- Учителю
- Конспект Оқытудың тиімді тәсілі АКТ-ны қолдану тәжірибемнен
Конспект Оқытудың тиімді тәсілі АКТ-ны қолдану тәжірибемнен
|
Аты-жөні: Қалмұратова Гүлайым Сағатқызы
Пед өтілі : 30 жыл
Санаты : жоғары
І-деңгейлі сертификатталған мұғалім
</<font face="Times New Roman, serif">Шығармашылық тақырыбы : Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыта отырып, белсенділігін арттыру.
« Оқытудың тиімді құралы -АКТ-ны қолдану тәжірибемнен»
Компьютерлік технологияны пайдалана отырып; дарынды, орташа және үлгерімі төмен оқушыға сабақты ойдағыдай меңгеруіне жол ашамыз.АКТ құралдары дегеніміз- микропроцессорлық ақпаратты таратудың жаңа құралдары мен жүйелері,ақпаратты жинақтау,сақтау мен өңдеу сонымен бірге аппараттық және техникалық құралдар мен құрылымдарды айтамыз.
Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:
Интерактивті тақта
Мультимедия Интернет кеңістігі
Электронды оқулық
АКТ-ны сабақта пайдаланудың тиімділігі :
1.Оқушының еркін ойлануына мүмкіндік береді
2.Оқушының ақыл-ойын дамытады.
3.Шығармашылық белсенділігін арттырады .
4.Ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді.
5.Тіл байлығын жетілдіреді.
6.Жан-жақты ізденушілігін арттырады .
5-сурет
АКТ-ның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді шәкірт тәрбиелеу
мұғалімнің басты міндеті болып табылады.Қазіргі дәстүрлі емес сабақ
түрлеріне видеосабақтар,интернет - сабақ,спектакль -сабақ,
саяхат-сабақ және т.б жатқызуға болады.
Замануи АКТ- құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды
ұқыптылыққа,нақтылыққа,берілген тапсырмаларды нәтижелі
орындауға
сондай-ақ АКТ-құралдарымен жұмыс істеу барысында оқушылар өзінің
жеке
іс-әрекетін дұрыс жоспарлауға , дұрыс шешім қабылдауға
тәрбиелейді.Әр
баланың ойлау қабілеті әр түрлі болады; мысалы бірі шапшаң ойлап ,
тез жұмыс істесе кейбірі тақырыпты баяу қабылдап, тапсырманы қайта
қарап шығу керек болады.Осы орайда АКТ-ны пайдаланып презентация
құралдары арқылы сипаттап, артынан осы материалды флеш-карталарына
салып беру бала үшін тиімді болады.Бұл оқушыларға бір жағынан
материалды көрнекті түрде көрсету болса,екінші жағынан мұғалімге
осы материалды қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін
жеңілдетеді