- Учителю
- Открытый урок по казахскому языку на тему Етістік
Открытый урок по казахскому языку на тему Етістік
Сабақтың тақырыбы: Етістік
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Етістік туралы түсінік беру, етістікті сөйлем ішінен тауып,
оған дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету. Өз бетімен жұмыс
жасату арқылы танымдық біліктері мен дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылығы: тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушылардың
теориялық ойлауын, есте сақтау қабілетін, тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелігі: ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, түсінгенінен қорытынды шығара
білуге және сауатты, көркем жазуға тәрбиелеу.
Түрі: саяхат сабақ .
Әдісі мен тәсілі: ой- қозғау, топтастыру.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану.
Көрнекілігі: тақырыпқа байланысты суреттер, қима қағаздар, слайдтар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
№ 1 слайд. 1. Психологиялық тренинг.
Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын күн келді.
Күліп шықты күн бүгін,
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Қазақ тілі- бал тілім,
Өзің барда шалқыдым.
Тіліммен бірге самалмын,
Тіліме кім тағар мін.
2. Проблемалық жағдаят туғызу.
- Балалар, бүгін біз үшін ерекше, әрі әсерлі сабақ. Біз саяхатқа Тараздан Астанаға теміржол арқылы поездбен барамыз.
№ 2 слайд. Жұмбақ
Қатар жатқан қос білек,
Үстінен келер күш үдеп
(теміржол)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
-
Балалар, біз саяхатқа шықпас бұрын білімімізді тиянақтау үшін зат есім тақырыбы бойынша ережелерді еске түсірейік.
3. Арнайы сөздік қор алу. 5 минут (өткен ережелерді жатқа жазу керек)
Өтілген тақырыпты бекіту (суретпен жұмыс)
ІІІ. Жаңа сабақ. Қызығушылығын ояту.
4. «Пантомимо» ойыны.
Ойынның шарты: Әр оқушы берілген сөздерді тек қимылмен көрсетіп
түсіндіреді, ал қалған оқушылар қандай сөз екенін табады.
Оларға сұрақ қойылады?
-
Бұл сөздер қай сөз табына жатады ?
Жүгірді Жүзді Ұшты Жазды
- Балалар, қимыл арқылы сөздерді таптық, қай сөз табы екенін де анықтадық. Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Етістік».
Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз. Сұрақтары: не істеді? не қылды? қайтті?
ІV. Мағынаны ашу стратегиясы.
- Енді біз Шу бекетіне келдік. (Шу бекеті туралы мағлұмат) Бұл бекеттің тапсырмасын орындау үшін оқулықтағы 1-жаттығуға көңіл аударайық. Шарты: өлеңнен етістіктерді тауып, олардың астын сызу.
5. Жаттығулар орындату.
- Міне, Қазақстанның ең ірі көлі Балқашқа да келіп жеттік.
№ 3 слайд. 2-жаттығу. Жаңа ақпараттар (фото-суретпен жұмыс)
-
Қаз бен үйрек 110 градусқа дейінгі суыққа төзеді.
(қаздың 7 түрі, үйректің 26 түрі бар)
2) Керіктің тілінің ұзындығы 60 сантиметрге жетеді.
3) Аралар сары гүлдерге көбірек қонады.
4) Кактус жылына бір рет гүлдейді.
5) Жапалақ қорегін түнде аулайды.
- Ал, балалар, Қарағанды қаласының тапсырмасы күрделірек екен. Бұл тапсырманы жақсылап ойланып, асықпай орындауға тырысайық. Егер бұл тапсырмадан қателессек, Астанаға жете алмаймыз.
№ 4 слайд. 4-жаттығу. ( оқулықтағы сурет бойынша әңгіме құрастыру)
«Арман мен күшіктің достығы» мәтініне ат қою.
1-оқушы: Қыс. Далада қар жауып тұр. Арман көшеге серуенге шықты.
Ол келе жатып, иесіз жаурап тұрған кішкене күшікті көрді.
2-оқушы: Арманның артынан күшік еріп жүрді.
3-оқушы: Жаураған күшікке Арман қол шатырын берді.
4-оқушы: Екеуі де қар астында қалмау үшін қол шатырды бірігіп ұстады.
Мәтінге байланысты сұрақ қою.
Көмекші бағдарламасымен оқитын Спанбетова Айгерім және Л.Брайль жүйесі бойынша оқитын Ізтілеу Айданамен жеке жұмыс:
Спанбетова Айгерім : сөздерді буынға бөліп жазу, дауысты дыбыстарды
анықтау.
Ізтілеу Айдана: қима қағаздағы заттарды анықтап, мәтін құрау.
6. Түзету жұмысы: Артық сөзді тап?
7. Сергіту сәті: Бір саусағым тіпті де,
Ұстай алмайды жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды,
Өнерлі екен он саусақ
Қала салсақ, жол салсақ.
- Міне, балалар, көптен күткен Астанаға да келіп жеттік. Енді осы Астана қаласына берілген тапсырманы орындайық...
8. 5- жаттығу. (дәптерге, тақтаға орындату)
Шарты: Өлеңді аяқтау.
Қанатым...
Қиялым...
Ақын да, ғалым да...
Ұстазсыз...
- Ал енді, балалар көңіл-күйлерің қалай? Қимыл іс-әрекетке байланысты қандай сөздер білдік? Қандай қалалардың үстінен өттік?
9. Сабақты қорытындылау: Етістік туралы не білдік?
Сөз табы
Етістік Заттың қимылын білдіреді
Іс-әрекетін білдіреді
Сұрақтары: не істеді?
қайтті?
не қылды?
10. Оқушы білімін бағалау.
Мадақтау.
11. Үйге тапсырма: 7- жаттығу