7


  • Учителю
  • Урок по литературе на тему Акку шортан һәм Шаян

Урок по литературе на тему Акку шортан һәм Шаян

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Мысалдар. Ахмет Байтұрсынұлы. "Аққу, Шортан һәм Шаян".

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ахмет Байтұрсынұлының өмірі жайлы қысқаша мағлұмат беру. Мысал өлеңнің мазмұнын түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

  1. Мысал өлеңнің негізгі ойы мен идеясын ұғындыру.

  2. Оқушылардың өз ойларын айта білуге, жүйелі сөйлеуін дамыту, шығармашылық белсенділігін арттыру.

  3. Оқушыларды ынтымақ, бірлік, достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сын тұрғысынан ойлау технологиясы, сұрақ - жауап, талдау, топпен жұмыс, әңгімелеу, ой толғаныс,ассоциация, Фишбон,Тоғысқан пікірталас, Семантикалық карта әдісі.

Сабақтың түрі: Жаңа материалды түсіндіру

Cабақтың типі:

Оқыту формасы: топтық, жеке

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақты, слайд, А. Байтұрсынов портреті, жазба қағаздар,бейне роликтер.

Сабақтың барысы:

І. Алғашқы ұйымдастыру: топқа бөлу

ІІ. Психологиялық дайындық

Орнымыздан тұрамыз,

Сабақ сырын ұғамыз.

Әрбір жаңа сабақтан,

Білімді боп шығамыз.

ІІІ. Жаңа материалға байланысты -Балалар, мына жұмбақтың шешуін бірге табайық.

Іші толған әріпке,

Білімдегі жарық не?

Болашаққа жол ашқан

Ол сүйікті__________(Әліппе)

- Әліппе оқулығының авторы кім? (Ахмет Байтұрсынұлы) Ассоциация құру.1слайдУрок по литературе на тему Акку шортан һәм Шаян



1873-1938) қаңтар айында әдебиеттанушы

Қостанай облысы, Жангелдин

ауданы, Сарытүбек деген жерде

дүниеге келген



қоғам қайраткері ақын аудармашы ағартушы-ғалым,ұстаз

1909 жылы И. А. Крыловтың мысалдарын аударып, «Қырық мысал»жинағын шығарды.2 слайд

Иван Андреевич Крылов (1769-1844) жылдар аралығында өмір сүрген. Орыс халқының атақты мысал жазушысы, сатирик, драматург.1809 жылдың басында И. А. Крыловтың ең бірінші мысалдар кітапшасы шықты. Оның ішінде 23 мысал болды. Олар: «Ворона и лисица», «Музыканты», «Лебедъ, шука и рак», «Ларчик».



(3 слайд) Мысал деп адам бойындағы кемшіліктерді сынап, адалдық, әділдік, қайырымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап жазатын шығарманы айтады. Мұндай шығармада өсімдіктер мен жануарлар, аңдар мен құстар кейіпкер ретінде алынады. Бүгінгі сабақта «Аққу, шортан һәм шаян» мысалымен танысамыз.4слайдУрок по литературе на тему Акку шортан һәм Шаян

-Сабақты бастамас бұрын мына кестеге назар аударамыз.5 слайд

Семантикалық карта

А) Алдымен өлеңді бейне таспадан тыңдатамын. Сол кезде оқушылар таныс емес сөздерді түртіп отырады. (таспа қосымша)

Сөздікпен жұмыс. һәм-және, ғибрат- үлгі.(6 слайд)

Ә) Оқушылар өлеңді тізбектей оқиды. (Фишбон әдісін қолданамын7 слайд





дәлелде





себептері

аққу көкке шаян жерге шортан көлге тартады

Мысал өлеңді оқу барысында әр шумаққа талдау жасалады.

ҮІ. Сергіту сәті: 8 слайд

Топтық тапсырма: 9 слайд

1 топ: Егер сен жазушы болсаң оқиғаны қалай аяқтар едің?

2 топ: Көкейіне не түйдің?

3 топ: Суретке қарап әңгіме құрастыру. 10 слайд

4 топ: Ынтымақ, бірлік, достық туралы мақал - мәтелдер.

Ү.Ой қорыту: 11 слайд

"Тоғысқан пікірталас" Иә немесе жоқ деп жауап береді.

1. Ахмет Байтұрсынұлы "Қырық мысал" деген кітап жазған. (Иә)

2. Жүкті аққу аспанға, шаян жерге, шортан суға тартады. (Иә)

3.Аямай бар күшін салып тартқанда, жүк орнынан қозғаліп кетеді.(Жоқ)

4.Бірінің айтқанына бірі көнеді.(Жоқ)

5.Мысалда адамдардың арасындағы кездесетін алауыздық сыналады. (Иә)

ҮІ.Қорытынды:Ұйқас өлең құрастыру 12 слайд

____ _____ күлеміз,

____ _____ білеміз.

_____ _____ жүреміз

_____ ____ тілеңіз.

ҮІІ. Үйге тапсырма: 1. «Бірлік түбі - тірлік» тақырыбына эссе жазу.

2. Мысалды оқу, соңғы шумағын жаттау.

ҮІІІ.Бағалау:Мадақтау арқылы

















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал