7


  • Учителю
  • БІЗ ОСЫНДАЙ БАЛАМЫЗ 4-сынып Өзін-өзі тану

БІЗ ОСЫНДАЙ БАЛАМЫЗ 4-сынып Өзін-өзі тану

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





2-сабақ





</<font face="Times New Roman, serif">Сабақтың тақырыбы: БІЗ ОСЫНДАЙ БАЛАМЫЗ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: екінші сыныпқа арналған «Өзін өзі тану» пәнінің мазмұнымен таныстыру

Дамытушылық мақсаты: өзін және айналасын тануға деген қызығушылықтарын арттыру

Тәрбиелік мақсаты: ізгілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: үнтаспа, сюжетті суреттер

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу.

Өзін-өзі тану сабақтары арқылы адам өзін, басқа адамдарды және қоршаған ортаны тани алады. Сабақта сүйіспеншілік, отбасы, жақсылық, достық, бақыт, білім сияқты ең асыл құндылықтармен танысады.БІЗ ОСЫНДАЙ БАЛАМЫЗ 4-сынып Өзін-өзі тану

Өзіңді тануБІЗ ОСЫНДАЙ БАЛАМЫЗ 4-сынып Өзін-өзі тану

Жақсы болу - өзіңнен,

Жаман болу - өзіңнен.

Өзіңді өзің ая да,

Өзіңнен үйрен, өзіңнен.

Жақсылық көрсең біреуден,

Мен қандаймын? - деп ойла.

Жамандық көрсең біреуден,

Мен қандаймын? - деп ойла.

Өзіңді өзің қолыңа ал,

Өзіңсің ақыл айнасы.

Тиеді саған мәні бар,

«Өзіңді тану» пайдасы.





Өзіңді танығанда ғана өзгені білесің.

А. Пивен

Балапан

Жазғы каникулда Арман мен Нұрлан атасы мен әжесінің ауылына қыдырып барды. Бірде олар аталарына аула ішіндегі бау-бақшаны арамшөптерден тазартып, ретке келтіруге көмектесіп жүр еді. Арман Нұрланды шақырды.БІЗ ОСЫНДАЙ БАЛАМЫЗ 4-сынып Өзін-өзі тануБІЗ ОСЫНДАЙ БАЛАМЫЗ 4-сынып Өзін-өзі тану

Барса, жерде шиқылдап сары ауыз балапан жатыр екен. Бұл ағаш басындағы ұядан құлап түскен торғайдың балапаны болып шықты. Өзі кіп-кішкентай, жүні жоқ, қызылшақа. БІЗ ОСЫНДАЙ БАЛАМЫЗ 4-сынып Өзін-өзі тану

Балапан шиқылдай береді. Арман басқышқа мініп, балапанды ұясына қайта салды.

Арман мен Нұрлан балапанға қарайлап, үнемі қамқорлық жасап жүретін болды.

«Ұлан» газетіненБІЗ ОСЫНДАЙ БАЛАМЫЗ 4-сынып Өзін-өзі тану

  • Арман мен Нұрлан балапанға қандай қамқорлық көрсетті?

  • Айналаңдағыларға қамқорлық жасаған кездерің болды ма?

Суретке қараңдар. Төмендегі сұрақтарды қолдана отырып, «Біз осылай өсеміз» тақырыбына әңгіме құрастырыңдар. БІЗ ОСЫНДАЙ БАЛАМЫЗ 4-сынып Өзін-өзі тану

  • Өсімдіктер мен жан-жануарлардың өсуі үшін не қажет?

  • Адамның дамуына не ықпал етеді?

  • Өскен сайын өз бойларыңнан қандай өзгерістер байқадыңдар?

  • Өз бойларыңда қандай қасиеттер болғанын қалайсыңдар?





ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау. Оқушылардың еңбегін мадақтау.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал