- Учителю
- Жарыс сабақ. Бәрін білгім келеді. 2 - сынып.
Жарыс сабақ. Бәрін білгім келеді. 2 - сынып.
Тақырыбы: Бәрін білгім келеді.
Мақсаты:
а) Білімділік: Оқушының білімге деген құштарлығын арттыру.
ә) Дамытушылар: Олардың ой-өрісін, логикалық қабілетін кеңейтіп, шығармашылық қабілетін дамыту.
б) Тәрбиелік: Алғырлыққа, байқампаздыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Әдісі: Топпен жұмыс
І. Ұйымдастыру бөлімі
- Сайыс бірнеше кезеңнен тұрады
- Оқушылар 2 топқа бөлінеді
-
Топтың аты: Алғырлар
Ұраны: Білімдіге дүние жарық,білімсіздің күні кәріп.
-
Топтың аты: Тапқырлар
Ұраны: Ақыл азбайды,білім тозбайды.
1-кезең: «Бәйге ойыны»
Әртүрлі сұрақтарға жауап беру, әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан қосылады.
1-топ:
1.Сын есім деген не?
2. Қызыл, жасыл, кітап, ұзын, қысқа
3. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?
4. Аяғын, басады, әрең, құлыншақ
5. Сурет, уақыт, рақмет, етік, тарақ
2-топ:
1. Сан есім деген не?
2. К,т,і,а,п; е,д,н,е; қ,ң,о,ы,а,р,у;
3. ҚР Әнұранының авторлары кім?
4. Құстар, пайда, келтіреді, көп
5. Дәптер, алма, лақ, алмұрт
2-кезең: «Дода»
Негізгі пәндерден деңгейлік сұрақтарға жауап беру. Сұраққа ұяшық таңдау арқылы жауап береміз. 10-50 ұпай көлемінде бағаланады.
1-топ:
1.Үш биді ата
2.Біздің елбасымыз кім?
3. 7 жүзд. 2 онд. 5 бірл.
4. Бірінші қосылғыш-55, қосындының мәні-85.
5. 4 м=? см.
2-топ:
1. Жеті атаны ата
2.Сан есімі бар мақал айту
3. 8 жүзд. 7 онд. 2 бірл.
4. 1 ыдыста 5 алмұрт, 3 ыдыста неше алмұрт бар?
5. Ұя салмайтын құс
3-кезең: «Сөзден сөз шығару»
1-топ: «Кемпірқосақ» сөзінен әртүрлі сөздер шығару.
Мысалы: пір, сақ, кем, ақ ...
2-топ: «Өрмекші» сөзінен әртүрлі сөздер шығару.
Мысалы: өрмек, ешкі, өркеш, екі ...
4-кезең: «Мәре»
Екі топ бір-біріне жұмбақ жасырады
Жеңген топтың және жақсы қатысқан оқушылардың құрметіне/ Көк тудың желбірегені/
Ән тыңдап, жарысымызды аяақтаймыз.