7


  • Учителю
  • Конспект урока 'Біріккен сөздер'

Конспект урока 'Біріккен сөздер'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздердің жазылуы
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларға күрделі сөздер туралы түсінік қалыптастыру.Біріккен сөздер туралы мағлұмат беру, жасалу жолдарын ажырата білуге үйрету.
2.Оқушылардың ойын жүйелі, жатық жеткізуге, интеллектуалды және эмоционалды белсенділігін арттыруға, жазу сауаттылығын дамыту
3.Сауатты жазуларын қалыптастыру.Инабаттылыққа, еңбекқорлық пен адамгершілікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:Біріккен сөздердің жазылуын меңгерту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылған әдіс тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ-жауап, проблема тастау.
Пән аралық байланыс: Ана тілі, дүниетану, бейнелеу өнері, музыка.
Көрнекілігі: Оқулық, суреттер, схемалар.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Тілек гүлшоғын жасау.
2.Өткенді пысықтау.
Ой шақыру: «Көрші» ойынын ойнату.
1.Сөз таптарына нелер жатады?
- Зат есім дегеніміз не?
- Сын есім дегеніміз не?
- Сан есім дегеніміз не?
- Етістік дегеніміз не?
2.Сөйлем мүшелеріне нелер жатады?
- Бастауыш дегеніміз не?
- Баяндауыш дегеніміз не?
- Тұрлаусыз мүшелерге нелер жатады?
3.Сөйлемнің тағы қандай мүшелері бар?
- Бірыңғай мүше дегеніміз не?
4.Сөйлем құра:Тал, терек, қайың.
3.Жаңа сабақ.
Қызығушылықты ояту:1. Гүл + жан,Гүл + жайна,
Гүл + бақыт,гүл + десте
Күн + сұлу,күн + бағыс,күн +тізбе.
- Сөздерді топтасуына қарай қорытынды ереже шығару.
- Екі түбірден жасалған сөз біріккен сөз деп аталады.

-Екі немесе одан көп сөз бірігіп ,бір ұғымды білдіреді,бір сұраққа жауап береді.
- Біріккен сөзді құрайтын түбірлер бірігіп жазылады.
- Мысалы: Ақмарал, денсаулық, Айнабұлақ,
Қаратау, Алатау

Жер-су аттарын білдіретін біріккен сөздер қатар келген екі дауысты дыбыс сақталып жазылады.

4 .Көру диктанты

Сары+адыр,Шилі+өзен,Қара+үңгір,Әулие+ата,Сары+ағаш,Сары+арқа,Жаңа+өлке.

Екі түбірден бірігіп жасалған кісі аттарындағы қатар келген екі дауысты дыбыстың бірі түсіріліп жазылады.

5. Тақтамен жұмыс


Торы+айғыр,Мырза+Әли,Қожа+Ахмет,Өмір+Ұзақ,Жұма+Әділ,Әді+Ахмет,Мырза+Ахмет,Жылқы+Айдар.

6. Сөздік диктант


1)Жаздыгүні,қыстыгүні,күздігүні,қолғап,Қарагөз,Жарқанат,Ақбөкен,балмұздақ,атамекен,бүрсігүні,қолғабыс,тоғызқұмалақ.

2). «Ой ашар»Сөздік диктант.
Бұзаубас, ақсақал, асқабақ, балық, Сарыағаш, ерекше, дәптер, Біржан, тас, балалар.
Ішіне «Біріккен сөз» / Сыртына»Жай сөз»


7 .Дәптермен жұмыс. «Жинақтау тәсілі»
1-тапсырма. Сөйлемдерді оқып,біріккен сөздерді «+» арқылы теріп жазу.
Тақтаға үш оқушы шығарып «Сыңарыңды тап ойынын» ойнату.
А)қырық-----------беу
Қызыл--------------түстік
Оң-------------------құм
Бел------------------аяқ
Ә)Қала аттары : Қызылорда
Кісі аттары: Айнұр

2-тапсырма .Өздік жұмыс.

«Бес жолды өлең»
Тақырыбы Зат есім. Сын есім. Етістік.
Аққу ----------- ----------- -------------
Гүлжан ----------- ----------- -------------
Ақтабан ----------- ------------ --------------
Сөйлем құрау.
8.Топтық жұмыс.
Нұр.........
Ер............
Жан.........
Ақ.............

9. Оқулықпен жұмыс


1-тапсырма.Тапсырманы оқы.

Бір үйдің ай десе аузы бар,күн десе көзі бар бес сұлу қызы болыпты.Олардың аттары да өздеріне сай екен.Сол қыздардың аттарын тауып жаз.

2-тапсырма.Сөздерді оқып,құрамына қарай топтап жаз.

Жанартау,найзағай,зілзала,тасқын,кемпірқосақ,тұман,сағым,көкжиек.


---------------------------------------------------- / ----------------------------------------------


---------------------------------------------------- / ----------------------------------------------

3-тапсырма.Мәтінді оқы.


Біріккен сөз


Менің әжем ай сайын «біріккен сөз» алады.Алған сайын маған дәмді « біріккен сөз» сатып алып береді.

Бірде мен әжеммен « Біріккен сөз» деген ауылдағы « Біріккен сөз» деген туысымызға қонаққа бардым.Олар бізді «біріккен сөзбен» қарсы алды.Бұл үйдіңсүйкімді «Біріккен сөз» деген күшігі бар екен.Біріккен сөз менімен күні бойы ойнап үйір болып алды.

--«Біріккен сөз ,Біріккен» сөз,кә-кә!-деп шақырсам,шапқылап жетіп келеді.

Кетер кезде ол үйдің « Біріккен сөз» деген немересі :

--«Біріккен сөз», «Біріккен сөзді» алғың келсе мен саған берейін.Сен қонақсың ғой.,-деп қимастықпен «Біріккен сөзге» қарады.

Ал мен «Біріккен сөз» үшін өзінің үйренген жерінен артық жер болар ма екен деп ойладым.

а) «Біріккен сөз» орнына мағынасына қарай біріккен сөз тауып жаз.Үйде өзің де осыған ұқсас мәтін құрастыр.


Ә)Мәтіндегі біріккен сөз деген сөз неліктен бірде бас әріптен ,бірде кіші әріптен басталып жазылған?


4-тапсырма.


Тай,лақ пен тайлақтың айырмашылығын айт.


5-тапсырма.Тез жауап бер.

Лездеме

1)Жиегі көгерген кілем қайдан көрінген?--------------------------------------------------------------------------------

2)Нені қазып қала болған?---------------------------------------------------------------------------------------------------

3)Екі сөз біргіп қалайша сайрады?----------------------------------------------------------------------------------------

4)Екі қазанның бірі сатылып кеткенде ,неше қазан қалады?---------------------------------------------------------

5)Баққаным әрі құс,әрі түйе.----------------------------------------------------------------------------------------------------

6) Суы да ала,тауы да ала,Бар ма екен осыны білетін бала?---------------------------------------------------------


6-тапсырма.Сөздерді толықтырып жаз.

----------------тасқорған , сайқы------------- , ----------таңба , ән------------- , еңбек------------,ғалам------------------ ,

Ақ----------- , ықшам---------------------- .

7-тапсырма.Үштөбе,Қаратау деген біріккен сөздер қай суретке сәйкес келетінін тап.


+


8-тапсырма.Біріккен сөздерді тауып астын сыз.

Алтай,Арқа,Алатау,

Тарбағатай,Қаратау.

Жеке батыр,Көкшетау

Көп тау,көне тау.


9. «Ой дамыту»Шығармашылық жұмыс.


  1. Адамның ең үлкен бақыты--------------------------
    2. Адамға күн қандай керек болса--------------------.
    3. Уақытыңды бос жібермес үшін---------------------
    4. Дүниедегі ең тәтті нәрсе ----------------------
    Ең жұмсақ нәрсе -------------------
    Ең жарық нәрсе --------------------
    10 .Логикалық тапсырма.
    «Он жылдан кейінгі ғаламшардың бейнесі»

10.Қорытынды бөлім.


Диктант

Ақсүйек-қазақтың ұлттық ойынының аты.Жалт қараған Әсет титімдей ғана қарақұсты көрді.Ақсақал-үлкен қария кісі.Ақбозат-жұлдыз атауы.


11.Мадақтау.Бағалау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал