7


  • Учителю
  • урок по окужающий мир 'Мал шаруашылығы'

урок по окужающий мир 'Мал шаруашылығы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Ақтөбе қаласы№51 гимназияБастауыш класс мұғаліміСыдыкова БибаСабақ тақырыбы: Мал шаруашылығыСабақмақсаты: Оқушыларға Қазақстандағы мал шаруашылығы туралы білімдерін одан әрі жетілдіру. Мал шаруашылығының адам өміріндегі маңызы туралы түсіндіру. Табиғат байлығын қо
предварительный просмотр материала

Ақтөбе қаласы

51 гимназия

Бастауыш класс мұғалімі

Сыдыкова Биба

Сабақ тақырыбы: Мал шаруашылығы

Сабақ мақсаты: Оқушыларға Қазақстандағы мал шаруашылығы туралы

білімдерін одан әрі жетілдіру. Мал шаруашылығының адам өміріндегі маңызы туралы түсіндіру. Табиғат байлығын қорғауға баулу. Сөздік қорын молайту, байланыстыры жүйелі сөйлей білуге үйрету. Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Экологиялық тәрбие беру.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: талдау - жинақтау, сұрақ - жауап, Джигсо әдісі.

Сабақ көрнекілігі: слайд, бейнетаспа.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі:

Сыныпқа күн келеді.

Күн: Сәлем достар!

Көзімді таңмен ашамын,

Әлемге нұрын шашамын.

Мен алтын күннің сәулесімін,

Сендер маған қуаныштысыңдар ма?

Мен күн әлемінің сыйлығымын. Көздеріңді жұмыңдар, бастарыңды көтеріңдер. Мен сендердің беттеріңдемін, мені сипап көріңдер. Енді мұрындарыңа жеттім, мұрындарыңды сипаңдар. Көздеріңде, бастарыңдамын. Енді бір - бірімізге күлкі сыйлайық! Бір - бірімізбен амандасайық.

-Рахмет, балалар, жолдарыңыз болсын!

Асфальтпен жүреміз.

Енді құмға жетттік.

Алда теңіз. Қандай теңіздерді білеміз? Теңізде нелер болады? Олай болса, қайыққа отырып, балық аулаймыз. Теңізден балық аулау үшін сұрақтарға жауап беруіміз керек.

  • Ұшақтың қандай түрлерін білесіңдер?

  • Ұшақтың халық шаруашылығына тигізер пайдасы туралы айт?

  • Серіктің ағасы шағын ұшақ туралы не айтты?

  • Атақты ұшқыштар туралы не білесің?

  • Екі мәрте батыр атағын алған кім?

- Балалар, біз теңізден балық аулап болдық. Ал енді, экранға назар аударайық.

- Біздер не көрдік?

- Оларды бір сөзбен қалай атаймыз.

- Төрт - түлік малдардың адам өмірінде қандай маңызы бар?

Осы төрт - түлік малды қалай көбейтеміз?


Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Мал шаруашылығы»

Қазақ ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай, тәжірибесі бар. Олар мал өрісін, тіршілік табиғатын, қадір қасиетін әбден танып білген. Қазақстан жерінде мал өсіруге қолайлы жерлер көптеп кездеседі. Мал шаруашылығы еліміз үшін аса маңызды шаруашылық.

Әрі қарай сабағымызда топ бойынша жұмыс жасаймыз.

1.Жанұялық топта отырады.

2.Мәтін беріледі.

3.Экспорттық топқа кетеді.

4.Сол топта орындайды, жұппен, топпен пікір алмастырады.

5.Жанұялыұ топқа оралады.

6.Топта ақпарат алмасады.

7.Әр топтан оқушылар ойларын айтып қорғайды.

Қосымша тапсырма: әр топқа төрт - түлік беріледі, сол бойынша жұмыс жасайды және қорғайды.

Бекіту: сонымен төрт - түлік мал ішсең тамақ, кисең киім, мінсек көлік.

Бағалау.

Үйге тапсырма: мәтінді оқып, әр топ қорғайды.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал