- Учителю
- Дүниетану Денелер. Заттар 3 класс
Дүниетану Денелер. Заттар 3 класс
Дүниетану
Сабақ тақырыбы: Денелер. Заттар
Сабақ мақсаты: оқушылардың табиғи және жасанды денелер мен олардың
құрамы туралы, зат туралы, түсіктерін қалыптастыруына ықпал ету;
балалардың өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру; есте сақтау
және ойлау қабілеттерін арттыру; тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа сабақ
Сабақ әдісі: интербелсенді тақта, электрондық оқулық, салыстыру,
талдау, сұрақ - жауап
Көрнекілік: суреттер, кесте
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезең Психологиялық дайындық
Бүгін қай күн? Сәрсенбі ----------------- Қайырлы күн, балалар
Ертең қай күн? Бейсенбі ---------------- Қайырлы күн,
мұғалімдер
Оят онда Сәрсенді ------------------------ Тыныш болып түніміз
Оят онда Бейсенді ------------------------ Ашық болып күніміз
Сабағынан қалмасын --------------------- Сәттілікке толсын - ай
Топ басшыларына бағалау парағын тарату
2. Үй тапсырмасын тексеру
«Әр суретті өз орнына қой» ойынын ойнау. (Интербелсенді тақтада
слайд )
Бәріміз тақтаға қарайық. Әр суреттің орнын тапсаң, артынан құпия
сөз шығады. Ол үшін үй тапсырмасы бойынша мына сұрақтарға жауап
берулерің керек.
1. Температураны немен өлшейді? Оның түрлерін ата (суреттерін
көрсету)
2. Ауа, су, топырақ температурасының тіршілік иелері үшін қандай
маңызы бар?
3. Дені сау адамның қалыпты температурасы қандай болу керек?
4. Ауа райын білу не үшін керек?
5. Ауа - райын болжайтын қандай жәндіктерді білесіңдер?
(Көл, аққу, балық, құс, ағаш, инелік суреттері және рет сандары бар
буындар болады.) Суреттерді орнына жылжыту арқылы құпия сөз шығады.
Оларды ретімен орналастыр.)
Денелер мен заттар деген сөз шығады. Ендеше бүгінгі сабағымыз
денелер мен заттар жайында болмақ.
Тақтаға назар аудару. Суретке қарап не айтуға болады? Табиғат
көрінісі. Осы суреттердің қайсысы артық? Көл
Неге? Өйткені ол өлі табиғат. Сонымен тірі, өлі табиғат дегеніміз
не екен? Ал осылардың бәрін бір сөзбен дене дейміз.
Ал сендер дене дегенді қалай түсінесіңдер?
3. Жаңа сабақ
Дене деген сөздің басқа да мағынасы бар екен. Бәріміз тақтаға
қарап, дененің не екендігін түсініп алайық. ( электрондық оқулық
арқылы тыңдау)
Не түсіндік? Дене деген не? Оның қандай түрлері бар екен? Зат деген
не?
Осы сыныптың ішінде дене бар ма?
4. Оқулықпен жұмыс.
1 топ: 30 беттегі 1 - абзацты оқу. Денелер табиғи және жасанды дене
екендігі жайлы оқиды. Суреттерін ажырату.
Тақтамен жұмыс Электрондық оқулықтан табиғи, жасанды денелерді
ажырату
2 - топ: Денелер қатты, сұйық, газ тәріздес болады. Үстелдің
үстіндегі тас, целлофандағы ауа, стақандағы суды көрсетіп қайсысына
жататындығын айту.
3 - топ: Дене заттардан тұрады. Үстелдің үстіне 2 сызғыш ( ағаш,
пластмасса), 1 қант, стақандағы су, өсімдік, ауа. Өсімдіктің құрамы
күрделі.(су, крахмал, қант және басқа заттар бар. Адамдар мен
жануарлар да әр түрлі заттардан тұрады. Кітап пен дәптер, қаламды
дәлелдеу.
4 - топ: Сен білесің бе? айдары бойынша (балаларға қосымша карточка
тарату)
Қайсы дене? Қайсы зат? Ажырат. Үстелдің үстіне сабын қою.
Сабын неден жасалған? Ерте кезде қазақ халқы қара сабынды алабота
деген өсімдікті өртеп, малдың сүйектерін өртеп, өсімдіктің күлін
және сүйектің майын қосып жасаған. Жасалған нәрсе түнімен тұрған.
Сабынның мынадай пайдасы бар:
Егер жара шықса сол жерді сабынмен жуу керек. Иіс сабыннан гөрі кір
сабынды пайдаланған дұрыс екен.
3 минут уақыт беру. Топтың жауаптарын тыңдау.
Енді біраз шаршаған шығармыз, сергіп дем алайық.
6. Сергіту сәті. « Бақытты баламыз» әнімен
Елді сүйген баламыз, ----------------- Біз талапты баламыз,
Білімнен нұр шашамыз. -------------- Оқып - білім аламыз.
Әлкей, Қаныш атадай, ---------------- Заттар сырын ұғынып
Көп жаңалық ашамыз. ---------------- Ажырата аламыз.
7. Топтық жұмыс ( музыка)
1 - топ: Жасанды денелерді пайдаланып, бүгінгі тақырыпқа сай әңгіме
құра.
2 - топ: Берілген өлеңнің ұйқасын тап. ( тақтаға шығарып қою)
Дене деген немене? ---------------------Бізді қоршап тұрған
Достым білгің ............ ме? --------------Өлі,
тірі...............
Дене ............ баласы -------------------Дене неден тұрса
Зат ............. анасы ----------------------Дейміз оны
...................
Керекті сөздер: келе, заттың, дененің, табиғат, зат.
3 - топ: Мына заттарды пайдаланып не құрастыруға болады? ( шырпы,
ермексаз, скрепка, қағаз, кубик, қағаз, трубочка, )
4 - топ: Жұмбақ құрастыру. Сендер бір денені ойлап, сол дененің
атынан сөйлейсіңдер. Ол қандай заттардан тұратынын жұмбақтап
айтасыңдар. Мен құмнан жасаламын. Әрбір үйде боламын. Мен болмасам
үйдің іші қараңғы болады. Мен қай денемін?
8. Қорытынды.
Ал, балалар бүгін сабақта не үйренгендеріңді тексеріп көрейін.
Бәріміз тақтаға назар аударайық.( Электрондық оқулықтан тапсырма
орындау)
• Тапсырма: Денелер қандай заттардан тұрады? Жаңбыр судан,
• Тапсырма: Денелер қандай заттардан тұрады? Ұшақ металлдан
• Тапсырма: Не неден жасалады? Ауызша
• Логикалық тапсырма. Алабота мен шырпының суретін көрсету. Қандай
байланысы бар?
( шырпымен алаботаны өртеп сабын жасайды)
9. Бүгін сабақта не білдіңдер? Не үйрендіңдер? (балалар өз ойларын
айтады.)
10. Топ басшылары бағалайды.
11. Балалар осымен сабақ аяқталды. Үйге тапсырма: Бір дененің
жасалу жолын қарастыру. Адамдарға дененің қандай заттан
тұратындығын білу не үшін керек? Сұраққа жауап іздеу.
Табиғи құбылыстар
Жарияланды 10-06-2014, 16:00 Категориясы: Бастауыш сынып</<font color="#000000">
Мақсаттары: 1) Табиғаттағы өзгерістердің барлығын табиғат
құбылыстары екенін түсінеді;
2) Оқушыларды қоршаған ортадағы дүниелер мен құбылыстарды ғылыми
тұрғыдан түсінуге, зерттеуге бақылау жасау;
3) Жыл мезгілдеріне байланысты табиғат құбылыстарын көреді және
түсінеді.
Әдіс: Сұрақ жауап, түсіндіру ойын, талдау, ой қорыту.
Түрі: Жаңа сабақты түсіндіру.
Көрнекілік: Дидактикалық үлестірме материалдар, тест жұмысы
(жапырақтар) мақал - мәтел жазылған плакат "Жыл мезгілдері"
суреттер.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру. Сабақ тақырыбын, түрін, мақсатын, өту барысын
хабарлау
Психологиялық дайындық:
«Мен атқан таңды сүйемін, таңды сүйемін
Шуағын шашқан күнді сүйемін, күнді сүйемін.
Аялаған табиғатты сүйемін, табиғатты сүйемін.
Қоршаған бар әлемді, өзімді сүйемін»
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру және өткен тақырыпты қайталау.
Қызығушылықты ояту
- Ал балалар, қазір қай жыл мезгілі? (Күз)
- Күз айларын атап беріңдер.(қыркүйек, қазан, қараша)
- Бүгін қай күн?
- Дұрыс жарайсыңдар! Балалар күз мезгілінде болып жатқан
өзгерістерді байқап жүрген шығарсыңдар. - Иә, дұрыс, күн суып,
жапырақтар сарғайды. Біздің сыныпқа хат келіп түсіпті, ал оның
ішінде не бар екен? Бұл жапырақтар екен ғой! Қандай керемет!
Балалар жапырақтарда берілген тест сұрақтар жазылыпты. Осы
тапсырманы ойланып, дұрыс жауап берулеріңді сұраймын - деп тапсырма
орындауға екі минут уақыт беріледі, содан кейін оқып шығады да,
оқушылардың жұмыстарын жиіп алу.
- Балалар, біз қандай ұлттық ойындарды білеміз? (арқан тарту,
бәйге, асық ойындар, қыз қуу)
- Ендеше, бір ойынын ойнап, күздің кереметтеріне тағы бір тоқталып
кетейік.
«Қыз қуу»- ойыны. Қыз бен бала жарыса:
- Күз қандай?
- Күзде не болып жатады?
- Қандай құбылыстарды байқауға болады - деген сұрақтарға жауап
беретін тірек сызбаларды жасайды. Кім жылдам, жүйрік және дұрыс
жауап берген болса, сол жеңімпаз деп аталады. Қыз болса, қамшысын
алып шығады, ұл болса қызға әдемі гүл сыйлап береді. Балалардың
пікірлеріне мынандай сызба жасалады.
Күз?
↓
Жапырақтар түсіп жатыр,
жеміс жидек жиналады,
алтын жиналды, берекелді, бай
түн ұзарды, суық
аспан қорғасындай ауыр болады
жыл құстары ұшып кетеді
күн қысқарды,
жаңбырлы,
- Өте жақсы, балалар. «Қоңырқай күз болыпты, қурап жапырақ
солыпты»- дегендей Абай Құнанбаевтың «Күз» өлең шумақтарың кім
айтып береді екен? (мәнерлеп оқыту).
ІІІ. Жаңа сабақ: а) Мұғалімнің кіріспе сөзі: - Дәптерімізді ашып,
бүгінгі күнді, тақырыпты жазайық. Балалар жаңа тақырыпты біз БИС
технологиясы бойынша өтетін боламыз. «Байқау»- әдісі. Ол үшін
«Кілттік сөздерге» назар аударту және оқып есте сақтау үшін 30
секунд уақыт беріледі. Бір шапалақ ұрады, шапалақ біріңғай болу
керек, сосын сөздер жабылып, оқушы 1 минут 15 секундтің ішінде
дәптерлеріне не есте қалған сөздерді жазып шығады. Уақыт аяқталған
соң жұмыс тоқтатылады «Кім не сақтады?»- бір - біріне жылдам
тексерту, санды жазу, толық жазған оқушыға, нормаға сай ұяшығына
алғашқы плюс белгісі қойылды.
ә) Сергіту сәті: «Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел есейіп...»
б)- Жақсы, сәл демалып алдық, демек кітаппен жұмыс жасауға дайынбыз
оқулықтың 34 - 35 бетті ашамыз, әр бір парақты 3 минут ішінде оқып
шығуы тиіс. Оқушылардың оқыған білімдеріне қатысты сұрақ - жауап
алынады. Ұғынуды ұйымдастыру және дәптерлеріне 30 сөз - 5 минут
жазылуы тиіс; 2 шапалақ соғамыз сосын кім көп жазды?- деп сұрап
шығу.
в) Сурет арқылы «Бұл қандай ойын?»
- дұрыс ендеше "Хан талапай" ойынды ойнайық. Бұл ойынды ұлдар ғана
ойнайды. Хан иемнің "Мақал - мәтел" - деген тапсырмасын орындау
керек.
г) Ойын ойнап демалдық, яғни біз сұрақтарға жауап беруге
дайынбыз.(20 бет) Сыни тұрғыдан сұрақтар «Иә» немесе «Жоқ» деген
жауап болу тиіс (+- қойылады)
д) Балалар мына дыбыстарды тыңдайықшы. Ненің дыбысын естігендеріңді
айтасыңдар.
1. Жел
2. Найзағай
3. Жаңбыр.- (деп жауап береді)
д)- Балалар, бұрын ауа - райын бақылау орталығы болмаған. Ауа -
райын қалай бақылаған деп ойлайсыңдар? «Күннің көзін ашу»- ойын
арқылы біз ауа - райын қалай бақылағанды көріп білеміз. Табиғат
құбылыстарына байланысты ата - бабаларымыз халықтық болжамдар
жасаған, соны түсініп, дұрыс оқып беру керек.
ІV Бекіту: - Өте жақсы, жарқыраған күнде пайда болды, әр оқушының
көңіл - күйлері жақсы шығар; ендеше күзгі гүл күлтесін құрастырайық
деп «Туған елдің ұлы бол!» «Абайдай дана бол!» «Достарына сыйлы
бол!» «Оқушылардың алды бол» «Ата - ананың мақтанышы бол!»- деп
өзімізге тілек тілеп, гүл шоғын жасаймыз. Оқушыларды бағалау және
мадақтау.
V Үйге тапсырма; Табиғат құбылыстарын және қосымша материалды оқып
келу.
Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Ауа және ауа райы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ауаны сезінуге болатындығын дәлелдей отырып, жер бетін
ауа қоршағанын, оның тірі табиғат үшін пайдасын ашу. Ауаның орын
алатындығын, серпімді, сығымды екенін дәлелдеу.
Дамытушылық: Оқушылардың өмір тәжірибесін орынды қолдануын сабақ
барысында одан әрі дамыту.
Тәрбиелік: Ауаны таза сақтауға тәрбиелеу. Оқушылардың қызығушылығын
ояту
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгеру.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, ой қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, приборлар, шар, доп.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезең (Слайд - 2)
Жер байлығы көп екен
Меңгеруді қалайды
Осының бәрін білдірген
Дүниетану сабағы.
Адам өміріне қажетті 5 жағдайды топтастыру.
(ауа, су, қорек, жарық, жылу) (Слайд - 3)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Су тасқыны деген не?
2. Су тасқыны кезінде қандай ережелерді сақтау керек?
ІІІ. Жаңа сабақ: (Слайд - 4.)
Сөзұмбақ жасыру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
1. Түсі бар көрінбейді
Біртұтас бөлінбейді
Тынысы ол тіршіліктің
Ешқашан желінбейтін.(ауа)
2. Адам өміріне қажетті бір жағдай?(су)
3. Жерасты суының жер бетіне шыққан жерін не дейді? (бұлақ)
4. Құрамында минералды тұздар бар су? (минералды)
5. Каспий теңізінің суы қандай?(ащы)
6. Минералды бұлақтар маңына не салынады? (шипажай)
7. Каспий теңізіне қай өзен құяды?(Жайық)
- Ерекше тор көзден қандай сөз көріп тұрсыңдар?
- Ауа райы.
Мұғалімнің түсіндірмесі.
Біздің планетамыз жер - мөлдір ауа қабатымен қоршалған. Ауа - жер
бетіндегі тіршіліктің көзі. Өзіміз оны әдетте байқамаймыз. Алайда
ол кенет жоқ болып кетсе біз бірнеше секундта тіршілік ете алмас
едік. Адам өміріне ең қажетті ауа дедік.
Сондай - ақ ауа физикалық дене. Сондықтан ол құбылыста болып
отырады. Сол себепті оны арнайы мамандар күнделікті алдын ала
бақылап зерттеп отыратын орталық бар. Оны метеорологиялық орталық
дейміз Ал климат - бұл ауа қысымының құбылысы. Біздің еліміздің ауа
райы континентті деп аталады. Оның себебі оңтүстік тропиктен жылы
ауа келеді, солтүстіктен мұзды мұхиттың суық ауасы әсер етеді.
Сондықтан құбылмалы болып келеді.
Ауаның температурасын өлшейтін құрал - термометр.
Ауаның қысымын өлшейтін құралы - барометр.
- Балалар «Ауа» деген ұғымды естідіңдер.
- Ол қандай?
- Оны қалай сезесіңдер?
Тәжірибе жасау:
- Мұрныңды қысып, демалмай тұр. Қанша уақыт шыдай аласыңдар,
ішіңнен сана. (тәжірибе жасалды)
- Біз сыныпта тақтаны, партаны, терезені көреміз. Ал, ауаны көре
алмаймыз. Ендеше біз доппен, шармен тәжірибе жасалық. (тәжірибе
жасалады)
- Шарды үрлеп, бүйірінен қысу - бұл ауаның сығылуы.
- Допты еденге ұру, қайтара ыршуы - бұл серпілуі.
- Шырағдан жағып оны банкамен жабу - ауа тұншығады, жануды
қолдауы.
- Стаканға су құйып, бірер минут қойсақ, оны қабырғасынан бүршіктер
пайда болғанын көреміз, бұл ауа.
- Не байқадыңдар?(Шарды ауамен толтырдық. Доп серпілді, сығылады,
кішірейеді.)
- Сонда серпіп тұрған не?(Ауа)
- Біз сусыз тіршілік жоқ десек те, судан да маңызды ауа тұр екен.
Сусыз адам бірер апта тіршілік ете алса, ауасыз бірнеше минут қана
тіршілік ете алады екенбіз.
Біз ауамен демаламыз. Ауа бізді қоршап тұр. Ауасыз өмір сүру мүмкін
емес.
Топтастыру. (Слайд - 6)
сығылады көрінбейді серпімді
Біз ауаның қандай қасиеттерін білеміз?
жануды қолдайды түссіз мөлдір
. Сергіту сәті (слайд - 7)
Дәптермен жұмыс (Слайд - 8.)
Ауаның қасиеттері: сығылады, серпіледі, көрінбейді, түссіз, мөлдір,
жануды қолдайды.
VІ. Қорытынды ( слайд - 9)
3 - топқа тапсырма
І - топ. Бес жолды өлең құрастыру
1. Ауа
2. Түссіз, иіссіз
3. Көрінбейді, жұтады, сығылады, серпіледі, созылады.
4. Ауа адам өміріне қажет.
5. Ауа - тіршілік көзі.
ІІ - топ (эссе жазу) Ауа - тіршілік көзі.
ІІІ - топ. Ассосация құру. Ауа
Бағалау
Сабаққа белсенділікпен қатысқан оқушыны мадақтау, бағалау.
. Үйге тапсырма: (Слайд - 10)
Ауа және ауа райы.