- Учителю
- Урок на тему Етістік (3 класс)
Урок на тему Етістік (3 класс)
«Сәтбаев қаласының №1мектеп гимназиясы» КММ
Тақырыбы:
Етістік
Мұғалім:Ережепова Н.Е.
Тақырыбы:Етістік Сабақтың мақсаты:1.Етістік туралы ұғымды кеңейту:байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. 2.Сауатты,көркем жазуға төсілдіру,оқушылардың сөздік қорын молайтып, ойын, тілін, шығармашылығын арттыру. 3.Оқушылардың логикалық сезімін оятып,әдептілікке,ұқыптылыққа,еңбексүйгіштік пен кәсіпкерлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгіме,ой қозғау
Көрнекілік:Тақырыпқа байланысты суреттер,кеспе қағаздар
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: -Сәлеметсіздерме,оқушылар?! -Көңіл-күйлерің қалай? -Бүгін сыныпта кім кезекші? -Сабақты бастауға дайынсыңдарма? -Ендеше сабағымызды бастайық! ІІ.Психологикалық дайындық: -Балалар,алдымен қай сабақ екенін еске түсірейік Қазақ тілім,өз тілім,ана тілім Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені, Болашағым,бақытым-дара тілім -Тағы да тіл туралы кім қандай өлең біледі? 1-оқушы:Тілім менің,тірлігімнің айғағы, Тілім бар да, айтылар сыр ойдағы. Өссе тілім мен де бірге өсемін Өшсе тілім,мен де бірге өшемін. Тілсіз хайуан,бейшара Бейшараға не шара?! -Балалар алдарыңызда сабақтың картасы бар.Бұл картада сабақтың кезеңдері берілген,әр кезеңде берген жауаптарыңа сәйкес өз ұпайларыңды қойып отырасыңдар. Күнді жазу
Көркем жазу сәті
-Етістік туралы білімдеріңді ортаға салыңдар.
Кесте бойынша түсіндірме жұмысын жүргізу
ЕТІСТІК
Дара Күрделі
Ережені айтып өту
Оқыды,оқып отыр
Оқулықпен жұмыс:Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қойып,сөйлемдерді көшіріп жаз.
Жыршы жыр жырлады.Ақын өлең жазды.Дәрігер науқасты емдеді.Мұғалім балаларды оқытты.
-Мәтінде қандай мамандықтар аталады? Бұдан басқа қандай мамандықтар білеміз?
Шығармашылық жұмыс:«Кім болам?»
Түрлі мамандықтардың суреттері тақтаға ілінеді.Оқушылар өзінің қалаған мамандықтарына сөйлем құрастырады.
«Үн қатпа» ойыны
Шарты:Оқушылар үн қатпай тек қимылмен ғана көрсетеді.Бір оқушы тақтаға шығып,әр қимылды жазады.
Биледі,жүгірді,отырды,секірді,жазды,оқыды,тұрды.
13-жаттығу көп нүктенің орнына дара етістікті тауып жаз.
Келді-келе жатыр
Жазды-жаза алады
Тоқыды-тоқи алады,тоқып отыр
Бар-барып кел,бара кел
Сергіту сәті
Сбақты бекіту:«Кім білгір?» ойыны
Бірнеше сөздер оқылады, ал оқушылар алдарындағы кеспе қағаздарын көрсетеді.
Дара: Күлді, берді, қонды, сайрады, кірді, биледі.
Күрделі:Келе бастады, жылына бастады, кетіп бара жатыр, өсіп тұр,тоқып отыр, ұшып келді
-Сөз таптары деген не?
-Етістік деген не?
-Дра етістік деген не?
-Күрделі етістік деген не?
Үйге тапсырма:16-жаттығу
-Енді карталарымызға қарап, ұпайларымызды санаймыз
10 ұпай- «Маған әлі де оқу керек»(баға-3)
15 ұпай- «Мен кереметпін» (баға-4)
20 ұпай- «Мен барлығын білемін» (баға-5)
-Сенедерге сабақ ұнады ма?
-Несімен?
-Сабақтың қай кезеңі ұнады?
Сабағымыз осымен аяқталды.Сау болыңдар!