7


  • Учителю
  • Дүниетану пәнінен сабақ жоспары:Сурет және сұлба. Жер Сұлбасы Әдіскер: Сүлейменова Сәния Ырзықбекқызы

Дүниетану пәнінен сабақ жоспары:Сурет және сұлба. Жер Сұлбасы Әдіскер: Сүлейменова Сәния Ырзықбекқызы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сынып: 2 "Г"

Әдіскер: Cулейменова С.Ы.

Пән: Дүниетану

Практикант: Толеу А.Н.

Сабақтың тақырыбы:« Сурет және сұлба. Жер Сұлбасы. »

Сабақтын мақсаты: Оқушыларға сұрақ қою арқылы білімдерін жан-жақты тексеру.

Сабақтын міндетті:

1.«Табиғат » тарауын оқуды жалғастыра отырып , жергілікті жердің сұлбасын сыза білуге үйрету .

2. Оқушылардың оқу ,әңгімелеу, есте сақтау қабілеттерінің, топта ж/е жұпта жұмыс істеу дағдыларының дамуына жағдай жасау;

3. Алған білімдерін өмірде пайдалана білуге , заттың суретін және сұлбасын сызуға үйрету , тұлға ретінде дамытуға ерекше көңіл бөлу;

Көрнекілік: Тақырыпқа сай суреттер.

Оқыту әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап,дәптермен жұмыс.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі.

- Сәлеметсіңдерме,балалар! Отырыңдар! Бүгінгі дүниетану сабағынан мен беремін. Менің аты- жөнім:Толеу Айжан Нуржановна.Сендерді көргеніме өте қуаныштымын! Көңіл- күйіміз қалай? Сабаққа дайынбыз ба?

а) Психологиялық дайындық: жүректен жүрекке.Міне осындай жылы лебіздерімізбен сабағымызды бастайық.

II.Өткенді қайталау:

Өткен сабақта не өттіңдер, кім айтады.

-Үйге не берілді?

Көкжиек. Көкжиек тұстары.( Сұрақ- жауап арқылы сұрау)

III. Жаңа сабақ:

- Балалар ,бүгін біз « Сурет және сұлба » тақырыбымен танысамыз.

Сурет деген не ?Қалай ойлайсыңдар?

Сурет деген кез келген заттың бейнеленген көрінісін айтады.Әрине сендер бұл заттарды күнде көріп жүрсіңдер.сондықтан суреттен оны бірден білесіңдер.

Суреттер көрсету.

Сұлба деген не екен.

Сұлба деп бір нәрсенің үстінен қарағандағы көрінісін айтамыз.

Сұлбаны сызудың реті.

1.өшіргішті қағаз бетіне қой.

2.Оны қарындашпен айналдыра сыз.

Қандай заттың бейнесі шықты?

Сен өшіргіштің сұлбасын сыздың.

Ой қозғау.

Ал өздерің жазу жазып отырған партаның қағаз бетіне қойып сыза аламыз ба? Қалай ойлайсыңдар?

-Жоқ .Неге?

Өйткені ол параққа сыймайды,ендеше оның көлемін кішірейту керек.

Яғни затты үлкейту және кішірейту үшін масштаб қолданылады екен.

Белгілі бір заттың көлемін кішірейтетін санды «масштаб» дейді.

Үстелдің ұз.120см делік.Оны он есе кішірейтсек,12см болады.Ал 60см-ді тағы тағы он есе кішірейтсек қанша см болатынын өздерің ойлап көріңдер?

-6см

Ені 6см,ұз.12см төртбұрыш сызсақ,ол-үстелдің сұлбасы.

Сонда 1см -10см-ге тең болады.







IV. Оқулықпен жұмыс. (6 минут)

Оқулықтағы берілген мәтінді түсініп оқу.

-Сурет деген не?

-Сұлба деген не?

-Үлкен заттың сұлбасын қалай сызамыз?

-Масштабтың анықтамасын кім айтады?





V. Дәптермен жұмыс. (6 минут)

- Сурет бойынша берілген жердің сұлбасын сал.Оқулықтың 19-20 беттегі суретке қарап жұмыс жасаймыз.

VI .Сергіту сәті:Мен қазақпын.(Видио)

VII. Шығармашылық жұмыс. (Тест өткен сабақбен байланысты)

1.Көкжиек дегеніміз не?

А.Жай көзбен қарағанда көз жеткен жерге дейінгі кеңістік.

Ә.Аспан мен жердің астасқан жері.

Б.Көзің жететін жерге дейін қарау.

2.Тұсбағар деген не?

А.Бейтаныс жерлерді зерттейтін құрал.

Ә.Көкжиек тұстарын анықтайтын арнаулы құрал.+

Б.Дәрігер құралы.

3.Кез келген заттың бейнеленген көрінісі қалай аталады?

А.Сұлба.

Ә.Масштаб.

Б.Сурет.+

4.Сұлба дегеніміз не?

А.Кез келген заттың бейнеленген көрінісі.

Ә.Бір заттың көлемін кішірейтетін сан.

Б.Бір нәрсенің үстінен қарағандағы көрінісі.+

5.Белгілі бір заттың көлемін кішірейтетін санды не деп атаймыз?

А.Сурет

Ә. Сұлба

Б.Масштаб.+

















VIII.Бекіту.

Шығу парағы әдісі арқылы

Шығу парағы

VIIII. Үйге тапсырма:

-Сурет және жергілікті жердің сұлбасы.(мазмұндап келу.)

VIIII. Бағалау (смайликтер арқылы өздерін бағалауды тапсыру)

-Мен сабақты жақсы түсіндім -жасыл түс

-Мен сабақты түсінген сияқтымын- сары түс

-Маған сабақ түсініксіз болды- қызыл түс

























Мұғалім:

Әдіскер:

Баға:





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал