7


  • Учителю
  • Конспект на тему 'Бұл қай кезде болад?'

Конспект на тему 'Бұл қай кезде болад?'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Алматиская область, Панфиловский район, средняя школа Улкеншыган.начальных классаСабақтың тақырыбы: Бұл қай кезде болады? Сабақтың мақсаты: а) Жыл мезгілі және ондағы маусымдық өзгерістер туралы мағұлымат беріледі. Ә) Көктем мезгілі ондағы табиғат өзгерісі, жер беті, жан
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Бұл қай кезде болады?

Сабақтың мақсаты: а) Жыл мезгілі және ондағы маусымдық өзгерістер туралы мағұлымат беріледі.
Ә) Көктем мезгілі ондағы табиғат өзгерісі, жер беті, жан - жануарлардың тіршілігіндегі өзгерістер туралы кеңірек мағұлымат алады.
Б) Оқушылар ақындардың көктем туралы жазған жырларының мән - мағынасын түсініп оқып, мәнерлеп айтуға машықтанады. Табиғатты аялауға үйренеді.
Көрнекілігі: Суреттер, дидактикалық материалдар
Сабақ түрі: Іскерлік пен дағды қалыптастыру
Оқыту әдісі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Сабақтың жүру барысы:
I. Қызығушылықты ояту:
А) Шаттық шеңбері
II. Үй тапсырманы тексеру:
Наурыз тойы өлеңін жатқа айтқызу
- Наурыз тойының тойлану ерекшелігін айту:
«Жұбын тап»
--------маңырады боздады қоздады үрді ұшты абалады қонды
Ит------------------------------------------------+ --------------+
Құс ---------------------------------------------------------+-------------- +
Түйе ------------------+
Қой------ + -------------------------+
Ережені пысықтайды.
III. Мағынаны тану:
116- жаттығу. Өлеңді түсініп оқу, қарамен жазылған сөздерге төмендегі қимылды білдіретін сөздердің тиістісін қосып жазыңдар.

Керекті сөздер: ойнақтады, жауды.

А) Галереяны шарлау:
- Біз бүгін табиғат әлеміне ойша саяхат жасаймыз.
1. Өлеңді мәнерлеп оқып беру;
2. Топ оқушыларына мәнерлеп оқыту;
«Бұл қай кезде болады?
Қар, мұз еріп, ------------------Өрік, алма,
Су көбейіп, ----------------------Шие, алша,
Сай - салаға ағады. ----------Жидек, жүзім піседі.
Бүршік шашып, ------------------ Қауын, қарбыз,
Жапырақ ашып, ----------------- Қияр, сәбіз
Гүл, бәйшешек басады. ------- Дүкендерге түседі.
Бөбектерім айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
Астық пісіп,
Орақ түсіп.
Қырман дәнге толады.
Бөбектерім, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
3. Өлең мазмұны бойынша сурет салу:
1 топ: 1 шумақ бойынша;
2 топ: 2 шумақ жартысы,
3 топ: 2 шумақ қалғаны бойынша,
1 топ: Көктем көрінісі:
2 топ; Күз маусымы:
3 топ. Күзгі еңбек өнімдері:
4. Шығармашылық тапсырма: Сурет бойынша әңгімеле:
1 топ: Көктем келді. Күн жылынды. Ел жайлауға көшті. Мал өріске шықты. Т. б.
2 топ: Күз түсті. Күн салқындады. Ел молшылыққа кенелді. Жемістер мен көкөністер жиналды. Олардан түрлі тағамдар әзірленді.
3 топ: Күз мезгілі. Қырманда қызу еңбек басталды. Бидай орылып, қамба астыққа толды.
5. Венн диаграммасы:
Көктем Күз
Қар ериді, жыл Күн салқындайды,
Жер көгереді, мезгілі Ағаш жапырақтары түседі,
Мал төлдейді, Құстар жылы жаққа
Жыл құстары қайтады,
келеді, Күзгі өнімдер піседі,
Мал өріске шығады, Егін орылады,
Жер жыртып, Молшылық болады.
Егін егіледі.
6. Автор туралы мәлімет:
7. Дәптермен жұмыс: 117 жаттығу
1. Көп нүктенің орнына керекті әріптерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.
Ұшақ ұшт.... Кеме жүзд.... Аю ақ... рды. Қорадағы мал үр... кті.
2. Қимылды білдіретін сөздердің астын сызыңдар.
IV, Ой толғаныс:
Жалғасын тап:
1 топ: 2 топ: 3 топ:
Қар, мұз ------- Өрік,---------- Астық ----------,
Су -----------, Шие,--------- Орақ түсіп,
Сай - салаға ---------, --------------- піседі. Қырман дәнге ----------.
Бүршік -------- ---------- қарбыз,
Жапырақ --------- қияр, -----------
Гүл, бәйшешек --------. Дүкендерге түседі.
Тапсырмасы: Жоғалған сөздерді тауып, сұрақ қояды, заттың қимылын, атын білдіріп тұрған сөздерді ажыратады.
V. Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау.
VI. Бағалау:

Сабақтың тақырыбы: Заттың сынын білдіретін сөздер. Тау
Сабақтың мақсаты:
а)Заттың сынын білдіретін сөздерді меңгерту, сөйлем ішінен тауып,дұрыс сұрақ қоя білуге
үйрету.
ә)Тапсырмаларды дұрыс орындауға, ақыл-ойын, логикалық жүйесін дамыту байқағыштыққа, адамгершілікке жазылу калиграфиясын сөздік қорын күнделікті сөйлеу түрін жетілдіру.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты:
Кішіпейілдікке, адамгершілікке, ұстамдылыққа, жылдам ойлауға жинақтылыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, тірек сызба, т.б
Сабақтың түрі: Аралас.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап.
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды сабаққа дайындау.
Сабаққа керек құралдарын түгелдеу.
ІІ. Қайталау пысықтау:
- Үйге берген тапсырманы 4-5 балаға оқыту.
- Бір жылда неше мезгіл бар?
- Қазір қай мезгіл?
- Көктем айларын атаңдаршы?
- Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақ қойылады?
- Заттың қимылын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?- деп сұрау
ІІІ.Жаңа сабақ:
Кітаппен жұмыс: «Тау»
- Оқу.
- Мазмұнын оқыту түсіндіру.
- Енді балалар кім мазмұнын айтады?
сұрау 4-5 баладан.
Дәптермен жұмыс.
Мынау не?- Алма
Түрі қандай?- қызыл
Көлемі қандай?- үлкен
Дәмі қандай?- тәтті
Ендеше балалар заттың сынын білдіретін сөздер қандай? қай?- деген сұраққа жауап береді.
121-жаттығу.
Өлеңді оқып қарамен жазылған сөздерді жаздырып, сұрақ қою.
Қандай - қызыл, сары, жасыл, қоңыр, сары, көк
122-жаттығу.
1.Қандай үй?- биік үй
2.Қандай орамал?- қызыл орамал
3.Қандай қайшы?- өткір қайшы
4.Қандай бала?- ақылды бала
Ойын: «Кім тез»
Заттың сынын білдіретін сөздерді айтқызу.
Тірек сызба
Қысқа - биік
Көйлек - ұзын Үй - аласа
әдемі, зәулім
Қорытындылау:
Сұрақ қоя отырып, бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал