- Учителю
- Разработка по математики ' Қайталау'
Разработка по математики ' Қайталау'
Математика 2-сынып 17.03.2015
Тақырыбы: «Қайталау»
Мақсаты: 1.Білімділік
Әр жұмысты тыңғылықты ойлауды , альтернативті шешімдерді , сан
ұғымын өмірде пайдалана білуге үйрету.
Қоғамның болашаққа көзі ашық азаматын дайындау
2. Тәрбиелік
Жеке тұлға ретінде өз ойын еркін айтуға тәрбиелеу
Ауызбірлікке баулу
3. Дамытушылық
Өз көзқарастарын тұжырымдап , оларды жеткізуге үйрету
Ойлау қабілеттерін дамыту
Көрнекілігі: әр орталыққа арналған тапсырмалар топтамасы
Жабдығы: интерактивті тақта
Типі: қайталау
Түрі : сынақ алаңы
Формасы: жеке
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі:
Сабақтың ерекшелігі:
1) әр орталықта мұғалімдердің атсалысуы
2) жұмысты реттеуші мұғалім-оператор
3) көзқарас білдіруші мұғалімдердің қатысуы
ІІ Психологиялық дайындық:
Өзімізге ғана сенеміз, шыншыл әрі әділ түрде сабаққа қатысамыз, өнімді жұмыс жасаймыз
Орталықтар
Оқу орталығы Практика орталығы Логика орталығы
-
Теорияның жетекші рөлі
-
Теорияның практикамен ұштасуы
-
Білімді мыңды жығады
Әр топтың тақырыптары:
1-топ ----Сандар, оларды қосу, азайту
2-топ-----Ұзындық өлшем бірліктері
3-топ----Уақыт өлшем бірліктері
Оқу орталығында----түсіндіру, дәлелдеу
Практика орталығында----есептер шығару
Логика орталығы-----білімді шыңдау
Бағалау парағы
1-топ -бағалау белгісі---дельфин
Ұраны: « Ақылды , мейірімді баламыз!»
2-топ---бағалау белгісі---тау
Ұраны: «Талабымыз таудай баламыз!»
3-топ---бағалау белгісі---жұлдыз
Ұраны: «Жұлдыздай боп жанамыз!»
ІІІ Орталықтармен жұмыс:
Жұмыс жүйесі
А)
-
3-топ----логика орталығы
-
2-топ---практика орталығы
-
1-топ оқу орталығы
Бағалау
Ә)
1) 2-топ---логика орталығы
2) 1-топ---практика орталығы
3) 3-топ---оқу орталығы
Бағалау
Б)
1) 1-топ---логика орталығы
2) 3-топ---практика орталығы
3) 2-топ---оқу орталығы
Бағалау
Тапсырмалар жүйесі
1-айналым
3-топ---Логика орталығы
Мадияр
Ағасы мен қарындасы бірге 20жаста. Ағасы қарындасынан 2 жас үлкен. Ағасы неше жаста, қарындасы ше? (11,9 жас)
Жанасыл
Қазір кешкі тоғыз жарым. Бұл неше сағат , неше минут? ( 21 сағ 30 мин)
Аяулым
Інісі 5 жаста . Ал әпкесі 8 жаста. 10жылдан кейін әпкесі інісінен неше жас үлкен болады? ( 3 жас)
Айя
Ақтабан мен Марғаудың жастарын қосқанда 7 жас , 2 жылдан кейін олар неше жасқа толады?
(11 жыл)
Еркебұлан
? апта + ? апта----1 ай 3 апта , 9 күн
Әділет
? ғасыр + ? жыл---- 300 жыл
Несібелі
? мин + ?мин ---2 сағ 60 мин, 60 мин
2-топ ---- Практика орталығы
-
70000м ---?км
-
9дм 5 см ---? см 2 м 6 см ----?см
-
Ұзындығы 12 см , ені одан 6 см қысқа болатын тік төртбұрыштың периметрін тап
-
101 жыл ----?ғас ? жыл
-
4 см кесінді сызып , оны екіге бөл
1 топ -----Оқу орталығы
Ерұлан
25 саны туралы мәлімет бер
Сағди
447 ---4006-+40+7 қандай заңдылық
Алтынай
296---санында барлығы 29 онд . Неліктен?
Ғазиза
247+112----359 Бұл қалай?
Аружан Ә
500-200---300 теңдігін оқы
Тілеуқабыл
а -18 өрнегін оқы
Бағалау
2-айналым
2-топ---Логика орталығы
Үміт
12 метрлік бауды 3 бөлікке бөлу үшін неше рет кесу керек ?( 2 рет)
Әліби
Бала арқанмен 3 м биіктікке көтерілді . бұл арқанның төрттен бір бөлігі . сонда арқанның ұзындығы неше метр? (12м)
Әлішер
Үлкен адамның бойы 1680 мм бола ма ? Есепте
Ғания
Арманның үйінен мектепке дейін 45 м. Ол білім алу үшін неше метр жерді жүріп өтуі керек? (90м)
Гүлназ
Периметрі 16 см тік төртбұрыштың ұзындығы 5см , ені қанша? (16-5-5---6-3-3см)
Аружан С
3 дм - 15 см ---- ? см ( 15 см)
Нұрайым
Үшбұрыштың бір бұрышын кескенде неше бұрыш қалады?төртбұрыш)
Мағжан
Лентаның 2 шеті бар. Оны екі рет қиып алса, неше шеті қалады?(2 шеті)
1-топ---- Практика орталығы
-
Х+11---72-2
-
147+95---
-
6+ .........................----24 32- 8 -....................-----0
-
Сыныпта 12 қыз бала және одан 2-еуі артық ер бала бар. Сыныпта қанша оқушы бар?
-
540+30------?онд+?онд ----№ онд
-
680-30------( ? + ?) -30
3-топ ---оқу орталығы
Мадияр
Жолаушы ұшақпен 3 сағ ұшты да, автобуспен 5 сағ және пойызбен 1 тәул жүрді. Жолаушы жолда қанша уақыт болды?
Жанасыл
1 сағ 23 мин ----83 мин бұл қалай?
Аяулым
4 мезгіл ----12 ай Түсіндір
Несібелі
Биыл тәуелсіздікке 24 жыл толады. Оны қалай есептеген?
Әділет
Биыл Ата Заңға 20 жыл толады. Бұл қалай?
Еркебұлан
506 жыл -----5 ғас 6 жыл Түсіндір
Айя
Бұрын қазақтар уақыт өлшемдерін табиғатқа қарап қалай есептеген?
Бағалау
3-айналым
1-топ----- Логика орталығы
Алтынай
Мысықтың 6 мысықайлары бар. Олардың жартысынан көбі шикіл сары, қалғандарының түсі ақ, Сонда шикіл сары нешеу, ақ нешеу? ( 4+2---6)
Сағди
Вазада 3 алма мен 7 мандарин жатты. Кешкі тамақта барлық алма және сонша мандарин желінді. Демек қанша мандарин қалуы керек?( 4 мандарин)
Ғазиза
Мына сандар қалай орналасқан?
34, 41, 49, 59 (7,8,9-ға өскен)
Аружан Ә
Үміттің 4 жұп туфлиі бар. Оң аяғына киетін туфлиі нешеу?(4)
Тілеуқабыл
Мараттың айтуынша оның жасы 10-нан көп емес , 10-нан аз емес . Мараттың жасы нешеде? ( 10 жас)
Ерұлан
Мысықтың аяғында 5 тырнақтан, балапанның аяғында 4 тырнақтан болады. Аулада 3 мысық 2 балапан жүр. Барлығында неше тырнақ бар?)(1 мысықта ---20 тырнақ 3 мысықта -60 тырнақ)
1-балапанда -8 тырнақ 2 балапанда---16 тырнақ
60+16----76 тырнақ)
3-топ ---Практика орталығы
Тест
-
63 с---? А) 1 мин Ә ) 1мин 3 с Б) 2мин 3с
-
2 сағ 9 мин ----- ? а) 29 мин Ә 169 мин Б) 129 мин
-
4 ғас 12 ай ----? А) 401 жыл Ә) 412 жыл Б) 402 жыл
-
3 тәул ---? А) 36 сағ Ә) 24 сағ б) 72 сағ
-
90 мин ---? А) 2 сағ 0 мин Ә) 1 сағ 30 мин б) 9 сағ 0 мин
-
18 күн ----? А) 2 апта 2 күн Ә) 2 апта 3 күн Б) 2 апта 4 күн
-
24 ай --- ? А) 1жыл ә) 2 жыл Б) 1 жарым жыл
-
Екінші мүшел жас а) 13 жас ә) 25 жас Б) 37 жас
-
Күн тас төбеге келген уақыт? А) таңғы уақыт Ә)түскі уақыт б) кешкі уақыт
-
Ұлы Отан соғысы 1945 жылы аяқталды. 2020 жылы Жеңістің неше жылдығы тойланады? А) 65 ә) 70 б) 75
Жауаптары:
-
Ә
-
Б
-
А
-
Б
-
Ә
-
Б
-
Ә
-
Ә
-
Ә
-
Б
2-топ ------Оқу орталығы
Нұрайым
Ұзындық өлшем бірліктерін өсу ретімен ата:
Аружан С
Үшбұрыштың периметрін қалай есептейміз?
Ғания
Ұзындығы 16 дм , ені одан 9 дм қысқа болатын тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз?
Үміт
Қазақ бұрын ұзындықты қалай өлшеген?
Гүлназ
Периметрі 16 см болатын шаршының қабырғасын қалай табамыз?
Әліби
888 см ---8 м 8 дм 8 см түсіндір
Мағжан
42 см ---4 дм 2 см Түсіндір
Әлішер
Таяқшаның ұзындығы 8 см , ал қарындаштың ұзындығы 20 см . Қарындашпен 8 рет өлшеген үстелді таяқшамен 20 рет өлшейді екен. Бұны қалай түсіндіруге болады?
Бағалау
ІҮ Қорытынды бөлімі:
Балалар , біз сонымен 3 орталықта да өз білімімізді сынап көрсеттік. Рахмет!!!!!!!!
Енді білім нәтижесіне назар аударалық
-
Дельфиндер
-
Таулар
-
Жұлдыздар
Біз бүгін болашағымыздан үлкен үміт күттіретін жеңімпаз балаларымызды « Алтын басты адамға» теңеп, мынадай бас киімді сыйға тартамыз
Ү Үйге тапсырма : №1----№7 (200-201-беттер)+логика
« Жетеліге 7 өсиет» аңызында Ұлықпан хакім мың жасаған екен. Ерекше таланты мол білікті және зеректі гі арқасында даңқы шартарапқа жайылған . Қандай қиын дауды болмасын оңай шешіп , қандай кеселді болмасын емдеп , жазып отырған. Күндердің күнінде Ұлықпан өз шәкірттеріне жеті өсиет айтыпты:
-
Ерте тұру
-
Орта тазалығын сақтау
-
Дене шынықтыру
-
Үнемі денені таза ұстау , ыңғайлы киіну
-
Үнемі сергек жүру
-
Артық тамақ ішпеу
-
Көп ұйықтап жалқау болмау
Осындай ғұлама өсиетті жадымызда сақтап жүрейік .