кірейік. Өз орынымызға отырайық. Осы сезімді жүректеріңізде сақтаңыздар.

Балалар бүгіңгі сабағымызда біз топқан бөлініп тапсырмалар орындаймыз. Сабақ барысында дұрыс әрі менің көңілімнен шыққан, бірінші болған, тәртәп сақтаған топқа смайлдар беріп отырамын. Осы смайлдар арқылы сабақ соңында жеңімпаз топты анықтаймыз.

  • Еңбекқор.

  • Еңбекшілер.

  • Еңбектену.

  1. Үй тапсырмасын тексеру

Оқулықтағы 11 сабақта берілген «Отбасы татулығы» деген аңыз әңгімені оқып, талдау.


  • Сіздер қалай ойлайсыңдар- ауыл ақсақалы патшаға калай жауап береді?

  • Өсиет әңгіменің мәні неде?

  • Сонда, отбасы татулығы үшін қандай қасиеттер маңызды деп ойлайсыңдар?

  • Неге қария қасиеттерді 100 рет жазды деп ойлайсыңдар?


Сабақ барысын талдау:

  1. Дәйексөз.

-тақтаға жазылады.

«Бейнетің қатты болса, татқаның тәтті болар»

халық мақалы

Дәйексөздің мәнін ашып, жаттап алу

-Балалар, осы дәйексөздің мағынасын кім қалай түсінді.

-Әр адам өз еңбегінің нәтижесін көргенде асқан қуанышты сезімде болады, оны басқалардың таптауына жол бермейді. Әркімге өзінің еңбегімен келген нәрсе ыстық және ең қымбат. « Бейнетің қатты болса, татқаның тәтті болар» деген халық даналығ осыдан шыққан.

- Балалар, дәйексөзді дәптерлеріне жазып алындар.

  1. Әңгiмелеу

Еңбек етудің мәнін түсіндіру үшін әңгімелесу жұмысы ұйымдастырылады.

Маңдай тер

Б. Досымов

Хамит атасымен әңгімелескенді ұнатады.Балабек қария көп жыл бойы сушы болған. Қазір құрметті демалыста. Сонда да үйде отырғанын көрмейсің. Хамитті ертіп, үй жанындағы бақ ішіне жеміс егіп жүргені. Ешқашан шаршамайды.

  • Ата, «маңдай тер» деген не? -деп сұрайды бірде Хамит.

Атасы ойға шомды. Көзін бір нүктеге қадады. Әжімдері терендеді. Сонан соң Хамитті жетектеп, өзі көшет алып жүрген тоғайға келді.

Қолына күрек ұстатты:

  • Қане, екі-үш рет қазып ал!

Өзі шеткерірек барып, ағаш көлеңкесіне жайғасты. Хамит пора-пора боп терлейді. Үйге келген соң да атасы жақ ашпайды.

... жылдар өтіп жатты. Көшеттер үлкен ағашқа айналды. Алма мен жүзім мол жеміс салды. Қоңыр күзде атасы Хамитті ертіп бақ ішіне келді. Қып-қызыл алманың біреуін үзіп қолына үстатты. Сондай дәмді!..

  • Маңдай тер деген осы, Хамитжан. Өзіңнің маңдай теріңнің жемісі!

  • Хамит атасын құшақтай алды.


-атасы Хамитке «маңдай тер» дегенді қалай түсіндірді?

-өз еңбектеріңнің жемісін көрген кездерің болды ма?


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.


  • Балалар енді біз сендермен тапсырмалар орындасақ. Олай болса біз әдебиеттік оқудан «Еңбекпен тапқан тиын» деген ертегі өткен болатынбыз. Енді осы ертегіні үш топ жеке жеке рөлге бөліп сахналаймыз.

  • Ал енді екінші тапсырмамыз. Қазақтың ең ұзын сөзі қандай еді? Иә дұрыс айтасындар, «Қанағаттандырмағандықтарыныздан». Бұл сөзде неше әріп бар? Неше буыннан тұрады?

Дұрыс айтасындар. Ал енді осы сөзден сөздер құрап шығарайықшы.

  • «Еңбек етсен ерінбей, тояды қарының тіленбей» әңгіме жазасындар.

  • Мозайка. Берілген қағаздары құрау арқылы сурет құрастырындар.

Міне сендер құрап шықтындар. Енді бұл сірет бойынша өз ойларынды айтып өтіндер.

Балалар бұл балалар не істеп жатыр?

Сендер де осылай жасайсындар ма?


Ал енді бәріміз орынымыздан тұрып ән айтамыз.


  1. Топпен ән айту.

Балаларға парақтар таратып беремін. «болайықшы осындай» атты өленді хормен айтамыз.


  1. Үй тапсырмасы.

Дәйексөзді жаттап келу.

Еңбек туралы мақал мәтелдер жазып, жаттап келу.


  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу музыка қосылады.

-Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақта есімізге түсірейік.Бүгіні сабақты алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп, сақтайық. Енді көздеріңізді ашсаңдар да болады.

- ақылды адамның қиялы бай.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал