7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты Әліппе әлемі-әріппен әдемі

Тәрбие сағаты Әліппе әлемі-әріппен әдемі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Әліппемен қоштасу ертеңгілігі.

Мақсаты:

Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.

Әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету,шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;

Оқушылардың елін, Отанын сүюге,оны қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі,суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі», «Матем» оқулықтарының мұқабасы, ауызша есепке көрнекілік, шарлар.


Мұғалім:

Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар, ата-аналар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі- әліппе.Бүгінгі 1 «Г»сыныбының «Әліппе әлемі-әріппен әдемі»ертеңгілігіне хош келдіңіздер.

Мұғалім:

Өсті міне бойларың,

Өсті ақыл- ойларың.

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларын!

Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.

Іші толы әріпке,

Білімдегі жарық не?

Хормен:

Болашаққа жол ашар-

Ол сүйікті- Әліппе!

Ол сүйікті -Әліппе!

Мұғалім:

-Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.

Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!

Әліппе: Мадина

Армысыздар, жас достар!

Армысыздар, ата - ана!

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаға

Білім деген ғажаптың

Әліппесін меңгерген

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден.

Таудай болса талабың,

Айтары көп әріптің.

Қуанышы баланың

Қуанышы ананың

Жақсы білім - көрімдік

Болсын сізге халайық!

Не үйреніп, не білдік

Қане, ортаға салайық!

1. Жолдыбай Дархан

Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріп те

Оқимыз қазір ертек те

Үйреткен оны Әліппе

2.Жайна

Ата - апа атын сен,

Бізге үйреттің Әліппе

Бізге нағыз жақынсың

Сенен білдік әріпті.

3.Насыр Дархан

Арта берді кітапқа

Бойымдағы құмарым,

Бірге жүрген қасымда,

Әліппе болды сыңарым

4.Нурсылу

Әсем ою өрнекпен

Көмкерілген Әліппем

Сен болмасаң білімге,

Бастайтын жолды біліп пе ем.

5 Мейржан

Енді жаза білеміз,

Әріпті қосып әріпке.

Риза болып саған жүреміз,

Сүйікті біздің Әліппе.

6.Ақылбек

Әліппе сауатыңмен санамды аштың,

Достарыммен теңдес араластым

Үйреніп, әріптер мен әңгімені

Күн сайын алға қарай қадам бастым.


Ән «Әліппе»

Ендеше балалар барлығымыз әліппемен қоштасайық.

-Қош сау бол Сүйікті әліппе,мың рахмет саған.

Әліппе: Мадина

Сендерге де рахмет, балалар!

Оқуда зейінді болыңдар

Еңбекте бейімді болыңдар!

Ақ жол болсын, қарақтарым

Айдай болсын қабақтарың

Күнделіктерің беске толсын

Қош бол менің балаларым.

Әліппе: Балалар, рақмет сендерге! Мен сендерге өте ризамын. Енді менен алған білімдеріңді «Ана тілімен» ұштайсыңдар. Міне, менің досым, өзі де келіп қалыпты, қарсы алыңдар. Ана тілі оқулықтарыңды жақсы оқыңдар, үлгілі оқушы болыңдар. Ал мен енді кетейін, қош сау болыңдар!

Мұғалім: Мектебім- білім берер алтын ұям.

Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.

Баулисын 4жыл бойы ата- анамдай.

Әрқашан қасиетті атың маған.

Ән «Біз мектепке барамыз»орындайтындар Матсалаев Алып және Мұхамбет Аяулым.

Мұғалім:Өте жақсы балалар барлықтарыңыз әріптерді жақсы меңгерген екенсіңдер.Енді біз балалар «Ана тілі»деген оқулықпен танысамыз.Олай болса балалар қане барлығымыз «Ана тілін»ортаға шақырайық.

Ана тілі,Ана тілі,Ана тілі.

Ана тілі: Гүлнұр.

Туған елдің тілімін,

Ақылыммен танылдым.

Түсіндірер бәріне

Ана тілі пәнімін.

- Ана тілі - ұраным

Ана тілі - құралым.

Ана ттілім болмаса

Мықты болмас тұрағым.

Сәлеметсздер ме балалар.Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын.Енді балар мен сендермен бірге боламын.Қане өнерлеріңізді ортаға салыңдар балалар.

Би «Қол шатыр»


1.Алып

Оспан да өлең жаттады,

Олжас та өлең жаттады.

Мына менен басталған

Екеуінің аттары.

2.Арай.

Торғай, торғай, торғайсың

Таяу келіп қонғайсың.

Жем шашайын тойып ал,

Сонда аязға тонбайсың.

3Дамир

Астана- Астанам,

Астана-бас қалам.

Ардақтап атыңды,

Аузымнан тастаман.

4-Мейржан

Ас біткеннің атасы

Қасиетті «нан» осы.

Қайсы әріптен басталып

Аяқталғанын қарашы.

Би «Тұлпарым»


Мұғалім:

Иә, бүгін біздің қуанышымызда да шек жоқ. Өйткені біз тұңғыш сауатымызды ашқан «Әліппені» бітірдік.

Келгенімде алдыңа

Қызыл ала гүл алып

Жақын тарттың жаныңа

Шәкіртім деп қуанып дей келе келесі кезекті әнге береміз.

Ән «Ұстазым»орындайтын Азанбай Жайна.

«Әліппе» даңғыл жол ашты

Жаңадан пәндер жалғасты

Әліппе сырын ұқтырған

Рахмет ұстаз алғашқы.

Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген әкелеріміз бен әжелеріміз, аналарымызға мың алғыс айтамыз. Ендігі ән- шашуымыз сіздерге арналады.

«Мерекем»әні орындайтын Сатибаева Жазира.

«5» болсын алар бағамыз,

Біліммен бақыт табамыз,

Өнер-білім көп тоқып,

Өсе берсін санамыз! ( 5-тіктер тарату)

Би «Паппури»орындайтын Темирберди Зерде.

Мұғалім:

Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға ана тілін аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне балаңыз!дей келе бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

Оқушылырды құттықтытау.

«№3жалпы білім беру орта мектебі»КММ

Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Әліппе әлемі-әріппен әдемі»


Өткізген:Сегизбаева Г.

Сыныбы:1 «Г»






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал