- Учителю
- 1 Сынып И дыбысы мен әрпі
1 Сынып И дыбысы мен әрпі
Оқытушының аты -жөні | Кабинеті | Пәні |
Қайырбаева Ғ | №209 | Сауат ашу |
12.11.15
Сабақтың тақырыбы: И дыбысы мен әрпі
Мақсаты:
И дыбысы мен әрпімен таныстыру.И дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасату.
Балаларға и дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуға үйрету.
И дыбысына қатысты жаңа сөздерді оқыту арқылы балалардың тілін дамыту. Балаларды шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Суреттер, сөзжұмбақ, текшелер, кеспе әріптер, сергіту, жұмбақтар,
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, сөздік, түсіндіру, тіл жаттықтыру,
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың барысы:
Қайырлы таң досым!
Қайырлы күн болсын!
Жеті күннің әр кезі
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз
Кілең бестік болсын!
Өткен сабақты пысықтау
- Қазір қандай сабақ?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дауысты дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?
- Дауыссыз дыбыстарды ше?
Жұмбақ
Кіруге адам батпайды,
Затыңды аман сақтайды
Шешуі: Сандық
- Біз сауат ашу сабағынан қандай әріптермен танысып едік? (Қане, есімізге түсіріп көрейікші)
Әріптер әлемінде
Суретте екі түсті сандықша бейнеленген, оның біреуі қызыл, екіншісі көк, балалар көрсетілген сандықшаға әріптерді кіргізуі керек. А Т П Н Ғ Р Л У Ш Й О Қ Д М Б С Ы Ж Ұ Ң Е К! Ә
5. Кім жылдам? Жұмбақтар
Үйді қорғайды,
Үйшікте тоңбайды,
Шешуі: Ит
Жылмаң-жылмаң етеді,
Жылмаңдап сайдан өтеді,
Із - міз тастап кетеді.
Шешуі: Ине
Өзі төрт қанатты,
Және алты аяқты
Сөйтсе де тікұшаққа ұқсайды.
Шешуі: Инелік
«И» әрпі қай буында?
Инелік
Киік
Ки
Тіл ұстарту жаттығуы
Ие - ие - ие
Шөгіп жатыр түйе
Дәптермен жұмыс:
Ауада жазып үйрену,тақтаға жаздыру,дәптерге жаздыру.
1. Дәптердегі берілген сөздерді хормен оқыту.
2. Жеке балаларға оқыту
И - НЕ, И - НЕ - ЛІК, ШИЕ, ШИ, ШИ - ЕЛІ
9. Сөздік жұмыс
Ине - іс тігетін құрал
Инелік - жәндік
Шие - жеміс
Шиелі - Қызылорда облысындағы аудан аты
Сергіту жаттығуы
Орнымыздан тұрайық,
Қолды белге қояйық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып алайық
Бір, екі, үш
Орнымызды табайық
«Ажырату» ойыны
И Й
«Сөз ойла, тез ойла» ойыны
Инелік
Киік
ИнеШие
Ит
Мадақтау
Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтап өту.