ШҚО, Семей қаласы
«№18 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі: Еспаева Гаухар Амангелдіқызы
Пәні: Өзін-өзі тану
Сыныбы: 2
Тақырыбы: «Үлкенге -құрмет, кішіге-ізет»
Өзгеге жасаған ізетің,
Өзіңе жасаған құрметің.
Мақсаты: «Сыйластық», «құрмет» адамгершілік құндылықтары
туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру;
- сыйластықты қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
- үлкендерді сыйлауға; кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, дәптер, оқулық, ақ
қағаздар.
Шаттық шеңбері
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Барлығына бас иіп
Сәлем бердік біз
Әңгімелесу.
-Өзіңді, өзгені құрметтей білесің бе?
- Өзара сыйластыққа қалай жетуге болады?
- Достарыңмен арада қандай сыйластық бар?
Мәтінмен жұмыс. «Үш дос» Әңгімені оқу, талдау.
- Балалар неге бірге ойнай алмады?
- Бір-бірімен сыйластықта болу үшін адамның бойында қандай
қасиеттер болу керек?
Ойын-жаттығу. «Құрмет-ізет»
Жаңа ақпарат. Оқушылар оқулықтағы жаңа ақпараттарды оқи
отырып, адамдардың арасында көп нәрсе сыйластыққа байланысты
екенін түсінуі қажет.
Өмірде адамдар бір-бірін кешіре, түсіне білгенде ізгілікке
жетуге болатынын және өзара сыйластық қана достыққа
әкелетінін түсіндіру.
Дәптермен жұмыс
Сабақта айтылған ойларды оқушылардың түсінгенін білу
мақсатында дәптердегі тапсырма орындалады.
1- Тапсырма: «Менің айтар ақылым». Бос жолдарға қарындасыңа
(сіңлі), ініңе арнап хат жаз.
2- Тапсырма «Менің айтар ақылым». Үйдегі үлкендердің өзіңе
айтқан ақылдарын жазуға ұсыныс жаса.
Сахналау
«Кішілік-кісілік»
Көп ойланып есебі,
Келсе керек білгісі.
Сөз сұрапты деседі автор
Қариядан бір кісі:
- Уа, қария, данамыз,
Алайық бір түсініп.
Үлкендік деп ұғамыз? бір кісі
Дейміз нені кішілік?
- Ағайынмен, досымен,
Тату болса ісімен.
Санаспай-ақ жасымен,
Сыйлас болса кісімен;
Кезек күтіп сөйлесе, қария
Көрсетсе ізет, білгендік.
Кеуде кере келмесе,
Сол - Кісілік - үлкендік.
- Сіз үлкендік дегенмен,
Басқаша ұқтық мұны біз.
Мәмілешіл бар елмен бір кісі
Кішілік қой мұнымыз.
- Жөн-ақ өзің аңдасаң,
Сөздің мәнін түсініп.
Ұйқасады әрқашан қария
Кішілік пен кісілік.
Жүректен жүрекке
Оқушылар осы сабақтан алған әсерлерін төмендегі өлеңді бірге
айтып, сабақты аяқтайды.
«Ақ әжем» әнін айтқызу
|