7


  • Учителю
  • Математика 3 сынып. ҮШтен бір бөлік

Математика 3 сынып. ҮШтен бір бөлік

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Оқу ісінің меңгерушісі:

Математика

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Үштен бір бөлік

Сілтеме

Математика оқулығының әдістемесі,мұғалімге арналған нұсқаулық

Сабақтың жабдығы

Сызба, деңгейлік тапсырма ,карточкалар

Жалпымақсаттар

Оқушыларды санның үштен бір бөлігін табу үшін 3-ке көбейту мен бөлу кестесін пайдалануға үйрету; 3-ке көбейту мен бөлудің кестелік білімдерін бекіту; зейінін, жадын, тілін дамыту.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, өздік . Көрнекілігі: сызбалар, кестелер,

Оқыту нәтижесі

Топқа бөлу

Санау арқылы топқа бөлу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Балалар бір-біріне «сиқырлы таяқшаны» бере отырып, өздерінің игілікті тілектерін айтады:

Мен бәріңе Денсаулық тілеймін!

Мен бәріңе Қуаныш тілеймін!

Мен бәріңе Мейірім тілеймін!

Мен бәріңе шуақты күн тілеймін!

Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін! Және т.б.

Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!

Үй тапсырмасын сұрау


Оқушылардан үйге берілген тапсыраны оқыту арқылы үй тапсырмасын тексеремін

Қызығушылықты ояту

Біз бүгін санның үштен бір бөлігін іздейміз, назар аударыңдар, сендер үшін жаңа ұғым. 6 фишканы жайып қойыңдар. 6 - ның үштен бір бөлігін қалай табамыз?
- Әлдебір санның үштен бір бөлігін табу үшін, сол санды 3 ке бөлу керек.
- Енді сендер санның үштен бір бөлігін таба аласыңдар.
1) О О О/ О О О 6 : 3 = 2
2) 0 0 0 / 000 / 000 9 : 3= 3
3) 000 / 000 / 000 / 000 12 : 3 = 4

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Жаңа сабақ.
№1-есепті ауызша орындау.
Кесінді, үшбұрыш, тік төртбұрыш, дөңгелек неше бірдей бөлікке бөлінген?
Әлдебір санның үштен бір бөлігін табу үшін сол санды 3-ке бөлу керек. Осылай үштен бір бөлікті табуға болады.

  1. Мақсат қою кезеңі. санның үштен бір бөлігін табу үшін 3-ке көбейту мен бөлу кестесін пайдалануға үйрету.

  2. № 1. (оқулықпен жұмыс, ауызша)Кесінді, үшбұрыш, тік төртбұрыш, дөңгелек неше бірдей бөлікке бөлінген?

Дөңгелектің; кесіндінің; үшбұрыштың; тік төртбұрыштың үштен бір бөлігі деген не екенін түсіндір.


3.Фигураның қандай бөлігі боялған? Есепті ауызша орындау. Фигураның қандай бөлігі боялған? (екіден бірі, үштен бірі, үштен бірі, екіден бірі) Неге олай ойлайсың?

4. Сан жазылған ұяшықты сәйкес өрнек жазылған ұяшықпен ауыстырсаң, Алпамыстың тұлпарының атын оқисың.

№5. Амалдарды орында

5*(70 - 68) = 5*2 =10 (66 - 58)*3 =8*3=24 7*3+34=21+34=55

18:(41 - 38) = 18: 3=6 (86 - 62) :3 = 24:3=8 42 - 27:9=42 - 3=39

№ 6 2*6+8 = 12 + 8 = 20 Ж: Б 20 н.д.т

№7- есеп
1)Сол қолмен - 80кг
Оң қолмен - ? 20кг артық ?кг
Шешуі: 80 + (80 + 20) = 80 + 100 = 180
Ж: Екі қолмен 180 кг жүк көтерді.
2) Ақбөкен - 45
Елік - ? 12 артық ? арқар
Шешуі: 45 + (45 + 12) = 45 + 57 = 102
Ж: Қорықта 45 ақбөкен, 57 елік, 102 арқар бар.

№9 Амалдарды орында

144+125=269 206+308=514 700-204=496 404-205=199

432+254=686 407+202=609 500-240=260 334-34=300

№11



Сергіту сәті

Балалар парталарыңның жанына тұрыңдар, біраз демалайық. Сендер өлеңнің мәні бойынша қозғалыс жасауларың керек. Кім мұқият тыңдап тұртынын қарап тұрамын.
Бір - иілеміз, шалқаямыз,
Екі алақанды үш соғамыз.
Басымызды үш изеп,
Төрт дегенде қол соғамыз.
Бес, алты дегенде
Орнымызға отырамыз

Оқушылар сергіп алады

Ой толғаныс

№10 Шешуі: соңғы цифры екінші цифрды 3 - ке көбейткенде тең. Демек екінші цифр 4 емес, 5,6,7,8,9, да емес. Сондықтан екінші цифр не 0, не болмаса 1, не 2, не 3 болады. Бірінші цифр - екіншісінің үштен біріне тең. Демек екінші цифр - 3, біріншісі - 1. Үшінші цифр - 4. Ж: 1349

Үй тапсырмасы

Тапсырмаларды орындау. 67бет. 8 есеп

9дм - 4 дм 7см = 4дм 3см 7дм 5см + 1дм 7см = 9дм 2см

9м 4дм - 5м 8дм = 3м 6дм 5м - 2м 4дм =2м 6дм

Күнделіктеріне жазады

Бағалау

Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал