7


  • Учителю
  • Ашық тәрбие сағаты ' Қайырымдылық - жылы жүректен' 3- сынып

Ашық тәрбие сағаты ' Қайырымдылық - жылы жүректен' 3- сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Слайд -1 «Қайырымдылық - жылы жүректен» атты тәрбие сағаты


Слайд-2 « Қош келдіңіздер»


Cәлеметсіздер ме , құрметті мұғалімдер, оқушылар!

«Жанашырлыққа - жан риза» дегендей,адам өміріндегі ең игі істерінің бірі - мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір - біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру, олардың қоғам өміріне белсене араласуына, дара қасиеттерін ашуға зор мүмкіндік береді

3-слайд

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар бізде аз емес, ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс, бұл - өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз.»-деп атап көрсетті

Мүмкіндігі шектеулі жандарға аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның- азаматтық парызы. . Бұрын мүмкіндігі шектеулі жандар қоғамнан шеттетіліп,жұмыспен де қамтылмай қалатын.Қазір мұндай жандарды жұмыс орнымен тәміндеу шаралары белгіленіп отыр.

Жыл санап оларға деген қоғамның көзқарасы өзгеріп, қоғамның бір мүшесі ретінде қарауға бет бұрды

Бүгінде осындай жандар арасынан небір дарын иелері , өнер иелері, кәсіпкерлер мен тігіншілер, әншілер мен саяси қызметкерлердің шығып жатқанын бәрімізге мәлім. Тек оларды тани білуіміз, олардың өмірге деген сенімдерін арттыруға жәрдем беруіміз керек Облыс көлемінде облыс әкімі.Бейбіт Атамқұлов,ауданымыз әкімі Уалихан Қайыпназаров мүмкіншілігі шектеулі жандардан хабаралып, мектептерде,үйлерде арнайы сыйлықтармен жәрдемдер ұйымдастыруда.

Бүгінгі біздің тәбие сағатымыздың мақсаты да -жастарды мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамға бейімделулеріне көмек көрсетуге, олардың бойындағы дарындылық пен өмірге деген құштарлығын көре білуге, қоғамда өз орны бар екендігіне сенімді болуларына жәрдем беруге, бауырмалдыққа ,кішіпейілдікке баулу.

Олай болса бүгінгі тәрбие сағатымызда тек қайырымдылықпен ізгілік,мейірімділікпен жанашырлық туралы сөз болмақ. Қабыл алыңыздар

1-жүргізуші Жасұлан

Өмір толқын ағып жатыр өзендей боп,
Талмайтын, тоқтамайтын толқындай боп.
Теңіз жатыр арнасынан асып - тасып,
Желменен қашып тұрып, ұшып - қонып.


2-жүргізуші Балауса

Өмір толы ащы менен тұщыға

Мейірлене, аялайық адамды

Кімдер келіп,кім кетпеген жалғанда
Аңдап сөйлеп ойланып бас қадамды.

1-жүргізуші Жасұлан


Біреулер бар - тән саулығын аңсаған,
Біреуге аяқ, ал біреуге қол қайғы.
Өз борышын сезінуден қалса адам,
Бұдан асқан мүгедектік болмайды.


2-жүргізуші Балауса

-Мүмкіншілігі шектеулі адам жанына үңіліп қарағанда, жаның ауырады. Көңіліне кірбің түсіп, көздеріне жас алатындары бар. Осы кезде сен оның жанына жақын бар. Бұл сенің -адамгершілігің.

1-жүргізуші Жасұлан

- Бұндай адамдар ауыр өмірге бейімделгіш болады. Олар төзімді, шыдамды түсінігі мол адамдар болып келеді, Олар - мәрт, пәк жандар.


4-слайд Мәліметтер

Елімізде 6000-нан астам мүмкіншілігі шектеулі адамдар бар,олар халқымыздың 3% құрайды.

"Экспо-2017"халықаралық көрмеге,тамашалаушылардың 5% мүмкіншілігі шектеулі азаматтар құрайды.

Мүмкіншілігі шектеулі жандардың құқықтары Заңмен қорғалады.

Мұндай жандарға -мемлекет медициналық,материалдық көмек көрсетіп отырады.

Елімізде мүмкіншілігі шектеулі жандарға арналған оқу орындары,жұмысорындары белгіленген.

Садақ ату бойынша Республика жеңімпазы

Елімізде-аурудан немесе жарақат алған еңбекке жарамсыз болған

Жандар мемлекет қамқорлығында болады.

5-слайд /видеролик/

Балауса

Талпынасың қиындыққа қарамай

Шыдайсың-ау мұң түссе де жыламай

Болмасада ойдағыдай бұл жағдай

Еңбек етіп сен жатасың аянбай


Көрсетпейсің көз жасыңды ешкімге

Күліп тұрып,көңіл жылап жатсада

Салмайын деп міндетті ешкімге

Сан ойлармен сен жүресің тағыда


Сен аллаға басқалардан жақынсың

Сүйген құлын жәбірлейді осылай

Ақбұлақтай таза арың,намысың

Көмегіңді сұраса сен келесің ойланбай

Күн санайсың өтіп жатқан қапыда

Күрсінесің сенім құрып арманда

Ұйқың қашып сен ойлайсың таңыңда:

«Барма екен түсінетін мені біреу жалғанда»


Үйренейік біз олардан бәрінде

Сүру керек қалай мынау өмірде

Тең болайық табиғаттың сәніне

Қалмау үшін қайғы мұңлы қасіретте.


6-слайд

Мейіржан

Үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетіп.

Қайырымды бола білу үлкен іс,
Жақсылықты жаса қолдан келсе егер,
Біле білсең өзің үшін -ол жеңіс.

Ардақ

Ақыл адам көркі,

Ақылдың сабыр- серігі.

«Жылуы жоқ үйден без,

Қайырымы жоқ биден без» дейді дана халқымыз.

Қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап ,жаны жаралы жанға жылы лебіз білдіру- азаматтық парызың.

Серік

Мүмкіндігі шектелеулі жан

Қоғамның ол-толыққанды мүшесі.

Табиғаттың сыйға тартқан

Дарындылық -иесі

Адамзатты таң қалдырған

Аузымен сурет салғандар

Дүниені сілкіндірген

Жалғыз аяқ жүйріктер

Арай

Мейірімділік - ғажайып қасиет сезгенге
Мейірімді бол, жаралы жанды көргенде,
Ашық болсын мұқтаждарға көңілің

Әдептілік,ізгілік бұл - білгенге

Мейірімсіз болсаң, Алладан болмас кешірім.
Қол ұшын бер жетімдерге жылаған,

Кемтарлықты тілеп олар алған жоқ

Сұрап ешкім алмайды ғой алладан


Медеу

Мүмкіндігі шектеулі жан- қиындыққа мойымас

Талпынады ,шыдайды ол қиындыққа қарамай

Өмір үшін үмітпенен күреседі жасайды

Еңбек етер ықыласпен,құштарлықпен аянбай.


Жания

Көрсетпейді көз жасын ол ешкімге

Күліп тұрып,көңіл жылап тұрсада

Еш налымай өмір үшін күресер

Мына дүние қанша тарылып жатсада

Ардақ

Үйренейік біз олардан бәрінде

Сүру керек қалай мынау өмірде

Дүниенің тіршіліг таусылмас

Үңілейік бір сәт оның көңіліне


Серік

Адамдар бар төрт мүшесі түп-түгел

Жақсылықпен даналықты білмеген

Бүгініне мәз болады жүреді

Бір адамға қайырым жасап көрмеген


Адамдар бар төрт мүшесі түп-түгел

Бақыттың не екендігін білмеген

Дүниеде табылмайтын бір бақыт

Жан саулығы екендігін білмеген.


Нұрай

Ренжітпейік мүгедекті ешқашан

Кімге ертең ,кім біледі не дайын

Қолдың ұшын біз берейік әрқашан

Мүмкін болса көтерейік-көтерейік біз жайын


Қабыл болсын әр тілегі сұраған

Орындалсын-орындалсын бар арман

Періштеге теңер едім о, жалған

Тағдырменен сыналса да бар қасиетті сақтаған

Балауса:

- Өмірдің ауыртпалығын, ауыр жүгін көтеріп жүріп, қиындықтарды жеңгендер де көп.

Жасұлан:

- Олар тағдыр қиыншылығы мен сәтсіздігін жеңіп елімізге танымал болған адамдар


7-слайд


1..Айдана.

Серікболсын Қонарбаев - географ - ғалым арбаға таңылып еңбегін қорғады

8-слайд

2..Ақниет

Кененбай Қожабеков-Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері«Қыз Жібек» кинофильміндегі танымал рөлі арқылы халық мақтанышына айналған


9-слайд

3...Нұрай...

Қазақстан телеарнасының « Жұлдызды сәт» байқауының жеңімпазы Арман Қарынсау небәрі 20 жасқа толсада бірнеше жеке альбомдарын шығарып елге танымал болған жас әнші

10-слайд

Арай...

Тамара Асар апамыз аяғынан айырылса да, сахнаға шығуға барлық қиындықтармен күресіп, жеңді.Бүгінгі күнде халқының сүйікті әншісі.Тамара Асар апамыз еліміздің мумкіндігі шектеулі азаматтарымызга рухани күш куат береді.Қазақ халкынын мактанышы

11-слайд

Гүлжайна.

.Осындай жандардың бірі- бірнеше жылдардан бері жас ұрпаққа білім беруде еңбегімен көзге түскен білімді, мектебіміз мақтанышы, Гүлчехра апай Аблаева. Апайдың әр сабағы қызықты,жаңалыққа толы болады. Сыныбы мектебімізде мақтаулы сыныптардың бірі .

12-слайд

Али

Облысымызда жастардан құралған « Сәт» триосы осындаай жандардан бірақ өздерінің тынбас еңбектерінің дарындарының арқасында елге танымал болды.

«Сәт» триосы « Көнеміз ғой»


13-слайд

Жоламан

Ұлы Абайдың он төртінші қара сөзінде қайырымдылық туралы былай делінген

«Нағыз жүрек ісі - рақымдылық, мейірімділік, әр түрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп ойлау »

Бейбарыс

Адамгершілікке арналған 4 сауап бар

Шөлге құдық қазған- сауап

Өзенге көпір салған-сауап

Жолға ағаш еккен -сауап

Кемтарға көңіл бөлген-сауап


Гүлжайна

Жақсыға қылған жақсылық

Өміріңде тозбайды

Жаманға қылған жақсылық

Бір күнгідей болмайды

Діңдар

Басыңа іс түссе

Жақсы көмек етеді

Жаман күліп кетеді

Али

Күйесіз -қазан жоқ

Қайғысыз-адамжоқ

Ақниет

Мейірімділік- жүректен

Мейірімсіздік- білектен


Дильнура

Адамның ұяты- бетінде

Адамгершілігі-ниетінде

Диас

Жақсылыққа жақсылық

Әр адамның -ісі

Жамандыққа жақсылық

Ер адамның ісі

Діңдар

Қайрымдылық жасасаң

Қайрымын өзің көресің


Ұлбосын

Өзін ғана ойлаған,
Жамандықтың белгісі.
Өзгені де ойлаған,
Адамдықтың белгісі.


Жылытатын жүректі

Қайырымдылық белгісі

Жәрдем беру әрқашан

Ізгіліктің белгісі


1-жүргізуші Жасұлан

Балауса сен осы білесіңбе , мектебіміздің алдыңгы баспалдағынын жанына қосымша баспалдақ неге орнатылғанын?

Иә, ол вантус,мүмкіншілігі шектеулі адамдардың кіріп -шығуы үшін жасалған мүмкіндік

Олай болса біздер үзілісте оған ойнаймыз, сырғанаймыз,демек оны бүлдіргеніміз ұят екен да

Иә, әлбетте. Елімізде мұндай жандарға ,мәдени орындарда,емханалармен қоғамдық транспорттарда ал көшелерде арнайы жолдар жасалған.

14-слайд

Ұлбосын:

Мысал: «Жарылған құмыра»


Ертеде бір әйел таңертең тұрып екі құмырамен үйінен алыс жерден су тасиды екен. Келем дегенше жарылған құмыраның жартысында ғана су қалады екен.. Екі жыл бойы әйел үйіне үнемі бір жарым құмыра су әкеледі екен. Бүтін құмыра өзінің бүтіндігіне мақтанып,кеудесін көтеріп жүреді ,ал жарылған құмыра болса өзінің жарты су әкелгеніне,кемістігіне ұялып,налиды. Өзінің жұмысқа жарамсыздығына налыған жарық құмыра бір күні әйелге:

Мен кемістігім үшін ұяламын,сенің әкеле жатқан суыңның бәрін жолға төгіп келемін мені тастай салшы -дейді

Сонда әйел:

-Сен байқадың ба жолдың сенің суың төгілген жағында қып-қызыл гүлдер өсіп тұр. Ал, бүтін құмыраның бүтін болғанымен ол өткен жақта ештеңе өспеді.

Сен келе жатып гүлдерге су құйып келесің,олар жайқалып өсе береді.Мен сол гүлдерді қуана алып үстелімнің үстіне қойып жүрдім.

