7


Ашық тәрбие сағаты: әліппе

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Әліппемен аштық білім есігін, тербетеміз Тәуелсіздік ел бесігін.

Мақсаты: Білімнің бастауы болған «Әліппеден» үйренгендерін тиянақтау. Өнерлерін тамашалау, әліппе оқулығына деген оқушылардың ерекше құрметі мен бағасы, мектеп өміріндегі оқулықтың орнын түсінуге тәрбиелеу. Тәуелсіздігіміздің ұландары екендерін ұғындыру. Білімдерінің артып, сөз байлығының молайып, саналарының өскендерін көрсету. Отанын, мектебін, ұстаздарын, ата-аналарын құрметтеуге тәрбиелеу.

Өткізілу түрі: концерттік бағдарлама түрінде.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, шарлар, әріптер макеті, көрініске қажетті заттар, Әліппе оқулығының макеті.

Өткізу барысы:

Ж о с п а р ы:


1. Әліппеге арнау. Әдеби - монтаж.
2. «Мен не үйрендім» бөлімі.
3. «Есептеуге кім жүйрік» (есептер, сан құрамын айту)
4. «Мектебіме 15 жыл» (оқушылардың Әліппе сабағынан Отанымыз туралы жаттаған өлеңдері, «Әріптер сыры» Тәуелсіздік сөзін жазып әр әріпке тоқталу)


І. Ән: «Той»

Айгерім: Шашу, шашу шашайық

Ақ сандықты ашайық

Бұл мереке бұл тойдың

Бастанғысын жасайық

Шашу, шашу шашайық

Нұрмаш: Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп

Бүлдіршіндерді шақырайық ортаға...

Би «Қуыршақтар»

Артынан ән «Мектебім»

Аида: Сендер қайда келдіңдер?

Арқаларыңдағы не?

Інжу: Біз мектепке келдік

Бұл біздің № 38 мектеп - лицейіміз. Енді лицейімізбен танысайық.

Мектеп туралы слайд.

Мансұр: Қыркүйекте келдім де

Сыныпқа кірдім қуанып,

Қарсы алды ұстаз мейіріммен

Қадамымды құп алып.

Аяулым: Балам, балам жақсы бол,

Міне, сенің мектебің.

Сабағыңа зейін сал

Ақылды бол тентегім.

Деп ата - анам әкелді

Айқара ашты есігін

Сүйікті алтын мектебім.

Айда: Ата - анадан кейінгі

Жарқыным сенсің

Ержеткенге дейінгі

Ақылым сенсің мектебім.

Ерсайын: Біліміңді аяма

Ата - анадай аяла

Мектеп ана болмаса

Бала құшақ жая ма?

Мансұр: Төрт ай бұрын мектеп табалдырығын қысылса да қызыға аттаған бірі отбасының тұңғышы, бірі кенжесі, ата - әжесінің сүйікті еркесі болып жүрген ұл - қыздарымыз өздерін қуыршақтарымен қалай қоштасып, мектеп табалдырын қалай аттағаны өзіне аян.

Айгерім: Ия, Мансұр.Ендеше Меруерттің «Мен біріншіге барамын» әнін тыңдайық.

Айбат: Міне, сол кезден бері төрт ай өтті. Шәкірттер тұңғыш рет қолына ұстап, бетін ашқан оқулығы - Әліппемен де қоштасқалы отыр.

Айгерім: Иә, бар ғылымның атасы, болашағымыздың негізі әліппемен де қоштаспақшымыз.

Айгерім: Көз салып қараңызшы бойымызға

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға,

Хош келіпсіз, ұстаздар, ата - аналар,

Әліппемен қоштасу тойымызға

Айбат: Қыр гүліндей жайнаймыз

Ән сап, билеп ойнаймыз.

Бүгін бізде мереке,

Әліппе тойын тойлаймыз.

Мансұр: Армысыздар аналар

Бармысыздар балалар

Сөзіме құлақ салыңыз

Бір серпіліп қалыңыз

Әліппеге арнамақ

Бүгінгі жыр әніміз

Слайд: Әліппе суреті

Әліппені ортаға шақырайық

Армысыңдар жас достар!

Армысыңдар ата - ана!

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаға.

Білім деген ғажаптың,

Әліппесін меңгерген.

Келешегі қазақтың,

Басталды сендерден.

Таудай болса талабың,

Айтары көп әріптің

Қуанышы баланың

Қуанышы ананың

Жақсы білім көрімдік,

Болсын бізге халайық.

Не үретіп, не білдік,

Қане ортаға салайық!

Елаңсар: Балалар әліппе, әліппе дейсіңдер, әліппенің қалай құрылғандығын мен әлі түсінбей жүрмін. Әліппе қалай құралды? Сөз қалай құралды? Дыбыс қалай пайда болды?

Айгерім: Елаңсар ол үшін ертегілер еліне саяхатқа барайық.

Ән «Ертегілер»

Орманда екі үй болыпты: біреуі көк, біреуі қызыл. Көк үйде дауыссыз дыбыстар, қызыл үйде дауысты дыбыстар тұрыпты. Олардың атасы «Әліпби» деген дана болыпты. Осы екі үйдің қызыл үйшіктегі әріптері дауыс шығарып көңілді тұрыпты да, ал көк үйдегілер әріптер үнсіз өмір сүріпті. Сұны көрген Әліппе «Мен осы екі үйдегі әріптерді араластырсам не болады екен?» деп ойланып, араластырыпты. Сөйтсе ғажап бір жайға куә болыпты. Әріптері сөйлей жөнеліпті. Осылайша әріптерден сөз сөйлем пайда болыпты. Ендігі кезек осы әріптерге берейік.

Әліппе: Сырлы әріптер сөз түйіп,

Сабырмен саған қарайды,

Сырларын білсең бас иіп,

Керегіңе жарайды.

«Сырлы әріптер сыры»

Тамерлан: Т Тәуелсіз елде тұрағым, Тәуелсіздік жыр әнім

Әлібек: Ә Әспеттеп салт пен әдетті, Боламыз бала әдепті

Жәңгірхан:У Уәдеге берік боламыз, Биік - биік үйлер саламыз

Дильназ :Е Елім деп мен жар салам, Еліменнен мақтанам

Нұрали :Л Лайым болсын ел аман, Несібесі мол заман

Айсана: С Сенімін елдің ақтаймыз, Жақсы істер жасаймыз

Алихан :І Ізгілік нұрын шашатын, Жасасын Қазақстаным!

Елнұр: З Зейінге бәрін тоқимыз, Сабақты 5-ке оқимыз

Інжу: Д Даламыздай кең пейілді, Мақтан тұтам елімді

Алуа : І Ізденімпаз баламыз, Болашаққа нық қадаммен барамыз

Дария :К Келешекке нық басқан, Біз бақытты балдырған!

Ән: «Әліппе»

Амина: Жарқын жүзді ұстазым

Келгенімде алдыңа

Қызыл - жасыл гүл алып,

Жақын тарттың жаныңа

«Шәкіртімә деп қуанып,

Сипадың да басымнан,

Әліппені ұсындың.

Бақытымның осыдан

Басталғанын түсіндім.

Жәңгірхан: Бар білімнің бастауын

Әліппеден бастадым.

Үйренуге талпындым

Құлшынып балғын жас жаным.

Інжу: Бірінші беттен елімнің

Елтаңбасын таныдым

Көк байрақты қазақтың

Ұрпағымын, сәнімін

Нұрали : Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріпте.

Оқимыз қазір ертекті

Үйреткен оны «Әліппе»

Батыр: Ашыла берді алдымнан

Кең дүние есігі

Соғылған сомдап алтыннан

Әліппе - білім бесігі

Әлібек: Ата - апа атын сен

Бізге үйреттің Әліппе

Бізге нағыз жақынсың

Сенен білдік әріпті

Жания: Арта берді кітапқа

Бойымдағы құмарым,

Бірге жүрген қасымда.

Әліппе болды сыңарым

Елаңсар: Әсем ою өрнекпен

Көмкерілген Әліппем

Сен болмасан білімге,

Бастайтын жолды біліп пе ем.

Тамерлан: Әліппе сауатым мен санамды аштым,

Достармен теңдей араластым.

Үйретіп әріптер мен әңгімені,

Күн сайын алға қарай қадам бастым.

Дильназ: Енді жаза білеміз,

Әріпті қосып әріпке.

Риза болып саған жүреміз,

Сүйікті біздің Әліппе.

Жүргізуші: Айкерім:Біздің балалар сабақтарын жақсы оқып жүр.

Жүргізуші: Ендеше, Айбат, не білдік, не үйрендік, соны саралап ойын ойнайық.

Ойын «Адасқан әріптер»

Осы әріптерге байланысты ата - аналар қандай мақал - мәтелдер айтады. Ата -аналармен ойын ойналады.

Айкерім: Ата- аналардан қонақ-кәде сұрайық.

Зере: «5» болсын алар бағамыз,

Біліммен бақыт табамыз,

Өнер - білім көп оқып,

Өсе берсін санамыз!

Ән: «Оқуда озат боламын».

Жүргізуші: Балалар, енді әліппемен қоштасаын кез келді. Әліппе бізге қаншама нәрсе үйреткен екен. Әліппенің арқасында оқып, жазуды үйрендік. Ендеше не дейміз?

Хормен: Әліппеге мың алғыс!

Меруерт: Бүкіл қазақ баласы дәріптеген

Қоштаспақпыз сүйікті әліппемен

Ризамыз бәрімізді таныстырған

Сөз бен дыбыс әртүрлі әріптермен.

Ерасыл: Әліппе даңғыл жол ашты

Жаңадан пәндер жалғасты

Әліппе сырын ұқтырған

Рахмет ұстаз алғашқы.

Аия: Білімнің көп қой саласы,

Әліппе соған жолбасшы

Ғылымның қиын жалғасын

Басқа кітаптан табарсың!

Алуа: Қош болып тұр, әліппе анамдайсың

Жақсы бол деп біздерге алаңдайсың

Мені үйреткен әріптің құдыретімен

Дейсің бізге кірпіш болып қаланғайсың

Карина: Орындаймыз әліппе ақылыңды

Жарысқанда жазамын тақымымды

Қандай қиын жұмбақ шешу үшін

Арттырамын ғылымға құштарлықты

Нұрмаш: Мен қарымдасыма өзімнің әліппемді сыйға бергім келіп тұр.

Алтыға сен де келесің

Артымыздан біздің ересің

Ойыншықты тастай ғой

Әліппеңді ала ғой.

Ақжарқын: Алтыға мен де толамын

Таудай биік талабым

Ойыншықты сыйға беріп

Әліппемен дос боламын.


Әліппе: Сендерге де рахмет, балалар!

Оқуда зейінді болыңдар.

Еңбекте бейімді болыңдар

Ақ жол болсын, қарақтарым

Айдай болсын қабақтарын

Күнделіктерін беске толсын

Қош бол менің балаларым!


Ән: «Қош, сүйікті әліппем»


Ана тілі Елнұр: Енді мені оқитын боласыңдар.

Мен де келдім дайындалып тойыңа,

Оқы талмай, түй санаңа, жас бөбек.

Сыр құямын, нұр құямын бойыңа.

Айсана: Әліппе жарты жылдай жолдас болдым,

Ана тілге әкеліп жалғастырдың

Әр әріпті қостырып сөзін құрап,

Хат танытып, алғаш сен көзімді аштың.

Жәңгірхан: Ана тілі - ұраным

Ана тілден аламын

Ана тілім ардақты

Ақ сүтіндей анамның.

Айсана : Ана тілі - ұраным

Ана тілден құралым

Ана тілім болмаса

Мықты болмас тұрағым

Тамерлан : Адамдықты үйретер,

Жамандықтан жиренер

Тілімізді ширатар

Ана тілі - данамыз

Дария : Әліппемен қош айтысып қаламыз

Енді қолға «Ана тілін» аламыз

Ата - ана қуанышқа ортақ бол

Сауатты боп шықты міне баламыз

Ән: «Қазақтай ел қайда»

Айкерім: Оқи берсең ғылымды,

Артық болмас баршасы

Математика -өмірде

Бар ғылымның патшасы

Елаңсар : Ойлантып есеп шығартып,

Төрт таңбаны білдіріп,

Ғалымдардың мықтысы

Математика данасы

Математикалық ойындар ойнатылады.

Айкерім:Елаңсар, енді сандарды сөйлетейік.

Елаңсар: Сөз кезегі сандарда.

Айсана:Сандарды сөйлетейік

1 дегенім - білім,

Білім - жарық күнің.

2 дегенім - еңбек,

Еңбек бірән жеңбек.

3 дегенім - үміт,

Үмітсіз жоқ жігіт.

4 дегенім - талап,

Талмайтұғын қанат.

5 дегенім - бірлік,

Бірліксіз жоқ тірлік.

6 дегенім - арман,

Атар таңын алдан.

7 дегенім - жігер,

Жеңер жолын білер.

8 дегенім - сенім,

Сүйенішің сенің.

9 дегенім - талғам,

Тура жолға салған

10 дегенім - Отан

Отанды сүй ботам.


Айкерім: Нұрмаш, сен білесің бе? Біздің мектебімізге неше жыл?

Нұрмаш: Білемін Айкерім. 15 жыл.

Інжу:23 жыл басқарып қазағымды,

Елбасымыз көрсетті ғажап үлгі.

Барша әлем мойындап жатыр бүгін,

Қазақ деген елімді, Астанамды.

Аяулым: Көк туымыз желбіреп көгімізде,

Ел арқасын сүйеді белімізге.

Елбасының өзі ашқан мектебіне,

Толды міне қараңыз 15 жылда.

Алихан:Алтын ұя мектебім аялаған,

Бар балаға білім беріп сая болған.

Үлкен жолға түсіріп шәкірттерін,

Басшымыз әрқашан да пана болған.

Батыр: Қойнауында білім мен шабыт ескен,

Түлектері қаншама бақыты өскен.

15 жылдық мерейлі мектебімде,

Білім алам, қуанам, мерейім үстем.

Елаңсар: Мектебің алтын ұя жарқыраған,

Ұстазың бұлақ көзі сарқыраған.

Шыңдалып, шыңға қарай қанат қақтың,

Шарықта , жас қыраным, ақ жол саған.

Ән: «Мектеп Гимні».

Айкерім: Осымен Әліппемен қоштасу тойымыз аяқталды.

Нұрмаш: Көріскенше қүн жақсы. Сау болыңыздар!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал