7


  • Учителю
  • Открытый урок на тему 'Көңілді қыс және қысқы ойындар' (3 сынып)

Открытый урок на тему 'Көңілді қыс және қысқы ойындар' (3 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Көңілді қыс және қысқы ойындар
Мақсаты:
1.Білімділік: Балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін кеңейтіп, сөздік қорын байыту. Сұраққа нақты жауап беріп, сурет мазмұнына сай әңгіме құрап айтуға үйрету. Қысқы ойындарды әңгімелеп айтуға баулу.
Қыс мезгілінде ойналатын ойындарды, сырғанауға арналған заттарды ажырата білуге үйрету
2.Дамытушылық: Табиғат көрінісін сипаттап, қызықтарын әңгімелеу арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3.Тәрбиелік: Бір-біріне қамқор болуға, ұйымшылдықпен ойнауға тәрбиелеу.
Әдісі: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, жұмбақ шешу, тапсырмаларды орындау Көрнекілік:Қыс суреттері, аққала, қағаз, қарлар, ойын суреттері.
Пәнаралық қатынас: Сауат ашу, математика
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің барысы:
- Балалар бүгін бізде ерекше күн. Бізге бүгін қонақтар келді. Бізге келген қонақтарымызға сәлем берейік. Қане орнымыздан тұрып амандасайық.
Шаттық шеңбері
Арайлап атқан таңға сәлем!
Жылуын шашқан күнге сәлем!
Жайнап өскен бізге сәлем!
Білім беріп тәрбиелеген,
Апайларым, сіздерге сәлем!
І. Кіріспе бөлім
Жұмбақ шешу:
Көзіңе көрінбейді,
Тоңдырып қызартады.
Күні - түні ерінбейді,
Өзенге мұз артады. (Аяз) (жұмбақтарды таратып беру, балалар іштерінен оқиды, бір-біріне оқытады, аударамыз және жауабын айтады).
- Балалар аяз жылдың қай мезгілінде болады?
- Қыс мезгілінде болады.
- Қыс мезгілі қандай болады?
- Суық болады, беті - қолымыз тоңады. Қар жауады, боран соғады.
- Қыста біздер қалай киінеміз?
- Жылы киімдерімізді киеміз.
- Қандай қысқы ойындарды білеміз?
- Аққала соғамыз, шанамен сырғанаймыз, шаңғы, коньки тебеміз. Хоккей ойнаймыз.
ІІ. Негізгі бөлім
- Дұрыс айтасыңдар. Қарлы боранымен, сықырлаған аязымен қыс та келіп жетті. Бірақ біз қыстан қорықпаймыз, денемізді шыңдаймыз, жылы киінеміз. Әртүрлі ойындар ойнаймыз. Балалар бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы-Қысқы ойындар. Яғни біз сендермен қыста ойнайтын ойындармен танысамыз. Балалар біз қыста қандай ойындар ойнаймыз? Дұрыс. Шанамен сырғанаймыз, шаңғы, коньки тебеміз, аққала жасаймыз.

Сөздікпен жұмыс.

Сырғанаймыз, тебеміз -катаемся

жасаймыз-лепим

Шана-сани

Шаңғы-лыжи

Аққала-снеговик ( сөздерді оқу, бірге оқу, жеке-жеке оқу, қазақшасын одан кейін орысшасын оқу, сөз тіркестерін құрастыру)


(Есікті тықылдатып Аққала келеді)
- Қараңдаршы балалар бүгін бізге қонаққа аққала келіпті. Аққала бізге құр келмепті, көптеген тапсырмалар ала келіпті.
- Қане, балалар олай болса аққаланың әкелген тапсырмаларын орындайық.
Аққаланың тапсырмалары:
1 тапсырма: Қыс туралы тақпақ айту
2 тапсырма:. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
- Ал, ендеше балалар қыс туралы тақпақ білсек айта қояйық.
Оқушы:Сырғанаққа мығымбыз
Шыныққанбыз, шымырмыз
Таудан төмен сырғанап
Біз тебеміз сырғанақ.
Оқушы:Аулаға қар үйгізді,
Бетті аязға сүйгізді.
Тоңбасын деп теректер
Қырау ішік кигізді.
Оқушы:Біз батыр баламыз,
Жылы үй - қорамыз.
Ақ ұлпа қарыңнан
Аққала саламыз.
Оқушы:Келді - дағы қыс
Дала аппақ түс
Қос аяқта шаңғымыз
Дөңге шықтық бәріміз.
Оқушы:Ағаштардың жапырағын
Ашулы жел тонайды.
Ақ жамылған атырабым
Қар борайды, борайды.


Сергіту сәті
- Балалар ендеше орнымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайық.
Атамның алып күрегін,
Ауланың қарын күредім.
Күнде әжеме құдықтан
Су әкеліп беремін. (Қимылмен көрсету)


4-тапсырма.

Топ бойынша жұмыс. Суреттер бойынша әңгіме құрастыру. (әр топқа қысқы ойындар суреті беріледі. Суретке ат қойып мәтін құрайды)

Мәтінді оқу.

5- тапсырмасы:«Қайсысы артық» дидактикалық ойыны.
Тақтаға әр мезгілдің киімдері ілінеді, осы киімдердің ішінен артық киімдерді табу керек. Табылған артық киімдерді қай мезгілде киетінін сұрау.

6-тапсырма Дәптермен жұмыс (карточкалармен жұмыс)

шаңғы, шана, аққала, коньки сөздерін буынға бөлейік.

7 тапсырма:»Аққала» дидактикалық ойыны.
Шарты: тақтаға жартылай қиылып жасалған аққала бөліктері ілінеді. Үстел үстінде қалған бөліктері: басына киетін шелегі, аузы, қолы, сыпырғышы, ілгегі сияқты суреттері жатады. Балалар осы бөліктерді алып, артындағы сұраққа жауап беріледі.
Аққаланың неше бөліктен тұратынын, қандай геометриялық фигуралардан құралғанын айтады.

- Қыс мезгілі сендерге ұнай ма?
- Қыста ойнайтын қандай ойындарды білесің?
- Қардан не жасаймыз?
- Сырғанаққа бару үшін қалай киіну керек?
Бағалау:Балалар сендер бүгін сабаққа өте жақсы қатысқандарың үшін аққала қуанышты хабарламасын ала келіпті. Оқушыларды бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал