7


Жер сілкінісі 3 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Жер сілкінісі

Мақсаты: Ең маңыздысы - сабырлы болып, үрейсіз әрекет ету, жылдам қозғалу қажет екенін , Ретсіз іс қимыл жасамау , өйткені осыдан үрей туындайтыны жөнінде, балалар мен егде адамдардың қамын ойлауға , газ, су, және жарықты сөндіру туралы түсініктер беру.

Сабақтың барысы:

Түрлі күштегі сейсмикалық көріністер Қазақстан Республикасы аумағында жиі кездеседі. Әрбір жер сілкінісіне мән бермеген жөн. Үстірттің әлсіз тербелістері (5 баллға дейін) Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс және басқа аудандарында жылына бірнеше рет болып, зақым келтірмейді. Бірақ, егер тербеліс күші бірден немесе бірте-бірте 5-6 баллға дейін жететін жер сілкінісі басталса, - бұл қауіпті нышан. Бұдан кейін оқиғалардың үштен бірінде тербелістер 7 және одан да жоғары баллға дейін жетіп, күштірек болады.Жер сілкінісі ойда жоқта келгенін ескерсек, төтенше жағдай кезіндегі өз әрекеттерін алдын-ала жоспарлап қою өте маңызды. Белгілі бір жағдайда қандай әрекет жасау керек екенін білгенде, өз өмірін сақтап қалу мүмкін. Негізінде, өлім және жер сілкінісі кезіндегі алған жарақаттардың себебі жер асты дүмпуі емес. Өлімдердің көбі ғимараттардың қирауы, сынықтар мен пеш мұржаның және көшедегі жарықтандыру бағананың сынықтары және т.б. сияқты заттардың құлауы нәтижесінде пайда болады.

ЖЕР СІЛКІНІСІ КЕЗІНДЕ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК? ҮРЕЙЛЕНБЕҢІЗ!

Ең маңыздысы - сабырлы болып, үрейсіз әрекет ету. Бірақ жылдам қозғалуыңыз қажет. Ретсіз іс қимыл жасамағаныңыз жөн, өйткені осыдан үрей туындайды. Балалар мен егде адамдардың қамын ойлаңыз (олардың кейбіреулері жылжуда қиыншылықтарға тап болуы мүмкін).

ТҰРҒЫН ЖАЙДА: Газ, су, және жарықты сөндіріңіз;алдын ала таңдалған орында (іргелі ішкі қабырғалардың арасы, іргелі ішкі қабырғалардың бұрыштары, колонна жанындағы және каркас астындағы орындары) тығылыңыз;терезеге жақындамаңыз;есік жақта үрейді туғызбай, лифтіні пайдаланбаңыз.

КӨШЕДЕ: Ғимараттардан алысырақ ашық жерге барыңыз, үзілген сымдардан абай болыңыз;ғимараттарға кірмеңіз.

КӨЛІКТЕ: Мүмкіндігінше тез арада ашық жерде тоқтаңыз;

дүмпулер аяқталғанша көліктен шықпай, орныңыздан қозғалмаңыз;

автобус жүргізушісі есікті ашып қоюы тиіс.

ЖЕР СІЛКІНІСІНЕН КЕЙІН: Сабырлылықты сақтаңыз, зардап шеккендерге көмектесіңіз; радиоқабылдағышты қосыңыз, жергілікті биліктің, азаматтық қорғаныс штабының нұсқауларын қадағалаңыз;аса қажеттіліксіз телефонды ұстамаңыз;зақымдалған ғимараттарға аса қажеттіліксіз кірмеңіз;

жарақаттанбау үшін мықты аяқ киім киіңіздер, құтқарушы және басқа шұғыл жұмыстарға қатысыңыздар.Жер сілкінісі кезінде қауіп-қатерді болдырмау үшін арналған жалпы ұсынымдар:жиһаздың ауыр заттары құлайтын жерде ұйықтауға болмайды. Салмақты ауыр заттарды еденге немесе қабырғаға шегелеп қою қажет.биік сөрелерге ауыр заттарды қоймаңыз, өйткені олар құлап адамдарды жарақаттауы мүмкін.егер дежер сілкінісі түнде болса шамды даярлап қою керек.төтенше жағдайлар туындағанда жеткілікті көлемде ішетін сумен тағам болу керек. Әрбір адам әр түрлі жағдайларда әрекет ету жоспарын өзі жасау керек. Жер сілкінісі кезінде өзі және отбасы мүшелерінің әрекет ету жоспарын анық білу қажет. Және де жер сілкінісі кезінде сабырлылықты сақтаңыздар, лайықты іс жасап,

ҮРЕЙГЕ ЖОЛ БЕРМЕҢІЗ!

Не істеу керек?

Егер жер сілкінісі басталса, байбалам салып, өзіңізді де, жұртты да дүрліктірмеңіз. Көп қабатты үйдің бірінші қабатында немесе жер үйде тұрсаңыз, тез арада ғимаратты тастап шығуға тырысыңыз. Себебі, әлсіздеу бірінші дүмпу мен күштірек екінші дүмпудің аралығы 15-20 секундқа ғана созылады. Содан соң бірден ғимараттан алысырақ, ашық жерге шығуға асығыңыз.

