- Учителю
- Көкшенің көрінісі
Көкшенің көрінісі
Күні:11.03.15ж
Сабақтың тақырыбы: Көкшенің көрінісі
Мақсаты:
Білімділік: Мәтінді түсініп оқиды, топтық тапсырмаларды орындайды.
Дамытушылық: Тіл байлығын,ойлау қабілетін дамытады,шығармашылығы артады.
Тәрбиелілік: Топ мүшелері сабаққа белсене араласады, өз елін жерін, тау- тасын сүюді үйренеді.
Оқытудың нәтижелері:
1. Өз пікірін жеткізу арқылы тапсырманы орындай алады.
2. Оқушы өз ойын еркін түрде жеткізеді және тыңдайды.
Кейбір оқушылар топтың көмегімен тапсырманы орындай алады.
Қамтылатын модуль
1-модуль Оқытумен оқудағы жаңа тәсіл (топтық жұмыс)
2-модуль Сыни - тұрғыдан ойлауға үйрету (миға шабул)
3-модуль Бағалау
4-модуль АКТ ны пайдалану
7-модуль Көшбасшылық (топты басқару, белсенділік пен қатысу)
Сабақ барысы:
Мұғалімнің іс-әрекеті Топтың аты
Еңбек,Шаттық, Күлкі, Жігер
Ұйымдастыру:
Үй тапсырмасын сұрау
Топқа бөлу
Топтық тапсырмалар беру
Оқушының іс- әрекеті
1-топтық тапсырма
Киіктің айласы мәтінін әңгімелеу,әр топ бөлікке бөліп әңгімелейді
Өтілгенді бекіту
1-топ Жабайы аңдар мен жануарлар жауларынан қалай қорғанады .
2-топ Киіктер суға келгенде нелер аңдып отырды.
3-топ Теке неге дара оқшауланып қалды
4-топ Теке өз үйірін қалай қорғады.
Жаңа сабаққа қызығушылығын ояту. Ой қозғау
Жоңғар Алатауы, Тян-Шань тауы, Хан тәңірі,Бурабай,Көкшетау таулары көрсетіледі.
Таулардың суретін көре отырып жаңа тақырыптың аты келіп шығады.Олай болса бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы Көкшенің көрінісі
Көкшетау туралы мәлімет
Көкшетау Сарыарқаның Солтүстігінде Көкшетау қыратының Солтүстік шығыс бөлігінде оқшау орналасқан.Жартасты,орманды, көлді тау.Тау девон, симур гранниттерінен түзілген.Тау беткейінде қайың, терек, әртүрлі бұта аралас, шөптер өседі. Көкшетауда Бурабай Оқжетпес Шучинск денмалыс орындары бар.
Автор туралы мәлімет
Сәбит Мұқанов аса көрнекті жазушы 1900-1973 жылдары өмірде болған. Ол қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар деген жерде дүниегеп келген.
Шығармалары Сұлушаш, Ботагөз Халық мұрасы
Әңгімелері Көкшенің көрінісі,Шыбынсыз жаз
2-топтық тапсырма
Оқулықпен жұмыс Мәтінді түсініп оқу
Әр топтан бір оқушы оқып көрсетеді
Дәптермен жұмыс
Мөлдір көк,көгілдір аспан, ақ ұлпа бұлт,бұйра сағым, көкорай шалғын, қалың селеу,аспанмен астасқан.
3- топтық тапсырма
Көкшенің көк гауһарындай деген азат жолдан бастап аяғына дейін жаттан айт
Жергілікті жермен байланыс
Маңғыстаудағы таулар Отпан тау ,Шерқала Бесшоқы, Үстірт Күйкен, Отпантау тарихи - мәдени кешен. Шерқала -Шетпе маңында орналасқан. Бесшоқы Маңғыстау тауларының ішіндегі ең биігі, Үстірт батыста Маңғыстау түбегімен Қарабұғаз шығанағы шығыста Арал теңізімен Әмудария арағын алып жатқан дөңесті тау.КүйкентауМаңғыстау облысы Бейнеу ауданында орналасқан..
4-топтық тапсырма
Постер қорғайық
Көкшенің көрінісі мәтіні туралы өз ойыңды жаз.
Мен бүгінгі сабақта не үйрендім. Жеміс ағаштарының жемістерін ілдіреді.
Бағалау. Топ бағалаушыларыч және мұғалімнің бағасы тыңдалады.
Үйге тапсырма. Мәтінді оқып, әңгімелеу, мәтіндегі бояп көрсетуге болатын сөздерді жазып келу.