- Учителю
- Я дыбысы мен әрпі
Я дыбысы мен әрпі
Сабақтың тақырыбы: Я я дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Оқушыларға Я я дыбысы мен әрпін таныту.. Я я дыбысына байланысты жаңа сөздермен таныстыру. Балалардың дыбыс, әріп, буын, сөз, сөйлем туралы білімдерін толықтыру. Сызба арқылы сөз, сөйлем құрау дағдыларын жетілдіру, сөз сызбасымен ондағы буын санын анықтай білуге үйрету. Тақырыптық суреттер бойынша әңгіме құрастыруға баулу.
Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі сөйлеуге баулу. Сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын даыту. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, спортқа баулу. Достық қарым−қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы..
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы
түсіндіру,жарыс, ойын.
Көрнекілік: Тақырыпқа байланысты суреттер, қималар, заттар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық.
Сыныбымыз тап-таза
Бор да дайын тақтада
Ойымызды жинақтап
Отырайық партаға
-Бүгінгі көңіл-күйіміз қандай? Далада күн қалай жарқыраса біз де сондай жарқы жүзбен сабағымызды бастайық.
Әнімізге ұласар
Әннің аты әліппе
Бәрімізге тілашар,
Кітабымыз Әліппе
-Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ,біз орманға саяхатқа шығамыз. Орманда қандай аңдар болады?
Жаңа сабақ:
Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Оқушыларға Я я дыбысы мен әрпін таныту.
Ормандағы аюдың тапсырмасын орындайық:
«Сұрақтарға жауап беру»
-Я дыбысы қандай дыбыс?
Сөздің қай бөлігінде кездеседі?
Қасқырдың тапсырмасы: «Тездет, бірақ қателеспе!»
Түлкінің тапсырмасы: «Кім жылдам?» жұмбақтарға жауап беру
Тал басында түндіксіз отау ( Ұя)
Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады? ( пияз)
Қыста ақ тон киемін,
Сәбізді сондай сүйемін ( қоян)
Жолбарыстың тапсырмасы: «Әдемі етіп жазайық!» дәптермен жұмыс
Кірпінің тапсырмасы: Оқулықпен жұмы
«Сұр қоян» өлеңін мәнерлеп оқу.
Мәтінді буындап оқу.
Мәтінді мәнерлеп оқу.
Өлеңнің мазмұнын айту.
Жаңа сөздер (таныс емес сөздерге түсінік беру).
Яқ яз яр яу
Таяқ пияз қияр бояу
Сия қия мая жая
Оқушыларды бас әріппен жазылатын сөздермен таныстыру.
Кісі аттары Жер су аттары
Аян, Баян Баянауыл, Аягөз
Әсия, Әлия Сырдария
Ғаия, Данияр Әмудария.
Сергіту сәті:
Топ-топ етіп басайық
Жалаудан күн жасайық
Жаса -жаса алтын күн
Жаса-жаса жарқын күн!
Арыстанның тапсырмасы: «Орнын тап» ойыны. Суреттердің астына атын сәйкестендіру
Қоянның тапсырмасы: «Кім шапшаң?» Я дыбысы бар сөздер айту
Оқушыларды бас әріппен жазылатын сөздермен таныстыру.
Кісі аттары Жер су аттары
Аян, Баян Баянауыл, Аягөз
Әсия, Әлия Сырдария
Ғаия, Данияр Әмудария.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Бағалау: әр түрлі пішіндер арқылы бағалау