7


  • Учителю
  • Өткен күндер жеңісі тәуелсіздік жемісі

Өткен күндер жеңісі тәуелсіздік жемісі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Өткен күндер жеңісі -Тәуелсіздік жемісі»

Мақсаты: Қазақ елінің қаһармандық тарихы туралы түсінік беру.

Тарихымызға шолу жасау арқылы «Тәуелсіздік» қасиетті ұғым екеніне көз жеткізу, болашаққа сеніммен қадам басуға жас ұрпақты жаңа қазақстандық патриотизмге, азаматтыққа, ұлтжандылыққа, имандылық пен инабаттылыққа, достыққа, адамгершілікке Отанына адал қызмет етуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қ.Р.мемлекеттік рәміздері, тарихи шолу слайдтары, бейнематериалдар, жалаушалар, шарлар,стендтер, оқушылар шығармалары т.б.

Түрі: саяси танымдық тәрбие сағаты.

Барысы: Армысыздар, құрметті қонақтар, мұғалімдер, оқушылар! Бүгін біздің еліміздегі атаулы мерекелер аясында өткізіліп жатқан аудандық семинардың бағдарламасы бойынша «Өткен күндер жеңісі - Тәуелсіздік жемісі» тәрбие іс-шарасына қош келдіңіздер!

1.Әнұран орындалады барлық кезеңнің балалары кіреді.

Мұғалімнің кіріспе сөзі. (слайдтар жүріп жатады) Біздің туып өскен жеріміз-Қазақстан Республикасы. Ол-көне замандардан басталатын тарихы бар, аса бай ел. Бір өзіне бірнеше мемлекет сыйып кететін қазақтың ұлан-байтақ жерін ата-бабамыз,ел басқарған дана басшыларымыз сан- ғасырлар бойы «ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен», «қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай» сырттан төнген қауіп-қатерден қызғыштай қорғап келген. Қазақ халқы -ержүрек, достыққа адал, бауырмал,қонақжай халық. Қазақ еліне тәуелсіздікке жету өте қиынға соқты.Біздің көптеген ата-бабаларымыз құрбандыққа душар болды. Енді соларға байланысты еліміздің тарихына көз жіберейік. ХV ғасырда Қуатты қазақ хандығын құрдық. Алайда Қазақстан мемлекеті бейбіт тыныш өмір сүре алмады. Ұлан-байтақ елімізге жан-жақтан көз тігіп ойран салушылар көбейді. Бүгінгі тәрбие сағатымыз 4 кезеңге бөлініп өткізіледі

І-кезең «Ата-бабам аңсаған тәуелсіздік», ІІ-кезең «Ұлы Жеңіске -70 жыл» ІІІ- кезең «Тәуелсіздік еркіндік жолында», ІV-кезең «Ассамблея -Қазақ елінің бірлігі жылы»

Деректі фильм «Қазақ хандығына 550 жыл» 2 мин

слайд «хандар, батырлар туралы» көрсетіліп жатады. (күй ойналып тұрады)

1-оқушы Нұрберген: 15-ғасырда Шу мен Қозыбасы өңірінде Жәнібек пен Керей қуатты қазақ хандығын құрды.

2- оқушы Әсем: Қасым мен Тәуекел Сыр бойындағы қалалар үшін күресті.

Айсұлу:

Көк найза,сары садақ асынғандар

Есесін жібермеген басынғанға .

Мәңгілік мекен тауы жатыр мұнда ,

Қасқа жол салып кеткен Қасымхандар.

Алысқан жауларынан асқан әлі,

Әуелде ел болғанбыз Астаналы ,

Қазақтың елдік, бірлік ,татулығы,

Тек қана Қасымханнан басталады.

3-оқушы-Нұрсұлтан: Тәуке хан «Жеті Жарғы» заңдар жинағы арқылы үш жүздің басын біріктірді.

4-оқушы- Балжан: Абылай хан Жоңғарларға қарсы белсене күресті және олардың тарих сахнасынан кетуіне себепші болды.

Әсем:

Абылай

Алтын тақтың үстінде

Үш жүздің басын құрадың,

Жетім менен жесірге

Ешбір жаман қылмадың

Әділдікпен жүрдіңіз,

Әдепті іске кірдіңіз

Жауыңды алып жайладың,

Үш биің сені қолдаған

Төле би, Қазыбек, Әйтеке

Әр бастаған ісіңді алла оңдаған.

5-оқушы- Шаһризада: Райымбек,Қарасай, Бөгенбай, Наурызбай ,Қабанбай сынды батырларымыз сонау бір «ақтабан шұбырынды,алқакөл сұлама» заманда ерлігімен қорған бола білді.

Аягөз:

Қабанбай

Ей Қабанбай,Қабанбай,

Жауыңды іздеп алыстан.

Ей,Қабанбай,құлыным

Шекемдегі тұлымым,

Омыртқадағы жұлыным

Ала болсақ өзіміз,

Жалармыз қалмақ шұлығын.

Қазақ қалай ел болар,

Сыйламаса ұлығын.

Айсұлу:

Бөгенбай

Ей,Бөгенбай,Бөгенбай,

Қанжығалы Бөгенбай.

Еңкерістен жау келсе,

Сыртына келер көбем-ай.

Бейқұтшылық кезінде,

«Ел аман ба?»- дейтұғын

Шығып келер төбем-ай.

Ауған:

Наурызбай

Ей,Наурызбай,Наурызбай

Шапырашты Наурызбай.

Асылы едің асылдың,

Жасыны едің жасылдың,

Ей Наурызбай,Наурызбай

Жауға киер беренім

Еңкерістен жау келсе,

Бетіме ұстар керегім

Өліспей тірі беріспес,

Айрықша туған беренім.

6-оқушы- Аягөз: Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би сынды шешен де әділ билеріміз елді бірлік пен берекеге, батырлық пен елдікке шақыра білді.

7-оқушы-Айсұлу: Сырым Датұлы,Махамбет,Исатай,Жанқожа және тағы басқа батырлар патша отаршылығына қарсы күресіп өтті.

3 «А» сынып Серікжан Нұртілеу: домбырамен күй ойнайды.

4 «А» сынып ұлдары «Батырлар биі»

ІІ-кезең «Ұлы Жеңіске -70 жыл» (соғыс туралы музыка ойнайды)

Мұғалімнің сөзі: 1941 жылы маусымның 22-сінде фашистік Германия Отанымызға опасыздықпен шабуыл жасады, елін, жерін қорғау үшін халық майданға аттанды,тылда еңбек етті. «Бәрі де Отан үшін ,бәрі де майдан үшін,бәрі де жеңіс үшін!»-басты ұран болды.

Нұрберген:

Тастар көкке атылды , Оқ астынан зулаған

Орман шулап, тау құлап, Туған жермен бір болып,

Жиырма сегіз батырды, Жау алдында тұрды олар

Жеңе алмады жау бірақ. Жиырма сегіз шың болып.



Жамылды жер тұманды, Жау жеңілді ақыры,

Өрт ішінде қалды бақ, Атты бейбіт таң күліп.

Жиырма сегіз қыранды Жиырма сегіз батырын

Жеңе алмады жау бірақ. Ұмытпайды ел мәңгілік!

Мұғалімнің сөзі:

Ержүрек панфиловшылардың ерлігі ұрпағының мақтанышы, көзсіз ерліктің үлгісі.

Қазақ жауынгерлерінің есімі аңызға айналды. Олар: Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Төлеген Тоқтаров, Нұркен Әбдіров , Қасым Қайсенов,Рақымжан Қошқарбаев және т.б. батырларымыз. Осы кісілерге құрметпен бас иіп 1минут еске аламыз.

Нұрсұлтан:

Әлия Молдағұлова

Даламыздың даңқысын,

Балауса гүл,балғын қыз,

Жанын қиып халқы үшін

Жанып түскен ақ жұлдыз.

Мәңгі жасап жерде енді,

Биік бол деп таулардан,

Сенің балғын бейнеңді

Жасап қойдық мәрмәрдан.

Бірге соқсын дүрсілдеп,

Туған жермен жүрегің.

Ауасында жүрсің сен,

Әнге қосып жүр елің.

Нұрберген:

Мәншүк Мәметова

Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін,

Оқ борап,снарядтар қаққанда ызың,

Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған

Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.

Қолында пулеметі «Максим» оның,

Бойында күш-жігері тасқын оның.

Ерлермен тізе қосып шабуылда,

Оғымен қырғын майдан аштыжолын.

Көзінен ұшқын өрттей лапылдаған,

Жауына қаһар тігіп қатуланған.

Отан үшін шайқасқан ауыр күнде,

Төнсе де өлім қаупі, жасымаған.



Айдын

Бауыржан Момышұлы

Қайтпаған жауынан

Қаһарман Бауыржан

Қан ішер фашисті

Қырды ол мыңдаған.

Ерлігі әрқашан

Есімде сақталады

Ұрпағы ұмытпайды.

Өмірінен үлгі алады.

Күмісай:

70 жыл - бейбіт көктем таңы атқалы,

70 жыл -шуақты күн таратты әнін.

Есімде содан бері 70 рет

Ашылды Жеңіс күннің парақтары.

70 жыл -үзілмеді құстар әні,

Кетті енді сұм соғыстың қыспағы әні.

70 жыл-жауымыздың ажал оғы,

Біздің ел үстіменен ұшпағалы.

Нұрболат

Соғыс жалмап аға, іні, бауырды,

Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.

Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда,

Көрген жоқпыз сол қырғын дауылды.

Жалғызынан айырыпты ананы

Әкесінен айырыпты баланы

Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда ,

Көрген жоқпыз қайғы жұтқан ауылды.

Оқушылардың өздері шығарған өлеңдері

Аягөз, Нұртілеу

Фархат

Елге қауіп төнбесін,

Егестен адам өлмесін!

Есен - аман болайық,

Енді соғыс болмасын!

Өртенбесін туған ел!

Шайқалмасын асқар бел!

Шайқалмасын шалқар көл!

Ән 4 «А»сынып оқушылары орындайды.

Ж. Нәжімеденовтың «Бейбіт күн тілегі» әні хорымен орындалады:



1.Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген,

Оқ даусы мәңгілік жойылсын.

Бомбаның орнын тегістеген,

Күректер музейге қойылсын.

Қайырмасы:

Кел, достарым, ән бастадым.

Көтеріп жаңғырық!

Данасын дала, баласын ана,

Жоқтамасын мәңгілік!

2.Көктесін жас ағаш одан әрі,

Өткен күн қайтадан жанбайды.

Сұлудың кестелі орамалы,

Сүртсін, тек тершіген маңдайды.

Қайырмасы:

3.Қайғыны білмесін ана жаны,

Қазіргі адамда арман сол.

Әлемнің бар сәби балалары,

Оянсын ұйқысы қанған соң.

Қайырмасы.

Би «Катюша» қыздар билейді.

ІІІ- кезең «Тәуелсіздік еркіндік жолында» (тәуелсіздік туралы бейнефильм көрсетіліп тұрады)

Мұғалімнің сөзі: Дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының бас қаһармандары Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхаметжанова, Қайрат Рысқұлбеков секілді ұл-қыздарымыз еліміздің болашағы, еркіндігі үшін күресті. Сол Желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келді.Солардың арқасында дүние жүзіне танымал ел болдық. Осы кісілерге құрметпен бас иіп, 1минут еске аламыз.

«Желтоқсан желі» бейнефильм 5мин

Тәуелсіздік - елдің ұраны. Желтоқсан көтерілісінің арқасында 1991 жылы 16-желтоқсан күні еліміз өз алдына егемендік алып,тұңғыш Тәуелсіз Қазақстан Республикасы дүниеге келді.1991 жылы 1-желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстан Республикасының президенті етіп сайлады.1996 жылы 9-желтоқсанда прзидент жарлығымен Қайрат Рысқұлбековке ҚР «Халық қаһарманы» атағы беріліп айырықша ерекшелік белгісімен «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сондай-ақ Сәбира,Ләззат,Ерболға «Ақтау» жөніндегі анықтама қағаз берілді.

Балжан: Ләззат Асанова

Тапталмасын деп қазақтың кек, ары,

Тәуелсіздіктің туын ұстап жоғары

Топты бастап шықты Ләззат алаңға,

Толған еді он алтыға небары.

Қаһарман қыз -ғажап қыз

Ұрандайды Ләззат қыз:

«Біз,қазақпыз,қазақпыз!

Өмір керек азапсыз,

Ел боламыз егемен,

Сонда ғана азатпыз!»



Күмісай: Ербол Сыпатаев

Ел басына күн туғанда,

Елпілдеген Ерболым,

Қараша үйде түңліктей,

Желпілдеген Ерболым.

Қанішердің қолында,

Қансыраған Ерболым.



Шаһризада: Сәбира Мұхаметжанова

Бұлдыр,бұлдыр,бұлдыр күн,

Қан жылатқан құрғыр күн.

Медет болған Алладан,

Тұнжыраған тұлдыр күн.

Алаштан озған жүйрігім,

Алтын діңгек, қазығым,

Аққудай аппақ нәзігім.

Сәбира апат болған күн.

Нұртілеу «Желтоқсан» өленін оқиды.

Мұз жастанып азаттық жолында

Тәуелсіздік туы тұрды қолыңда.

Жеңіп шықтың бас имедің қасардың Сойыл таяқ ойнаса да жанында.

Отан үшін жанын қиған ұлдардың

Аз болған жоқ азап шеккен қыздардың

Күйініштен ауырады жүрегім

Естігенде желтоқсанның ызғарын.

Желтоқсан-ау, ұмытылмайсың жүректе,

Ұрпақ өсер айналатын тірекке,

Егемендік тиді бүгін еншіме,

Желтоқсаным жеткіздің ақ тілекке.

Әсем: Біз осылай егемендік жолында құрбан болған ұл-қыздарымызды мәңгі ұмытпай, ерлігін сақтап құрметтеуге АНТ етеміз. (Барлығы АНТ етеміз дейді.)

Мұғалімнің сөзі: Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков 1966 жылы Жамбыл облысының Мойынқұм ауданындағы Құмөзек ауылында дүниеге келген Ол Желтоқсан оқиғасы кезінде Алматы құрылыс -архитектура институтының студенті еді.Жастардың бейбіт мақсаттағы демонстрациясын тарату үшін солдаттар мен милиция жасақтары ақылға сыймайтын,заңсыз, адамгершілік жат әдістерді қолданды. Тіпті жалған жала да тағылды.

«Қайратқа тағылған жала» атты көрініс 4 «А» сынып оқушылары көрсетеді.

Қатысушылар: Диктор - Күмісай, Тергеуші-Нұрсұлтан, Күзетшілер: Айдын, Фархат.

Қайрат - Нұрберген, Сот хатшысы-Күмісай, Сот- Әсем. (сыныптан шыққан соң)

Аягөз, Айсұлу, Шаһризада оқушылардың өздері айтады.

*1992 жылы 4-маусымда Президент «Қр мемлекеттік туы, елтаңбасы, әнұраны туралы» Заңға қол қойды.

*1993 жылы 15-қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.

*1994 жылы 30 маусымда қазақ халқының екінші қыраны Т.Мұсабаев ғарышқа сапарға аттанды.

*1995 жылы 30-тамызда Ата Заңымыз қабылданды.

Ту, елтаңба, т.б. туралы өлеңдер оқылады.

Слайд ТУ,елтаңба, әнұраны, Ата заңы т.б.



Біздің ту- Әсем

Айнымайды аспаннан Жанатындай өзі отша

Біздің тудың бояуы Жалын шарпып бетіңді,

Оны халық қашанда Туымыз да қазақша

Биікке іліп қояды Сөйлеп тұрған секілді.







Елтаңба-Нұрберген

Қатар шапқан қос тұлпар, Бұл -таңбасы елімнің,

Ай астында қазақы үй. Елдігімнің белгісі.

Қалықтаған жас сұңқар, Мұнда да бар ерлігім,

Шарықтаған таза күй. Мұнда да бар жер күші





Әнұран- Фархат

Әнұраным-жан ұраным, Бақыт,бірлік-күн талабы,

Айтар әнім,сөйлер сөзім. Тоқтамайды дабыр әні.

Ол әні ғой жүрегімнің, Мәңгі бақи шырқалады

Мың қайталап айтам мұны. Республика Әнұраны!



Ата Заң-Нұрсұлтан

Ата заңым -ар-намысым,айбарым,

Болашағым ,тектілігім, қайнарым.

Ата заңның аясында көш бастап,

Ел көгінде желбірей бер,байрағым!

ІV-кезең «Ассамблея -Қазақ елінің бірлігі жылы» (Достық туралы музыка ойналады)

Мұғалімнің сөзі:

Біз ,қазақ -мал баққан елміз,

Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.

Басымыздан құт-береке қашпасын деп,

Найзаға үкі таққан елміз.

Ешбір дұшпан басынбаған елміз,

Басымыздан сөз асырмаған елміз

Достықты сақтай білген елміз,

Дәм тұзды ақтай білген елміз. -деп тебіренген Қазақ елінің қамын ойлаған Қаз дауысты Қазыбек би болатын. Ата-бабамыз аңсаған сол тәуелсіздікті алғанымызға 23 жыл толып отыр.Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен 2015 жыл-Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияланды. Ассамблея жылы -ҚР Конституциясының 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы сынды маңызды шараларға толы жыл. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына биыл 20 жыл толды.1995 жылы 1 наурызда құрылды. Қазақстан көптеген ұлттардың басын бір шаңырақ астына біріктіріп отырған тұғырлы мемлекет.

Әр сыныптан екі ұлттан ұлттық киім киіп, ұлттық тағам алып шығады.

1-сынып қазақ - Сайын, Гүлназ, өзбек - Жарас, Аружан

Егінді тың жеріміз, Өзбекстан мақталы,

Еркін қазақ еліміз Бар халықтың мақтаны,

Құрметтейміз достықты Еңбексүйгіш халқымыз,

Досқа дайын төріміз. Ел бірлігін сақтады.





4-сынып орыс - Әем, Фархат, украин -Күмісай, Айдын.

Ресейден келгенбіз Украин дос халық,

Орыс ұлты екенбіз Алып теңдік, бостандық

Бар елге қымбат туыстық Тату қазақ халқына,

Баянды болсын тыныштық! Ақ ниетін қосқан нық.

Ұлттық тағамдарын үстел үстіне қойған соң

Барлық ұлттар жалауша, шар, қол ұстасып, достық жырын айтады.

Достық жыры

1.Ортақ мекен жер шары ,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы,

Достығымыз жарасқан.





2.Ортақ бізге бір Отан, 3. Туыспыз біз бәріміз,

Ортақ жердің байлығы. Бір Отанды сүйеміз.

Еңбек ортақ,жыр ортақ, Бақытты елде туған соң,

Ортақ бізге барлығы. Бақытты өмір сүреміз.



Мұғалімнің қорытынды сөзі:

Енді бүгін қарасам,

Айналам бақыт кең жатыр.

Бір-бірімен туысқан.

Қол ұстасқан ел жатыр.

Қырғыз, қазақ,өзбектер

Армян,түрік,грузин

Орыс пенен украин

Терезесі тең жатыр,

Алатау,Кавказ ұласып

Баурайы бұйрат кең жатыр,

Бақыттың әні асқақтап

Құлаққа даусы кеп жатыр.-деп өлең жолдарында айтылғандай,Қазақстан барлық мемлекеттермен тату-тәтті, достық, қарым-қатынаста өмір кешуде.

Серікжан Нұртілеу «Атамекен» әні

Осымен «Өткен күндер жеңісі-Тәуелсіздік жемісі» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!





















































1-оқушы - Нұрберген: 15-ғасырда Шу мен Қозыбасы өңірінде Жәнібек пен Керей қуатты қазақ хандығын құрды.







2- оқушы - Әсем: Қасым мен Тәуекел Сыр бойындағы қалалар үшін күресті.







3-оқушы - Нұрсұлтан: Тәуке хан «Жеті Жарғы» заңдар жинағы арқылы үш жүздің басын біріктірді.









4-оқушы- Балжан: Абылай хан Жоңғарларға қарсы белсене күресті және олардың тарих сахнасынан кетуіне себепші болды.





5-оқушы- Шаһризада: Райымбек,Қарасай, Бөгенбай, Наурызбай ,Қабанбай сынды батырларымыз сонау бір «ақтабан шұбырынды,алқакөл сұлама» заманда ерлігімен қорған бола білді.







6-оқушы- Аягөз: Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би сынды шешен де әділ билеріміз елді бірлік пен берекеге, батырлық пен елдікке шақыра білді.







7-оқушы-Айсұлу: Сырым Датұлы,Махамбет,Исатай,Жанқожа және тағы басқа батырлар патша отаршылығына қарсы күресіп өтті.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал