7


Урок для начальных классов

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Құрманғазы

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Құрманғазы» мәтініне түсініктеме беру. Құрманғазы Сағырбайұлы туралы қосымша тереңірек ақпарат беру. Оның өмірі мен шығармашылығын білуге қызығушылықтарын туғызу.
Дамытушылық: Оқушыларға Құрманғазы туралы мәтінді оқытып, талдатып, күйлерін естіртіп, мазмұнын ашу арқылы ойлау, жүйелі әңгімелеу, дұрыс сөйлеуге бағыт беру. Қазақ күй өнері туралы дүниетанымдарын кеңейту.
Тәрбиелік мәні: Оқушыларды мәдениетке, өнерге баулу. Атадан қалған күй өнерін насихаттау арқылы тарихын, ғұрпын құрметтеуге баулу. Музыка арқылы әсемдікті сезінуге, рухани нәр алуға жетелеу.
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелесу.
Сабақтың өту әдісі: сұраққа жауап, ой қозғау, түртіп алу стратегиясы, ЖИГСО ІІ стратегиясы
Технология: СТО
Пәнаралық байланыс: музыка, тарих
Көрнекілігі: сурет, Құрманғазы Сағырбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы слайд, кесте, топтарға домбыра суреттері.
Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру.
а) Психологиялық жаттығу.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
III. Қызығушылығын ояту.
IV. Жаңа сабақ.
V. Мәтінмен жұмыс
VI. Сабақты бекіту.
VII. Бағалау.
VIII. Үйге тапсырма
Сабақтың барысы:
Оқушыларды дұрыс отырғызып, сабақ құралдарын түгендеу.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Психологиялық дайындық.
а) Психологиялық дайындық(оқушылардың назарын сабаққа аудару)
II. Үй тапсырмасын сұрау.

Жиб-Жица күресі

Мұқанура 1871ж Ақмола


Алып бала Қажымұқан Әкесі Мұңайтпас

Батырлық жалшы болған
Қажымұқан

24елді 8 жастан балуан

аралаған 15-16 жас жігіт


Сөзжұмбақ дұрыс шешілсе бүгінгі жаңа тақырыбымыз шығады

  1. Әлемге әйгілі балуан кім?

  2. Басында имек арқаны бар ,асауды ұстайтын сырық ағаш?

  3. Жапон балуаны кім?

  4. Қажымұқанның шын аты кім?

  5. Мұқан атына палуандығы үшін қандай есім қосылды?

  6. Жиб-Жица күресі қай қалада өтті?

  7. Балуан Шолақтың шын аты кім?

  8. Сен шықсай жапондарға жақынсың ғой деп Қажымұқан кімге айтты?

  9. Алып бала әңгімесіндегі Мұқанның ауылға арқалап келетін мал...?

  10. Қажымұқан туралы жазылған журнал аты ...


III. Қызығушылығын ояту.
«5» болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Өнер, білім көп оқып,
Өсе берсін санамыз.
Ой қозғау
Құрманғазы туралы не білесіңдер?

І топ: Құрманғазы өмірі ІІ топ: Құрманғазы күйлері
ІV Мағынаны тану
Жаңа сабақ
Құрманғазы Сағырбайұлы туралы мағлұмат беру. Слайд көрсетіледі.
Құрманғазы Сағырбайұлы (1818 - 1889) - қазақтың ұлы күйші - композиторы. Қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі.
Туып - өскен жері Бөкей хандығы, қазіргі Орал облысының Жаңақала ауданына қарасты Жиделі деген жер. Топырақ бұйырған орыны - Астрахань (Ресей) облысының бұрынғы «Шайтани батага», қазіргі «Құрманғазы төбе» деп аталатын жер.
Шыққан тегі - Кіші жүз, он екі ата Байұлынан өрбіген Сұлтансиықтың Қызылқұрт бұтағы. Құрманғазының жетінші атасы Ерші деген кісі от тілді, орақ ауызды, сөз дарыған адам болыпты. Ал, нағашы жұрты - Беріш руы. Қалмақ шапқыншылығы кезінде асқан ерлігімен көзге түскен Ағатай батырдың есімі исі Берішке ұран болған. Одан берідегі Өтеміс би, Махамбет ақын, Исатай батыр бір ғана Беріш руының емес, исі қазақтың ардақты ұлдары.
Құрманғазы сахараның даңғыл көкірек дәулескер күйшісі Соқыр Есжанның алдын көріп, Дәулеткерей сияқты жайсаң күйшімен сырлас болып, Шеркеш, Байжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің өнерінен өнеге алған. Оның «Түрмеден қашқан», «Кісен ашқан», «Ертең кетем», «Бозқаңғыр», «Пәбескі», «Терезеден - есіктен», «Бозшолақ», «Бұқтым - бұқтым», «Не кричи, не шуми», «Арба соққан», «Аман бол, шешем, аман бол», «Қайран шешем» сияқты күйлері замана басқа салған зобалаңның бір - бір бекеті сияқты. Ол қатал тағдырдың кез келген талқысына өнерімен жауап беріп, өнерімен белгі қалдырып отырған.
Құрманғазы өмірге ғашық күйші. Тіршіліктің нұрлы сәттеріне ол балаша қуанып, қалтқысыз сезімге бөлене алады. Оның «Қызыл қайың», «Ақжелең», «Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын», «Серпер», «Назым», «Балқаймақ», «Бұлбұлдың құрғыры», «Ақсақ киік», «Төремұрат», «Қуаныш» сияқты күйлері өмірге іңкәр жанның жүрек лүпілі сияқты.
Мәтінмен жұмыс
1. Оқулықтағы тапсырма бойынша мәтінді оқушыларға оқыту;
2. Оқушыларға мәтінді тізбектей оқыту.
3. Оқушыларға Құрманғазының «Кісен ашқан», «Балбырауын», «Ақ желең», «Түрмеден қашқан» күйлерінен үзінді тыңдату.
Дәптермен жұмыс
Дәптерге Құрманғазы күйлерінің аттарын жаздыру. Қазіргі күйшілер Айгүл Үлкенбаева, Секен Тұрысбеков есімдерін жаздыру.
Суыт- асығыс

Кілтипандарын- құпиясын

Жігері қөұм болды- дәрменсіз күйге түсті

Құқай- бұл жерде: қиындық

Шылау- жүгенің шаужайы, шылбыры

Сергіту жаттығуы


Бұл кім? ойыны

Күйшілер суреті арқылы атын айту

І топ: Күй сөзіне түбірлес сөз жазу

ІІ топ: Құрманғазы күй өнері арқылы....,.....,....-..... қарсы күрескен дара тұлға


Бекіту


Мәселелік сұрақ бойынша жаңа тақырыпты меңгерту

Әңгімелесуші құрал


Есіңе сақта

  • Алматыда Құрманғазы атында Қазақ ұлттық консерватория

  • Алматыда Құрманғазы атында Қазақ мемлекеттік халық аспаптар оркестрі

  • Құрманғазы атында аудан, көшелер, мектептер бар

  • Атырауда Құрманғазы атында мәдениет сарайы

  • Құрманғазы ауданында Құрманғазы атында саз колледжі
    Үйге тапсырма: Құрманғазы

Бағалау





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал