- Учителю
- Постановка сказки 'Колобок' на казахском языке
Постановка сказки 'Колобок' на казахском языке
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
№1 Новоишим орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша өтілген онкүндік аясында
1 сыныптарға арналған
«Бауырсақ» ертегісінің қойылымы
дайындаған Әлібаева Д.Ә.
Новоишим селосы
2014-2015 оқу жылы
«Бауырсақ» ертегі
Мақсат: қазақ тілі пәніне қызығушылықты арттыру, ұжымда жұмыс істеу іскерлігін, актерлік шеберлігінің дағдысын қалыптастыру.
Көрнекілігі: үйшік суреті, жануарлар суреттері
Автор: Ерте- ерте- ертеде
Қойдың жүні бөртеде
Атамен әже болыпты.
Бірде ата: -Әже, бүгін маған дәмді бауырсақ пісірші,- дейді
-
Жақсы. Пісірейін!- дейді әже
Автор: Әже нан иледі, бауырсақ жасады. Піскен бауырсақты терезе алдына суытып қояды.
Жата- жата жалыққан бауырсақ терезеден жерге домалап түсіп, ата мен әжеден қашып кетеді. Домалап келе жатып ол қоянды кезіктіреді.
Қоян: Бауырсақ, Бауырсақ, мен сені жеймін.
Бауырсақ:Жеме мені, Қоян. Мен саған өлең айтамын:
Мен Бауырсақ, Бауырсақ
Мен атамнан қаштым,
Мен әжемнен қаштым,
Ал, сенен қашу, Қоян,
Қиын емес маған.
Бара жатыр бауырсақ, бара жатыр, оған қарсы қасқыр шықты: - Бауырсақ, Бауырсақ, мен сені жеймін.
Бауырсақ: Жеме мені, Қасқыр. Мен саған өлең айтамын:
Мен Бауырсақ, Бауырсақ
Мен атамнан қаштым,
Мен әжемнен қаштым,
Ал, сенен қашу, Қасқыр,
Қиын емес маған.
Бара жатыр бауырсақ, бара жатыр, оған қарсы аю шықты: - Бауырсақ, Бауырсақ, мен сені жеймін.
Бауырсақ: Жеме мені, Аю. Мен саған өлең айтамын:
Мен Бауырсақ, Бауырсақ
Мен атамнан қаштым,
Мен әжемнен қаштым,
Ал, сенен қашу, Аю,
Қиын емес маған.
Бара жатыр бауырсақ, бара жатыр, оған қарсы түлкі шықты: - Бауырсақ, Бауырсақ, мен сені жеймін.
Бауырсақ: Жеме мені, Түлкі. Мен саған өлең айтамын:
Мен Бауырсақ, Бауырсақ
Мен атамнан қаштым,
Мен әжемнен қаштым,
Ал, сенен қашу, Түлкі,
Қиын емес маған.
Түлкі оған: -Әнін жақсы екен,- бірақ мен қартайдым, құлағым дұрыс естемейді. Тұмсығыма отыршы, өлеңіңді қайта айтшы.
Бауырсақ түлкінің тұмсығына шықты да қайтадан өлең айтты.
Мен Бауырсақ, Бауырсақ
Мен атамнан қаштым,
Мен әжемнен қаштым,
Ал, сенен қашу, Түлкі,
Қиын емес маған.
Сол-ақ екен түлкі оны
-АП!- деп жеп алды, қарының сипап бір тойды.