7


  • Учителю
  • Ахмет Байтұрсынов шығармаларындағы психологиялық көзқарас.

Ахмет Байтұрсынов шығармаларындағы психологиялық көзқарас.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ахмет Байтұрсынов шығармаларындағы психологиялық көзқарас.

Осы мен таң қаламын біздің қазақ халқы неғылған данышпан дана халық. Әрбір сөзі мен ісі тұнып тұрған тәлім-тәрбие емес пе ? Тіпті Әлеппенің атасы Ахмет Байтұрсынұлы ақын, ғалым, аудармашы, ағартушы деп жүрсек нағыз психолог екен ғой. Оны әрбір мысалымен, өлеңдерін оқығанда таң қалдым.

Мысалы:Аққу, шортан һәм шаян»

Жүк алды Шаян, Шортан, Аққу бір күн

Жегіліп тартты үшеуі дүркін-дүркін

Тартады Аққу көкке, Шаян кейін

Жұлқиды суға қарай Шортаншіркін- деп Крыловтан аударып алады да:

Жігіттер мұнан ғибрат алмай болмас

Әуелі бірлік керек болсақ жолдас

Біріңнің айтқаңыңа бірің көнбей

Істеген ынтымақсыз ісің оңбас- деп елді ынтымақ пен бірлікке шақырады. Үлес» өлеңіндегі бір белгі табылып жүр біздің жұрттан, таласып бір-бірінің жүзін жыртқан, алданып арадағы дау шарына, қатеррден қапері жоқ, келер сырттан-деп үлкенді мыңдамай , жан-жалдасып, керісіп, өз қатесін түсінбей, мойындамау сияқты жаман қылықтардан аулақ жүруге шақырады . Ахмет атаның шығармалары үлкен ойға, тәрбиеге негізделгеніне тағы көзім жеткені біздің оқулығымызда берілген шағын мысал әңгімелері.


Екі балықшы

Екі балықшы балық сүзді.Сүзекті сүйреп шығуға таянғанда сүзегі ауырлай бастады.Бір балықшы тұрып:

-Сүзгі жаман!-деді екінші балықшы:

-Сүзек жақсы, сен өзің бос тартсаң-деді

Сөйтіп екеуі керісе түсті. Олар керісіп тұрғанда, сүзегіндегі балықтар кетіп қалды. Керіскеннің кесірі-кесінді кетірер деп ұрысып таласқанша келісіп, тіл табысып жұмыс атқарса үлкен береке кез боласың деп түйіндейді.ьКелесі бір мысалы «Ата насихаты» әкесі балаларына тату тұрыңдар деп талай айтыпты. Балалары тілін алмай, араздаса беріпті. Бір күні бір байлам сабау шыбықты алып келіп, балаларына беріп

-Сыңдырыңдар-дейді. Балалары біріне соң бірі алып сындырындар деп еді, сабаулар сынбайды.

Әкесі сабауларды алып, шешеді де:

-Бір-бірлеп сыңдырыңда!Балалары оп-оңай сындырады . Сонда әкесі айтады:-Араздасып араларың ашылса, сендер де осы сабаулар сықылды боласыңдар. Ұйымшыл болыңдар, жау жеңуі қиын болар!Ақ сақалды қария балаларына қанша ақыл айтып, татулыққа шақырса да, ол төбелесіп, керісе беріпті. Сөзбен ұғындыра алмасына көзі жеткен әкесі қолмен көрсетіп дәлелдеп Тірліктің күші-бірлікте!»депті.

Міне біздің данышпан бабаларымыз бен ағаларымыз да өз ұрпағын ісімен де, сөзіменде осылайша тәрбиелеген. Әр түрлі мінез-қылықтар адамдардың іс-әрекетін мысалдай отырып , жақсыға үйретіп, жаманнан жирентіп отырған. Ұлтымызды ұлықты етіп тәрбиелеген ұлыларымызды оқып үйрену, олардан ғибрат алу бізге міндет халқымызды батыр, берекелі, тату, достыққа адал, қайырымды етіп тәрбиелей білген асыл сөздің алдына басымызды иеміз.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал