- Учителю
- Қазақ тілі лепті сөйлем жаңа сабақ 2 сынып
Қазақ тілі лепті сөйлем жаңа сабақ 2 сынып
Пәннің аты |
Қазақ тілі |
2 сынып |
| ||
Сабақтың тақырыбы |
Лепті сөйлем | ||||
Мақсаты
|
Лепті сөйлем жайлы білімдері кеңейеді, сөйлемді тиісті дауыс ырғағымен оқуға жаттығады, сөйлемнің мағынасын анықтауға дағдыланады. | ||||
Күтілетін нәтиже |
Өз бетімен жұмыс жасайды және өзін бағалайды, | ||||
|
Типі: жаңа білімді меңгерту | ||||
Психологиялық ахуал |
Қайырлы таң достым |
Оқушылар,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа, бір-біріне сәттілік тілейді. | |||
Үй тапсырмасын бекіту.
Қызығушылықты ояту
Жаңа сабақ |
Балалар тақтада қандай жаңа ай атауы жазылып тұр. Желтоқсан Қыста қандай табиғат құбылыстары болады? Оқушы жауаптары тыңдалады. Боранның дыбысын дыбыстап көру: - Бұл ненің дыбысы? - Бәріміз бірге айтайық. - У дыбысы қандай дыбыс?
Көркем жазу минуты. Уу Уу Уу қырау 1) «Қырау» сөзімен хабарлы сөйлем құрап жіберейік. Неге хабарлы сөйлем деп ойлайсың? 2) Сұраулы сөйлем құрайық. Неге сұраулы сөйлем деп ойлайсың?
Қырау туралы айту Қырау қандай? Қырау неткен әдемі! Мен бұл сөйлемді қандай көңіл күймен айтып тұрмын. (таңданып)
- Лепті сөйлем деген не? Адамның көңіл - күйін, сезімін білдіретін сөйлемді
лепті сөйлем дейміз. Лепті сөйлем көтеріңкі дауыспен
айтылады.
|
сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі. | |||
Мағынаны ажырату
|
Оқулықпен жұмыс. 185 - жаттығу. «Балақай» Өлеңді рөлдерге бөліп оқып , көтеріңкі дауыс ырғағымен айтылған сөздерді тап. Сөйлем соңындағы тыныс белгісіне назар аудар.
Сергіту сәті. «Бақа, бақа, балпақ». Ұлдар мен қыздар екі топқа бөлініп айтады. Қыздар: Ұлдар: - Көңіл-күйіміз қандай, тыныс белгілер арқылы бағалайықшы! ( . ? ! )
Тақтамен , дәптермен жұмыс:186 - жаттығу:
Хабарлы сөйлемді сұраулы, лепті сөйлемдерге айналдырып жаз.
Сыныпта өнерлі оқушылар көп пе? Сыныпта өнерлі оқушылар қандай көп! Мектеп ауласына әдемі гүлдер егілген бе? Мектеп ауласына егілген гүлдердің әдемісін - ай!
Формативті бағалау: басбармақ, смайлик, бағдаршам, шапалақ.
Жұппен жұмыс. 187 - жаттығу: Ауызша сөйлем құра, жазбаша алақайсөзіне дыбыстық талдау жасау Алақай - 3б, 6ә , 6 д. а - дауысты , жуан. л - дауыссыз, үнді. а - дауысты , жуан. қ - дауыссыз , қатаң. а - дауысты , жуан. й - дауыссыз , үнді. | ||||
Ой толғаныс Cабақты бекіту
|
188 - жаттығу. Венн диаграммасы (плакатпен жұмыс)
Сөйлемдерді салыстырып, айырмашылығын дәлелде:
Әкем шаңғы әкелді. Алақай, әкем шаңғы әкелді! Қар қалың жауды . Қардың қалың жаууын - ай! Ауа райы жақсы екен . Ауа райы қандай жақсы!
Венн диаграммасы бойынша:
Бағанағы бораннан сендерге сый қалыпты, қар қиыршықтары. Ендеше бүгінгі сабақтағы көңіл-күйімізді хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдер арқылы білдірейік! Қар қиыршығының артына жазып, тақтаға әркім өз қалауы бойынша ілсін. | ||||
Үйге тапсырма |
189 - жаттығу. ережелерді қайталау. |
Күнделіктеріне жазып алады | |||
Бағалау |
Оқушы</<font color="#000000"> білімін бағалау |
| |||
Кері байланыс |
Алдарыңдағы қар бейнесіне сабақтан алған әсерлеріңді жазып, қалаған деңгейге жапсырайық. |
Қар бейнесін өзі қалаған деңгейге жабыстырады |