Егерде сен осылай болмағаныңда бұл гүлдер өспес еді. Әркімнің өз қабілеті мен орны болады»-дейді

Балауса: -Жасұлан сен білесің бе? Мен телеарнадан не көрдім?

Жасұлан -Иә не көрдің?

Жамбыл обылысында 2 қолы жоқ әйел аяғымен көрпе тігеді екен.Оның тіккен көрпелері елді таңқалдырған. Қазір ол жеке кәсіпорнын ашып 2 адамды жұмысқа қабылдапты.

Жасұлан-Иә менде көрген едім

1-жүргізуші

Ең жаман мүгедектік - рухани - адамгершілік тұрғыдан кеудесі қуыс адамдар.
Жақсы сөз - жаныңды жадыратады,

Жамансөз - уайымға салындырады.

Бір ауыз сөз жан жарасын жазып,

Өмірге құштарлығын арттырады.

Балауса

-Біреудің кемістігін айту,жанын жаралау бұл - әдепсіздікке жатады

Жасұлан :

Бүгін біздің қонағымыз, мектебіміз мақтаныштары әншілері

Дидар мен Бахтияр әндерін сіздерге арнайды.

Балауса

«Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі» дейді халқымыз

«Адам жанын түсіне білейік» атты көрінісімізді қабыл алыңыздар!!!!


Көрініс

/ Аулада бірнеше бала доп ойнап жүр. Анадай жерде бір бала отыр. Бала балалардың ойындарына қызыға ,үздіге қарайды. Көзінде қуанышқа араласа өксік, үмітке араласа күдік оты ұшқындайды.сәлден соң ойына бірдеңе түскендей мұңая жерге қарады. Сол отырған күйі еш қимылсыз қалды/

Медеу-Таста, маған таста,ой маған теппейсің бе?

Темірлан-Таста маған таста,

Бақытжан-Ура гол л л л

Диас--және бастадық ендігіде есе жібере қоймаспыз

Жомарт-Алға ,алға қарай теп теп таста таста

/Осы кезде доп ұшып барып әлгі баланың дәл алдына түсті/

Темірлан -Досым теуіп жіберші

Медеу-Бол тез тез , бол ойын қызып жатыр

Жомарт-Тездетші дос

Баланың алдына/Диас/ бір бала келіп:

-Неге теппейсің естімейсің бе?

Медеу-Қандай жалқау бала едің тебе салсаң нең кетеді ?

2-ші бала

Диас -Ой сенің аяғың жоқ па?

-Әйтеуір неге қозғалмайды десем

Медеу-Кеттік ,ал допты

Медеу мен Диас қосарланып

-Балалар ана баланы аяғы жоқ екен,біз допты теп жатырмыз-ау, кеттік ана жерге барып ойнайық!»-деген дауыстарымен сахнадан шығып кетеді


/музыка үні есітіледі/ 15-слайд

« Мүгедек бала монологі»

Жүріп кетіп барады әне біреулер

Күліп кетіп барады әне біреулер

Тіршіліктің үлбіреген пердесін

Түріп кетіп барады әне біреулер


Өтіп уақыт барадыәне тоқтамай

Тоқтамайды жердежел көкте ай

Шіркін!!!! Менде зырласам ғой зырласам

Дүниеде ештеңені жоқтамай


Қарап маған анам талай жылаған

Жылғыз ұлы мен едім ғой сұраған

Мүгедек қып берді тәңірім оны да

Шыдаған ғой бәрінеде бұл адам


Мүгедекпін кімге қоям кінәні

Табиғатта еме оған кінәлі

Өкпелімін жер басып жүр біреулер

Арқалап ап қабат-қабат күнәні


Күндерім көп өтіп жатыр күрсініп

Қараймын менайналама түршігіп

Қолдан келсе отырғым жоқ 1-минут

Жалықтырды мына кілең күрбің тіршілік

/Сахнаға балалар келе бастайды, бірінің қолында шахмат,енді бірінің қолында тоғызқұмалақ тақталары/


Бұл жалғанға күліп кеткім келеді

Қайғы-мұңға жығып кеткім келеді

Жо-Жо-жоқ ең бірінші

Орнымнан тұрып кеткім келеді

Анау адам аяп маған қарады

Аямаңдар жаным онсыз жаралы

Ішім күйіп барады

Жүрегімге сумаңдаған суық ой

Себе бізін тығып-тығып алады


Жаным менің жабырқап ән салады

Жанарымнан ащы тамшы тамады

Жылжи алмай әлі отырмын бұл маңда

Тек ойларым жүріп кетіп барады


Бағалаңдар тіршілікті адамдар

Мүгедектің көңіліне қараңдар

Ұға білші екі аяқтың қадырын

Айналайын -айналайын адамдар!!

Балалар:

Медеу-Сен тоғызқұмалақ ойынын білесің бе?

-Жоқ есіткенім бар бірақ ойнап көрмеппін

Диас

-Шахматты ше?

-Иа, оны анам үйреткен. Тіпті өткенде бірнші орынды алып , арнаулы диплом мен медаль алғанмын.

-Али

Келіңдер балалар топқа бөлініп шахмат ойнаймыз,

Диас

-Білесіңдерме біздің мектепте жақында тоғызқұмалақтан, шахматтан аудан біріншілігі өтпекші онда неге соған қатыспайсың.

Али

-Кеттік ағайға біз сені әрқашан қолдап қуаттап, жанкүйерің болып жүреміз

-Солай ғой иә балалар

-Солай кеттік жүріңдер , жүріңдер

/Арбамен оқушыны айдап алып шығып кетеді/


Гүлжайна

Өмірде бар жақсылармен жамандар

Өркөкірек,ақылсыз,ойсыз надандар

Жан дүниесін сырттай ғана бағалап

Адам жанын оп-оңай-ақ жаралар

Ақниет

Бір ауыз сөз - адамды айқын етеді

Бір ауыз сөз-әлемді гүл етеді

Бір ауыз сөз-тұңғиыққа батырып

Бір ауыз сөз-жермен жексен етеді

Арай

Өзге жанын ұқпай тұрып сөйлеме

Әрбір адам өмірге келген пенде де

Мүмкін сөзің -тағдырын шешер біреудің

Кемістік бар шындап қара ,сен де де

Кемістігі-кемшілікке жатпайды

Ол адамдар налымайды,сатпайды

Ақыл,ойы,парасаты жоқ адам

Кемістік бұл-қоғамдағы сол қайғы


16-слайд


2015 жылы 19 тамыздан 23 тамыз аралығында,Павлодар қаласында IУ жазғы Паралимпиада ойындары болып өтті.Жарыс барысында 415 медалдан 55-ін Қазақстанның Қарағанды қаласынан барған ойыншылар ұтып алды.

Соның ішінде алтын -207, күміс-120, қола-88


Жасұлан

2016 жылы Рео Де-Жанейро қаласында өтетін ойындарда бұл спортшыларымыздың еліміздің көк туын желбіретіп жеңіспен қайтатына сенеміз

Жэне


Балауса-Жасұлан Бас иеміз!!


Жасұлан:

Ән « Аққу арман»


Балауса:

Достарым, бір-бірімізден мейірімімізді , жылы сөзімізді аямайық!

Күн нұрындай көңілім,
Даламдай кең пейілім.
Жүрегім толы мейірім,
Бәріне ортақ шуағым
Қайырымды боламын.

Ақниет

Дүниеде ешкім мұқтаж-мұңды болмасын

Аналардың көңіліне кірбің салмасын

Аялайық,сыйласайық кел, достар

Ешбір адам қоғамнан тыс қалмасын


Жания

Біз тілейміз бар бөбекке,
Бақытты өмір сүргенін.
Туған елге еркелеп,
Қуанғанын, күлгенін.
Сусынымыз қанады,
Өнер, білім, нәрімен.
Әлемдегі баланың,
Дос боламыз бәрімен

Жасұлан:17-cлайд

Міне, достарым біздің Атамекеніміз - қасиетті киелі мекен, мұнда ешкім елеусіз ескерусіз қалмайды, Атамдай қамкоршы елбасымыз, мейірімі мол халқымыз,салты мен дәстүрі аңызға айналған Атамекеніміз тұрғанда - әрбір адам- бір тұлға,оның өз қабілеті мен дарыны өз орны болмақ


Балауса.

Хор «Атамекен»

Қорытынды сөз:

Міне, құрметті қонақтар мейірімділік-жанның шуағы-дейді.

Республикамызда қаншама қарттар үйі мен «Балалар үйі», «Мүгедектер үйі» бар. Әрбіріміз осылардан бір адамның көңілін аулап ,мейірім нұрын шашып,өмірге деген сенімін арттыра алсақ - адамзаттық парызымызды өтеген болар едік.


Міне бүгінгі 3 «Г» сынып оқушыларынын « Қайырымдылық- жылы жүректен» атты ашық тәрбие сағатын қорытындылай келе сөзді мектептің .........................................беремін.

18-слайд





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал