- Учителю
- Поурочный план на тему Арыстан мен түлкі (1 класс)
Поурочный план на тему Арыстан мен түлкі (1 класс)
Тақырыбы: Арыстан мен түлкі.
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушылардың ертегі туралы түсініктерін кеңейту.
ә)Оқу жылдамдықтарын арттыру.Сөйлеу тілдерін, қиялдарын дамыту. Сөздік қорларын молайту.
б) Қамқорлыққа,батырлыққа,үлкенді тыңдай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекі құралдар:суреттер тест
Әдіс- тәсілдер:сұрақ-жауап,әңгімелеу,шығармашылық жұмыс,сахналау,рольмен оқу.
Пән аралық байланыс : дүниетану
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық жаттығу:
...Алақанымыздың қызуы арқылы бір-бірімізге жүрек жылуын береміз.Біліміміз арқылы бүгінгі сабағымызға сәттілік тілейміз!
2.Үй тапсырмасын сұрау:
Үйден Алдар Көсе және Қожанасыр туралы сахналық қойылым әзірлеп келу.
3.Өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру.
1.Сұрақ-жауап жүргізу.
-Ертегі деген не?
-Ертегі нешеге бөлінеді?
-Қандай ертегілер білесіңдер?
4.Мақсат қою кезеңі.Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстыру.
4.Жұмбақ шешу.
1.Айбат шегер алыстан
Аң патшасы.../ арыстан/
2.Өзі айлакер, өзі қу,
Жүрген жері айғай да шу./ түлкі/
Бүгінгі тақырыбымыз «Арыстан мен түлкі» туралы ертегімен таныс боламыз./ Олар туралы не білесіңдер?/
Жауаптары тыңдалады.
5.Жаңа сабақ.
1.Ертегіні рөлге бөліп оқу.
2.Сұрақтарға жауап алу
-Арыстан қандай айла тапты?
-Түлкі қалай аман қалды?
3.Дәптермен жұмыс.
Аңдар туралы әңгіме жазу.
4.Тест / 6 сұрақтан/
6.Көрнекіліктермен жұмыс жүргізу.
Сөйлем құрастыру.
3. Сергіту сәті.
.Бекіту кезеңі:
Балалар бүгінгі сабақта не білдік?
Сабақ ұнадыма?
Ертегі дегеніміз не?
Бүгін қандай ертегімен таныстық?
8.Үйге тапсырма:Ертегіні оқу,әңгімелеу,сурет салу.
9.Бағалау: Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтап бағалау.