7


  • Учителю
  • Оқу орыс тілінде жүретін сыныптағы қазақ тілін оқытудағы зерттеулер мен нәтижелер

Оқу орыс тілінде жүретін сыныптағы қазақ тілін оқытудағы зерттеулер мен нәтижелер

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Оқу орыс тілінде жүретін сыныптағы қазақ тілін оқытудағы зерттеулер мен нәтижелер


Сындарлы оқыту теориясы - қазіргі уақытта Қазақстан мектептерінде тәжірибеден өткізілуде. Аталмыш курстан өтіп, дәстүрлі оқу процесіне жаңалықтар енгізіп жүрген мұғалімдердің қатары да күн санап көбейіп келеді. Бағдарламаның жеті модулі - оқушының ойлау қабілеті, өз ойын еркін жеткізе білу қабілеті, сондай - ақ ақпаратты қабылдау мүмкіндігін де қарастырған. Осыған орай, курстан алған білім мен білікті оқушыларды қажетті деңгейде білім нәрімен сусындатып, өмірлік қажеттілігіне жарайтын білім беру - бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі екені мәлім.

«Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім - біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. Бұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай, пікір - көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым - түсініктерін өрістетуге орайластырып құрылады» (МАН,7 -бет). Осы ойды басшылыққа ала отырып, өзім сабақ беретін сыныптарда сабақтың құрылымын жаңаша жасауды, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруды ойладым. Орыс тілінде білім алатын сыныптардағы оқушылардың қазақ тілі пәнін жете түсінуі үшін түрлі тәсілдерді шебер қолдана білу - мұғалімге жүктелген үлкен міндет.

Өз тәжірибемде нәтижеге қалай қол жеткіздім?

Сабақтың мақсатын нақтылап құру - сабақтың сәтті өтетіндігінің бірден - бір кепілі. Әр оқушы өтілген материалдан бір нәрсе үйреніп шықса, өз қателігін достарының арқасында түсінсе үлкен жетістік емес пе? Сабақтың тақырыбын ашу үшін де, оқушының ойлау қабілетін дамытуда да жұмбақтардың алатын орны зор. Мысалы: «Үй жануарлары. Етістік. Тұйық етістік» тақырыбын өткенде, үй жануарларына қатысты жұмбақтарды пайдаландым.

1.Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар,

Сыртылдаған тұяғы бар,

Бір желпуіш сияғы бар (сиыр).

2. Төрт тағанды бойы бар,

Момындық дұрыс ойы бар.

Кербезденіп жүрмейді,

Айналдырған тон бар (қой).

3. Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар (түйе).

4. Отырдым мұнан барып оймауылға,

Ілінді екі аяғым байлаулыға.

Қолыма екі қайыс ұстап алып,

Жүргіздім қайда барсам айдауыма (ат).

Бұл жұмбақтардың шешуін оқушылар бірден тапты. Келесі сабақта өздері жұмбақтар жазып әкеліп, шешуін тапты. Осы сабақта электронды оқулықты пайдаланып, тұйық етістік туралы мәлімет бердім. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту үшін «У» дыбысына аяқталған сөздердің бәрі тұйық етістік бола бере ме? - деген сұраққа жауап іздеуге арналған жұптық жұмыс құрастырдым.

Төмендегі сөздердің тұйық етістіктерін бір бөлек, тұйық етістік еместерін бір бөлек жазыңдар.

Ашу, ту, ағу, жу, сау, аққу, шылау, алтау, бау, жау, тау, құлау, бөлу.


Тұйық етістіктер

Тұйық емес етістіктер


Ашу, ағу, құлау, бөлу.

Ту, жу, сау, аққу, шылау, алтау, бау, жау, тау.

Оқушылар осы тапсырма арқылы тұйық етістік туралы біршама мәлімет алды. Олар «алтау» сөзінің сан есім, оның ішінде жинақтық сан есім екенін білсе, «аққудың» зат есім, «шылаудың» сөз табы екенін білді. Олар сол сияқты негізгі етістік пен туынды етістікті айыра білуді, тұйық етістікке септік жалғауларын жалғауды да үйренді.


Негізгі етістік

Туынды етістік

Бар, жүр, өт, бөл, көшу, бағу, қызық.

Ақта, сана, тіле, тазала, тұзда, ақылдас, қыста.


Оқушылардың қазақ тілі сабағында сыни тұрғыдан ойлауын дамытуға «Болжау» әдісі көп септігін тигізеді. Мысалы: үй жануарлары модулі бойынша «Қу Серке» мультфильмінің белгілі бір бөлігін балаларға көрсетіп,оқиғаны әрі қарай қалай жалғастырар едіңдер? - деген сауалға олар әртүрлі жауап қайырады. Әр топта әртүрлі пікір пайда болады. Біреуі - қасқырды өлді десе, екіншісі - оны досы аю ұрып өлтірді дейді, үшіншісі - қасқыр мен серкенің достығы туралы айтады. Бәрінен қызығы - олардың бір - бірін бағалауы. Оқушылардың сабақта бірін - бірі бағалауы, өз - өзін бағалауы - бастапқы жіберілген қателікті түсінудің кілті. Тапсырманы бағалау барысында «О» есімді оқушының қасқырдың ешқашан серкемен достық қарым - қатынаста болмайтындығы, мейірімді қасқырдың жоқ екендігін дәлелдеп айтуы болды. Әрине, қарсы топтағы «Д» есімді оқушыны бұл бағалау ренжітті, ол мейірімді қасқырдың болмайтындығына көз жеткізді. Бұл мультфильмді таңдауымның тағы бір себебі, соңында орыс тілінде түсінік берілген екен.

Орыс тілінде білім алатын сыныптарда қазақ тілін сөздіксіз үйрету мүмкін емес. Оқушылар жаңа сөздерді дұрыс оқып, сөз тіркесі мен сөйлемдерді құрап үйренулері керек. Ал жаңа сөздерді есте сақтаудың тиімді тәсілі қандай? Сөздіктегі сөздерді есте жақсы сақтау үшін екі тілде түсіндірілетін суретті сөздікті пайдалану тиімді. Оқушылардың қызығушылығын одан әрі арттыру үшін есте сақталған сөздердің санына қарай бағалау өлшемдерін белгілеу керектігіне көзім жетті. Мысалы:оқушыларға бейнежазбадан 27 түрлі үй жануарлары мен құстардың екі тілдегі атаулары тыңдалады. Олар төмендегідей:

Есек - осел, күрке тауық - индюк, үйқоян - кролик, мысық - кошка, мәулен - котенок, ит - собака, күшік (итақай)- щенок, торай - поросенок, шошқа - свинья, қошақан - ягненок, қой - овца, қошқар - баран, ат (жылқы) - лощадь, құлын - жеребенок,ешкі - коза, лақ - козленок, тауық - курица, әтеш - петух, шөже - цыпленок, қаз - гусь, бала қаз - гусенок, үйрек - утка , үйректің балапаны - утенок, сиыр - корова, бұзау - теленок, бота - верблюжонок, түйе - верблюд.

Бағалау өлшемдері:

25 сөзден асса - 5 ұпай.

20 - 25 - 4 ұпай.

15-20- 3 ұпай.

Бұл сабақта «Қара - тыңда- жаз» әдісі өте тиімді шықты. Жазған сөздеріне қарап, әр оқушы өзінің есте сақтау қабілеттерін шамалады. Ең қазақ тіліне шорқақ деген «К» есімді оқушының өзі он сөз жазғандығын айтты.

Оқушылардың тек жаңа сөздермен сөз тіркестері мен сөйлемдерді құрап қоймай, берілген сөздерден жұрнақтар арқылы туынды етістіктер жасатып, сөйлем құрату да ойлантады. Бұл тапсырманы орындауда тек туынды етістік жасап, сөйлемде сөзді түбір күйінде пайдаланған оқушылар болды. Алайда олар өз қателіктерін құрбыларының бағалауы арқылы түсінді.Олардың жұмысы мен өз жұмысын салыстыру жүрді. Мысалы:

Орын, би, тәрбие, жыр, дос, алыс, майда, сыр, із, екеу, қап, жаңа, қол, қысқа, той.

«Н» және «С» есімді оқушылардың жауаптары:

Мен би билегенді ұнатамын. Біз достарымызды қиын кезде қолдаймыз. Біз Наурыз мерекесін тойлаймыз. Жыршы керемет жыр жырлады.

«Г» және «Қ» есімді оқушылардың жұмысы:

Бүгін біздің сыныпта қыздар биге барады. Балабақшада балаларды тәрбиелейді. Жыршылар батырлар жырын жырлады. Мен дүкенге ақша майдалауға бардым. Біз футбол көргенде, «Шахтер» командасын қолдаймыз. Мен туған күнімді жазда тойлаймын.

Сабақта сергіту сәті ретінде төрт түліктің төлдеуі туралы ойын ойнатуға болады. Мысалы: «Дұрысы қайсы, бұрысы қайсы?» ойыны. Мұғалім дауыстап оқиды, оқушылар дұрыс болса қолдарын көтереді, бұрыс болса қолдарын көтермейді. Осы тәрізді жануарлардың дыбыстауын да көрсетуге болады.

Дұрысы қайсы, бұрысы қайсы?

Бие бұзаулайды,

Түйе боталайды.

Қой қоздайды,

Мысық құлындайды.

Ешкі лақтайды,

Тауық балалайды.

Сиыр жұмыртқалайды,

Ит күшіктейді.

«Жануарлар қалай дыбыстайды?» немесе «Ұқсас етістіктер»

Мысық мияулайды,

Кошка (мяукает).

Қарға (қарқылдайды),

Ворона (каркает)

Ит (ырылдайды),

Собака рычит.

Курица кудахчет,

(Тауық) қыт- қыттайды.

Маса (ызыңдайды),

Комар (звенит).

Шошқа (қорсылдайды),

Свинья хрюкает.

Жылан (ысылдайды),

Змея шипит.

Сиыр (мөңірейді),

Змея шипит.

Сиыр (мөңірейді),

Корова мычит.

Қар( сықырлайды)

Снег скрепит.

Құстар (шулайды),

Птицы шумят.

Оқушыларға тіл сабақтарында талдаудың түрлерін үйретуде семантикалық карта әдісін пайдаланған өте тиімді. «Үй жануарлары» модулі бойынша негізгі түсініктерден семантикалық карта құрастыруға болады. Оқушылар қосымшалы сөз бен түбір сөзді тауып, қандай қосымшаның жалғанып тұрғандығын анықтайды. Содан соң, дайын жауаппен өзін - өзі бағалайды. Қандай қосымша екендігін білмесе, сыныптастарының көмегімен үйренеді.


Сөздер


Түбір

Жұрнақ

Жалғау


Түйенің

+

Терісінен

+

Былғары

+

Лағым

+

Күшігің

+

Сауу


+


Пайдалану


+


Айт

+

Ұлттық


+


Шипалы


+

Сондай - ақ үйге тапсырма ретінде үйдегі жануарлар (мысық,ит) туралы әңгіме жазып келуді тапсырған болатынмын. Үй тапсырмасын сұрау барысында «О» есімді оқушының жұмысы мені таңғалдырды.

Менің үйімде жеті қазынаның бірі Аққұс деген итім бар. Ол әкемнің досынан қалған ит.Әкемнің досы бізге итін сеніп қалдырып, Алматыға көшіп кеткен. Қазір Аққұс біһзге үйренді.Бөтен адамды аулаға кіргізбейді. Таңертең анамды жұмысқа шығарып салып, күтіп алады.Мен сабақтан келгенде, алдымнан еркелеп шығады.Ол итке көбісі қызығады, өйткені ол тазының тұқымы.Біз бәріміз жанұямызбен Аққұсты жақсы көреміз.

«К» есімді оқушының жұмысы:

Менің итім бар. Оның есімі - Байкал. Байкал - өте тіл алғыш жануар. Ол адамдарға ешқашан айбат шекпейді. Жазда да, қыста да менімен бірге ойнайды. Менің сүйікті итімнің түсі ақ және қара араласқан. Байкалдың көздері үлкен, құлағы үшкір, құйрығы жоғары көтерілген, өзі ірі. Аяғының түсі қара, өте иіс сезгіш. Аузына келетін болсақ, аузы кішкентай, бірақ тістері үлкен. Ал тілі болса өте ұзын. Оның даусы өте қорқынышты, бірақ адамдарға айбат шекпейді, тістемейді. Керісінше адамдармен ойнағанға жаны құмар. Мен өзімнің Байкал есімді итімді жақсы көремін.

Тақырыпты меңгерту мақсатында мәтінмен жұмысты дұрыс ұйымдастыру қажет.

Мысалы:

Бір кедей далада келе жатып, ағаштың түбінде ұйықтап жатқан қоянды көрді. Ол қуанып кетіп: «Мына қоянды ұстап алып, базарға апарып сатып, алған ақшама тауық сатып аламын.Тауықтарды өсіріп сатып, ақшасына қой сатып аламын. Қойым қоздап өскен соң, ат сатып аламын, одан кейін қызметкерге: «Ей, жалқау, жалқауланбай жүр» деймін», - деген кезде қатты айқайлап жіберіп, қоян шошып оянып, ағаштың арасына кіріп кетті.

Шарты: Мәтінді түсініп оқып, оған ат қойыңдар. Мәтіннен етістіктерді теріп, тұйық етістік түрінде жазыңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер.

Бағалау өлшемдері: 1-5 ұпай аралағында бағаланады.

1. Етістіктерді табу

2. Тұйық етістік түрінде жазу.

3. Сұрақтарға жауап беру.

Дұрыс жауабы:

Келе жатып, ұйықтап жатқан, көрді. Қуанып кетіп, ұстап алып, апарып сатып, алған, сатып аламын. Өсіріп сатып, сатып аламын. Өскен, жүр, айқайлап жіберіп, шошып оянып, кіріп кетіпті.

Тұйық етістік түрінде:

Келе жату, ұйықтап жату, көру. Қуанып кету, ұстап алу, апарып сату, сатып алу. Өсу, жүру, айқайлап жіберу, шошып ояну, кіріп кету.

Оқушылар жұмыстарын берілген өлшемдер арқылы дұрыс жауаппен салыстырып бағалады. Ортақ ұпайын шығарды.

Жоғарыда атап өткендей, оқушылар тұйық етістіктің түрленуі, атап айтқанда, септелуін үйрену барысында бір - бірінің жұмыстарын тексеріп салыстырды. Тапсырманы орындауға тақтаға «Қ», «А» және «Д» есімді оқушылар шықты. Алдыңғы екеуі бұл тапсырманы қатесіз орындады, ал «Д» есімді оқушы табыс және жатыс септігін алмастырып алды, бірақ сыныптастарының көмегімен қатесін түсініп түзетті. Осы оқушы сабақ соңында жазған рефлексиясында тапсырманы орындау барысында қатты қобалжығанын жазды. Модуль бойынша қорытындылау ретінде берілген «Нәтиже сабақта» өтілген жануарлар туралы қосымша мәлімет алу үшін мәтіндегі сөздерді орнына қойып, мәтінді құрастыру жұмысын бердім. Мысалы:

Жылқы

Қанаты ер - жылқы. Ол - талғампаз, төзімді суыққа, сезімтал аса жануар. Жылқы - тұяқты тақ. Өт жылқыда жоқ, күйіс ол қайырмайды сондықтан. Жүйрігі, жорғасы, желгіші, жүк тартқышы жылқының болады. Еті жылқы өзге етінен малдың күшті. Мың да емі бір ауруының өкпе қымызы жылқының. Жылан иісіне терісінің жылқының жоламайды. Жылан ал адамға шаққан ішкізсе аттың терін мың бір да ем екен болады.


Дұрысы:

Жылқы - ер қанаты. Ол - суыққа төзімді, аса сезімтал, талғампаз жануар. Жылқы - тақ тұяқты. Жылқыда өт жоқ, сондықтан ол күйіс қайырмайды. Жылқының жүйрігі, жорғасы, желгіші, жүк тартқышы болады. Жылқы еті өзге малдың етінен күшті. Жылқының қымызы өкпе ауруының мың да бір емі. Жылқының терісінің иісіне жылан жоламайды. Ал жылан шаққан адамға аттың терін ішкізсе, мың да бір ем болады екен.

ІІ топ.

Сиыр

Сиыр - пайдалы түлік аса. Оны ертеде үшін көлік пайдаланатын. Шарында жер елдер әлі де ондай бар. Олар соқаға жегіп сиырды, жыртып жер, егеді егін.

Бізде ал ет пен үшін сүт елде өсіріледі сиыр. Сүтті отыз екі сиырдың бар түрі. Оның түрі алты - Қазақстанда.

Сүтінен тамақтың көп түрі сиыр жасалады.

Есептеген бес бұзаулы бар сиыры үйді деп бай қазақтар. Өйткені тағамдары сүт, әсіресе май сары мен ұзақ құрт сақталады.


Сөздік:

Соқа - плуг

жер жыртып - пашут землю.

жегіп - запрыгая.

Дұрысы:

Сиыр - аса пайдалы түлік. Ертеде оны көлік үшін де пайдаланатын. Жер шарында ондай елдер әлі де бар. Олар сиырды соқаға жегіп, жер жыртып, егін егеді.

Ал біздің елде сиыр ет пен сүт үшін өсіріледі. Сүтті сиырдың отыз екі түрі бар. Оның алты түрі - Қазақстанда.

Сиыр сүтінен тамақтың көп түрі жасалады.

Қазақтар бес бұзаулы сиыры бар үйді бай деп есептеген. Өйткені сүт тағамдары, әсіресе сары май мен құрт ұзақ сақталады.

ІІІ топ

Ешкі

Қарағанда ешкі археологиялық мәліметтерге, жануарларының адам баласының ең алғаш бірі екен қолға үйреткен. 5700 жылдар шамасында біздің заманымыздан бұрынғы үйретілген қолға. пайдасын адамға содан бері тигізіп келеді Ешкі.

Ешкі түбіті, еті үшін, терісі, сүті өсіріледі. Әсіресе терісі ешкі мықты болады. Ертеректе терісінен ешкі құятын сусын мес (ыдыс) жасалатын.

Сөздік:

жүн - шерсть

тері - шкура

біздің заманымыздан бұрынғы - до нашей эры.

түбіт - пух

Дұрысы:

Ешкі археологиялық мәліметтерге қарағанда, адам баласының ең алғаш қолға үйреткен жануарларының бірі екен. Біздің заманымыздан бұрынғы 5700 жылдар шамасында қолға үйретілген. Ешкі содан бері адамға пайдасын тигізіп келеді.

Ешкі түбіті, терісі, сүті, еті үшін өсіріледі. Әсіресе ешкі терісі мықты болады. Ертеректе ешкі терісінен сусын құятын мес (ыдыс) жасалатын.

Оқушылар тапсырманы орындап болған соң, бір - бірінің жұмысын дұрыс жауап бойынша тексерді. Орыс тілінде білім алатын оқушылар болғандықтан, тапсырманы бергенде сөздіктің де бірге жүргені абзал. Дұрыс құрастырылған мәтінді оқу барысында оқушылар жылқының, сиырдың, ешкінің пайдасын білді. Төрт түлік мал бойынша түсініктерін кеңейтті.

Осы сабақта «Пилот және штурман» ойынын пайдаландым. «Пилот» сөзі көліктің қай түрімен байланысты? - деген сұраққа оқушылар ұшақпен байланысты екенін айтты. Ұшақтағы жолаушылар діттеген жеріне аман -есен жету үшін ұшқыш қандай болу керек?- деген сауал қойдым. Сонда оқушылар оның білімді болу керектігін айтты. Ендеше, жұптық жұмысты орындау үшін екі рөлге бөліну керектігін, біреуі - ұшқыш, екіншісі - штурман болуын сұрадым. Осы тұста оқушылардың бойында өзін - өзі бағалаудың мәні зор екендігін түсіндім. Олар еш даусыз қабілеттеріне қарай рөлдерді бөлісіп алды. Бұл тапсырма модульдің лексикалық тақырыбын негізге ала отырып құрастырылған сөздік диктант болатын. Шарты: Пилот айтады, штурман орындайды. Пилот жұмысты тексереді, қатесін түсіндерді.

Үйреткен, бұрынғы, үйретілген, жүні, түбіті, сүті, үшін, құятын, бұл, күндер, сүйек, мүйізі, тұяғы, көлік, түлік, ірімшік, қаймақ, кілегей, сүзбе, қатық, құрт, қымыз, саумал, айран, сары май , келе, отар, табын, үйір.

Әрбір сабақтар топтамасында жиынтық баға шығару - мұғалімнің үлесіне тиген жауапкершілігі мол жұмыс. Жоғарыда көрсетілген тапсырмаларды орындау барысында әрбір оқушы өзінің қабілетінше білімін дамытты. Соңғы сабақта алынған тест қорытындысы бойынша, сыныптағы 16 оқушының 4- еуі «бестікпен», 12 оқушы «төрттікпен» бағаланды. «Үштік», «екілік» баға алған оқушы жоқ. Сындарлы оқыту теориясы - оқушының өз қабілеті мен мүмкіндігін шамалауға көмектесетін, кемшін тұстарын дамытуға көмек беретін тәсілдердің жиынтығы. Оқушыларға осы тәсілмен өткізілген сабақтар өте ұнайды. Олар біртіндеп тапсырманы орындау үшін оның шартын түсіну қажеттігін, шартқа сәйкес орындалған жұмыс қана әділ бағаланатынын түсінуде.

Сапалы оқыту - мұғалім бейнесімен танылатын оқушы мен әдіс - тәсілдердің, қолжетімді нәтижеге құрылған мақсаттың жемісі екендігі даусыз.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші деңгей. Үшінші басылым.

2. «Қазақ жұмбақтары», Алматы «Ана тілі» ЖШС 2007 жыл.

3. Қазақ тілі. Дидактикалық материалдар . Жалпы білім беретін орыс мектебіне арналған. Алматы «Атамұра» 2003 жыл. Авторлары: М.Қойшыбаева, К. Қадырқұлов.

4.Қазақ тілі оқыту әдістемесі. Жалпы білім беретін орыс мектебінің 6 - сынып мұғалімдеріне арналған. Алматы «Атамұра» 2006 жыл. Авторлары: Т.Артықова,

А. Жақанбаева, М. Төлеуова.

5. Қазақ тілінен жұмыс дәптері. Жалпы білім беретін орыс метебіне арналған. Алматы «Атамұра» 2011 жыл. Авторлары: Г.М. Нургожина, Б.М. Тулегенова, К.Х.Умарова.

Мұғалім туралы мәлімет


Мұғалімнің аты - жөні: Баядилова Гүлжанат Ерсайынқызы.

Аудан, қала, мектебі: Қазалы ауданы, Қазалы қаласы, М.Горький атындағы №16 орта мектеп.

Пәні, сыныбы: қазақ тілі мен әдебиеті, 6,9,11 - сыныптар.

Курстан өткен деңгейі: үшінші.

Қатысу мақсаты: тәжірибе алмасу.

Жұмыс түрі: баяндама.

Тақырыбы: Оқу орыс тілінде жүретін сыныптағы қазақ тілін оқытудағы зерттеулер мен нәтижелер.






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал