7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы : Күлпаш 3сынып

Сабақтың тақырыбы : Күлпаш 3сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Б.Майлин Күлпаш

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Мәтін мазмұнымен таныстыру. Жүйелі сөйлеуге үйрету, рөлмен оқи білу.

Дамытушылығы: Оқушылардың көркем сөзді, көркем ойды, өз сөздік қорларына пайдалана

алу, соның нәтижесінде ауызша сөйлеу дағдылары мен жазба тілдерін жетілдіру, шығармашылық ізденіске баулу

Тәрбиелілігі: Оқушылар бойында жанашырлық сезімді ояту, шыдамды, төзімді болуға, өз елін, жерін,

Отанын сүюге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Аралас сабақ



Сабақтың әдістері: Ой қозғау, Венн диаграммасы, инсценировка,

әңгімелеу, сұрақ - жауап, топпен жұмыс Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Б. Майлиннің суреті

• Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Өткен сабақты пысықтау

Азаттық жолында. Үй тапсырмасын "Бәйге"ойыны арқылы пысықтау

- Тоқаш Бокин не үшін күрескен?

- Түрмеде оған қандай айып тағылды?

- Тоқашқа жолығуға кім келді?

- Анасымен арасындағы әңгіме?

- Әңгіменің әр бөліміне ат қой

- Тоқашқа мінездеме бер

- Тоқаш анасына не айтты?

- Айыпталу қорытындысы не болды?

- Оның ойлаған арманы орындалды ма?



ІІІ. Жаңа сабақ

а/ Кіріспе әңгіме.

Бейімбет Майлин өмірінен қысқаша мағлұмат беру.

1894 - 1938ж Қостанай облысы, Таран ауданында дүниеге келген. Аса көрнекті суреткер жазушы, ақын, драматург. Әкеден ерте жетім қалған ол жалшылықта жүріп, ауыл молдасынан сауат ашып, хат таниды.

Қозғаған тақырыптары: ауыл өмірін бейнелеп, қазақ адамының шынайы образын жасады. Шығармалары: Шұғаның белгісі.

ә/ Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді оқу, оқушыларды қатыстыра отырып түсіндіру. Қарамен ерекшеленген сөздерді түсіндіру, сол сөздерге мағынасы жуық сөздерді атату.

Сөздік жұмыс

Өрім - өрім - тозған, жыртылған

Бөкебай - басқа жамылатын шәлі

Ызғырық - суық жел

Кедей - өте кедей

Оқушыларға тізбектей оқыту

Ой толғау.

Тапсырмалармен жұмыс

- Ел басынан өткен бұл әңгімедегі оқиға қай кезеңде болған?

- Қали мен Күлпаш Мақтымның келгенін неге асыға күтті?

- Бәрі де "шықпа жаным, шықпа" деп отырған секілді дегенді қалай түсінесіңдер?

- Мақтым мен Күлпаш неге жылады?

- Олардың тұрмыс жағдайы саған қалай әсер етті?

Оқулықтағы суретпен жұмыс

- Суретте ел басынан өткен қай кезең бейнеленген деп ойлайсың?

- Мәтіндегі қарамен ерекшеленген сөздерді пайдаланып, сурет бойынша әңгіме құру.



Ой қозғау. Топпен жұмыс

Бұл тапсырма дәптерде орындалады. 3топқа тапсырма беріледі. Топ мүшелері ақылдаса отырып, тапсырманы орындайды.



1-топ.

Қалидың өмірін қазіргі балалар өмірімен салыстыру

2 -топ.

Оқулықтағы суретке сүйене отырып, Күлпаштың үйін суреттеу

3 -топ

Мақтым үйге оралғандағы үй - ішінің көңіл - күйі.

Инсценировка қою

Күлпаш.

Мәтін мазмұнын аша түсуде кедейлер өмірін жете түсініп, сол замандағы Қалидың басынан кешкен ауыр тағдырды сезіну үшін рөлге бөліп ойнату

Қорытынды

Венн диаграммасы

Қали өмір сүрген заман

Қазіргі бейбіт заман қазақ елі, жері



Үйге тапсырма

Мәнерлеп оқу. Бөлімдерге ат қою

Бағалау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал