7


  • Учителю
  • Ашық сабақ Жануарлар қыста қалай жылынады? 2 сынып (дүниетану)

Ашық сабақ Жануарлар қыста қалай жылынады? 2 сынып (дүниетану)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Дүниетану 2 сынып

Сабақтың тақырыбы: Жануарлар қыста қалай жылынады?

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Жануарлардың қысқы табиғат өзгерісіне бейімделуі жайлы түсінік беру;

ә) Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты қорғауға, қыста жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

б) Дамытушылық: Оқушыларға жануарлардың қыста қалай жылынатыны жайлы мағлұмат бере отырып, дүниетанымын, танымдық қабілеттерін дамыту;

Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, тест

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, жануарлардың суреттері

Пәнаралық байланыс: ана тілі, бейнелеу өнері, еңбекке баулу

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Психологиялық дайындық.

Айналаға алақанмен,

Жылулықты шашайық.

Сәттілік тілеп, күлімсіреп,

Біз сабақты бастайық.



А) Оқушыларды түгендеу.

Ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Б) Оқушылардың оқу құралдарын тексеру.

Оқушыларды топқа бөлу (түстер арқылы бөлу)



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Жарық - жануар тіршілігіне қажетті жағдай. Мазмұны.

Үй жұмысын бекіту

Постер қорғау « жануарларға Бес жағдай қажет» олар қандай ? дәлелдеу

Бағалау әдісі «Екі, жұлдыз бір тілек»



Тест

1. Жапалақ жемін қашан аулайды?

а) күндіз

ә) түнде

б) түсте

2. Соқыр тышқан жемін қалай тауып жейді?

а) тұмсығындағы майда сезімтал қылшықтарымен

ә) көзімен

б) аяғымен

3. Жануарлар тіршілігіне не қажет?

А) ауа, су, жарық, жылу, қорек

ә) үй

б) темір

4. Топырақта ауа бола ма?

А) болады

ә) болмайды

б) мүлдем болмайды

5. Жануарларға жарық керек пе?

А) ия

ә) жоқ

б) керек емес





V. Жаңа сабақ.

Мұртымен туады,

Мұртын күнде жуады. (мысық)

Сылдырдан қорқады,

Шошынып жортады. (қоян)

Орманда жоғары,

Ағашқа қонады.

Тұмсығын балта етіп,

Тоқ ,тоқ, тоқ соғады . (тоқылдақ)

  • Бүгінгі сабағымыз не туралы болады деп ойлайсындар?







А/ Қыс түсісімен көп жануарлар өздерінің індеріне тығылады. Өзің ауыл маңын аралағанда, кейбір індерді көрген шығарсың. Бұл індер тышқан, суыр, борсық сияқты жануарлардың баспанасы. Аюдың апаны, борсықтың іні, т. б. болатынын білесің. Ауа райы салқын, суық кездерде олар соған кіріп жылынып жатады. Қоян түлкі, тиін, қасқырдың қысқа қарай жұқа жүні түсіп, орнына қалың жүн өседі. Қыста аюдың апаны, борсықтың іні жылуды сақтап тұрады. Бұл қызық!

Жорғалаушылар мен қосмекенділер, бунақденелілер сияқты жануарлар да жылусыз тіршілік ете алмайды. Күзгі суық түскен соң-ақ олар еш нәрсеге шамасы келмей, қимылсыз қатып қалады. Күн жылынғанда олар қайта тіріледі.

Шұбар тышқан, суыр, саршұнақ та қыстап, қысқы ұйқыға жатады. Кірпі тіпті жылдың жартысын ұйқымен өткізеді.

Аю да қысқы ұйқыға тоңғандықтан емес, жейтін қорегі таусылғаннан соң жатады. Сол сияқты жыл құстары да жылы жаққа азық жеткіліксіз болғандықтан ұшып кетеді.



Шұбар тышқан, суыр, саршұнақ та қыста ұйқыға жатады.

Ә/ тақырыпты оқу: іштей оқу, тізбектей оқу, жеке - жеке оқу

Дәптермен жұмыс.

Жануарлар - ұя, ін, апан - мамық, жүн



VІ. Жаңа сабақты меңгергенін тексеру.

Сергіту сәті....





Сұрақтарға жауап беру:

1) қысқа азық дайындайтын аңдар:

2) қысқы ұйқыға жататын аңдар:





VІІ. Жаңа сабақты бекіту.



Кім зерек? (ойын)

1. Тиін, тоқылдақ ұясын қайда салады?

2. Қандай аңдардың қысқа қарай жұқа жүні түсіп, орнына қалың жүн шығады?

3. Қандай жануарлар ешнәрсеге шамасы келмей қатып қалады?

4. Жылдың жартысын ұйқымен өткізетін жануарды ата.

5. Қыста ұйқыға жататын аңдарды ата.

6. Жануарлар тіршілігіне не қажет?



VІІІ. Үйге тапсырма: Жануарлар қыста қалай жылынады? (Эссе) 85- 87 бет оқу, сурет салу.

ІХ. Бағалау.













































Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сын есім

Сабақтың мақсаты:

А) Оқушыларға сын есім жөніндегі білімді жете меңгерту. Ойлануға ізденуге жетелеу.

В) Сын есімнің сындық қасиеттерін ашу,Оқушыларды өз бетімен іздену қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын, байқағыштық қасиеттерін арттыру.

С) Бірінің пікірін бірі тыңдай білуге, әдемі, таза, сауатты жазуға тәрбиелеу.

Түрі : жаңа сабақ

Көрнекілігі: тапсырмалар жазылған плакаттар, сөзжұмбақ,карточкалар

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың әзірлігін бақылап , назарларын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық.

Біздің сабағымыз ерекше болмақ , өйткені сабағымызға қонақ келіп отыр.

Қонақ аз отырады, көп сын айтады. - демекші бүгінгі сабағымызда жақсы білімдерімізді көрсетейік.

Үй жұмысын тексеру. Қызығушылығын ояту

  1. Өткенді пысықтау : «Ой қозғау» Сөз таптары (сұрақтары)

«Шапалақ» әдісімен бағалау

  1. Жаңа сабақ

Бүгінгі сабағымызда тағы бір сөз табымен танысамыз

- Бүгін сөз табының бір түрі «сын есіммен» яғни заттың белгілерін байқап танысамыз.

- Мынау не? (алма)

- Түрі қандай? (қызыл)

- Көлемі қандай? (үлкен)

- Дәмі қандай? (тәтті)

- Иісі қандай? (жұпар иісті жағымды)

- Жеп болғаннан кейін қандай баға бересіңдер? (жақсы піскен алма)

- Оны сапа дейді.

Ережені шығарып көрейік

Заттың түрін, түсін, сапасын білдіретін сөздерді- сын есім дейміз. Сын есімдерге қандай? Қай? Деген сұрақтар қойылады: көк,әдемі,тәтті,жақсы, үлкен.

Оқушыларға ережені дауыстап оқыту.

Оқулықпен жұмыс

407 - жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқы.

Қарамен жазылған сөздер қандай сұраққа жауап береді? Ол сөздер нені білдіреді ?

«Аукцион» ойыны

Бір зат есімге қатысты бірнеше сын есім тауып жазу. Осы ережені терең меңгеру үшін, жаттығуды орындау үшін «аукцион» ойнаймыз. Сатушы (аукцион базарының тәртібімен таныстырады): Міне бір затты көрсетемін, сатып алушылардың қайсысы осы заттың сындық сапасын көбірек айтса, соған сатылады.

Үй, сиыр, көйлек, тамақ.

Тамақ - сөзіне дыбыстық талдау жасау (екі топқа сөздерді беріп)

408 жаттығу Мақалды жатқа жаз

Жақсы адам - елдің ырысы,

Жақсы жер - жанның тынысы.

Жұптық жұмыс тапсырма өздігінен 409 - жаттығудағы сөздерден сөйлемдер құру, сын есімдерді анықтау.

Біздің ала сиыр жуас. Сыныптас Айымның шашы қалың. Ауылдың көшелері тегіс.

«Кір жаятын жіп» әдісімен 5 сын есімдерді жаз.





Қорыту : Бүгінгі сабақтан не түйіп алдындар? Сын есім дегеніміз не?

Үй жұмысы: 411 жаттығу 147 бет

Бағалау.

Үй





сиыр

көйлек





тамақ.





























































































































Жуас, қалың, тегіс сөздерін қатыстырып сөйлемдер құра.









Жуас, қалың, тегіс сөздерін қатыстырып сөйлемдер құра.













Жуас, қалың, тегіс сөздерін қатыстырып сөйлемдер құра.









Жуас, қалың, тегіс сөздерін қатыстырып сөйлемдер құра.









Жуас, қалың, тегіс сөздерін қатыстырып сөйлемдер құра.









Жуас, қалың, тегіс сөздерін қатыстырып сөйлемдер құра.









Жуас, қалың, тегіс сөздерін қатыстырып сөйлемдер құра.

Жуас, қалың, тегіс сөздерін қатыстырып сөйлемдер құра.





Алма -





Пияз-





Шие -









Бұрыш-











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал