- Учителю
- М.Әуезов Кітап қадірі (3 сынып)
М.Әуезов Кітап қадірі (3 сынып)
Бекітемін: ОІМ: А.Е.Кулекеева 3-сабақ
Пәні: Әдебиеттік оқу.
Уақыты:
Сыныбы: 3
Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов. Кітап қадірі.
Сабақтың мақсаты:
а\Білімділігі: Кітаптың пайдасы туралы түсінік беру.Кітап оқудың маңыздылығын ұғындыру.
ә\Дамытушылығы: Қоршаған ортаны танып білуге деген қабілеттерін дамыту.
б\Тәрбиелілігі: Кітапты құрмет тұтып,кірлетпей таза ұстауға,сызбай күтіп ұстауға тәрбиелеу.
Пән аралық байланыс: дүниетану,музыка.
Әдісі: сұрақ-жауап,баяндау,түсіндіру.
Түрі: аралас.
Күтілетін нәтиже: кітаптың пайдасын,қоршаған ортаны білуі;
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
Назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Жаңа сабақ.
Ой қозғау.
1.Оқулықты кімдер жазады және қалай жазады?
2. «Кітапханада» ойыны.
Оқулықпен жұмыс.
а) Мәтіннің мазмұнын түсіндіру.
ә) Іштей оқыту.
б) Жұппен жұмыс (балалар мәтінді оқып, бір-біріне сұрақ қояды)
- Кітап не үшін керек?
- Сен өз кітаптарыңды қалай күтесің, құрметтейсің?
3.Жұмбақтар шешу:
Көп әңгімем,өлеңім,
Күнде ақыл беремін.
Жақсы көрсе мені кім,
Соған тиер көмегім.
(кітап)
Мен қара танымаймын,
Ғұмыр бойы жазудан жаңылмаймын.
(қалам.)
ІІІ.Сабақты бекіту.
1. «Кітап оқу - мәдениеттілік белгісі» дегенді қалай түсінесің?
2. Мақал - мәтелдердің мағынасын ашу.
Кітап - көзі жұмыққа арзан,
Көзі ашыққа маржан.
Жақсы кітап - жан азығы.
IV.Үйге тапсырма.
1. Мәтінді түсінігін айту.
2.Мәтіндегі кейіпкерлердің кім екенін көрсететін анықтама - сөздік жаз. (Мысалы: Ғабитхан - Абай аулындағы татар молда.)
3. Өзің білетін үлкендер арасында, достарыңның арасында шебер әңгімеші адам кім?
V. Бағалау