- Учителю
- Қазақ тілі ' Зат есім' ашық сабақ
Қазақ тілі ' Зат есім' ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Зат есім
Мақсаты: Өткенді қайталай отырып заттың атын білдіретін сөздерді еске түсіру, жаттығулар орындау. Тілін, сөздік қорларын, ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ұқыптылыққа, тазалыққа, зейінділікке, байқампаздыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: үлестірмелер бойынша, жаңа сабақ слайды
Әдісі: топтық жұмыс, түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық.
-
Қатар -қатар түзеліп,
-
Оқушыға лайық.
-
Қолымызды жіберіп,
-
Түп-түзу болып тұрайық
-
Жақсы оқып сабақты,
-
Әдеп сақтау сәніміз.
-
Отыруға нақпа- нақ,
Дайындалдық бәріміз
1 -топ жай отыр
2- топ сенде отыр
3 - топ сенде отыр
Үшеуіңде түзу отыр.
ІІ. Мақсат қою кезеңі: Слайд арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Жұмыс жоспарымен таныстыру:
Оқушылар үш топқа бөлінеді.
Үй тапсырмасын тексеру: "Байқоңыр - ғарыш айлағы" тақырыбы бойынша мәтін құрып келу. 1-2 балаға оқыту.
ІІІ. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс.
Суреттегі заттардың атын пайдалана отырып, сөзжұмбақ шешу.
Бұл сөздер тобын не деп аталады?
ІҮ. Сергіту сәті.
Шығармашылық тапсырма
Отбасыңда кімдер және нелер бар? деген сұраққа жауап жазу.
-
Дәптерді ашып күн ретін жазамыз.
-
Класс жұмысы
-
Көркем жазу
-
Сөздік жұмыс
-
Оқушылардың қызығушылығын ояту үшін қызықты сұрақтар қойылады.
1-топ 318- жаттығу Мақалды көшіру.
2-топ 319-жыттығу
3-топ 320-жаттығу
Ү. Сабақты бекіту :
Ребусты шеш: 40,,,З,,,40
Бұл сөз зат есім бола ма?
Зат есімнің сызбасын толтыру.
-
Ережені қайталау.
Қорытынды:
Не жасырынған? Ойыны
Жұмбақтардың шешуін тап.
Бүгін не білдік?
Қандай тапсырмалар орындалды?
Сабақ сіздерге ұнады ма?
ҮІ. Үйге тапсырма: 321 - жаттығу орындау.
ҮІІ. Бағалау. Сабақта белсенділік танытқан оқушылар бағаланды.