7


  • Учителю
  • Бастауыш сынып сабақтарына 7 модульді еңгізу жолдары

Бастауыш сынып сабақтарына 7 модульді еңгізу жолдары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бастауыш сынып сабақтарына

7 модульді еңгізу жолдары

БАҒДАРЛАМА МАЗМҰНЫ

Осы Бағдарламаның негізгі міндеті - қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу. Сондықтан оқыту мен оқудың қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби мән-мәтінмен өзара байланыста қарастырылады. Бағдарлама барысында педагогиканың әртүрлі аспектілері талқыланады. Осы Бағдарламаның негізгі қағидаты тәжірибелік қызметті нақты ғылыми зерттеулердің дәлелденген нәтижелерімен кіріктіру болып табылады. Яғни, мұғалімдер педагогиканың тиісті аспектілеріне қатысты ғылыми (зерттеу) материалдармен танысатын болады. Мұндай жұмыс мұғалімдер Бағдарламаға кіргізілген оқыту мен оқудағы стратегия мен тәсілдерді қарастыру (таңдау, зерттеу, танысу т.б.) барысында сүйенетін теориялық негіздемені қамтамасыз ету үшін қажет.

Оқуға арналған негізгі материалдар «Курсалды тапсырмаларды орындауға арналған нұсқаулық», «Мұғалімге арналған нұсқаулық» және «Мектептегі тәжірибе кезінде орындауға арналған тапсырмалар» болып табылады. Құрылымдалған үлестірме материалдар мен қосымша онлайн-материалдар тиісті сабақтар барысында беріліп отырады. Бағдарлама мен жоғарыда аталған материалдар Бағдарламаның біртұтас оқу-әдістемелік кешенін (бұдан әрі - Бағдарламаның ОӘК) құрайды. Мұғалімдер, сондай-ақ, қажет болған жағдайда және кәсіби қажеттіліктеріне қарай Бағдарламада пайдаланылған және ұсынылатын әдебиеттерді өз беттерінше оқи алады.

«Мұғалімге арналған нұсқаулықта» негізгі материал тиісті сабақтарда қарастырылатын жеті модульге сараланған. Алайда, осы жеті модульде қарастырылған идеялар сабақта пайдаланылатын жекеленген страгегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланыста болады.

Бағдарламаның модульдері:

1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

7. Оқытуды басқару және көшбасшылық.

Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұны жеке жеті модуль түрінде берілген, олар оқыту барысында аралас түрде ұсынылады.


Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Әлеуметтік-сындарлылық тұрғыдан оқытуды түсіну (Vygotsky, 1978; Wood, 1998) осы Бағдарламада айтылған «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» негізінде жатыр. Балалар өзінің түсінігін өзіндік зерттеулері мен әлеуметтік өзара байланысқа сәйкес құратын белсенді білім алушылар болып табылады. «Диалог негізінде оқыту және оқу» (Mercer, 1995; Alexander, 2008), метасана немесе «Қалай оқу керектігін үйрену» (Flavell, 1976; Vygotsky, 1978) деген атаулармен танымал педагогикалық тәсілдер әлеуметтік-сындарлылық идеяларының қазіргі заманғы маңызды түсіндірмелері ретінде қолданылады. Жеті модульдердің барлығында қарастырылатын идеяларды оқыту мен оқудың жаңа тәсілдері деп санауға болатынына қарамастан, біз жаңа әдістер ретінде «Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйренуді» ғана қарастырамыз, себебі олар әлеуметтік-сындарлылық көзқарасымен тығыз байланысты. Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейді. «Қалай оқу керектігін үйрену» немесе метасана оқушыларға оқуды өз бетінше жалғастыра алатын білім жинау жауапкершілігін түсінуге және оны өз мойнына алуға қалай көмектесуге болатынын көрсетеді.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

Сыни тұрғыдан ойлау Бағдарламаның өн бойында екі мағынада қарастырылады: оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Бағдарлама өзара байланысты бұл үдерістердің екеуін де дамытуды қарастырады. Оқушыларға қатысты сыни тұрғыдан ойлау ақпарат пен идеяларды синтездеу қабілеті, ақпарат пен идеяның шынайылығы мен салыстырмалы түрде маңыздылығы туралы ойлана білу қабілеті, өзінің оқуына қатысты таңдау жасау және басқалардың идеяларына күмәнмен қарау қабілеті ретінде түсіндіріледі. Мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауы өзінің жұмыс тәжірибесін, жаңа тәсілдерді қолдану және бағалау әрекеттерін сыни тұрғыдан бағалауды қамтиды.

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Оқудың тиімді бағасын және оқыту үшін тиімді бағаны түсіну оқыту мен оқудағы барлық жаңа тәсілдермен тығыз байланысты. Балалар өздерінің түсініктерін құра алатын белсенді оқушылар болатын болса, онда мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де осы түсініктің мәнін білу қажет, өйткені ол оқуда алға қадам басуға және оған қолдау көрсету үшін керек. Соңғы зерттеу жұмыстары біздің ұғымымызда формативті бағалау үдерісінің едәуір дамуына және оны оқыту мен оқуды қолдау үшін пайдалану мүмкіндігіне ықпал етті. Аталған Бағдарлама осы еңбектерде айтылған идеяларды, сондай-ақ осы идея негізінде құрылған оқыту мен оқудың стратегияларын қарастырады.

Мұғалімдер мен балалар үшін олардың қай мақсаттарға жеткісі келетінін білу маңызды, ал ол мақсатқа жету өлшемдерін түсінуді талап етеді. Сондықтан бағдарлама сыни бағалау тәсілдерін де қарастырады.

Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану

Бағдарлама аяқталғанда мұғалімдер сандық технологияларды және АКТ-ны сабақ беруде тиімді пайдалануды білетін болады. Осылайша, олар жұмыс, демалыс және қарым-қатынас үшін АКТ-ны сенімді және сыни тұрғыдан пайдаланушыларға айналады. Осындай дағдылар негізінде АКТ туралы білім жатыр, яғни: оларды ақпаратты алу, бағалау, сақтау, өндіру, ұсыну, алмасу үшін қолдану және ол ақпаратты Интернет желісінде бірлескен жұмысқа қатысу үшін жібере білу.

Талантты және дарынды балаларды оқыту

Қазақстанның көркеюі үшін оқушылардың таланты мен қабілетін ашып, оларды оқыту барысында дамыту өте маңызды. Қазіргі уақытта білім беру саласында жоғары жетістіктерді анықтайтын және ынталандыратын бірқатар өңірлік, ұлттық, халықаралық сайыстар мен бағдарламалар жүргізіледі. Алайда мұндай сайыстық құрылымдар талант пен қабілетті өрістетудің, барлық балалар әлеуетін дамытудың жалғыз тәсілі болып табылмайтыны туралы пікірлер баршылық. Осы бағдарлама аясында талантты және дарынды балаларды оқытуды дамыту үшін анағұрлым инклюзивті тәсіл пайдаланылатын болады.

Талантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі негізінде осындай балаларды анықтау туралы ой-пікірлер мен зерттеулер жатыр. Аталған тақырып оқушылардың қажеттіліктерін түсінуге қатысты ой-пікірлерді, барлық оқушыларды кеңінен оқытуға ықпал ететін оқу бағдарламаларын кеңейту және барлық оқушылардың осындай қажеттіліктерін қанағаттандыратын оқыту мен оқудың сараланған стратегияларын таңдау жөніндегі идеяларды қамтиды.

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу

Бұл модуль осының алдындағы талантты және дарынды балаларды оқыту тақырыбымен тығыз байланысты, себебі екі модуль де оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған сараланған оқытуға қатысты болып отыр. Алайда бұл модуль балалар дамуының оқудың қолжетімділігі дәрежесін анықтайтын кезеңдеріне қатысты және де «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулімен өзара байланысты. Мәселен, түрлі жастағы балаларда байқалатын метасана деңгейі, балалардың жас шамасына бейімделген сындарлы диалогті ынталандыру стратегиясы, әр жастағы балалар мүмкіндігіне сай беріледі. Сондай-ақ, аталған модульдің өзге ұқсас модульдермен байланысы да бар, мысалы, әртүрлі жас шамасында өзін-өзі бағалауға жауапкершілікті зерделеуді жүзеге асыратын «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі. Сонымен қатар Қазақстанның жекелеген ауылдық өңірлерінде кездесетін жас шамасы әртүрлі сыныптарда тиімді оқыту және оқу стратегияларын іске асыру жолдары да қарастырылатын болады.

Оқытуды басқару және көшбасшылық

Аталған модуль білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан енгізілуі мүмкін емес, олар нақты сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алуы керек деген тұжырымға саяды. Бағдарламаның негізгі идеясы сыни тұрғыдан бағалау, өзгерту және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау нәтижесінде мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің іске асырылатынына негізделеді. Көшбасшылық Бағдарламаның өн бойында мұғалім енгізетін өзгерістер тарапынан қарастырылады. Сондықтан мұғалім көшбасшылығын әр деңгей қырынан қарастыру мақсатында Бағдарламада жеке модуль ретінде белгіленген.

Осы модульде, әсіресе, айтылған көшбасшылық тәсілі «Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жөніндегі жұмыстар» қағидатына (Кембридж университеті) негізделген. Осы тұрғыдан қарастырар болсақ, мұғалімдер Бағдарламада қарастырылатын идеялар аспектілері аясында өз тәжірибелері туралы ой-тұжырымдарға сүйене отырып өзгереді. Олар осы идеяларға сәйкес өз тәжірибелерінің жекелеген тұстарын анықтайды, зерттейді, бағалайды және дамытады. Бұл модуль мұғалімнің сыни тұрғыдан ойлана білу қабілетімен және «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулімен тығыз байланысты.


СЫНЫПТАҒЫ ДИАЛОГТІҢ МАҢЫЗЫ

Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді. Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі айтылған.

Выготский кіші жастағы балаларды когнитивті даму әрекеттері әлеуметтік қарым-қатынас үдерісінде, яғни, анағұрлым қабілетті оқушылармен араласу және мәдениет, қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жасау арқылы оқушыларды ересектерше ойлау әдісіне үйрету кезінде қалыптасатын субъекті ретінде суреттейді. Сонымен қатар Выготский когнитивті дамудың, оқушылар өздерінің «Жақын арадағы даму аймағында» (ЖАДА) жұмыс істесе, жақсаратындығын атап көрсеткен. ЖАДА оқушы дамытатын дағды мен қабілеттер, өз бетімен жасай алмайтын тапсырмалар көлемін айқындайды. Бұл тапсырмаларды орындауда оқушыларға жаңаны үйренуде тірек болатын ересектердің көмегі немесе қолдауы керек. Бұл қолдау қарым-қатынасты қамтиды және Выготский бұл жағдайды оны оқытудың негізгі құралы деп есептейді.

Выготскийдің оқыту моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. Сондықтан, оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің рөлі ерекше. Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен, әрине, бұл рөлдерде сыныптастары мен мұғалімдері болуы мүмкін, диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, оқыту жеңіл болмақ. Талданатын идеялар оқушы түсінігінің нақты бөлігі болмағанымен, ЖАДА аясында қарастырылғандықтан оқыту табысты болмақ.

Выготскийдің оқытудағы сөздің, сөйлеудің негізгі рөлі туралы пікірі эмпириялық зерттеуде қолдау тапқан. Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады. Барнс оқытудың мұғалімді селқос тыңдағанда ғана емес, вербалды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асатынын көрсетті. Кейінірек Мерсер және Ходжкинсон (2008) зерттеулері Барнстың ертеректегі жұмысына негізделе құрылып, оқыту барысындағы диалог атқаратын негізгі рөлге назар аударуды мақсат етеді. Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететін жеткілікті дәлелдер бар. Олар:

  • оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік

  • береді;

  • басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың

  • түсінулеріне көмектеседі;

  • оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі;

  • мұғалімдерге оқушыларды оқыту барысында олардың оқушылары

  • қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі.


Көп жағдайда сыныптағы талқылау мұғалімнің басқаруымен тақырып төңірегінде, оқушының дұрыстап және орнымен нені, қашан және қалай айту қажеттігі сипатында болады. Көптеген сыныптарда оқушылардың әңгімеге қатысуға құқықтары шамалы. Мәселен, мұғалімге: «Бұл көзқарас қызықты екен» деп айтуға көптеген оқушылардың дәттері бармайды. Зерттеуде тоқталғандай, мұғалім сұхбатты бақылап, маңызды сұрақтар қойып, оқушылардың жауаптарын қайталап және мадақтап отыратын сыныптағы қалыпты әңгіме стилі оқушылардың ойлау деңгейлерін де, сөйлеу дағдыларын да дамытпайды.

Сыныптағы диалогтік әңгімені дамыту

Александер (2004) оқытудағы әңгімелесу - қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше, идеялар екіжақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды. Диалог барысында оқушылар (сонымен қатар олардың мұғалімдері де) келісілген нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын және Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске асады, дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу барысында да анықтай алады.

Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгімелесудің үш түрі бар (3-кесте).

Оқуда қолданылатын әңгімелесу түрлері

Әңгіме-дебат барысында:

1) ой-пікірлерде үлкен алшақтық болады және әрқайсысы өз шешімдерінде қалады;

2) ресурстарды біріктіруге бағытталған аздаған талпыныс жасалады;

3) қарым-қатынас көбіне «Иә, бұл солай», «Жоқ, олай емес» деген бағытта жүзеге асады;

4) Орта бірлесуден гөрі, көбіне бәсекелестікке бағытталған.

Топтық әңгіме барысында байқалатын жайлар:

1) айтылған пікірлермен тыңдаушылардың әрқайсысы механикалық түрде келісе беруі;

2) әңгіме білім алмасу мақсатында жүргізілгенімен, оған қатысушылардың өзгелер ұсынған қандай да болсын идеяларды төзімділікпен тыңдауы;

3) идея қайталанады және жасалынады, бірақ үнемі мұқият бағалана бермейді.

Зерттеушілік әңгіме жүргізілу үстінде:

1) әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады;

2) әркімнің идеясы пайдалы ретінде бағаланғанымен, мұқият бағалау жүргізіледі;

3) қатысушылар бір-біріне сұрақ қояды;

4) қатысушылар сұрақ қояды және айтқандарын дәлелдейді, осылайша әңгімеде дәлелдеме «көрінеді»;

5) топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады (олар келісімге келуі де, келмеуі де мүмкін, ең бастысы - келісімге ұмтылу).


Көптеген талқылаулар, әдетте, әртүрлі әңгіме түрлерінен құралады. Мерсердің айтуынша, ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жеткізу аясындағы табысты талқылауларда әңгімелесудің зерттеушілік түрі басымдыққа ие болады.

Зерттеушілік әңгіме

Зерттеу жұмыстарын талдау барысында оқушылардың білім алуы, тыңдауы және сөйлеуі арасындағы байланыс анықталды. Барнс (1976) пен Мерсердің (2000) айтуынша, зерттеушілік әңгіме - мұғалімдердің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде дамыту қажет болып табылатын әңгіменің түрі. Зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар өз сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс істейді. Оларда ортақ проблема болады, бұл мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптастырады; идеялармен пікір алмасып, бір-бірінің идеяларын талқылайды, баға береді; ұжымдық білім мен түсінікті қалыптастырады. Басқаша айтқанда, оқушылар бірге ойланады. Оқушылар зерттеушілік әңгімеге тартылғанда, өз ойларын дауыстап айтады; болжамдар ұсынып, талқылайды. Талқылау кезінде олар «мүмкін», «егер», «бәлкім» деген сияқты сөздерді қолданып, өз идеясын дәлелдеу үшін «сондықтан» деген сөзді пайдаланып, топ тарапынан қолдау қажет болғанда «Солай емес пе?» деген сұраққа сүйенеді. Осындай сценарий бойынша оқушылар бір-бірін тыңдап, өз жауаптарын талдайды. Бұлай жұмыс істеген оқушылардың дәлелдері пікір алмасудың нәтижесі болып шығады. Алайда, бұл әңгіме олар үшін қалыптағы дүние емес, сол себепті де мұғалімдер бірігіп істеген жұмыстың құндылығын түсінулеріне көмектесу керек.

Сұрақ қою

Сыныпта сұрақ қоюдың үлгісі «бастама-жауап-кейінгі әрекет» (БЖӘ) нысаны бойынша қойылған сұрақ екендігі анықталды. Мысалға:

Бастама (мұғалім): Адам денесінде неше сүйек бар?

Жауап (оқушы): Екі жүз алты.

Кейінгі әрекет (мұғалім): Дұрыс.

Бұл модель әңгімеге сыныпта бастама жасайтын және де оны бақылап отыратын адам мұғалім болатын жағдайларды көрсетеді (Mercer, 1995). Бұндай сыныптарда оқушылардың білім алуына ықпал ететін диалогтік сұхбат құруға мүмкіндік берілмейді.

Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізуі үшін мұғалімдер қолданатын сұрақтардың екі түрі: төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар кең қолданылады деген пікір бар. Кей кездері төмен дәрежелі сұрақтарды «жабық» немесе «дұрыс емес» сұрақтар деп те атайды. Олар жаттап алуға бағытталған және де оған берілген жауап («дұрыс» немесе «дұрыс емес» деп) бағаланады. Ал жоғары дәрежелі сұрақтар қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға және талдауға тиіс болады. Тиімді педагогика аясында бұл сұрақтардың екі түрі де қолданылады, тек қойылатын сұрақтың түрі оның мақсатына қарай өзгеріп тұрады. Оның үстіне, сұрақты оқушылардың білім алу қабілеттеріне сәйкес болатындай етіп құру қажет. Түрлі мүмкіндіктерге және түрлі оқушыларға қарай сұрақтарды саралауға болады. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әртүрлі техникаларын пайдалануға болады.

Түрткі болу: түрткі болуға арналған сұрақтар бірінші жауап алу үшін және оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет, айталық, сұрақты қарапайым етіп қою, өткен материалға оралу, ойға салу, дұрысын қабылдау және толығырақ жауап беруге итермелеу.

Сынақтан өткізу: сынақтан өткізуге арналған сұрақтар оқушыларға анағұрлым толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құрылуы қажет, сондай-ақ «Сіз мысал келтіре аласыз ба?» деген сияқты сұрақтар тапсырманы орындау барысында оқушыға бағдар беріп отырады.

Қайта бағыттау: сұрақты басқа оқушыларға қайта бағыттау, мысалы,

«Көмектесе алатындар бар ма?»

Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызын

қарастыратын болсақ, сұрақ қою арқылы мұғалім:

  • оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге

ынталандырады;

  • оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды;

  • білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады;

  • оқушыларға білімін қалыптастыруға және вербалдандыруға

  • көмектеседі; оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді;

  • оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға көмектеседі;

  • оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын

құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді;

  • әңгімелесу және ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмек

  • береді, іс-әрекеттерін тереңдетеді және шоғырландырады;

  • оқытудағы қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтайды.


Оқушыларды тыңдау және оларға жауап беру

Мұғалімдер бастапқыда қоятын сұрақтар ғана емес, оқушылардың жауаптарымен мұқият танысқаннан кейін туындайтын сұрақтардың да маңызы зор. Диалогтік әңгімеде де мұғалім сұрақтары мен оларға берілген жауаптар, сонымен қатар оқушылардың да сұрақтары маңызды. Мұғалім оқушылардың жауабын олардың білім деңгейлерін тексеру үшін ғана емес, оларға өз ойларын анық жеткізуге, дамытуға және кеңейтуге мүмкіндік беру үшін де пайдаланады. Рэгг және Браун (2001) оқушылардың жауаптары мен түсініктемелеріне қарай әрекет етудің бірнеше түрлерін ұсынады. Мұғалімдер:

  • жауапты елемей, назарын басқа оқушыға, тақырыпқа немесе сұраққа

аудара алады;

  • жауапты мойындап, оны келесі сұхбатқа негіз ете алады;

  • мағынаны күшейту үшін немесе оны басқалардың да естуі үшін

жауапты сөзбе-сөз қайталай алады;

  • белгілі бір элементті атап көрсету үшін жауаптың бір бөлігін қайталай

алады;

  • нақты кезеңдегі немесе алдағы әңгімелесу желісіне қосу мақсатында

жауапты басқа сөздермен қайталап айта алады;

  • жауапты мақтай алады (осы немесе одан кейінгі әңгімелесуде қолдана

отырып, тікелей немесе жанама);

  • жауапты түзете алады;

  • оқушыларды бұдан әрі де ақпарат немесе түсініктеме іздеуге

ынталандыра алады;

  • оқушыларға маңызды мәселеге назар аударуға көмектесе алады.


Оқушылардың бар назарын алдын ала белгілі жауапты табуға аударған мұғалімдер, әдетте, олардың ақпаратты игеру үдерісін бақылаудан шығарып алады. Оқушыларға жауап беруге уақыт беру керек және де мүмкін болса, бұдан кейінгі сұрақтар мен жауаптарды олардың сөздеріне орайластырып құрған дұрыс. Сұрақ қойылғаннан кейінгі кідіріспен қатар, зерттеуде мұғалім оқушының жауабын алғаннан кейін де кідіріс жасау қажет екені атап көрсетілген. Харгривс пен Гэлтон (2002) жалпы алғанда, мұғалім сұрақ қойғаннан кейін оны қайталап немесе сол сұрақты өзге оқушыға басқаша қоймас бұрын шамамен екі секундтай кідіретіндігін анықтаған.

Харгривс пен Гэлтон мұғалімнің шұғыл және инстинктілік реакциясы жауапты бағалауға, қайталауға немесе басқа сөздермен қайталап айтуға ұмтылысы болуы тиіс дейді. Күту уақытын үштен жеті секундқа дейін созып жіберсе, бұл төмендегідей басқа да параметрлердің созылып кетуіне әкеледі:

1. Оқушылардың жауаптарының ұзақтығы.

2. Ерікті жауаптардың саны.

3. Оқушылар сұрақтарының жиілігі.

4. Қабілеттері төмендеу оқушылар жауаптарының саны.

5. «Оқушы-оқушы» әдісі бойынша өзара іс-қимыл.

6. Пікірталасты жауаптардың жиілігі.

Ойлануға берілетін уақыттың ұлғаюы (әсіресе күрделі жауаптар үшін) оқушыларға өз жауаптарын түзетуге, нақтылауға және дұрыстауға мүмкіндік береді. Оның үстіне, мақсатқа қатысты жылдамдық туралы ұмытпау керек - жабық сұрақтар тобы орынды болуы мүмкін, бірақ кей жағдайларда сұрақтарға оқушылардың барынша ойластырылған әрі терең жауап бергендері керек.

Қорыта айтарымыз, оқушылардың білетіндігін және білмейтіндігін анықтау үшін жақсы дамыған коммуникативтік дағдылар және түсіністікпен қарау талап етіледі. Оқушылар қысқа ғана жауап беретін мұғалімнің сұрағымен салыстырғанда диалогтік сұхбаттасу мұғалімдер де, оқушылар да білім алуға қомақты үлес қосатын өзара іс-қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі болып табылады.




ОҚЫТУ ҮШІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОҚУДЫ БАҒАЛАУ

Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады (Александер, 2001).

Бағалау - одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.

Формативтік (қалыптастырушы) және жиынтық мақсат арасындағы айырмашылық 1960 жылдардан бастап белгіленген, бірақ, берілген екі терминнің мәні нақты анықталмаған. Іс жүзінде бұдан анығырақ айырмашылық жіктеу және есеп беру үшін өткізілетін оқуды бағалау және нақты мақсаты оқушылардың оқуына ықпал етуге арналған оқытудың бөлігі ретінде бағалауды қолдану болып табылатын оқыту үшін бағалау арасында жүргізіледі.

Оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау формативті немесе оқыту үшін бағалау (ОүБ) болып табылады. «Оқыту үшін бағалау» дербес тұжырымдама ретінде 1999 жылғы зерттеу нәтижелері туралы мұғалімдерді және әдістеме жасаушыларды ақпараттандыру мақсатымен 1989 жылдан бастап жұмыс жүргізген Ұлыбритания академиктерінен құралған Бағалау Реформасының Тобы (Assessment Reform Group) автор болған осы аттас (ОүБ) кітапша жарияланғаннан кейін белгілі болды.

Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық болып табылады және кейде оны оқуды бағалау деп атайды. Жиынтық бағалау оқушының, мұғалімнің немесе мектептің мәртебесіне немесе болашағына ықпал етуі (яғни, анықтайтын мәнге ие) мүмкін болатын шешімді қабылдау үшін қолданылған жағдайда өлшемдердің сенімділігін қамтамасыз ету керек, бұл ақпараттың мазмұны мен оны қалыптастыру шартын бақылауды белгілейтін арнайы тестілерді қолдану кезінде мүмкін болады.

Бағалаудың мақсаты неде?

Әдетте бағалау мақсаты әр мұғалімнің бағалауды (тестілеуді) қандай мақсатта және кім үшін (сыныпта тестілеу жүргізу сияқты), қалай өткізуі керек екендігі туралы түсінігіне негізделеді. Бағалаудың басты мақсаттары төменде қысқаша айтылған.

1. Оқытудың қиындықтарын анықтау. Орта мектептерде мысалы, сауаттылық және математика саласындағы проблемаларды анықтау үшін тестілер өткізілуі мүмкін; одан кейін өзіндік түзету және тестілеу жұмыстарын қайталап өткізуге болады.

2. Жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс (оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар үшін). Мұндай кері байланыс «әсердің» бейресми бағалануынан бастап ресми жазбаша тестілерге дейін түрленуі мүмкін, бірақ негізгі мақсат оқушылар мен мұғалімдерге жетістіктер мен даму, мысалы, білім, түсіну және дағды туралы хабарлама беру болып табылады.

3. Уәж. Кері байланыс көбінесе уәж болып табылады. Ынталандыру ретінде тестінің немесе емтиханның өткізілуі әдетте кейбір оқушылар мен мұғалімдердің ойларын жинақтап, әрекет етуге итермелейді. Мұндай сыртқы ынталандыру оқыту үшін мадақтауға негіз болуы мүмкін, бірақ мұқият бақылау жүргізілмесе, мәжбүрлеу құралына айналуы да ықтимал.

жылдамдық туралы ұмытпау керек - жабық сұрақтар тобы орынды болуы мүмкін, бірақ кей жағдайларда сұрақтарға оқушылардың барынша ойластырылған әрі терең жауап бергендері керек.

Қорыта айтарымыз, оқушылардың білетіндігін және білмейтіндігін анықтау үшін жақсы дамыған коммуникативтік дағдылар және түсіністікпен қарау талап етіледі. Оқушылар қысқа ғана жауап беретін мұғалімнің сұрағымен салыстырғанда диалогтік сұхбаттасу мұғалімдер де, оқушылар да білім оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді;

  1. әңгімелесу және ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмек

  2. береді, іс-әрекеттерін тереңдетеді және шоғырландырады;

  3. оқытудағы қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтайды.


Оқушыларды тыңдау және оларға жауап беру

Мұғалімдер бастапқыда қоятын сұрақтар ғана емес, оқушылардың

жауаптарымен мұқият танысқаннан кейін туындайтын сұрақтардың да

маңызы зор. Диалогтік әңгімеде де мұғалім сұрақтары мен оларға берілген

жауаптар, сонымен қатар оқушылардың да сұрақтары маңызды. Мұғалім

оқушылардың жауабын олардың білім деңгейлерін тексеру үшін ғана

емес, оларға өз ойларын анық жеткізуге, дамытуға және кеңейтуге

мүмкіндік беру үшін де пайдаланады. Рэгг және Браун (2001)

оқушылардың жауаптары мен түсініктемелеріне қарай әрекет етудің

бірнеше түрлерін ұсынады. Мұғалімдер:

  • жауапты елемей, назарын басқа оқушыға, тақырыпқа немесе сұраққа

аудара алады;

  • жауапты мойындап, оны келесі сұхбатқа негіз ете алады;

  • мағынаны күшейту үшін немесе оны басқалардың да естуі үшін

жауапты сөзбе-сөз қайталай алады;

  • белгілі бір элементті атап көрсету үшін жауаптың бір бөлігін қайталай

  • алады;

  • нақты кезеңдегі немесе алдағы әңгімелесу желісіне қосу мақсатында

жауапты басқа сөздермен қайталап айта алады;

  • жауапты мақтай алады (осы немесе одан кейінгі әңгімелесуде қолдана

отырып, тікелей немесе жанама);

  • жауапты түзете алады;

  • оқушыларды бұдан әрі де ақпарат немесе түсініктеме іздеуге

ынталандыра алады;

  • оқушыларға маңызды мәселеге назар аударуға көмектесе алады.


Оқушылардың бар назарын алдын ала белгілі жауапты табуға аударған

мұғалімдер, әдетте, олардың ақпаратты игеру үдерісін бақылаудан

шығарып алады. Оқушыларға жауап беруге уақыт беру керек және де

мүмкін болса, бұдан кейінгі сұрақтар мен жауаптарды олардың сөздеріне

орайластырып құрған дұрыс. Сұрақ қойылғаннан кейінгі кідіріспен қатар,

зерттеуде мұғалім оқушының жауабын алғаннан кейін де кідіріс жасау

қажет екені атап көрсетілген. Харгривс пен Гэлтон (2002) жалпы

алғанда, мұғалім сұрақ қойғаннан кейін оны қайталап немесе сол сұрақты

өзге оқушыға басқаша қоймас бұрын шамамен екі секундтай кідіретіндігін

анықтаған.

Харгривс пен Гэлтон мұғалімнің шұғыл және инстинктілік реакциясы

жауапты бағалауға, қайталауға немесе басқа сөздермен қайталап айтуға

ұмтылысы болуы тиіс дейді. Күту уақытын үштен жеті секундқа дейін

созып жіберсе, бұл төмендегідей басқа да параметрлердің созылып

кетуіне әкеледі:

1. Оқушылардың жауаптарының ұзақтығы.

2. Ерікті жауаптардың саны.

3. Оқушылар сұрақтарының жиілігі.

4. Қабілеттері төмендеу оқушылар жауаптарының саны.

5. «Оқушы-оқушы» әдісі бойынша өзара іс-қимыл.

6. Пікірталасты жауаптардың жиілігі.

Ойлануға берілетін уақыттың ұлғаюы (әсіресе күрделі жауаптар үшін)

оқушыларға өз жауаптарын түзетуге, нақтылауға және дұрыстауға

мүмкіндік береді. Оның үстіне, мақсатқа қатысты жылдамдық туралы

ұмытпау керек - жабық сұрақтар тобы орынды болуы мүмкін, бірақ кей

жағдайларда сұрақтарға оқушылардың барынша ойластырылған әрі терең

жауап бергендері керек.

Қорыта айтарым, оқушылардың білетіндігін және білмейтіндігін

анықтау үшін жақсы дамыған коммуникативтік дағдылар және

түсіністікпен қарау талап етіледі. Оқушылар қысқа ғана жауап беретін

мұғалімнің сұрағымен салыстырғанда диалогтік сұхбаттасу мұғалімдер

де, оқушылар да білім алуға қомақты үлес қосатын өзара іс-қимылдың

шын мәніндегі тиімді түрі болып табылады.


ОҚЫТУ ҮШІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОҚУДЫ БАҒАЛАУ

Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер

жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар

қолданатын кез келген нысанның артында объективті немесе

жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана

емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік,

сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты

ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады (Александер, 2001).


Бағалау - одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен

оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті

белгілеу үшін қолданылатын термин.

Формативтік (қалыптастырушы) және жиынтық мақсат арасындағы

айырмашылық 1960 жылдардан бастап белгіленген, бірақ, берілген екі

терминнің мәні нақты анықталмаған. Іс жүзінде бұдан анығырақ

айырмашылық жіктеу және есеп беру үшін өткізілетін оқуды бағалау және

нақты мақсаты оқушылардың оқуына ықпал етуге арналған оқытудың

бөлігі ретінде бағалауды қолдану болып табылатын оқыту үшін бағалау

арасында жүргізіледі.

Оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін

жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау формативті

немесе оқыту үшін бағалау (ОүБ) болып табылады. «Оқыту үшін

бағалау» дербес тұжырымдама ретінде 1999 жылғы зерттеу нәтижелері

туралы мұғалімдерді және әдістеме жасаушыларды ақпараттандыру

мақсатымен 1989 жылдан бастап жұмыс жүргізген Ұлыбритания

академиктерінен құралған Бағалау Реформасының Тобы (Assessment

Reform Group) автор болған осы аттас (ОүБ) кітапша жарияланғаннан

кейін белгілі болды.

Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға

жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің

функциясы бойынша бағалау жиынтық болып табылады және кейде оны

оқуды бағалау деп атайды. Жиынтық бағалау оқушының, мұғалімнің

немесе мектептің мәртебесіне немесе болашағына ықпал етуі (яғни,

анықтайтын мәнге ие) мүмкін болатын шешімді қабылдау үшін

қолданылған жағдайда өлшемдердің сенімділігін қамтамасыз ету керек,

бұл ақпараттың мазмұны мен оны қалыптастыру шартын бақылауды

белгілейтін арнайы тестілерді қолдану кезінде мүмкін болады.

Бағалаудың мақсаты неде?

Әдетте бағалау мақсаты әр мұғалімнің бағалауды (тестілеуді) қандай

мақсатта және кім үшін (сыныпта тестілеу жүргізу сияқты), қалай өткізуі

керек екендігі туралы түсінігіне негізделеді. Бағалаудың басты

мақсаттары төменде қысқаша айтылған.

1. Оқытудың қиындықтарын анықтау. Орта мектептерде мысалы, сауаттылық және математика саласындағы проблемаларды анықтау үшін тестілер өткізілуі мүмкін; одан кейін өзіндік түзету және тестілеу жұмыстарын қайталап өткізуге болады.

2. Жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс (оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар үшін). Мұндай кері байланыс «әсердің» бейресми бағалануынан бастап ресми жазбаша тестілерге дейін түрленуі мүмкін, бірақ негізгі мақсат оқушылар мен мұғалімдерге жетістіктер мен даму, мысалы, білім, түсіну және дағды туралы хабарлама беру болып табылады.

3. Уәж. Кері байланыс көбінесе уәж болып табылады. Ынталандыру

ретінде тестінің немесе емтиханның өткізілуі әдетте кейбір оқушылар мен

мұғалімдердің ойларын жинақтап, әрекет етуге итермелейді. Мұндай

сыртқы ынталандыру оқыту үшін мадақтауға негіз болуы мүмкін, бірақ

мұқият бақылау жүргізілмесе, мәжбүрлеу құралына айналуы да ықтимал.


Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жұмыстары (МКДЖ)

Мұғалімнің көшбасшылығын дамытуға әсер етудің ерекше түрі жауапты

қызметі бар немесе жоқ мұғалімдер:

  • іс-тәжірибені жетілдіру жұмыстарын өз қолына алуға;

  • өзгерістер енгізу үшін әріптестерімен стратегиялық шешімдер

қабылдауға;

  • бірігіп жұмыс істеуде фактілерді жинауға және қолдануға;

  • кәсіби білімді құруға және таратуға атсалысуға міндетті деп анықталуы

мүмкін.


Дамыту жұмыстарын зерттеумен шатастыруға болмайды. МКДЖ

бағдарламасы «мұғалім - зерттеуші» түсінігіне емес, «мұғалім - дамыту

жұмысының көшбасшысы» түсінігіне негізделе құрылған. Біз

«академиялық империализм» деп аталатын мақсаттан - мектептерде

оқыту мен оқуды жақсарту мақсатынан алшақтамауымызды қадағалап

отыруымыз керек (Elliot, 1991). Дамыту бойынша жұмыс белгілі бір

құбылыстардың пайда болу себептерін анықтау немесе тәжірибені

талқылаудан тұрмайды. Шын мәнісінде ол мұғалім, ата-ана, оқушылар,

жалпы мектеп өз тәжірибелерін жетілдіру үшін қатысатын үдерісті

басқару мен басшылық етуден тұрады.

Дамыту бойынша жүргізілетін жұмыс басқаларды серіктестікке тартып,

рефлексия мен өзін-өзі бағалауға қатыстыратын тапсырмаларды қамтиды.

Мұндай іс-шаралар жиі өткізіліп тұрады, мысалы: әріптестер арасындағы

пікірталастар, желіде орналастырылған есеп беруді оқу, оқушылардың

өздерінің іс-тәжірибелері туралы пікірлерін жинау, әріптестерімен іс-тәжірибе алмасу мақсатында басқа сыныптардың сабақтарына қатысу. Дәл осы жағдайда зерттеу үдерісті аяқтау үшін емес, диалог үшін ізденістің негізгі стратегиясы болып табылады.

Бұл үдерістер ауқымы мен көлемі бойынша азғантай ғана болуы мүмкін, бірақ олар педагогикалық пікірталас қалыпты жағдай деп саналатын ортада мәдениеттің қалыптасуы мен жаңаруына үлес қоса алады.

Мұғалiмдер дамыту жұмыстарын жүргізу барысында рефлексияны, жоспар құруды, кеңес беруді біртіндеп жүзеге асыру әдісі арқылы қолдау таба алады. Алғашқы қадам - әрбір ұстаз үшін маңызды шешімдерді талап ететін құндылықтар мен мәселелерді анықтау. Келесі қадам - өзгерістер бағдарламасы жөнінде әріптестерінің кеңестері. Осы әрекет басымдықтарын ұғыну мен келiсу бойынша атқарылған жұмыстардан соң мектептегі мәжiлiсте қаралып, мақұлдануы мүмкін. Мақұлданған соң мұғалім өзінің мәселесі бойынша нақты жоспар құра бастайды. Бұл жоспар жүзеге асатындай және оның құрамына кіретін әрбір әлеуетті қатысушы оны талқылай алатындай болу керек. Егер бұл келісу мен кеңесу үдерісі тиімді болса, онда дамыту жұмысы да жоспар бойынша жүзеге асырылады. Дегенмен мұндай жұмыс мектеп әкімшілігі тарапынан ұйымдастырылып, қолдау көрсетілгені маңызды. Мектеп әкімшілігінің мектеп құрылымы мен дамытудың басымдықтарын қайта қарастыруы қажет, себебі олардың кеңесі мен жетекшілігі өте маңызды.

Бұл үдеріс жалпы түрде төмендегідей кезеңдерде айқындалады.

1-кезең. Құндылықтарды анықтау.

2-кезең. Кәсіби міндеттерді анықтау.

3-кезең. Дамыту бағдарламасын құруға арналған келісім мен кеңестер.

4-кезең. Атқарылатын жұмыстардың жоспарын құру.

5-кезең. Атқарылатын жұмыстардың жоспарын құруға арналған келісім

мен кеңестер.

6-кезең. Зерттеуге негiзделген көшбасшылықты дамыту бойынша жұмыс.

7-кезең. Кәсiби бiлiмдердiң дамуына жәрдемдесуге ықпал ететін желілік

қоғамдастықтағы жұмыс.

Көшбасшылықты дамыту бойынша жұмыс мектепте жаңа білімді

қалыптастырады, дегенмен мектептен тыс жерде алынған жаңа білімдерді

беру де мұғалімнің өз мектебіне орасан зор пайдасын тигізеді.


ОҚЫТУ МЕН ОҚУДА АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (бұдан әрі - АКТ) дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. Мысал үшін Ұлыбританияда мұғалім мамандығын таңдап алған бүгінгі жастардың, өздерінің болашақ оқушылары сияқты, жеткілікті дәрежеде сандық сауаты бар, себебі олар өмір жағдайларының барлық аспектілерінде жаңа технологияның бар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сандық технологиялармен үнемі өзара әрекеттесетін ұрпақ өкіліне жатады. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Сондықтан оқыту барысында осы технологияларды тиімді қолдану маңызды болып саналады. Осы тарауда ұсынылған ақпараттар мұғалімдерге оқыту барысында ғылыми жетістіктерді пайдалану, оқытуды жетілдіру мақсатында жаңа сандық технологияларды қолдану бойынша көмек көрсетуге арналған.


Технологиялық, педагогикалық және мазмұндық білім (ТПМБ)

Үш білім саласының қиылысу ортасында Технологиялық, педагогикалық және мазмұндық білім (ТПМБ) орналасқан. Осы тәсілді алғаш рет 2006 жылы Мишра және Кёлер қарастырды, олардың айтуынша, егер жаңа технология оқуды жақсарту жағына өзгертуге қабілетті болуға тиіс болса, онда жоспарлау үдерісі пәннің ерекше білімдерін оқушылар қалай түсінетінін біле отырып, осы білімдердің ықпалдасуын қамтуы керек. Оның үстіне, Мишра мен Кёлердің пайымдауынша, барлық үш білім саласы арасында өзара байланысты іске асыруға қабілетті мұғалім жоғары деңгейдегі кәсіпқой болып табылады. Сонымен қатар зерттеушілердің айтуынша, осындай мұғалімдер зертханада жұмыс істейтін ғалымдармен немесе жаңа технологияларды пайдалану жөнінде білімдері жеткіліксіз бағдарламашылар мен тәжірибелі мұғалімдер сияқты технологиялық сарапшылармен салыстырғанда ауқымды кәсіби білімге ие болады.

Қорыта келгенде, жекелеген пәндерді оқытуға білім технологияларын ықпалдастыру мұғалімнің қарқынды дамуына, оқудың барлық үш аспектісін өзара байланыста белсенді қолдануына дайын болуын қажет ететіндігін және бұл оқу мен оқыту үдерістерін білікті түсіну көрсеткіші болып табылатындығын баса айту керек.

Бастауыш сыныпта жиынтық бағалауды сабақта қолдану жолдары.

Білім ордасы оқушыларға тек қана білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оқушылардың білімін бағалау, оқушыларды алға ұмтылуға ынталандыру орталығы болып табылады. Ал, оқушының дұрыс қалыптасуындағы шешуші рөлді бағалау атқарады деп ойлаймын.

Оқушылар тобынан жүйелі түрде жиналатын балдар мен деңгейлер әдетте «мәліметтер» деп аталады. Жинақталған жиынтық мәліметтер жұмыс үлгісін сәйкестендіруді және күтілетін деңгейден жоғары немесе төмен дәрежеде жұмыс істейтін топтарға мұғалімдерден ерекше назар аударуды қамтамасыз етеді. Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау жөніндегі Халықаралық бағдарлама (PISA) ОЭСР сияқты Халықаралық зерттеулер қатысушы-елдерден оқушылар міндетті оқыту курсын аяқтаған соң игерген қоғам өміріне толыққанды қатысу үшін қажетті білім мен икемділік қаншалықты дәрежеде екендігі туралы «мәліметтерді» жинақтауға бағытталған. Дегенмен, мұндай «мәліметтердің» қалай жиналатындығын анықтап, келтірілген қорытындыларға қайтадан талдау жүргізу қажет.

Мектептер бұдан әрі «мәліметтердің» алыну себептерін білу мен бұдан кейінгі іс-әрекеттерін жоспарлау үшін «мәліметтерді» жинайды. Осылайша, жеке оқушы деңгейінде жиынтық бағалау жетістіктер деңгейін және оқушының әрі қарай дамуы үшін мақсат ретінде берілетін кейінгі деңгейлерді анықтау үшін қолданылады. Бірақ, бұдан кейінгі кезеңдерде оқушыларды қолдауды қамтамасыз ету басты міндет болатын болса, онда балл мен деңгейлерді анықтау үшін ұсынылатын негіздемелер мен өлшемдер міндетті түрде аса мұқият зерделенуге тиіс. Орындалған тапсырманың негізгі аспектілеріне қатысты сапалы ақпарат оқушылармен кері байланыс үшін қолданылу мүмкін екендігін ұмытпау керек. Мысалы, егер балаға оның белгілі деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді. Осы тұрғысынан жиынтық бағалау (сандық түрде) басты болып табылмайды және мұғалім олар негізделген мәліметтерге (бақылау және интерпретация) қайтып оралады. Одан кейін мұғалім бұл мәліметтер оқушының оқу деңгейін қалай анықтайтындығы туралы, оған қандай деңгейге жету керек және мұны қалай жасау керек екендігі туралы формативті бағалау (ауызша түрде) құрады.

Оқушылардың оқу жетістігін бағалау үшін критериалды бағалау жүйесі дайындалды

КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ - оқу бағдарламасындағы күтілетін нәтижелерге жету мақсатында оқушылардың білім алудағы жеке даму жолына түзетулер енгізуге мүмкіндік беретін, оқушының оқу жетістігін алдын-ала нақты анықталған бағалау критерийлерімен сәйкестігін бағалау болып табылады.

ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ

(оқыту үшін бағалау және ағымдағы бағалау)

Критериалды бағалаудың түрлері

ІШКІ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ

(оқытуды бағалау немесе қорытынды бағалау)

СЫРТҚЫ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ

(оқытуды бағалау немесе сыртқы қорытынды бағалау)

-мұғалім тоқсан барысында өткізеді;

-сыныпта күнделікті жұмыста оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес білімді игерудің ағымдағы деңгейін анықтайды;

-оқушыларға жаңа тақырыпты оқу барысында ол тапсырмаларды қаншалықты дұрыс орындағанын түсінуге мүмкіндік береді.

-кезекті оқу сатысын аяқтағанда тәуелсіз сыртқы ұйыммен өткізіледі;

-оқу сатысында оқу бағдарламасының бөлімін оқып біткенкендегі білім, біліктілік және дағды деңгейлерін анықтайды;

-оқу сатысында емтихандық және қорытынды бағаны анықтау үшін негіз болып табылады.

-мұғалім әр тоқсан аяқталғанда жүргізеді;

-тоқсан бойында оқу бағдарламасының бөлімін оқып біткендегі білім, біліктілік және дағды деңгейлерін қолдана алуын анықтайды;

-жылдық және тоқсандық қорытынды бағаларды анықтау үшін негіз болып табылады.

Қазіргі кездегі мектептегі бағалау. Бұл не? Оқушының оқуға деген қызығушылығын арттыру ма, әлде оқуға деген ынтасын жоятын мұғалім қолындағы құрал ма? Қазіргі кезде мұғалім нақты нені бағалайды: оқушының білімі, талпынысы мен тәрбиесі, оның оқуға деген ынтасы немесе нақты жұмысының қортындысын ба?

Осы сұрақтар мені көп толғандырды. Сұрақтарға жауап табу үшін мен оқушыларға «үйрек» суретін салуға тапсырма бердім. Бір-ақ қандай түстер, дене мүшелері, нені нақты ескеру керек екені жайлы айтқаным жоқ. Суретті салып болған соң бағалауды тапсырдым. Қай жұмысқа «өте жақсы», «жақсы», «қанағат» деген баға қоя аламыз. Неге қазіргі кезде бағалау бізге қиындықтар туғызады.

Барлық жасалған жұмыстар әр-түрлі, бір-ақ та оқушылар өз бағаларын қойып шықты, содан кейін мен оқушыларға төмендегідей бағалау критерийлерін ұсындым.

І. Неше түсті пайдаланды?

1түс-1 ұпай; 2 түс-2ұпай; 3 түс-3 ұпай ;

ІІ. Дене мүшелерінің саны

Бас-1 ұпай; Құрсақ -1ұпай; құйрық -1 ұпай; екі мұртша -2 ұпай; көзі болса -2 ұпай; қанаты -2 ұпай; аяғы - 1ұпай;

ІІІ. Ұқсастығы

Ұқсайды -3 ұпай; Орташа - 2 ұпай; Ұқсамайды -1 ұпай

Жалпы ұпай саны: 16-19 ұпай- «5», 11-15 ұпай - «4», 8-10 ұпай -«3»

Осы критерийлер арқылы бағалау әділ және оқушылар не үшін бағалағандарын түсінді.

Әр бір сабақта біз оқушылардың білімін бағалауға міндеттіміз, бір-ақ та бұл тапсырманы орындағанда оқушылар бұдан да жоғары сапаға талпынатынын ұмытпауымыз керек.

Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін өзі бағалау, қабілеттілік және күш жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады (Александер, 2001).

Үшінші деңгей курсын өткеннен кейін, мен бағалаудың екі түрі бар екенін түсіндім: формативтік және суммативтік.

Формативтік бағалау - сабақта немесе үйде күнделікті жұмыс үрдісінде білім мен дағдыны қабылдау деңгейін анықтайды. Білім үдірісінде мұғалім мен оқушы арасындағы байланысты нығайтады. Оқушылар жаңа тақырыпты игерген кезде тапсырмаларды қаншалықты дұрыс орындап, оқытудың мақсаты мен міндеттеріне жетуді қарастырады.

Суммативтік бағалау - ақпараттық білім бөлімін немесе тоқсан соңында оқу дағдысы мен білімнің қалыптасу деңгейін анықтау.

Формативті немесе суммативті бағалауды жоспарлағанда, біз оның мүмкіндігінше әділ болатындығына кепілдік жасауымыз керек.

Әділдік ұғымы мыналарды қамтиды:

  • Валидтілік - дәлелдеме талапқа сәйкес келе ме

  • Сенімділік - әр түрлі адамдар бағалаған жағдайда нәтижелердің бірдей болуы

  • Жеткіліктілік - барлық стандарттардың расталып, толықтай ашылуы

  • Шынайылық - дәлелдеме өзінің жеке жұмысы болып табылады

Суммативтік бағалау әр түрлі бақылау- тексеру тапсырмаларын қолдануды қажет етеді. Бір - ақ та тексеру-бақылау тапсырмаларын дайындағанда, оқушылардың білім мен біліктерін тексеретін тапсырмаларды ғана қолданбау керек, сонымен қатар одан жоғары деңгейді көрсететін тапсырмалар болуы керек.

Мен өз сабақтарымда суммативтік бағалаудың барлық түрлерін қолдануға тырысамын: суммативтік бағалау, суммативтік критерийалды бағалу, суммативтік өзіндік бағалу.

Суммативтік бағалау бөлім аяқтағанда ма, әлде тоқсан соңында ма. Біз тоқсан барысында оқушыларды жетістіктері үшін мадақтай аламыз немесе кемшіліктерін көрсетіп отырамыз. Ал қорытындысында әр оқушы өз бағасын алады. Осы алған бағалары өздеріне түсінікті болу үшін критерийалды бағалауды қолданумыз керек.

Сол себепті мен үшінші деңгейде алған білімімді қолдана отырып, оқушылармен бірге әр түрлі тапсырмаларға критерийаларды құрастырдық.


Ауызша жауаптар:

  • Жауаптың толықтылығы;

  • Материалды білуі;

  • Өз ойын аша білуі;

  • Дұрыс жауаптар саны;

  • Өлеңде - мәнерлігі мен екпін сақтай білуі;

  • Түсініктілігі.

Шығармашылық тапсырмалар:

  • Ой ұшқырлығы;

  • Жекешілдігі;

  • Жазбасыз өз ойын жеткізе білуі;

  • Мазмұндылығы;

  • Ой-толғауы;

  • Көркемдігі.

Жазбаша тапсырмады:

  • Көркем тілмен жеткізілуі;

  • Ой жүйелілігі;

  • Тапсырманы толық орындауы;

  • Талапқа сәйкес орындауы.


Тапсырма: Оқылған мәтін бойынша өз көзқарастарын тұжырымдайды.

Оқу мақсаты

Критерийлер

Дескрипторлар

Жетті


Талпынады

Қорытынды

жетті

талпынады

ОМ1

В

Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдады.


Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты тапты.

Мәтіндегі негізгі ойды анықтады.

ОМ2


В


Мәтіндегі сөздердің мағынасын ашты.

Мәтіндегі термин сөздерді таба алды.

Мәтіннің стилін анықтады.

Сабақта бағалауды қолданудың нұсқалары.

Өзара және өзіндік бағалау

Мақсаты: өзінің және сыныптасының пікірін бағалауды дамыту

  1. Екі жұлдыз, бір тілек

  2. Пайыздық көрсеткіш

  3. Баспалдақ

Бағалау парақтары

Оқушының аты -жөні_____________________


Бағалау

критерийлері


Орындалатын

деңгейлер


Балл

Ұпайлар

оқушы

мұғалім

Тақырыптың негізгі идеясын ашуы


жартылай

1

2

1

толықтай

2

Тапсырмаларды орындағанда, қосымша материалдарды қолдану.


1

2


1


2


Берілген уақытты

пайдалану


жартылай

1

2

1

толық тиімді

2

Өзінің

ойын еркін

жеткізіп есептерді

дәлелдей алуы


жартылай

1

2

1

толығымен

2

Шығармашылық

ізденісте болуы


Оқулықпен шектелуі

1

2

2

Қосымша

тапсырманың орындалуы


2

Топтық бағалау парақтары


Критерийлер

Дескриптор

Бағалау

Жетті

Талпынады

Білу

Оқушы:

- Барлық жыл мезгілін айтады


- Әр жыл мезгілінің 2-3 белгісін атайды


Қолдану

Жыл мезгілінің суреттері бар суреттер бойынша:

- нақты жыл мезгіліне сәйкес келетін суреттерді дұрыс таңдайды;


- жыл мезгілінің белгілерін атап, таңдаған суретті түсіндіреді.


Қорытынды: оқушы оқыту мақсатына жетті


Бағдаршам

Оқушыларға қызыл, сары, жасыл карточкалар таратылады.

Карточкалар көмегімен материалды қанша меңгергендігін көрсетеді. Бұл мұғалімге дер кезінде оқушыға көмек беруге мүмкіндік береді.

Жасыл - бәрін түсіндім

Қызыл - түсінбедім

Сары - сұрақтарым бар


Қазақ тілі 16.10.13 ж. 3 «А» сыныбы

Тақырыбы: Мәтін тақырыбы

Сілтеме: жоспар

Мақсаты: Мәтін туралы алған білімін әрі қарай жетілдіру; мәтіннің сөйлемнен айырмашылығын анықтай білу; мәтін құрастыру, оған тақырып таңдай білу дағдыларын жетілдіру.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар мәтіндегі негізгі ойды Мәтін құрастырудың сызбасы (басқы, ортаңғы, соңғы бөліктері);

Сабақтың әдісі: «Пирамидалық оқиға», «Кубизм», «Бір айналым сөйлесу» стратегиялары.

Сабақтың көрнекілігі: Күзге, мектепке байланысты сюжетті суреттер, флипчарт


Сабақ барысы:


Тапсырмалар

уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру

3 мин

Негізгі бөлім

25 мин



Қорытынды

10 мин


Бағалау

2 мин


Рефлексия

5 мин

1 мин


2 мин


10 мин


15 мин

1 мин

10 мин


Психологиялық дайындық

Біз әдепті баламыз,

Біз ерекше боламыз.

Қонақтарды көргенде:

Сәлеметсіздер ме! - деп

Сәлемдесіп аламыз.

Ой- толғаныс.

Көркем жазу минуты. Қ қ дыбысын бірінші жолға жазып шығу. Қ әрпі бар сөздерді жазып шығу. Қараша, қар.

Қазір қандай ай? Қазір қандай мезгіл? Күз мезгілі. Күз мезгіліне байланысты екі- үш сөйлем құрап жіберейікші.

Күз

Күз келді. Жапырақтар сарғайып жерге түсе бастады. Құстар жылы жаққа ұшып кетті.

Жаңа сабақ

Геометриялық фигуралардың түстеріне байланысты топқа бөлу.

Қызығушылығын ояту

«Пирамидалық оқиға» стратегиясы қолданылады.

1---------------

2--------------------

3-------------------------

4-----------------------------

5--------------------------------

6-----------------------------------

7--------------------------------------

Мұндай сызба барлық оқушыға таратылады. Берілген тапсырма осы жолдарға жазылады.

  1. Оқиға кейіпкерінің атауын білдіретін (адам,аң, өсімдік, жансыз зат, т.б.) 1сөз.

  2. Кейіпкердің сырт бейнесін, мінезін, түрін анықтайтын 2 сөз.

  3. Оқиғанын болған орнын анықтайтын 3 сөз.

  4. Оқиғаның өтуі түсіндіретін 4 сөзден тұратын сөйлем.

  5. Оқиғаның шығу себебі 5 сөз.

  6. Әрі қарай не болды? 6 сөз.

  7. Оқиға қалай аяқталды? 7сөз.


Кіріспе.

Мағынаны тану кезеңі

1-жаттығу. 47 бет

2-жаттығу 48 бет

Оқулықта берілген жаттығулар орындалғаннан кейін «Кубизм» стратегиясын қолдануға болады. Ол үшін шағын топтарға бөлінеді.Неше топ болса, текшенің сонша жағына сұрақтар жазылады. Текше топтың ортасына тастағанда, әр топ отырған жаққа қай жағындағы тапсырма түссе, топ сол тапсырма бойынша дайындалады.

  1. Мәтін дегеніміз не?

  2. Мәтіннің тақырыбын қалай таңдауға болады?

  3. Мәтіннің басталуы дегеніміз не?

  4. Мәтіннің аяқталуы дегеніміз не?

  5. Мәтінді қалай құру керек?

  6. Мәтін неден құралады?

Бұл тапсырманы мұғалім өз қалауынша өзгертуіне болады.


Сергіту сәті.

Ой қорыту:

Топтың санына қарай тақырыптар жазылады. Әр топ тақырып таңдап алады. Топтың таңдаған тақырыбына қарай әр оқушы бір сөйлемнен жалғастырып жазып, 4-5 сөйлемнен тұратын логикалық байланысқан мәтін құрастырады. Бұл стратегия «Бір айналым сөйлесу» стратегиясы деп аталады.

  1. Мәтін дегеніміз не?

  2. Мәтіндегі сөйлемдер қалай жазылады?

  3. Мәтінге тақырыпты қалай қоямыз?

Өзін-өзі бағалау, жұптық бағалау, геометриялық фигуралар арқылы бағалау


Сабақ ұнады.

Қиын болды.

Саған сабақ ұнады ма? Не үйрендің? Не білдің?

Оқушылар назарын сабаққа аударады.


Өтілген тақырып бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.


Топпен отыру.


Дәптерлерін ашып, күн ретін, тақырыпты жазады.

Сызбадағы тапсырманы орындайды.

Топтан бір оқушыдан оқып, талдау жасайды.


Мәтіннің тақырыбын аңықтайды.


Тақырыпты дәлелдейді.

Тапсырманы орындайды, жұпта талқылайды.

Сөздікпен жұмыс жүргізеді.

Жұптық бағалау жүргізіледі.

Жақсы жауап берген оқушыларға геометриялық фигуралар беріліп отырады.

Жеке, жұппен, топпен жұмыс жасайды, дәтерлеріне жазады, шыққан мәтінге тақырып қойып, талқылайды.


Өзін-өзі бағалау жүргізеді.

Диалог

Қазақ тілі 18.10.13 ж. 3 «А» сыныбы

Тақырыбы: Мәтін жоспары

Сілтеме: жоспар

Мақсаты: Мәтін құрастыру, негізгі идеясын; ондағы негізгі ойды анықтау арқылы мәтінге жоспар құру; құрылған жоспар бойынша мәтін құрастыруды үйрету.

Күтілетін нәтиже: берілген жоспар, суреттер бойынша және белгілі бір жағдайға байланысты әңгіме құрау.

Сабақтың әдісі: «Араласып кеткен оқиғалар», «Авторға сұрақ қою», «Әңгімені бірлесе жазу» стратегиялары.

Сабақтың көрнекілігі:


Сабақ барысы:


Тапсырмалар

уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру

5 мин


Негізгі бөлім

20 мин

Қорытынды

10 мин


Бағалау

5 мин


Рефлексия

4 мин

1 мин

4 мин


10 мин

10 мин


1 мин

10 мин


Психологиялық дайындық

Біз әдепті баламыз,

Біз ерекше боламыз.

Қонақтарды көргенде:

Сәлеметсіздер ме! - деп

Сәлемдесіп аламыз.


Геометриялық фигураларға жазылған сандарға байланысты топқа бөлу

Ой- толғаныс.

  • «Менің мысығым» тақырыбына жазған мәтіндерін тыңдау


Жаңа сабақ

Қызығушылығын ояту

«Араласып кеткен оқиғалар» стратегиялары бойынша жұмыс істеу шағындау мәтін таңдап алынады. Мәтін бір бет қағазға жазылады, бөлімдер бойынша бірнеше бөлікке бөлініп қырқылады. Ол бөліктер партаның бетіне орындарын ауыстырып, араластырып, жайылып қойылады.

Оқушылар осы мәтіннің бөліктерін оқып, мазмұнына қарай тауып құрастырады. Әр топқа құраған мәтіннің мазмұнын айтқызуға болады.

Содан кейін осы мәтіннің әр бөлігіндегі негізгі ойды тауып, бір сөйлеммен жазу тапсырылады. Әр топтың жазғанын тыңдай келе, ішінен біреуі таңдап алынып, тақтаға жазылады. Міне, осылайша мәтін жоспарын құру дағдыларын қалыптастыру көзделеді.

Кіріспе.

Мағынаны тану кезеңі

1-жаттығу. 49 бет

Мәтінді оқы. Мәтіндегі абзацтардың орны ауысқан. Абзацтарды дұрыс орналастыр.

  1. Ботаның орамалын ұмытуы

  2. Орамалын тауып алуы

  3. Ұмытшақтығына ұялуы

2-жаттығу 50 бет

Сөйлемдерді оқып, қандай қате жіберілгенін табу.

Құстарды қорғау керек, өйткені олар біздің қанатты достарымыз.

Көлдің жағасында балықшылар отыр.

Құстар күзде жылы жаққа ұшып кетеді.

Бұзау өрістен келе жатқан енесін көріп, мөңіреді.


Сергіту сәті.


Ой қорыту:

«Әңгімені бірлесе жазу» стратегиясы былай жүзеге асырылады. Әртүрлі тақырып жазылған бірнеше карточка болады, әр топ бір-бір тақырыпты таңдап алады.

Алдымен топ мүшелері тақырып бойынша қандай идеялар қамтылатынын топтастыру арқылы жазады.

Оқиға желісін анықтап алғаннан кейін, 1-оқушы мәтіннің басталуын (кіріспе бөлім) жазады, 2-оқушы болған оқиғаны жазады, яғни негізгі мәселеге тоқталады, 3- оқушы мәтінді аяқтайды (қорытынды бөлім), 4- оқушы оқиғаға өз көзқарсын білдіреді.


Өзін-өзі бағалау, жұптық бағалау, бағалау парағы арқылы бағалау


Сабақ ұнады.

Қиын болды.

Саған сабақ ұнады ма? Не үйрендің? Не білдің?

Оқушылар назарын сабаққа аударады.


Топпен отыру.


Өтілген тақырып бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.


Дәптерлерін ашып, күн ретін, тақырыпты жазады.

тапсырманы топпен орындайды.

Топтан бір оқушыдан оқып, талдау жасайды.


Мәтіннің тақырыбын аңықтайды.


Тақырыпты дәлелдейді.


Тапсырманы орындайды, жұпта талқылайды.

Жұптық бағалау жүргізіледі.

Жақсы жауап берген оқушыларға бағаланып отырады.

Жеке, жұппен, топпен жұмыс жасайды, дәтерлеріне жазады, шыққан мәтінге тақырып қойып, талқылайды.

Өзін-өзі бағалау жүргізеді.

Диалог


Қазақ тілі 22.10.13 ж. 3 «А» сыныбы

Тақырыбы: Мәтіннің түрлері

Сілтеме: жоспар

Мақсаты: Мәтіннің бір түрі - сипаттау мәтіні туралы түсінік беру; затты немесе құбылысты сипаттауды үйрету; сипаттау мәтінін құрастыруда теңеу сөздерді дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру; оқушылардың сөздік қорын арттыру.

Күтілетін нәтиже: берілген жоспар, суреттер бойынша және белгілі бір жағдайға байланысты әңгіме құрау.

Сабақтың әдісі: «Жұп болып оқу», «Дөңгелек үстел», «Топтастыру», «Еркін жазу » стратегиясы.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, бейнекамера, фотокамера, үлестірмелі парақшалар, флипчарт

Сабақ барысы:


Тапсырмалар

уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру

5 мин

Негізгі бөлім

20 мин

Қорытынды

10 мин

Бағалау

5 мин

Рефлексия

4 мин

1 мин

4 мин


10 мин


10 мин


1 мин

10 мин


Психологиялық дайындық

Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің оң қолым
Мынау менің сол қолым
Барлық істі атқарған.

Геометриялық фигураларға жазылған сандарға байланысты топқа бөлу

Ой- толғаныс.

  • 3-жаттығу 50 бет

  • Серік мәтіннің жоспарын дұрыс құрды ма?


Жаңа сабақ

Қызығушылығын ояту

Мәтін таңдалып алынады. Топтағы оқушылар екі-екіден жұптасады да, «Жұп болып оқу, жұп болып талқылау» стратегиясы бойынша жұмыс істейді.

Мәтіннің түрлерін анықтайды.

1-бөліктегі сөйлемдер оқылады. Бұлардың мәтін емес екендігі айтылады. 2-3- бөліктегі мәтіндер оқытылып , салыстырылады.

Қозы қандай? Көзі қандай? Жүні қандай? Бойы қандай?

Балалар бұл мәтінді сипаттау мәтін деп атайды.

Ал «Жидек» мәтінінде мұнда байқасаңдар жидектін шілдеде пісетінің, тәтті, бармақтың басындай, түсі бозғылт, ауыл адамдары жидекті шелектеп жинайтыны екенін сендерге хабарлап жеткізіп тұр.

4-бөліктегі мәтін оқылады.Талдау жүргізіледі.

-Бірінші сөйлемде не туралы айтылған? Келесі сөйлемде ше?....

Балалар бұл мәтін пайымдау мәтіні деп аталады.Пайымдау мәтіні дегеніміз: Оқиға, құбылыстардың себебін дәлелдейтін мәтін пайымдау мәтін деп аталады.


Кіріспе.

Мағынаны тану кезеңі

1-жаттығу

Демалыс күнінің жоспарын құру. Жоспар бойынша демалыс күніңді қалай өткізгеніңді әңгімеле.

2-жаттығуда берілген «Ақбөкен» мәтіні талқыланғаннан кейін,ақбөкенді сипаттау үшін қолданылған бейнелі сөздерді «Топтастыру» әдісімен жазамыз.


Сергіту сәті.


Ой қорыту:

«Дөңгелек үстел» стратегиясын қолдану. Бір тақырып беріледі. Топ мүшелері бір сөйлемнен жазып, бір-бірін жалғастыра отырып, 4-5 сөйлемнен тұратын сипаттау мәтінін құрастырады.

Өзін-өзі бағалау, жұптық бағалау, бағалау парағы арқылы бағалау

Сабақ ұнады.

Қиын болды.

Саған сабақ ұнады ма? Не үйрендің? Не білдің?

Оқушылар назарын сабаққа аударады.


Топпен отыру.


Өтілген тақырып бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.


Дәптерлерін ашып, күн ретін, тақырыпты жазады.

Жұппен жұмыс жасайды, бір оқушыдан оқып, талдау жасайды.


Мәтіннің түрлерін аңықтайды.


Тапсырманы орындайды, жұпта талқылайды.

Жұптық бағалау жүргізіледі.

Жақсы жауап берген оқушыларға бағаланып отырады.

Жеке, жұппен, топпен жұмыс жасайды, дәтерлеріне жазады, шыққан мәтінге тақырып қойып, талқылайды.

Топпен жұмыс, флипчартты қорғау.

Өзін-өзі бағалау жүргізеді.


Диалог

Қазақ тілі 23.10.13 ж. 3 «А» сыныбы

Тақырыбы: Мәтіннің түрлері

Сілтеме: жоспар

Мақсаты: Мәтін бойынша алған білімді бекіту, мәтін түрлерін ажырата білуге машықтандыру. Сөйлем мен жазуда сауаттылыққа үйрету.Сөйлемдегі сөздердің мағынасын түсінуге,өз идеяларын дәлелдеуге үйрету.

Күтілетін нәтиже: Әралуан мәтін түрлерін құрастыру: әңгімелеу, сипаттау, пайымдау, олардың бір-бірінен ерекшеліктерін ажырату.

- берілген жоспар, суреттер бойынша және белгілі бір жағдайға байланысты әңгіме құрау.

- мәтінді ықшамдау және жалпылау арқылы қысқарту.

Сабақтың әдісі: "Миға шабуыл"стр. сұрақ-жауап, «Жұп болып оқу, жұп болып талқылау», "Ойлан,топтас,пікірлес."стр берілген мәтінді суреттеу мәтіні түрінде жазу, «Еркін жазу » стратегиясы.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, бейнекамера, фотокамера, үлестірмелі парақшалар, флипчарт

Сабақ барысы:


Тапсырмалар

уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру

5 мин

Негізгі бөлім

20 мин

Қорытынды

10 мин


Бағалау

5 мин

Рефлексия

4 мин

1 мин


4 мин


10 мин


10 мин

1 мин

10 мин


Психологиялық дайындық

Үлкендерге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпенен біз.

Геометриялық фигураларға жазылған сандарға байланысты топқа бөлу


Ой- толғаныс.

  • Мәтін дегеніміз не?

  • Мәтіннің неше түрі болады?

  • 3-жаттығу 50 бет

Жаңа сабақ

Қызығушылығын ояту

"Ойлан,топтас,пікірлес."

1. Төмендегі сызба бойынша әңгімелеу мәтінін құрастыр.


2. Тірек сөздерді қолданып, сипаттау мәтінін құрастыр.

Сөйлемдерді жалғастырып жазу. Топтағы оқушылар екі-екіден жұптасады да, «Жұп болып оқу, жұп болып талқылау» стратегиясы бойынша жұмыс істейді.

  • Жолды кесіп өтерде абай болу керек, ...................

  • Тамақтанар алдында қолды жуу керек, .......

  • Итті ызаландыруға болмайды, ..................

  • Есіктің қоңырауы соғылғанда, бірден ашуға болмайды, ....

  • Бөлмемді күнде ретке келтірем, ................

  • Нан қоқымын шашпаңдар, .....................


Балалар бұл мәтін пайымдау мәтіні деп аталады.Пайымдау мәтіні дегеніміз: Оқиға, құбылыстардың себебін дәлелдейтін мәтін пайымдау мәтін деп аталады.


Кіріспе.

Мағынаны тану кезеңі

2-жаттығу

Мәтіндерді оқу. Олардың қайсысы пайымдау мәтініне жатады? Себебін түсіндіру.


Мәтінмен жұмыс «Аққу»

Мәтінді пайдаланып, не істеді? қандай? неліктен? сұрақтарына жауап бер.


Сергіту сәті.

Ой қорыту:

«Еркін жазу» стратегиясын қолдану.

Сурет бойынша ауызша пайымдау мәтінін құрастыру.


Өзін-өзі бағалау, жұптық бағалау, бағалау парағы арқылы бағалау

Сабақ ұнады.

Қиын болды.

Саған сабақ ұнады ма? Не үйрендің? Не білдің?

Оқушылар назарын сабаққа аударады.


Топпен отыру.

Өтілген тақырып бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.

Дәптерлерін ашып, күн ретін, тақырыпты жазады.

Жұппен жұмыс жасайды, бір оқушыдан оқып, талдау жасайды.


Мәтіннің түрлерін аңықтайды.


Тапсырманы орындайды, жұпта талқылайды.

Жұптық бағалау жүргізіледі.

Жақсы жауап берген оқушыларға бағаланып отырады.


Жеке, жұппен, топпен жұмыс жасайды, дәтерлеріне жазады, шыққан мәтінге тақырып қойып, талқылайды.

Өзін-өзі бағалау жүргізеді.


Диалог

Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары

Сабақтың мақсаты:

  • Сөз таптарынан өткенді қайталау арқылы оқушының теориялық білімін практикамен ұштастыру.

  • Жүйелі ойлауға, ойын тиянақты, әсерлі жеткізу арқылы шығармашылық ізденістерін дамыта түсу.

  • Оқушыларға берілген мысалдар арқылы ақыл-ой, адамгершілік, ізеттілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Бекіту сабағы

Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, деңгейлеп, саралап оқыту, іздендіру, жобалау.

Сабақтың формасы: Топпен, жеке оқушымен.

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, интерактивтік тақта, тапсырмалар


Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

2. Білімді жан-жақты тексеру

3. Үй тапсырмасы

4. Шығармашылық жұмыстар


Сынып оқушыларын түгендеп, сабаққа деген ынтасын байқау. Психологиялық дайындық:

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Баршаңызға құрметпен

Бас иеміз біз.

  • Бір-біріне жақсы тілектер айту.

Сыныпты ауылға бөлу, ат қою. Ауыл болып жарыс өткізу.


Тіл кеңістігін қалыптастыруға сұрақтар қою.

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Көктемде қандай өзгерістер болады?

  • Көктем айларын ата?

  • Көктемде қандай мерекелер болады?

  • Бүгін мамырдың нешесі?

  • Аптаның қай күні?


Өткенді қайталау
"Бәйге"ойыны

Зат есім Зат есім дегеніміз не?

Жалқы және жалпы есімдер дегеніміз не?

Зат есімнің жекеше және көпше түрі дегеніміз не?


Етістік Етістік дегеніміз не?

Дара және күрделі етістік дегеніміз не?

Сын есім Сын есім дегеніміз не?

Дара және күрделі сан есім дегеніміз не?


Сан есім Сан есім дегеніміз не?

Дара және күрделі сын есім дегеніміз не?

Ыбырай ауылының тапсырмасы:


Сөздер

Зат есім

Сын есім

Етістік

Сан есім

жекеше

көпше

дара

күрделі

дара

күрделі

дара

күрделі

1

Оқушылар

2

Сары ала

3

Отыз бір

4

Келді

5

Кітап


Жамбыл ауылының тапсырмасы:


Сөздер

Зат есім

Сын есім

Етістік

Сан есім

жекеше

көпше

дара

күрделі

дара

күрделі

дара

күрделі

1

Келе жатыр

2

Аян

3

Тәртіпті

4

Жиырма

5

Отыз сегіз


Абай ауылының тапсырмасы:


Сөздер

Зат есім

Сын есім

Етістік

Сан есім

жекеше

көпше

дара

күрделі

дара

күрделі

дара

күрделі

1

Үш жүз бес

2

Ойлады

3

Көбелек

4

Алпыс

5

Қара ала


"Қызықты шаршы" ойыны

  1. Сөздер қай сөз таптарына жатады?

  2. Сөз құрамына талда.


Суретші Дәрігер Жұмысшы

Отызда Оқыды Жасылмен


Сергіту сәті

Бір, екі, үш,

Бойға жинап күш.

Төрт, бес, алты,

отыр, тұр, шалқы.

Жеті, сегіз, уһ деңіз

Тоғыз, он

Енді орныңа қон.


Сөздерден сөйлем құрастыр


Ыбырай ауылы

Аяғы, сегіз, бар,

өрмекшінің

Жамбыл ауылы

Пәтерде, тұрады,

бесінші Асқар


Абай ауылы

Жағасында, он екі,

көл, жүр, аққу



Ауылдар

Табамыз


Ойлаймыз

(сол туралы айту)


Қолданамыз

(сөйлем құрау)


Абай ауылы

(Зат есім)

Ыбырай ауылы

(Сын есім)

Жамбыл ауылы

(Сан есім)

Екі жақтама түсіндірмелі "Күнделік" стратегиясы


Шығармашылық жұмыс

Ыбырай ауылы Жамбыл ауылы Абай ауылы


Ойын ойнау: «Саны бар атаулар»

Бірқазан, темекі, күшік, төрттік, дербес, алтыбақан, жетім, сегізкөз, тоғызқұмалақ.


V. Сабақты қорытындылау

  • Не білдік?

  • Нені үйренгілерің келеді?


Үйге тапсырма: Өткенді қайталау


Қазақ тілі 13.03. 2015 ж 4 «А» сынып

Сабақтың тақырыбы: Жіктеу есімдігі

Cабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Есімдік туралы түсінік, оның ішінде жіктеу есімдігі туралы жалпы мағлұмат беру, оның ерекшелігін ұғындыру
ә) Дамытушылық: Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, сауатты жазып, оқу дағдыларын жетілдіруге және шығармашылық қабілетін дамытуға ықпал ету. Сөз байлығын, сөздік қорын байыту, ойлау, байқағыштық қасиеттерін дамыту. Сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру.

б) Тәрбиелік: Оқушылардың белсенді ойлау қызметтерін жандандыру, грамматикалық тапсырмаларды орындау арқылы шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа .тәрбиелеу, ұстазды құрмет тұтуға баулу, оқуға, білімге, деген қызығушылығын арттыру, ұлттық дүниетанымын қалыптастыру,.

Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгерту

Әдіс - тәсілі: СТО стратегиялары, сұрақ - жауап, көрнекілік, талдау, ажырату, салыстыру, дәлелдеу, жазба жұмысы, ізденіс әдісі

Көрнекілігі: тірек - сызба, сөзжұмбақ, слайд, деңгейлік тапсырма карточкалары, семантикалық карта


Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Сыныптағы оқушылардың даярлығын тексеру.
ә)- Балалар, бүгін сабағымызға қонақтар келіп отыр алдымен солармен амандасып алайық.

Үлкенге де «Сіз»

Кішіге де «Сіз»

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз.

Қайырлы КҮН!

ІІ. Психологиялық дайындық

Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын,
Нұрын шашып жарығы мен мейірімін,
Көркін ашар мына әсем даланың.
- Міне жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІІ. Қызығушылығын ояту

- Балалар алдымызда қандай мейрам жақындап келеді?

- Наурыз мейрамы туралы не білесіңдер?

- Балалар жаңа өздерін құраған мәтіндерінде бүкіл мұсылман жұртына ортақ мейрам Наурыз жайлы атап өттіңдер. Ендеше көктемнің тағы бір мерекесі Жаңа Жылға біз де дайындалайық.

IV Жаңа сабақ

1) Ой қозғау

- Алдымен Наурыздың сәні не екенін білу үшін мына жұмбақты шешіп тауып алайық.

Ұқсайтын шеңберге, қабырғасы жиылып, керіледі.

Жиһазы мол, кең бөлме, төбесінен жұлдыздар көрінеді. (киіз үй)


- Киіз үй туралы видио материал көрсету. Әңгіменің ішінен есімдіктерді айтқызу.


- Егер Мына киіз үй бөлшектерінің артындағы сұрақтарға дұрыс жауап берсек киіз үйді біртіндеп құрастырамыз.

- Алдымен мынаған назар аударайық. ЕСІМДІК сөзі неше әріптен құралса, есімдіктің сонша түрі бар екенін біз білеміз.. Қане мына сызбаға қарап есімізге түсіріп өттейік

Жіктеу

Сұрау

Белгісіздік

Болымсыздық

ЕСІМДІК

Сілтеу

Жалпылау

Өздік


Ендеше іске сәт!

1. Есімдік дегеніміз не?

2. Мен, сен, ол есімдіктің қай түріне жатады?

3. Кім? Не? Қанша? Есімдіктерін түріне қарай ажырат

4. Өздік есімдігіне мысал келтір

5. Сіз, әлдекім, өзіне, бұл, бүкіл есімдіктері ішінен жалпылау есімдігін тап


- Белгілі бір (затқа, адамға қатысты) жақтық ұғыммен байланысты қолданылатын есімдіктің түрі жіктеу есімдігі деп аталады.
Жіктеу есімдіктерінің үш жағы және жекеше, көпше түрі болады. Жіктеу есімдіктері: мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар. Жіктеу есімдіктері жіктеледі, септеледі.

- Балалар, бүгін біз сабақта есімдіктің бір түрі жіктеу есімдігімен танысамыз, оларды қатыстырып сөйлем құрап, талдауды үйренеміз. Біз Үйді құрдық, енді Наурыздың ең басты тағамы Наурыз көжені әзірлейік. Наурыз көжеге салынатын тағам түрлерін еске түсіріп өту.

2-жаттығуды орындайық.

  • Сөйлемді дұрыс орналастыру үшін саған не көмектесті?

  • Сөйлемдегі жіктеу есімдіктері сөйлемнің қай мүшесі болып тұр?


- Енді алтыбақан құрайық. Ол үшін 3-жаттығуды бір сөйлемнен тақтада, қалғанын дәптерге жазайық

- Енді Наурыз мерекесінің қызықтары ұлттық ойындарымызды есімізге түсіріп алайық. «Бәйге» ойыны. Үш оқушы тақтада берілген есімдіктерге сөйлем құрады.

- Келесі ұлттық ойынымыз «Теңге ілу» Ол үшін дәптерімізге мына әріптерді әдемі, көркем етіп жазамыз.

Бұл Ешкім Бүкіл

негізгі негізгі негізгі

дара күрделі дара

есімдік есімдік есімдік

сілтеу болымсыздық жалпылау

сұрағы: қай сұрағы: кім сұрағы: қай

анықтауыш бастауыш анықтауыш


- Енді сәл демалып, сергіп алайық.

Сергіту сәті

- Келесі ойынымыз «Асық атуды» үйрену үшін деңгейлік тапсырманы өз беттерінше орындап көріңдер.

V Қорытынды

10) Деңгейлік тапсырмалар орындау

І. Есімдіктерді теріп жаз.

Жақсы, мен, сонша, оқушы, ол, маған, сіз, оның, қара, сол,олар, Болат, көктем, оны, мені, өзін, мынау, осы.

ІІ. Көп нүктенің орнына есімдіктерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

... - белсенді оқушы. ... үлкенге құрмет көрсетеміз..... домбыра үйірмесіне қатысамын.


ІІІ. Сөзжұмбақты шеш

Е


С


І


М


Д

І


К


1.Жіктеу есімдігі

2.Сілтеу есімдігі

3.Сұрау есімдігі

4.Өздік есімдігі

5.Жіктеу есімдігі ІІ жақ

6.Болымсыздық есімдігі

7.Жалпылау есімдігі

VІ. Үй тапсырмасы

4-жаттығу

VІІ. Бағалау


  • Асық ойыны суретмен оқушылар бір бірін бағалайды

  • Мұғалім топқа берген киіз үй суреттерінің санына қарай бағалау


V Қорытынды

Кері байланыс парағы: «Екі жұлдыз, бір тілек»

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін

арттыру курстарының бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі) деңгей.

  1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал