- Учителю
- Түйе мен тышқан ашық сабақ (3 клас)
Түйе мен тышқан ашық сабақ (3 клас)
</<font color="#222222">Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы № 18 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Табынчаева Сания Рсбаевна
Сабақтың тақырыбы: «Түйе мен тышқан» (монғол ертегісі)
Сабақтың мақсаты :
1)Білімділік: Ертегінің мазмұны мен идеясын ашу; Мүшел туралы түсінік беру;Балаларды талдау ,талқылау, салыстыру және қорытынды жасауға үйрету;
2)Дамытушылық:Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорларын байыту,есте сақтау қабілеттерін дамыту;
3)Тәрбиелік: Еңбекшілдікке , іскерлікке тәрбиелеу
Көрнекіліктері: интерактивті тақта, «Қазақша жыл санау» кестесі, слайдтар, «Балық» кескіні, «Күн шұғылалары» кестесі
Әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, салыстыру
Түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: Дүниетану,математика, бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Жаңа ғасыр, жаңа үміт, жаңа арман,
Жақсы тілек, жайнаған күн шық алдан.
Білім деген шалқар теңіз шалқыған,
Тереңіне сүңги алар талпынған.
Бір - біріне қарап: Сәтті өтсін сабағымыз,
Ашық болсын қабағымыз!
Мақсат қою. Әрбір адам қандай іске кіріссе де , ісі сәтті
аяқталғанын қалайды. Бүгінгі сабағымыз сәтті болуы үшін мынандай
мақсаттар қояйық: тыңдай білу, салыстыру, бір жүйеге келтіру ,
талдау, қорытындылау. Сендер мақсаттарыңа жеткілерің келе ме?
Ендеше сабаққа жақсы , белсенді қатысайық.
Ендеше, сөз асылын, тіл тазалығын сезінетін әдебиеттік оқу сабағымызды бастайық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Ал, балалар үйге қандай тапсырма берілді ?
І топ. Қ. Аманжоловтың «Қазақстан» өлеңін жатқа айтқызу.
ІІ топ Қ.Аманжолов туралы не білесіңдер?Тағы қандай өлеңдері бар?
(сұрақтарға жауап алу)
ІІІ топ Үй тапсырмасын бекіту.«Менің Қазақстаным» тақырыбында жазған шығармашылық тапсырмаларына тоқталу.
ІV. Жаңа сабақ. Отанын сүйетін азамат болып өсетіндеріңе сенемін.Сонымен біздің Отанымыз- ҚР. Біз басқа елдермен достық карым-қатынастамыз. Сондай дос елдің бірі- Монғолия. Біз бүгін монғол ертегісімен танысамыз.
Бүгінгі оқитын ертегіміздің тақырыбын білу үшін мына жұмбақтардың шешуін табайық.
Ескен Елубаев туралы түсінік беру.
Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (Түйе)
Мысықтан бұл қорқады,
Бұдан піл қорқады. (Тышқан)
Ертегі туралы не білесіңдер? Түрлерін атаңдар?
Әр ертегі түрлеріне мысал келтіріңдер. Балалар ,ендеше біз бүгін « Түйе мен тышқан» атты монғол ертегісін өтеміз.
І топ Түйеге сипаттама бер, пайдасын айт
ІІ топ Тышқанға сипаттама бер
ІІІ топ Түйе мен тышқан туралы өлең,ертегіні еске түсіру
Топтастыру әдісі.
Ендеше түйе мен тышқан туралы не білетінімізді тірек-сызба арқылы топтастырып көрсетейік.
үй жануары үлкен кішкентай зияны көп
шұбат пайдалы
көлік шыдамды кеміргіш ширақ
2)Мәтінмен жұмыс
-Ертегіні оқып беру (аударған Тойболды Зейнәбілұлы)
-Оқушыларға іштерінен оқыту
-Дауыстап оқыту
Талдау.
1.Сонымен ертеде адамдар әр жылды нелердің атымен атауды ұйғарыпты?
2.Олар неше жылға атаулар берген?(Олар қандай атаулар , кәне , кім біледі екен?)
3.Ал 12-жылдың атауына нелер өз аттарын ұсынған?
1. Олар бір-бірімен қалай айтысты деп ойлайсыңдар?
2.Ал адам мәселені қалай шешіңдер деген?
3.Ал түйе мен тышқан не деп келісті?
Түйе не істеді? Ал тышқан ше ?
Күннің ең алғашқы шапағы таулардың шыңдарына түскенде не болды?
Неге тышқан бірінші көрді? Ал ұтылған түйе не істеді ?
Содан бері түйе күлді көрсе не істейді екен?
- Сонымен түйе неге жыл атына ие болмай қалған екен?
Сергіту сәті
Берілген үзінділерді ретпен орналастыру (электронды оқулық негізінде)
Ертегіні тыңдату
Қазақ халық ертегісі «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісіне қай жерлері ұқсайды екен?
Суреттен не артық екенін айтып бер(электронды оқулық негізінде)
ІV.Бекіту.
-
«Сөзді тап» ойыны
І топ Бойыңа сенбе, ... сен (дәптерге жазу)
ІІ топ Қарманған қарап ... (Еңбектенген адам берекелі болады.)
ІІІ топ 12 жыл - бір ... (Мүшел -уақыттың өлшем бірлігі. Адамның жасын мүшелмен есептеген)
2)Қазақша жыл санауды оқыту. Тышқан, сиыр, барыс,қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз
«Жатқа біл» өлеңімен жұмыс
Түйе сеніп бойына,
Қалған ұмыт жылдардан.
Жатпа қарап , мойыма,
Талма , именіп ділмардан. С.Мұқанов.
Жыл қайыруды математикалық есеп бойынша табуды үйрету.
Мысалы:2006+9= 2015:12=167(қалдық 11)
Әр сөздің бірінші әрпі жыл атауына сәйкес келеді.Жазып , үйде жаттап алу
3)3 топқа 3 балық. Кәне, кім жылдам екен?
«Балық » ойынын ойнайық. Балықтың денесіне жыл атауларын ретімен жазып шыққан катар жеңімпаз болады. Кәне, кім жылдам екен?
V. Қорытындылау. Сонымен , балалар бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер ?
Үйде ертегіні оқып, әңгімелеу.
Бағалау.
Тақырыбы: МҰЗДА ЖАНҒАН АЛАУ.
Тарихы терең, қасіреті қатпарлы халқымыздың әлденеше ғасыр бұрын
армандаған тәуелсіздік туы бізге сағындырып ғана емес, зарықтырып
тиді. Көнекөз тарихқа көз жіберсек, бабалар арманы, батырлар
қанымен келген тәуелсіздік АЛЛА сыйлаған ұлы БАҚЫТ. Оның өлшемі де,
бағасы да жоқ. Осы жолда опат болған бағыландарымыздың бағасына
жете білсек, тірлігіміздің баянды болары белгілі. Осы жолда талай
бала жетімдік, талай ана жесірлік көргені баршаға аян.
Нәтижесінде елді еркіндікке жеткізген ата - баба ерлігін, еңбегін
есте сақтап, жас ұрпаққа өнеге ете алсақ Тәуелсіздігіміздің тұғырлы
болары анық. Ащы күндеріміз тәтті жылдарға ұласып, тәуелсіздігіміз
баянды болғай.
Қанбай бақыт қуанышты күн бүгін,
Дәлелдеуде Қазақстан елдігін.
Арман еткен, қыршын кеткен ағалар,
Елің алды егеменді теңдігін.
Әнұраным, жанұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім - сағынарым.
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам әнұраны
Хор. МЕМЛЕКЕТТІК ӘНҰРАН
Күй. «Көңіл толқыны»
1 жүргізуші: 1986 жыл. Желтоқсанның 17 - 18 жұлдызы. Ол жетпіс
жылғы қысаң қағидаға тап - тауыр болған санаға жас толқынның
қасқайып қарсы тұруы. Ол бүгінгі ой, іс - әрекет сөз бостандығының
бастауы. Биыл сол желтоқсан оқиғасына 27 жыл. Алайда, әлі де болса
бұл оқиғаны түрліше түсініп, басқаша топшылап, әр түрлі ойдың
жетегінде жүргендер бар.
2 жүргізуші: Аса қатал қанқұйлы оқиғаның нәтижнсінде 8000 адам
заңсыз ұсталып, 1722 кісі жеңіл және ауыр жарақат алды. Бір топ
бозбала мен қыздарды 20 градустық аязда суық жерге бірнеше сағат
етпетінен жатқызды, қыздарды алаңда бұрымынан сүйреп, ұсталғандарын
өлімші етіп соққылаған фактілерді кездестірдік.
1 жүргізуші: Мен қазақпын! Өз халқымды мақтан етемін. Маған оның
көп қатпарлы тарихы қымбат. Ал, оның бүгінгі күні одан да қымбат.
Осы бүгінгі күн үшін ол басқа халықтармен бірге революция және
Кеңес өкіметін орнату жолдарынан абыроймен өтті. Халқының жартысына
жуығы жұтқан қасіретті ашаршылықты басынан өткерді. Кеңес өкіметі
өсіріп жеткізген жас зиялыларынан айырған 1937 - 1938 жылдардың
трагедиясын бастан кешті. Одан Ұлы Отан соғысы, кешегі желтоқсан
оқиғасы.
2 жүргізуші: Мен - қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім.
1 жүргізуші: Сол бір ерте түскен қыс тоқыры жанжалының табанында
аяусыз, тапталған ар - намыстың ышқынған дауысы құлағымызда әлі
шыңылдап тұрғандай. Бұл дауыстың ішінен қызғалдақтай ЛӘЗЗАТ сенің
де ләззат үнің талып естіледі. Сен тірі болсаң, қазғымның
мәдениетін дамытуда үлкен үлес қосар едің - ау.
2 жүргізуші: Еліңнің намысы үшін
Құрбан еттің жаныңды
Мазақ етіп қорлай алмас,
Ешкім сенің арыңды.
Көрініс «Ләззат өмірінен»
1 жүргізуші: Талдықорған облысының Панфилов ауданындағы Ақжазық
ауылында тұратын Асановтар жанұясына екі бірдей телеграмма
келді.
Біріншісінде «Қыздарыңыз Ләззат ауыр халде жатыр, келіп алып
кетіңіздер» деген, ал екіншісінде «Келмей - ақ қойыңыздар. Ләззатты
өзіміз жеткіземіз» деген хабар еді. Сөйтіп, Ләззаттың мәйіті өзі
туған ауылы Ақжазыққа жеткізілді.
Ләззаттың анасының жоқтауы
Ән «Қазақ қызы»
1 жүргізуші: Шалқытып мерекеге ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Мың бұралып билейтін бишілерді
Ізетпен ортаға шақырайық.
Би «Қазақ қыздары»
1 жүргізуші: Шындықты шыңғыртып
Шырылдатқан ЖЕЛТОҚСАН
Шындық қуған жастарды
Сыбырлатқан ЖЕЛТОҚСАН
2 жүргізуші: Желтоқсан айы естесің,
Дауыл боп бұрқап ескенсің.
Азаттық әні қашанда,
Көкейін елдің тескенсің.
Көрініс «Қайрат өмірінен»
1 жүргізуші: Қарсыласқаны үшін түрмеде Қайратты ұрып - соғады,
намысын қорлап балағаттайды, түрменің тас қамалында отырғанмен
қорлау мен азаптың қандай түріне де мойымай, демі шыққанша туру
жолдан таймайды.
Қайраттың анасының жоқтауы
Қаңғып келген шүрегей, көлдің суын бүлдірдің,
Бұлай болып кетерін күні бұрын кім білді.
Тұнып тұрған көл еді, бейбіт жатқан ел еді
Желтоқсанның дауылы қара бұлтты төндірді.
Сол дауылға ілесіп Қайратым да кетті ме
Жанып тұрған от еді, сол түбіне жетті ме
Қол - аяғын кісендеп оқудағы баламды,
Жала жауып жан алғыш түрмесіне жапты ма.
Жанын қинап түрмеде жалғыз оқпен атты ма
Қыл бұрауды салғанда «Анашым!»,- деп жатты ма.
Қос өкпесін езгілеп, ұрып - соғып тепкілеп,
Қайратымды жендеттер тұзақ салып асты ма.
Кім біледі, Аллам - ау, не болғанын баламның,
Жауап берер жан бар ма өліміне панамның.
Елжіреген жүрегім қан жылайды бүгінде,
Қатарлары Қайраттың келмей кетіп жүре ме.
Күліп кетіп тұрады, күнде балам түсіме,
Көнем - дағы қайтейін жаратқанның ісіне.
Желтоқсанның дауылы бүкіл елді шарпыды,
Ел бүлдірген «Шүрегей» қарғыс айтам өзіңе.
2 жүргізуші: Шардаралық әуесқой сазгер Лесбек Аманов «Қасқалдақ -
Қонаев, шүрегей - Колбин»- деп танып, оны өзінің әніне қосты.
Ән. «Қара бауыр қасқалдақ»
1 жүргізуші: Сан тарихтың парақтарын ақтардың,
Тәуелсіздік туы көкте желбіреп.
Барлық қазақ азатпыз деп мақтанды
Жас жүрегім жалындайды елім деп.
Би «Тәуелсіздік»
1 жүргізуші: 1992 жылы Республика алаңында Желтоқсан құрбандарын
еске алуға арналған ескерткіш тақта қойылды. Ал, 1996 жылы
желтоқсанда Тәуелсіздік ескерткіші ашылды.
2 жүргізуші: Президентіміздің жарлығымен 1996 жылы 9 желтоқсанда
Қайрат Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша
ерекшелік белгісі «Алтын жұлдыз»тапсырылды.
Сәбира, Ләззат, Ерболдарға ақтау жөніндегі анықтама қағаздары
берілді.
1 жүргізуші: Алматыға жолым түсіп келе қалсам мен міндетті түрде
Республика алаңына соғамын. Алаңға кіре бергенде денем түршігіп,
шымырлап кетеді. Есіме марғау дүниені дүр сілкіндірген қасіретті де
қасиетті ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫ түседі. Себебі,
алаңға егемендік үшін құрбан болған ағаларымыз бен әпкелеріміз
есіме түседі.
2 жүргізуші: Мен де алаңға келсем барлығы маған не айтасың дегендей
болады.
Ақтық сөзің, армандарың хатта қалды,
Көріп жүрміз қиып ап сақтағанды.
Қайрат! Қайрат!
Сен мені естимісің.
Өлең оқу. «Төрт жыл кешіккен шындық»
Ән. «Елім менің»
1 жүргізуші: Тәуелсіздігімізді жариялағаннан кейінгі аз уақытта
өңіміз түгіл түсімізге енбеген оқиғалар болды, сол жетістіктерді
атап өтейікші.
2 жүргізуші: Желтоқсан оқиғасы - біздің тәуелсіздігімізді дүние
жүзіне мойындатқан күн.
- 1991 жыл 16 желтоқсан - ел тарихында кейінгі ұрпақ мәңгі
қастерлеп, ардақтап өтетін күн.
- 1991 жыл 1 - желтоқсанда еліміздің тұңғыш президенті Н. Назарбаев
сайланды.
- 1992 жылы 2 наурызда ҚР дүниежүзіндегі ықпалды және беделді БҰҰ -
ға мүше болды.
1 жүргізуші: 1992 жыл 8 мамырда кең байтақ елімізді қорғайтын
қуатты Республика Ұланы құрылды.
- 1992 жыл 4маусымда ҚР - ң Жоғарғы Кеңесінің сессиясында
еліміздің мемлекеттік рәміздері қабылданды.
- 1993 жылы 15 қарашада мемлекетіміздің Ұлттық валютасы «теңге»
айналымға енді.
2 жүргізуші: Тәуелсіздіктің көк байрағы желбіреп, әнұран
қабылданды. Қазақтың жаңа Астанасы бой көтерді. Бас аяғы 18
жылдың ішінде Қазақстанды бүкіл әлем таныды.
1 жүргізуші: Бірлік болсын елге аман,
Тыныш болсын бұл заман.
Берекесін бере берсін,
Бейбіт жатқан бұл далам!
Осымен кешіміз тәмәм болды,
Бабаларым арман еткен, аңсаған
Тәуелсіздікті ту еткен
Ұзағынан сүйіндірсін о, жасаған!
Хор. «Атамекен»
Тақырыбы; « Сыр сандық»
Түрі : Сайыс түрінде.
Мақсаты ;Білімділігі ; Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ баласының бойындағы қасиеттерімен таныстыру.
Дамытушылығы ; Әр баланың бойындағы қабілеттерін ойлау , әртүрлі жағдайлардан шыға білу, тапқырлыққа білімділікке баули отырып ой өрісін дамыту.
Тәрбиелілігі ; Ата салтын ардақтап өз елін сүйетін нағыз қазақ баласының қасиетін бойына сіңіре білуге тәрбиелеу.
Әдіс тәсілі ; Сұрақ, жауап, слайд, жұмбақ.
Сабақ барысы;
Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар және ұстаздар!
Бүгінгі 4 сынып арасында өткелі жатқан « Сыр сандық» сайысына қош келдіңіздер.
Жиналған мерекеге бүгін халық қарасын біздің жаққа көзін салып , сайыскер топтарымыз келіп қалды , өнер мен тапқырлығын қатар алып, - деп топтарымызды ортаға шақырамыз.
1 топ « Барыс»
2 топ «Жеңіс туы»
3 топ « Бірлік»
4 « Сұңқар»
Өнерпаз өнерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік қазыларды таныстырып.
1.Адильгереева Ж
2.Садыкова Ж
3.Ходжахметова С
4.Жұматаев Ж
-Әділқазылар алқасысымен таныс болдық.
Енді сайысымыздың талаптарымызбен танысып өтейік.
1 -« Сұрақ - жауап»- слайд бойынша ұяшықтан ашылған сұрақтарға жауап береді.
2-«Кім тапқыр?»- мақалды аяқтау , жұмбақты шешу.
3-«Мықты болсаң тауып көр»- теледидардан көрсетілген көріністің мағынасын түсіндіру.
4-«Сен білесің бе?»- ескірген сөздердің мағынасын шешу.
- Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,
Келді кезек оқуменен білімге,
Бұл сыннан өтсең егер сүрінбей,
Өтерсің сен 2-ші айналымға күлімдей - деп бірінші айналымды бастаймыз.
- Балалардың жауабы.
- Әділқазылар алқасы 1айналымның бағасын береді.
Ал тыңдаңдар тыңдаңдар
Асығыстық қылмаңдар
Асықпайық дегенге
Көп ойланып қалмаңдар - дей отыра « Кім тапқыр»атты 2-айналымға өтейік.
- Балалар сандықтан алынған сұрақтарға толықтай жауап береді.
- Әділқазылар алқасы бағасын береді.
- Ақыл білім жастарда
Сөз беремін жастарға
Бізде қызық ойын бар
Барлығын ден қойындар..
Қандайда қиын жағдайда
Шешімін таппай қоймаңдар!!! - деп сайысымыздын « Мықты болсаң тауып көр» 3 айналымына өтеміз.
- Балалар талаптарды орындайды.
- Әділқазылар алқасы бағасын береді.
Қайсысы білгір білімді
Талабына қарайсың
Кімдер зерек, кім жылдам?
Талаптыларын табайық! - дей келе сайысымыздың « Сен білесіңбе?» атты соңғы бөліміне өтейік.Ал енді сайыскерлеріміздің бұл бөлімнен қалай өтетінін көрейік.
- Балалардың жауабы.
- Әділқазылар алқасы бағасын береді.
Осымен бүгінгі сайысымыздың әділқазылар алқасы әділ бағасын шығарғанға дейін кезекті әнге берейік.
Ән: «Анашым». Орындайды: Сарсенбаева Әсемхан
Ән: « Елім менің». Орындайтын: Ақбура Бауыржан.
Ән: «Көңілді күн». Орындайтын:Базарбай Нұржайна
- Кімдер жүйрік өнерпаз білейікші
Мықтысы деп мектептің жүрейікші
Қазыларға тек қана әділтікті
Ал топтарға сәттілік тілейікші - деп тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне тірелер болсақ « Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сарапшылар алқасына сөз берейік.
- Балалар марапатталады.