7


  • Учителю
  • Балықтар мен құстар . Дүниетану

Балықтар мен құстар . Дүниетану

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Дүниетану

1-сынып

Сабақтың тақырыбы: Құстар. Балықтар.

Сабақтың мақсаты
:

Жануарлардың топтары-құстар, балықтар туралы , тіршілік ету ортасы туралы, атауларын ажырата білу, жануарларға қамқорлық көрсетуге, оларды қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың міндеті Оқушылардың ақыл ойын,сөйлеу тілін дамыту,қиялын ұштау.Тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, салыстыру, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, үлестірмелі тапсырмалар, жануарлар суреті.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1\Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.2/Психологиялық дайындық

-Балалар сендердің көңіл күйлерің қандай?

-Ендеше бүгінгі сабағымызды да осындай көтеріңкі көңіл күйде өткізейік.

3/Топқа бөліну.

Оқушыларды қима суреттер арқылы «ҚҰСТАР» және «БАЛЫҚТАР» атты екі топқа бөлу.

/Оқушылар түстерді таңдап екі топқа бөлініп отырады/

ІІ. Өткенді пысықтау.

-Балалар, өткен сабақта қандай тақырып өтіп едік? Немен таныстық?

-Тірі табиғатқа нелер жатады?

-Жануарлар нешеге бөлінеді?

-Үй жануарларын ата?

-Кейбір жануарларды неге жабайы аңдар дейміз?

ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

.

Берілген қима суреттердің ішінен сүтқоректілерді және бунақденелілерді тауып қағазға жапсыру,сол туралы білгендерін айту.

Венн диаграммасы арқылы сүтқоректілілер мен бунақденелілерді салыстыру. Ұқсастығы мен айырмашылықтарын ажырату.

ІV. Жаңа сабақ

1/Жаңа тақырыпқа шолу:

Тірі табиғаттың бір бөлігі - жануарлар. Жануарлар мынадай топтарғабөлінеді:сүтқоректілер,бунақденелілер,құстар,балықтар, жорғалаушылар,қосмекенділер.

Құстарды «қанатты жануарлар» деп атайды. Құстар тіршілік ету ортасына қарай үй құстары және жабайы құстар болып бөлінеді.

Жабайы құстардың түрі өте көп. Олардың бәрі де пайдалы. Бұл құстардың ішінде жүйрік, бірақ ұша алмайтын құстар да бар. Оларға дуадақ, пингвин жатады.

Олардың жабайы құс аталуының себебі неде?

Себебі олар азығын өздері тауып жейді.

Құстардың келесі бір тобы - үй құстары. Үй құстары қолда өсіріледі. Олар өте пайдалы. Жұмыртқасы, еті - тамақ, мамығы жастық, көрпе, жылы киім үшін пайдаланылады. Үй құстарына тауық, әтеш, үйрек, қаз және күркетауық жатады.

Балықтар - суда тіршілік етуге бейімделген жануарлар түрі. Олар өкпе арқылы емес, желбезегі арқылы тыныс алады. Олар суда жүзбе қанаттары арқылы қозғалады.

Балықтар судағы шөптермен, майда жәндіктермен қоректенеді. Олар уылдырық шашу арқылы көбейеді. Үйде балықтарды арнайы ыдыс-аквариумда өсіруге болады.

V.Оқулықпен жұмыс

1/Топтық жұмыс:

Әр топ өзіне қатысты мәтінді оқиды, топта отырып талқылайды. Топтан бір оқушы ортаға шығып, автор орындығына отырып, екінші топқа әңгімелеп айтады.

«ҚҰСТАР» тобы құстар туралы

«БАЛЫҚТАР» тобы балықтар туралы

Сергіту сәті.

2.«Домино» ойыны

Ойынның мақсаты: Оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Ойынның шарты: Әр топқа тақырыпқа қатысты сұрақтар мен жауаптар беріледі. Оқушылар топта отырып, сұрақтарын оқиды да сәйкес келетін жауапты таңдайды. Сұрақтың үстіне жауапты жапсырып қояды.

VІ. Жаңа сабақты бекіту.

1/Дәптермен жұмыс:

1-тапсырма

Суреттен құстарды, балықтарды тауып белгіле.



2/Сәйкестендіру тесті:

Суда жүзеді

Ұшады

Қанаты бар

Құстар Желбезегі бар

Денесі қабыршақты

Денесінде мамығы бар

Балықтар Жұмыртқалайды

Уылдырық шашады

Жабайы және үй

Жыртқыштар бар

VІІІ. Қорытындылау

1/Кері байланыс: (стикер арқылы.)

2/Бағалау

3/Үйге тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндау.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал