7


  • Учителю
  • ҚАзақ тілі: тақырыбы 'Жұрнақ пен жалғауды ажырату'.

ҚАзақ тілі: тақырыбы 'Жұрнақ пен жалғауды ажырату'.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Приозерск қаласы № 2 МББК» КММ

Қазақ тілінен ашық сабақ


«Жұрнақ пен жалғауды

ажырату»




2 «в» сыныбы

Тунгатарова Ақбөпе Бейсеновна

2015 жыл

Жұрнақ пен жалғауды ажырату

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушылардың өткен сабақта алған білімдерін кеңейту, әр түрлі тапсырмалар орындау арқылы жұрнақ пен жалғауды ажырату, сөздерге дұрыс жалғау жалғауды үйрету;

  • Сөздік қорын, ой-өрісін дамыту, жұрнақ пен жалғауды бір-бірінен ажырата білуге дағдыландыру;

  • Сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын әдіс - тәсілдер: талдау -жинақтау, ішінара ізденіс, көрнекілік, ойын, жұппен, жеке жұмыс, тест жұмысы.

Қолданылатын көрнекіліктер: интерактивті тақта, үлестірмелі қима қағаздар, ребус, оқулық, дәптер.

Типі: аралас ойын сабақ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Балалар, бүгін біздің сабағымыз ерекше болмақ. Біздің сабағымызға апайлар келіп отыр. Бүгінгі сабақта күннің шуағы ананың ыстық алақанындай сендерді аймалап, жүректеріңе мейірім мен шаттығын үйе берсін демекпін.

Күн нұрына алақанды созайын,

Жүрегіме басып ұстай қалайын.

Нәзік, әрі жылы, әрі мейірімді,

Сонда дереу болып кетер жан жағым.

Сендерге терең білім, көтеріңкі көңіл- күй тілеймін!

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі. 291-жаттығу.

«Қысқы еңбек» тақырыбына жазған әңгімелерін оқыту. Салған суреттерін тексеру.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі.

А) Ереже сұрау: Жұрнақ дегеніміз не? Жалғау дегеніміз не?

Ә) Ойын «Қар жинау». Шарты: Берілген сөздердегі жұрнақ пен жалғау жалғанған сөздерді топтау.

Қысқы, орындық, биші, қармен, далада, оқушы.

Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

ІV. Жаңа сабақ: Жұрнақ пен жалғауды ажырату.

Балалар, «Ертегі әлеміне саяхат» жасайық.

Ерте ерте ертеде біз білмейтін сиқырлы бір өлкеде бір қария өмір сүріпті. Оның бағында керемет бір ағаш өсіпті. Қария сол ағашта өскен жемісті базарға апарып сатып, күнін көреді екен. Оның көршісі қызғаншақ, сараң адам екен. Бір күні көршісі қызғанып, ағашты түбінен кесіп, оны өз үйіне апарып отырғызады.

  • Сендер қалай ойлайсыңдар, ағаш өсе ме?

  • Өспейді, себебі оның түбірі жоқ.

  • Иә, балалар, себебі түбірі қарияның бағында қалып қояды.

Қария ертесі есіктің алдында ағаш жоқ екенін көріп, қатты өкінеді. Бірақ қария ағаштың түбіріне су құйып, күте бастайды. Сонда ағашқа қосымша бұтақтар өсіп, кейін қайтадан жеміс береді. Сөздің түбірі сияқты ағаштың да түбірі де еш өзгермейді. Түбірге жалғанған қосымша бұтақтар жұрнақ пен жалғау деп аталады.

V. Оқулықпен жұмыс. 292 - жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз.

Қар деген сөзді сұрақтардың ретіне қарай өзгертіп жаз.

Қар сөзіне жалғанған қосымшалар жұрнақ па әлде жалғау ма?

Бұл сөздердің қай сөзбен байланысты екенін анықта.

Мәтінге ат қой.

VІ. Сергіту сәті. «Қара жорға» биі.

VII. Түсінгенін тексеру. 294- жаттығу.

Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құра. / Балықшы/

Балық - түбір, - шы - жұрнақ. Балықшы балық аулады. Менің атам балықшы.

VIII. Бекіту кезеңі.

А) 295 - жаттығу. Түбір сөздер мен жалғауларды бір бірімен сәйкестендіріп, түбірге қосқандарың жалғау екенін дәлелде.

Наурызда, баланың, қалаға, көмірді.

Жалғау дегеніміз не? Ережені айту.

Ә) Ойын «Кім жылдам?». Дөңгелек ішіндегі буындардан мақал құрастырып жазу.

Өнерлінің қолы алтын, Өлеңшінің сөзі алтын.

Өнерлінің, өлеңшінің. Сөз құрамына талдау.

Қосымшалы сөз Түбір Жұрнақ Жалғау

Өнерлінің өнер - лі - нің

Өлеңшінің өлең - ші -нің

Б) Жеке тапсырмалар беру. Үлестірмелерді тарату.

В) Жұппен жұмыс: тест орындау, бір -бірін тексеру.

IX. Үйге тапсырма: 296 - жаттығу. Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзге әңгіме құра. /Татулық/

Х. Бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал