7


  • Учителю
  • Дүниетану пәнінен сабақ жоспары:Мектеп пен өндіріс орнының байланысы Әдіскер: Сүлейменова Сәния Ырзықбекқызы

Дүниетану пәнінен сабақ жоспары:Мектеп пен өндіріс орнының байланысы Әдіскер: Сүлейменова Сәния Ырзықбекқызы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пән: Дүниетану

Сынып: 4 «Б»

Әдіскер: Сулейменова С.Ы.

Тәлімгер: Тұяқова Жадыра

</<font face="Times New Roman, serif">Сабақтың түрі: жарыс сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ -жауап, баяндау, тірек сызба,түсіндіру әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі: таратпа материалдар, тақырыпқа байланысты суреттер.

Сабақтың тақырыбы: «Мектеп пен өндіріс орнының байланысы»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың метеп, өндіріс орындары туралы білімдерін тереңдету. Білім ошағының оқушы өмірі үшін қажеттілігін түсіндіру.

Дамытушылық: Тілін дамыта отырып, оқушыларды қисынды ойлай білуге, өз ойларын дұрыс жеткізе білуге баулу;

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, сыйластыққа, бір - бірінің сөздерін тыңдауға тәрбиелеу.



Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

-Сәлеметсіңдер ме, оқушылар? Бүгінгі дүниетану сабағын мен Тұяқова Жадыра Қонысбайқызы жүргіземін. Көңіл - күйлерін қалай? Бүгінгі сабаққа барлығымыз дайынбыз ба? Бүгінгі сабақ, сайыс сабақ болып табылады. Алдымен 4 топқа бөлініп отырамыз.

Бүгінгі сабағымыздың шарты:

  • Қол көтеріп жауап береміз

  • Шуламаймыз

  • Бір бірімізді тыңдаймыз



II.Үй тапсырмасын тексеру.

1 сайыс. «Ғажайып ұяшықтар»

  • Өткен сабақтарда қандай тақырыптар өттік?

  • Алғашқы мұғалім адамға неге ыстық?

  • Мектептен алған біліміңнің қандай пайдасын көрдің?

  • Халқымыз жігіт адамның неше жұрты бар дейді, олар қайсылар?

  • «Отабасы - шағын қоғам» деп неге айтамыз?

  • Отбасына байланысты қандай мақал - мәтелдер білесің?

  • Кітап қайдан шығады?

  • «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер» мағынасын аш.

III.Жаңа сабақ

Сен мектеп бітіріп, институтқа түсесің. Жоғарғы білім алып, маман болғанда елдің хал-жағдайын көтеруге көмектесесің. Қандай маман болғың келсе, осы кезден бастап соған икемделе бастаған жөн. Осыны ескеріп, кейбір өндіріс орындары мектеппен тұрақты байланыс жасап отырады. Мектеп оқушыларын өз жұмыстарымен таныстырады. Батыс Қазақстан өңірінде «Теңізшевройл» мұнай кәсіпорны осындай жұыстар жүргізілуде.Маңғыстау жеріндегі бұл кәсіпорын үнемі мектеп оқушыларын шақырып,өздерінің жұмыстарымен таныстырып отырады. Оқушылар мұнайлы өңірдегі жер тесетін бұрғларды,мұнай скважиналарын көреді. Ондағы еңбек қауіпсіздігін сақтау,қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен танысады.Мұнай өндіретін заттарды да көріп біледі. Сен есіңе түсір. Мұнайдан қандай заттар алынатынын 3 сыныпта оқығансың.Мұнай өндіру жұмысы озық технологияларды пайдалануды және осыған керекті білімді меңгеруді талап етеді.Мұнай өндіру саласында компьютермен басқарылатын жұмыстар бар.

Мұнайды жер қыртысынан табу үшін барлайтын бөлімдер жұмыс істейді. Осының бәрімен танысқан оқушылар мұнайшы болғысы келеді.Сөйтіп, олар мектепте оқып жүргенде-ақ ұнаған кәсіпті анықтауға бет алады.



2 сайыс. «Тапқыр болсаң, тауып көр»

  • Оқушылр, сендер қандай мамандық түрлерін білесіңдер?

  • Келді кезек жұмбақтарды шешуге,

Жауаптарды аударыңыз қос тілге.

Қазақ, орыс, тілін білгенде,

Ұпайларым көбейеді деп тіле.



1.Еңбек етсең ерінбей,

Абыройыңды асырған.

Бірақ өзі көрінбей,

Бізден бойын жасырған. (Мамандық)

2. Тұлғалы кең иығы,

Мұнара оның тұрағы.

Маң далада бұйығы,

Сөнбей жанса шырағы,

Жер астының сұйығы

Фонтан болып шығады. (Мұнайшы)

3. Ол жетсе ауылға,

Самсар жұлдыз торабы,

Нұр шашып тұрады. (Электршi)

4. Өрнектеп, сәндеп,

Тiгiстерiн бүгетiн.

Солпысын жөндеп,

Кiм көйлек тiгедi? (Тiгiншi)

5. Бал татыған мәзiр,

Ол бар жерде әзiр. (Аспаз)

6. Мектептің жүрегі,

Білімнің тірегі. (Мұғалім)

7. Сауықтырар сырқатты,

Жылы үнмен тіл қатты. (Дәрігер)

8. Қалағы бар қолында,

Кімді айттым ойымда? (Құрылысшы)



Сергіту сәті.

видеороликтегі қимылдарды қайталау



3 сайыс. «Кім тапқыр?»

Мақалды қимылмен, ым - ишарамен түсіндіреді. Топтар табуы керек.

1. Қолы қимылдағанның, аузы қимылдар.

2. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.

3. Анаға қарап қыз өсер,

Әкеге қарап ұл өсер

4. Таспен атқанды аспен ат

5. Отан оттан да ыстық.



V.Бекіту.

4 сайыс. «Сен маған,мен саған» ( топтар бір-бірлеріне сұрақтар қояды)



VI.Қорытынды

- Бүгінгі сабақта қандай тақырып өттік?

- Өз жеріізде қандай өндіріс орыны бар?

- Мектеп пен өндіріс орындарының байланысы не үшін қажет?





VIII.Бағалау



Оқушылардың аты-жөні













Топта әрқайсысына міндеттерді үйлестіріп, өз міндеттерін атқарады.













Идеялар ұсынады













Топ ішіндегі талқылауға белсене қатысады. (ұсынған идеялар, мәліметтерді жетілдіріп, жалпылайды)













Топ қатысушыларына көмектеседі













Мұқият тыңдап, сұрақтар қояды













Талқылау жүргізе біледі (сыпайы түрде қарсылық көрсетіп, дау тудырған сұрақтарға дұрыс шешім беруге тырысты)













Топқа берілген тапсырмаға зейін қойып орындайды













Ортақ ұпай

















VII.Үй тапсырмасы

  • «Мамандықтың бәрі жақсы» эссе жазу





Әдіскер:

Мұғалім:

Баға:



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал