7


  • Учителю
  • ҚМЖ әдебиеттік оқу Қарлығаш немесе мамамның әңгімесі

ҚМЖ әдебиеттік оқу Қарлығаш немесе мамамның әңгімесі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Н. Сералиев «Қарлығаш немесе мамамның әңгімесі» Мәтін мазмұнын түсінуге жағдай жасауӘңгімені оқи отырып сын тұрғысынан ойлауын дамыта білу.Топпен жұмыс жасай отырып,өз пікірлерін білдіруге,дәләлдеуге үйрету,қамқорлыққа тәрбиелеу. Әңгіменің мазмұны арқылы ой тұжыр
предварительный просмотр материала

СҚО Тайынша қаласы

№5 орта мектеп

бастауыш сынып мұғалімі

Т.А.Жумабаева


Күні 25.02.2015 жыл

Сабақ 09.20


Сабақтың тақырыбы

Н. Сералиев «Қарлығаш немесе мамамның әңгімесі»

Мақсаты

Мәтін мазмұнын түсінуге жағдай жасау

Әңгімені оқи отырып сын тұрғысынан ойлауын дамыта білу.

Топпен жұмыс жасай отырып,өз пікірлерін білдіруге,дәләлдеуге үйрету,қамқорлыққа тәрбиелеу.

Жұмыс нәтижесі

Әңгіменің мазмұны арқылы ой тұжырымын жасай алу.

Сілтеме

Оқулық: 4-сынып «Алматыкітап» 2009ж

Негізгі идеясы

Мәтінді түсініп оқуға, мазмұндауға төселдіру.

Топпен жұмыс жасату арқылы оқушыларды өздігінен білім алуға үйрету, ұйымшылдыққа тәрбиелеу .

Қолданылған әдістері мен тәсілдері

Диалогты оқыту: сұрақ қою, әңгімелесу;

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету: топтастыру, түртіп алу, салыстыру,

Оқуды және оқыту үшін бағалау: екі жұлдыз, бір тілек;

АКТ-ны қолдану; таныстырылым жасау.

Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс;

Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту.

Ресурстар

суреттер,, маркерлер, дидактикалық таратпа материалдар, компьютер, проектор.

Сабақтың өтілетін уақыты

45 минут

Сабақ жоспары

  1. Ұйымдастыру: топқа бөлу (суреттер арқылы және «1,2,3,4» цифрлары арқылы топ мүшелерінің қызметін анықтау) Психологиялық дұрыс ахуал орнату

  2. Үй жұмысын тексеру: адам мінезіне қатысты мақал-мәтелдер және жаттауларын тыңдау.

  • Жаман мінездерден қалай арылуға болады ?

Қызығушылықты ояту: - Балалар, санаулы күндерден соң, қыс кетіп, көктем келеді, көктем ерекшеліктерін айтайықшы, қандай құстар ұшып келеді?

- Қарлығаш қандай құс ? Біз ол туралы не білеміз ?

-Дұрыс, олай болса, жыл құсы қарлығаш туралы бейнеролик тамашалайық.

Сөздік жұмыс

Мағынаны тану. Болжау стратегиясы.

Мәтінді алдын ала бөліп алған бөліктер бойынша жұмыс жасау.

а) Кезектегі топ оқушыларына мәтіннің бірінші бөлімін оқыту.

Мәтіннің бірінші бөлімі: «...Әкемдей емес, шешемнің мінезі қатал» деп аяқталады.

Сұрақ:

- Шешесі баласына қандай жаза қолданар екен? (Өзіңнің басыңда

осындай жағдай болып көріп пе еді? Ата-анаң саған не деп еді?)

ә) Кезектегі келесі топ оқушыларына мәтіннің екінші бөлімін оқыту. Анасының айтқан әңгімесі туралы.

«... Содан ұшпасын деп қанатын қидым қайшымен» деп аяқталады.

Сұрақ:

- Оқиға әрі қарай қалай шиеленіседі деп ойлайсың? (Сенің ата-анаң

мұндай қылығыңды қалай бағалар еді деп ойлайсың?)

Оқушылар болжау кестесін (3, 4 бөлімін) толтырып, топта талқылап, әр топтың бір-бір мүшесі жазғандарын оқиды.

б) Кезектегі үшінші топ мүшелеріне келесі бөлімді оқыту.

«... Бір қалың жиде түбін қолыммен тырналап қаздым да, соған көмдім» деп аяқталады.

Сұрақтар:

- Кейіпкердің әрекетіне баға (сипаттама) бер. Қай жері дұрыс, қай жері бұрыс?

- Неге ұя бұзуға болмайды? Ол жұмыртқадан кейін кішкентай

балапандар шығатынын білесің бе?

Дәптермен жұмыс: Мәтіннен қарлығаштың сипатталуын жазып алу.

Ой толғаныс. Еркін жазу стратегиясы.

4 топқа - 4 тапсырма

  1. Қарлығаш суретін сала отырып, -Қайырымдылық деген не ? сұраққа жауап беру. (Суретін әңгімелегенде мәтіндегі сипаттау бөлігін қолдану)

  2. Баланың қылықтары мен анасының іс-әрекетіне пікір айту

  3. Балаға хат жазу

  4. «Құстарға қамқоршы болайық!» шығармашылық жұмыс

Уақыт қалса топтар бір-біріне сұрақтар қояды.

Рефлексия

Смайлик арқылы

Үйге тапсырма

Мәтін мазмұнын баяндау, ш/ш «Құстардың адамға пайдасы»



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал