- Учителю
- Математика пәнінен жоба 'Сандар әлеміне саяхат' 2 сынып
Математика пәнінен жоба 'Сандар әлеміне саяхат' 2 сынып
САНДАР ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ
Елюбай Ақерке 2 «А» сынып
«Курчатов қаласының №1 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
Жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі Мындаспекова Ш.А
Кіріспе
Цифр - тіршілік, цифр - табыс, цифр тағдыр. Өте орынды айтылған қағида.
Әйгілі грек ойшылы Аристотель: «Ойлану таңданудан басталады», - демекші, таңдай қақтырған цифрлардың, сиқырлы сандардың жұмбақтары жөнінде айтуды жөн көрдім.
Біз бүгін сандар әлеміне саяхат жасаймыз. Бұл саяхатта біз көптеген сандардың сырларын ашып, олардың қасиеттерін тамашалаймыз. Жан жағымызға қарасақ сандар тек қана математика емес, тағы басқа көптеген ғылымдарда маңызы зор. Қарап отырсақ, осы қарапайым 10 цифр болмаса, біз телефонда соға алмаймыз. Жалпы таным проблемасымен байланысты ескілікті наным-сенім түрлерінің тілдік көріністері, әсіресе сан атауларымен келген тұрақты сөз оралымдарында өте көп кездеседі. Байырғы кездерде халық әр алуан құбылысқа нәзік бақылау жасай келіп, олардың ортақ қасиеттері мен сипаттарын санмен түйіп, санамалап айтып отырған. Наным-сенімге қатысты «киелі ұғымдар» негізінде пайда болған құбылыс. Сандар адам баласының ертедегі өмірінде уақыт өлшемі, көлемдік өлшемі жағынан ерекше қызмет атқарған.
Алғашқы адамдар өте аз сандарды білді. Кейін өмір талабынан натурал сандар мен бөлшек сандар туды. Натурал сандар қатарының шексіз көп екендігі ерте кезде белгілі болды.
Сан ұғымы математика ғылымындағы ең негізгі ұғымдардың бірі. Адамхзаот мәдениет есігін аша бастағанда математикадағы ең бірінші амал - нәрселерді санау болды. Нәрселерді санау нәтижесінде натурл сандар ұғымы шықты. Натурал сандардың әрқайсысын белгілеу үшін цифрлар қолданылды.
Цифрлар: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және 0. Бұл цифрлар жоғарыда айтылғандай алғашқы үнді елінде қолданылған. Бірақ та Еуропаға бұл цифрларды арабтар әкелген. Сондықтан да бұл цифрлар араб цифрлары деп аталып кеткен. Математика өмірді сан арқылы бейнелейді.Тіршілік ете бастаған алғашқы кезеңде адам баласы сызу-жазудан бұрын-ақ санауды үйренгені хақ. Күн көрісне, тіршілік үшін жүргізілген күрес ерте заманның адамдарының айналасындағы заттарды санауға, нәрселердің мөлшерін өзара салыстыруға, жыл мезгілдерін айыруға мәжбүр еткен. Ең қарапайым негізгі сандық қатынастарды, кеңістіктегі формаларды білмей адам өмірде кездесетін есептерді шығара алмас еді.
Ғылыми - зерттеу кезеңдері
Тақырып жөнінде материалдар жинастыру және танысу.
Жинақтаған материалдарды зерделеу және талдау.
Цифрлар танысу.
Мақал-мәтелдерде, тақпақтар мен жұмбақтарды кездесетін сандар.
Қасиетті сандарды біле жүр.
Мақсаты
-
Оқушылардың дүниетанымын кеңейту және ізденушіліктерін дамыту.
-
Он көлеміндегі сандар туралы білімдерін толықтыру.
-
Халық қазынасының терең ойына бойлап, қасиетті 3, 5, 6, 7, 10 сандары жайында мағлұматтарды көпшілік қажеттілігіне жарату.
Міндеттері
-
Сандардың өмірді алатын орынын түсіндіру.
-
Әрбір санның андар қатарында орнын көрсету.
-
Қасиетті сандармен таныстыру.
Мәселе
Білім беруде және тәрбие барысында сандардың алатын орнын зерттеу.
Болжам
Цифрлардың жазылуымен, оқылуымен танысып, оқушының дүниетанымдылығын кеңейту және сандардың маңызын толық түсінуге мүмкіндік береді.
Зерттелетін зат
Сандар мен цифрларды қолдану және халықтық педагогиканың пайдасын бар екенін зерттеу.
Ши сияқты жіп-жіңішке
Бір келеді мектепке.
Мақал-мәтелдер
«Мал - бір жұттық, батыр - бір оқтық, жер - мәңгілік»
«Бір жылы сөз бір күнге азық»