7


  • Учителю
  • Дүниетану Факультатив сабағы Көкжиек, тұсбағар. 3 сынып.doc

Дүниетану Факультатив сабағы Көкжиек, тұсбағар. 3 сынып.doc

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Көкжиек, тұсбағар

Мақсаты: Оқушыларға көкжиек , көкжиек сызығы және тұсбағар туралы түсінік кеңейту. Ой-өрістерін, білімін дамыту. Белсенділікке тәрбиелеу

Көрнекіліктер: суреттер, тұсбағар.

Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық ахуал

Кел, балалар келіңдер, дөңгелене тұрайық,

Шаттық шеңбер құрайық.

Табиғат біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Иіліп сәлем береміз,

Біз әдепті баламыз.

Айналаға қарайықшы көз салып,

Бізді қоршап тұр ғой міне табиғат

Жаңа сабақ.

Көкжиек -аспан мен жер бетінің астасып көрінетін сызығы. Алаңқай, ашық жердегі адамға аспан күмбезінің "ернеуі" Көкжиек бойынша жер бетіне тіреліп тұратын сияқты болып көрінеді. Бірақ бұл тек көрініс қана, шынында аспанда ешқандай күмбез жоқ, сондықтан жер беті мен аспан түйісетін шекара да жоқ. Көкжиек - болжал сызық, шартты ұғым. Бақылаушының тұрған орны өзгерген сайын Көкжиек те өзгере береді. Ол ойпаң жердегі адамға жақын, қырат жердегі адамға алыс болып көрінеді.



Дүниетану Факультатив сабағы Көкжиек, тұсбағар. 3 сынып.docДүниетану Факультатив сабағы Көкжиек, тұсбағар. 3 сынып.docДүниетану Факультатив сабағы Көкжиек, тұсбағар. 3 сынып.docДүниетану Факультатив сабағы Көкжиек, тұсбағар. 3 сынып.docДүниетану Факультатив сабағы Көкжиек, тұсбағар. 3 сынып.doc





Дүниетану Факультатив сабағы Көкжиек, тұсбағар. 3 сынып.docДүниетану Факультатив сабағы Көкжиек, тұсбағар. 3 сынып.docДүниетану Факультатив сабағы Көкжиек, тұсбағар. 3 сынып.docДүниетану Факультатив сабағы Көкжиек, тұсбағар. 3 сынып.doc



Практикалық жұмыс: Тұсбағар жасау.



Дүниетану Факультатив сабағы Көкжиек, тұсбағар. 3 сынып.docДүниетану Факультатив сабағы Көкжиек, тұсбағар. 3 сынып.docДүниетану Факультатив сабағы Көкжиек, тұсбағар. 3 сынып.doc



Мектеп алаңына шығып жел бағытын бақылау, анықтау.

Дүниетану Факультатив сабағы Көкжиек, тұсбағар. 3 сынып.docДүниетану Факультатив сабағы Көкжиек, тұсбағар. 3 сынып.docДүниетану Факультатив сабағы Көкжиек, тұсбағар. 3 сынып.doc

Жел көкжиектің қай жағынан соқса, сол бағыттың атымен аталатындығын түсіндіру.

Желдің бағыттары:

Оңтүстік

Солтүстік

Батыс

Шығыс

Солтүстік - шығыс және тағы басқа

Мұғалім сөзі: Кейде белгісіз жерге тап болған адамға бағдарлау қажеттігі туады. Бірақ екінің бірі өзімен бірге тұсбағар алып жүре бермейді. Ал аспанды түгелдей бұлт торлап алған. Күн көзі көрінбейді. Не істеу керек? Мұндай жағдайда көкжиек тұстарын анықтау үшін табиғи белгілерді пайдаланған жөн.

Өсімдікке, жануарларға, қардың еруіне, тастың, қабырғаның дымқыл тартуына, т.б. белгілеріне қарап бағдарлаудың әлденеше тәсілдері болады.

Дүниетану Факультатив сабағы Көкжиек, тұсбағар. 3 сынып.doc

Мүк пен қына ағаштың, тастың, ағаштан салынған ескі ғимараттардың әдетте солтүстік жағына шоғырланады, бұл олардың көлеңкені сағалап өсуіне байланысты. Ағаш қабығының оңтүстігіне салыстырғанда солтүстік жағы бұжырлау және күңгірттеу болып келеді. Бұл әсіресе қайыңнан анық байқалады.



Тапсырма: Өзің тұрған жердің ыңғайына қарай табиғи белгілерге қарап бағдарлап көр.



Есіңде болсын! Жергілікті табиғи белгілер басқа неғұрлым дәлірек тәсілдерді қолдану мүмкіндігі болмаған жағдайда шамалап бағдарлау үшін ғана қолданылады. Ол үшін бір емес, бірнеше табиғи белгілерді пайдалану керек.





Жұмбақ шеш

  1. Алып мұхит - ақ алау,

Шеті шексіз жағалау. ( Көкжиек)



  1. Таба алмай оң менен солыңды,

Адассаң қапылыста.

Дәл сілтер көрсетіп жолынды,

Шығысқа,

Батысқа. (Компас)



Қорытынды: Не ұнады? Не үйрендік? Не үйренгін келеді?







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал