7


  • Учителю
  • Қазақ тілінен Дауыссыз к мен г сабағы

Қазақ тілінен Дауыссыз к мен г сабағы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





2-сынып

Мұғалім

Сабақтың атауы

Дауыссыз к мен г (2-сағаты)

Мақсаты

Мақсаты:

а) Оқушыларға К мен Г дыбыстарының қалай айтылатыны, қай буындарда жазылатыны, К әрпінен кейін дауысты дыбыс келсе өзгеретіні туралы түсіндіруде білімдерін арттыру.

ә) Оқушылардың оқу және жазу дағдыларын дамыту, сөздік қорын байыту, деңгейлік тапсырмалар орындау.

б) Әдемі, таза жазуға баулу, ұқыптылыққа тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру.Оқушылар дауыссыз дыбыс туралы түсініктері кеңейеді.

Оқушылар к мен г дыбыстарының қалай жазылатынын аңғарады.

Қатаң дыбыстардың қалай ұяңданатынын түсінеді.

Топтық жұмыс, жеке жұмыс.

Қазақ тілі оқулығы, Уайсова Г. И., Әміров Р. С

«Атамұра» 2013, суреттер, слайд







Күтілетін нәтиже



Сабақтың түрі

Психологиялық ахуал

Армысың, асыл күн

Армысың, асыл жер,

Армысың, көк аспан,

Армысыздар құрметті қонақтар,

Армысың, асыл досым

Жылуыма-жылу қос

Міне менің қолым.

Суреттер арқылы топқа бөлу. Көжек, көбелек, күрек, көйлек

Оқушылар шеңберде жиналып,

мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту











Мағынаны тану













Табыс критерийін құру

1.Дауыссыз к, г дыбыстары туралы білімдерін кеңейтеді.

2.Берілген жаттығуларды орындай алады.

3.Шығармашылық тапсырмаларды орындай алады.

-Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Үнді дауыссыздарды ата?

-Қатаң дауыссыздарды ата?

-Ұяң дауыссыздарды ата?



Сөздерді оқу, мағынасын түсіндіру.

Терек, берік, көлік, жібек, тегіс, жігер, жүрек, гүлзар. Гүлзар - қаланың орталық көшелерінде гүл өсіретін алаң.

К - дыбысы қай буындарда кездесіп тұр?

Г - дыбысы ше?

К, Г - қандай дыбыстар?

Г әрпі сөз соңына жазылмайды.

Топ аттарына тоқталу. Көжек-зайчик-soup

Көбелек-бабочка-butterfly

Көйлек-платье-dress

Күрек-лопата-shovel

Оларға і дыбысын қосып айту. Көжегі, көбелегі, күрек-күрегі, көйлек-көйлегі. Бұны қалай дәлелдейміз?

Сөз соңындағы К дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе, К дыбысы Г-ге айналады.

Жаңа сабақ. Өткен сабақты одан әрі пысықтау. Дауыссыз к мен г

Көркем жазу.

Көжек-көжегі, көйлек-көйлегі, көбелек-көбелегі, күрек-күрегі

Оқулықпен жұмыс жасау

114-жаттығу. Мақалды оқып, жатқа жаз. Мақалдың мәнін түсіндір.

Бірлік болмай-тірлік болмас.

115-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздердегі өзгерістің себебін түсіндір.

Көгінде, түлігі- түбірлері: көк, түлік

Сергіту сәті

Күндей болып күлеміз,

Гүлдей болып өсеміз.

Құстай болып ұшамыз,

Көбелектей қонамыз.





Ой толғаныс

















































Қорытындылау.

Шығармашылық тапсырма:

Жұптық жұмыс.

К, г әріптерінен басталатын үш сөзден жаз.



Топтық жұмыс. 116-жаттығу. Суреттегі зат атауларын қатыстырып, сөйлемдер құра: Түлкі, кеме, гүл, бесік. (ауызша)

Топтық жұмыс.

1. Санамақты жатқа оқу, К мен аяқталған сөздерге і дыбысын қосып жазу.

Бас бармақ,

Балан үйрек, Ортан терек,

Шылдыр шүмек, Кішкене бөбек Үйрек + і - үйрегі, терек + і - терегі, шүмек + і - шүмегі, бөбек-бөбегі

2.Мәтінмен жұмыс. К дыбысы бар сөздерді тап. Ол қай буында екенін анықта.

Лашын-жыртқыш құс. Оның арқасы көк сұр, ал алқымы ақ сұрлау болып келеді. Көзі дөп-дөңгелек, қап-қара. Қанаты ұзын және сүйір.

(көк, көзі, дөңгелек)

3.Сөздердің соңындағы і әрпін алып тастап оқы. І дыбысын алып тастағанда к қалатынын дәлелде.

Бүршігі, көжегі, үйрегі, көбелегі, көлігі, жілігі, киігі.

4. Кестені толтыр. Кілем, көкек, теңге, дүкен, жәшік,

«Театрдағы әрекет» арқылы өзара бағаланады.

Жеке жұмыс. «Өсімдік» сөзіне дыбыстық талдау жасау.



Қоржын сыйы. Қоржыннан сөздер алу: К дыбысын г-ге айналдырып айт.

Үйрек, Шүмек, Тірлік, Жүк, Көлік, Білек, жібек, түлек, Берік, бесік, есік, шелек, иек, елік. (Үйрек-үйрегі)

Табыс критерийіне оралу.

Бүгінгі сабақ «Басбармақ» әдісі арқылы бағаланады.

Үйге тапсырма

Дәптермен жұмыс 118-жаттығу, ереже

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау





Кері байланыс















Сабақ ұнады.

...-өте жақсы қатыстым.



...- жақсы қатыстым.



...-жақсы қатыстым













Тексерілді. Оқу ісінің меңгерушісі:

Г. Т. Жунусова



Пәннің аты: ана тілі

Уақыты:

Мұғалім

Масалимова Р. Е.

Сабақтың тақырыбы

М.Мақатаев. Отан туралы



Мақсаты

Білімділігі: Қазақтың біртуар ақыны М. Мақатаев туралы, оның шығармасы жайлы түсінік беру. Шығармадағы негізгі ойды анықтау.

Дамытушылығы: Сөйлеу мәдениетін, сөздік қорларын, өлеңді мәнерлеп оқу, есте сақтау қабілеттерін көркем жазу дамыту Тәрбиелілігі: Адамгершілікке, адалдыққа, елін, жерін сүюге, табиғатты қастерлеуге тәрбиелеу.

Әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ - жауап

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кесте - сызбалар, бейне сюжет.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен-

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

Туды ұстап, Отанға тілек айту.

Отанымыз көркейіп, гүлдене берсін, дами берсін!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Қазақ тілінен Дауыссыз к мен г сабағы

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану















































Жаңа сабақ



Табыс критерийі:

1.Өлеңді мәнерлеп оқи алады.

2.Өлең соңында берілген тапсырмаларды орындай алады.

3. Қосымша берілетін шығармашылық тапсырмаларды орындай алады.

Үйге берілген тапсырмаларды орындағандары бойынша топқа бөлінеді. (Сынып оқушыларына 4 түрлі тапсырма беріледі. Оқушылар өз қалаулары бойынша сол тапсырмаларды орындап келеді. Сосын орындаған тапсырмаларына қарай топтарға бөлінеді.)

«Менің - Отаным Қазақстан»- шығарма жазып келу.

«Отан» тақырыбына альбом жасақтап келу.

«Отан» туралы мақал-мәтелдер жинағын жасау.

«Менің елім» тақырыбына өлең құрастыру.

1- топ-«Жазушылар»-

2- топ-«Суретшілер»-

3-топ-«Мақалшылар»-

4-топ-«Ақындар»-

Үй жұмысын тексеру.

-Біз қандай елміз?

-Тәуелсіз. Тәуелсіздік бізге Алматыда өткен Желтоқсан оқиғасының бастамасы арқылы келген болатын...Сол оқиғаға да 30 жыл толып отыр.

-Ал Тәуелсіздікке неше жыл?

-25 жыл. Олай болса, бүгінгі сабақтағы игі істеріміз еліміздің торқалы тойына арналады.

-Сонымен қатар, бүгін қандай күн?

-1993 жылы 15-қараша -төл теңгеміздің туған күні. Биыл нешеге толып отыр.

- «Отан» Ж. Смақов жатқа айту.

«Үштік» әдісі бойынша өлеңді жатқа айтады. Сосын әр үштіктен 1оқушыдан жатқа сұралады. «Театрдағы әрекет» арқылы бағаланады.

- Өзі өскен еліне, туған жеріне Отанына жыр арнамаған ақын жоқ. Бүгін біз осы өлеңдердің ұйқасын тауып, қисынын келтіріп Отан туралы жазған ақын Мұқағали Мақатаевтың"Отан туралы"өлеңімен танысамыз

-М. Мақатаев туралы бейне сюжет. Автор туралы түсінік беру (1931 - 1976).

Шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірі Мұқағали Мақатаев қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Қарасаз аулында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келді. Балалық шағы соғыспен тұспа - тұс келген Мұқағали өлеңді он - он бір жасынан жаза бастайды. Алғашқы өлеңдері аудандық газетте жарық көрген Мұқағали шығармалары 1960 - 1970 жылдары үздіксіз басылады, бұл жылдарды ақынның қазақ поэзиясының биік шыңына көтерілген уақыты деп санауға болады.

М. Мақатаев қаламынан "Қарлығашым, келдің бе?", "Дариға жүрек", "Аққулар ұйықтағанда", "Шуағым менің", "Өмір - дастан" т. б. жыр жинақтары туған. Қырық бес жасында қайтыс болған соң, Мұқағалидың екінші өмірі - өлмес ғұмыры басталды. Ақынның артында қалған мол мұрасы: "Соғады жүрек", "Шолпан", "Жырлайды жүрек", "Өмір - өзен" т. б. жыр кітаптары, "Қош, махаббат!" атты прозалық кітабы оқырманның қолдан - қолға түспей, іздеп жүріп оқитын шығармаларына айналды

Оқулықпен жұмыс

- Өлеңді мәнерлеп оқып беру.

-Әр топ өлеңді екі жолдан мәнерлеп оқу

Сергіту сәті

-Өсеміз біз күліп-ойнап,

Он саусақтың саласындай,

Өсеміз біз күліп-ойнап,

Бір адамның баласындай.



Ой толғаныс













































































Қорытынды

Дәптермен жұмыс. 1. Ақын қолданған өзенге, тауға, тілге, үнге қатысты көркем сөздерді тауып дәптеріне жазып алу.

Ағынды өзен, асқар тау, қасиетті тіл, құдіретті үн.

Жұптық жұмыс. Кесте сызбамен жұмысЖақан Смақов

Гүлге, аспанға, тауға

Отан туралы жырлайды

Өлең құрылысында

(әр жолында)

Мұқағали Мақатаев

Күнін, түнін, өзен, көлін...



Әр жолда 5 сөз

Топтық тапсырмалар:

«Суретшілер»- Отбасының суретін салу.

«Ақындар»- Отан туралы өлеңді аяқтау.

Бақытты боп жүргенім

Сенің арқаң, Ұлы Отан.

Елім менің -тірегім,

Құшағында гүл атам.

Шығысыңнан арайлы,

Күліп атқан құба таң.

Сенен бақыт тарайды

Баршамызға Ұлы Отан.

Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің сен, Отан.

Мәңгі соғып тұратын

Жүрегімсің сен, Отан!

«Жазушылар»- Теңге туралы шағын әңгіме жазу.

«Мақалшылар»-«Жалғастыр» ойыны бойынша мақалдың жазылмаған жолдарын жазу.

1.Бұлбұл гүлзарын сүйеді,

Адал адам Отанын сүйеді.

2.Отан үшін еңбек етсең

халқыңның сүйген ұлы боласың.

3.Орағың өткір болса, қарың талмайды,

Отаның берік болса, жауың алмайды.

4.Отаны бірдің жүрегі бір,

Жүрегі бірдің тілегі бір.



«Сөздер банкісі» әдісі арқылы сабақ қорытындыланады.

Аспанын, көкпеңбек, асқарын, қауызын, тау, қасиетті, жәндігін, күнін, түнін, мен, кеудемді, бозторғайы.

Үйге тапсырма

Мұқағали Мақааевтың шығармашылығымен танысу . Өлеңді жаттау.

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау</</p>





Кері байланыс

«Басбармақ» әдісі арқылы бағаланады.









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал