- Учителю
- Сабақ Табиғатты аялау (1 сынып)
Сабақ Табиғатты аялау (1 сынып)
Сабақтың тақырыбы: Табиғатты аялау.
</ Сабақтың мақсаты: «Қиянат жасамау» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі мәнін ашу.
Міндеттері:
- «Табиғатқа» қиянат жасамау қажеттігін түсіндіру
-Балалардың табиғатқа аялы қарым-қатынастарын дамыту.
-Табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Ресурстар: дәйексөз жазылған плакат, дәптер.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
1.Сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгендеу.
3. Тыныштық сәті.
Тыныштық сәті. Орманға ойша серуен.
Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз . Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің бірін жақындап , еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқлығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз.
Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз.Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз , ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз.
(1-2 минут үзіліс)
Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай . Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді ,қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық , тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып , күлімсіреңіз !
Үй тапсырмасын тексеру.
Табиғат деген не ?
-Табиғат деген не ? - деп сұрады кішкентай шабақ.
-Табиғат дегеніміз - телегей теңіз су, - деді бақа.
-Табиғат дегеніміз не ? - деп сұрады аюдың қонжығы.
-Мен талай жерде болғанмын, мен де білемін, ол-орман,- деді енесі.
-Табиғат дегеніміз не ? - деп сұрады бота енесінен.
-Ол көп құм, тікенек шөп. Талай жерде болғанмын, мен де білемін.
-Табиғат деген не ? - деп сұрады тоқылдақ қарлығаштан.
-Әрине, таза ауа, ашық аспан, дәнді дақылдар.
Ұсақ жәндіктер де бір-біріме н «табиғат деген не ?» деп , таласып үлгерді.
-Жер,жер!-деп жар салды бөкен. Әрине, бәріміздің асыраушымыз, анамыз-Жер-Ана,
Табиғат -Ана десті барлығы бір дауыспен.
1.Сендер табиғат дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Неліктен табиғатты Анаға теңейміз?
3. Табиғат бізге не береді?
Дәйексөзді оқушылармен бірге екі рет қайталап, мәнін ашамыз. Дәптерге жатқа жазамыз .
Дәйексөз.
«Таза болса табиғат, аман болар адамзат»
Ф.Оңғарсынова.
Дәйексөзді талдау үшін сұрақтар қойылады.
Табиғат не үшін таза болу керек ?
Мұғалімнің балаларға сыйлығы.
Екі түп алма ағашы.
(аңыз әңгіме)
Бір бағбанның қолына екі түп алма ағашының көшеті түседі. Бағбан әлгі көшеттерден өздерін қай жерде отырғызғанын қалайтындықтарын сұрайды. Сонда біріншісі :
- Мені көлеңке емес, үнемі күннің көзі түсіп, су тиіп, елдің көз алдында болатын жерге отырғызыңыз. Және жиі қопсытып, қарап тұрғаныңызды қалаймын,- дейді. Ал екіншісі болса:
- Маған бәрібір, сіздің онсыз да бақта басқа шаруаларыңыз жеткілікті, сондықтан мені қай жерге, қандай орынға отырғызсаңыз да өзіңіздің қалауыңыз білсін. Күн түсіп не не түспеуі де міндетті емес. Орын болмаса, басқа алма ағаштарының қасына еге салсаңыз, - дейді.Бағбан оларды өз тілектеріне сай отырғызады. Бірінші түп алма ағашы тез бой көтеріп, жайқалып күн астында құлпырып өсе бастайды. Бағбан күнде оны суарып, түбін қопсытып жүреді. Өсе келе ол керемет жеміс береді. Жан-жағына төгіле пісіп, көздің жауын алады. Еөрген адамдар оған таң-тамаша еді. Екінші түп алма ағашы болса, сол күйінде баяу өсіп, берген жемісін құрт басып кетеді. Адамдар да оған аса мән беріп қарай бермейді.
Мәтінге сұрақ:
-
Балалар, әңгіме не туралы болды?
-
Бағбанның сұрағына қай алма ағашы дұрыс жауап берді деп ойлайсыңдар?
-
Екінші алма ағашы неліктен жеміс бермеді?
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
«Орманға серуен» тыныштық сәтінен сезінген әсерлерін іс-қимыл арқылы көрсету.
4 қыз бала гүл болып бүршік жарып ашылады.
Гүлдерге 4 қыз бала көбелек болып қонады.
4 оқушы шықылықтаған торғай болып, ұшып келеді.
4 оқушы жәндіктер болып жыбырлап келеді.
4 оқушы қол шатыр ұстап, әсем табиғатты тамашалауда.
Топтық жұмыстың мақсаты: Адам мен табиғат үйлесімділігі. Табиғатпен сырласуы.
Топпен ән айту
Саржайлау
Сөзі: М.Мақатаевтікі
Әні: Н.Тілендиевтікі
Жазира, жасыл кілем өрнектеген
Туған жерге, дариға, жер жетпеген!
Кең өлкем, әлдилей бер сен деп келем
Аңсап келем, сағынып, шөлдеп келем
Саумал бұлақ - балдай дәрім
Салқын самал - баурайларың
Саялаған, беу, туған жер
Сағындырған, Саржайлауым
Армысың, ата - қоныс, жасыл мекен!
Ұланыңмын, мен сенің қасыңда өтем
Басқаның жерұйығын неғылайын
Жерұйығы өзімнің қасымда екен!
Саумал бұлақ - балдай дәрім
Салқын самал - баурайларың
Саялаған, беу, туған жер
Сағындырған, Саржайлауым
Жадырап, жұтайыншы тау самалын
Осы ғой сағынып аңсағаным
Гүлдерім, шыршаларым, аршаларым
Бәріңе арнап мен бүгін ән саламын
Үй тапсырмасы.
«Орманшының баласы» мәтінін оқып келу.
Дәптерге табиғатқа байланысты сурет салу.
Сабақтың қорытынды сәті:
Тыныштық әні
Тыныштық,тыныштық, тыныштық бар жерде,
Тыныштық,тыныштық, тыныштық әлемде.
Балалар! Денелеріңді тік ұстап, отырың дар. Табиғат қандай сұлу, қандай әсем. Осы әдемілікті бүлдірмей, Табиғат-Ананың бізге берген сыйын күте білейік. Оған қиянат жасамайық. Табиғатқа мейірімділік көрсетейік!