Ал егер екінші қабатта немесе одан биігірек орналасқан болсаңыз, ғимарат ішінен шықпаңыз. Үлгере алмауыңыз мүмкін. Жер дүмпуінің тоқтауын күту үшін қауіпсіз жерді алдын ала анықтап алғаныңыз жөн. Мұндай орын ретінде қабырғаның ішкі іргесін, бұрышты алуға болады. Құлайтын ауыр заттардан қорғану үшін, үстел мен кереуеттің астына тығылуға болады. Сонымен бірге, жуынатын бөлмедегі ваннаның ішіне немесе астына тығылып, мойныңыз бен басыңызды жастық немесе киім-кешекпен қымтап қою да көмектеседі. Көп қабатты үйде баспалдаққа бастайтын есікті ашып, есік жақтауына тұруға болады. Мектепте болсаңыз, партаның астына тығылыңыз. Терезеге бетіңізді теріс қаратып, қолыңызбен басыңызды жабыңыз. Жер сілкінісі кезінде кез келген ғимарат ішінде терезеден немесе тепкішектен аулақ болуға тырысыңыз. Есіктің алдында кептеліс жасауға, бірінші қабаттан жоғары орналассаңыз, терезеден секіруге, лифтке кіруге болмайды. Өйткені, күшті жер дүмпуі кезінде, көбіне, электр қуатын беру жүйесі автоматы түрде тоқтайды. Дүкен сияқты қоғамдық орында болған жағдайда, ғимарат ішінен шығатын есікке қарай жүгіру дұрыс емес. Бұл - өте қауіпті. Өйткені, жан-жақтан витриналар қирап, шыны сынықтары ұшуы мүмкін, сонымен бірге, шығар есіктің алдында кептеліс болуы әбден мүмкін. Ең дұрысы, бетіңізді төмен қаратып, басыңызды сөмкемен немесе пластикалық папкамен жауып, аяғыңызды ішке бүккен күйі тырп етпестен жатыңыз Жер дүмпуі басталғанда көлік ішінде болсаңыз ғимараттан, электр жүйесінен аулағырақ кетуге тырысыңыз. Автокөлігіңізді жолдың шетіне қойып, жер асты дүмпуі аяқталғанша, салоннан шықпаңыз. Егер жер сілкінісі кезінде көшеде болсаңыз, ашық алаңқайларда қалыңыз. Ғимаратқа жақындамағаныңыз абзал. Ашық жер ең қауіпсіз орын екенін есте ұстаңыз! Сонымен қатар, ғимаратқа таяу жерде қалуға мәжбүр болған жағдайда қабырғаның бөлігі, кондиционер компрессоры, шыны сынығы және электр желілерінен сақтаныңыз.

Жер сілкінісінен кейін не істеу қажет?

От жағып, электрді (электр жарығын немесе электр құрылғыларын) қоспаңыз, себебі газ жайылған жағдайда ұшқынның өзі жарылысқа алып келуі мүмкін. Ғимарат ішінен шығып, ашық алаңқайда қалуға тырысыңыз. Үйден шықпас бұрын басты газ краны мен пәтердегі электр жарығын өшіруді ұмытпаңыз. Сонымен қатар, бүкіл үйді көгілдір отынмен қамтитын басты газ кранын сөндіру өте маңызды. Радионы (мәселен, көлік ішінде) тыңдап тұруды ұмытпаңыз. Бұл сіздің керекті ақпарат пен нұсқау алуыңыз үшін қажет.

Қорытынды: Қорта келгенде жер сілкінісі болған кезде қауыпсіз жерлерге шыққан жөн. Жер сілкінісі сипатының негізгі көрсеткіштері қарқындылығы және зақым ошағының тереңдігі. Жердің беткі қабатында жер сілкінісінің қарқындылығының пайда болуы баллмен есептелінеді

Жердін беткі қабатында жер сілкінісінің карқындылығыЖер сілкінісінің атаулары

Белгілері

1

Білінбейтін

Сейсмикалық аспаптармен белгіленеді

2

Өте әлсіз

Тыныштық қалыпты жағдайда тұрған адамдарға сезіледі

3

Әлсіз

Тұрғындардың бір шамасына сезіледі

4

Біріңғайлы

Есіктің шиқылдауы, шыны ыдыстың, терезенің,заттардың жай тербелуі

5

Күштілеу

Ғимараттың қозғалуы, жиьаздың тербелуі, сы-лактар мен терезе шыныларының шытынауы

6

Күшті

Барлығына сезіледі. Қабырғадан суреттер күлаптүседі, қабырғалар жарылады, сылақ бөлшек-теніп түседі, ғимараттар аздап зақымдалады

7

Өте күшті

Тасты үйлердің қабырғалары жарылады

8

Қирататын

Үйлер біршама құлайды. Мүсіндер орнынан жылжиды.

9

Алапатты

Тасьы үйлер күшті бұзылады және қирайды

10

Жойқын

Тасты құрылыстардың қирауы. Теміржол рельс-терінің майысуы. Көшкіндер, опырылып кұлау-лар, жерде жарьщтардың пайда болуы

11

Апат

Тасты үйлердің қиралуы. Көшкіндер, жерде жа-рықтар пайда болуы, опырылып кұлаулар

12

Күшті апат

Бір де бір ғимарат қалмайды. Жер бетінде өте үл-кен жарықтар пайда болады. Көптеген көшкін-дер мен опырылып қүлаулар. Сарқырамаларпайда болулары, өзен ағыстарының озгеруі,көлдерде су тоғандау





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал