- Учителю
- 10 Саны және цифры. Бір таңбалы және екі таңбалы сандар.
10 Саны және цифры. Бір таңбалы және екі таңбалы сандар.
Ашық сабақ
Күні: 27.11.2015
Сынып: 1 «Б»
Пән: математика
Кабинет: 3
Мұғалімі: Картова М.М.
Сабақтың тақырыбы: «10 саны және цифры. Бір таңбалы және екі таңбалы сандар».
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: 10 санының құрылуымен таныстыру және «бір таңбалы, екі таңбалы сандар» ұғымын қалыптастыру. Ауызша санау үшін 10-ға дейінгі сандардың қатары туралы білімдерін қорытындылауға арналған жаттығулар жүргізіледі. Мысалы, «5-тен 7-ге дейін сана», «Сандар қатарын қалпына келтір», «Көршілерін ата» т.б. 1-ден 9-ға дейінгі сандар құрамы бекітіледі. Бұған «Екі санмен ауыстыр», «Үйлерге орналастыр», «Өнім жинау» ойындары пайдаланылады.
Дамытушылық: оқушылардың елестету және логикалық ойлау қабілетін дамыту. Есептерді, теңдіктер мен теңсіздіктерді шешуде шығармашылық жол таба білуді дамыта отырып, оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, математика пәніне қызығушылықтарын артыру.
Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тазалыққа, ұжымдылыққа, зейіншілікке, есептеу дағдыларын күнделікті тұрмыста қолдана білуге тәрбиелеу және эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, ойын сабақ.
Сабақтың типі: өткен материалды бекіту.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, әңгіме.
Сабақтың көрнекіліктері: суреттер, үлестірмелі парақшалар, кеспе сандар, кеспе таңбалар.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, ана тілі.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
-
Мотивациялық кезең.
-
Психологиялық дайындық.
-
Өткен тақырыпты еске түсіру. (Топқа бөлу).
ІІ. Негізгі бөлім.
-
Тақырыпқа шығу.
-
Мәреге жету картасымен таныстыру.
-
«Мәреге жету!» ойыны
-
Тақырыпты түсіндіру.
-
«10 саны және цифры.Бір таңбалы және екі таңбалы сандар» тақырыбын бекіту.
-
Машықтық жұмыс.
ІІІ. Қорытынды бөлім:
-
Рефлексия.
-
Мадақтау.
Сабақтың барысы:
Сабақтың
бөлімі
Мұғалімнің әрекеті
Оқушының әрекеті
Уа-қыт
Күтілетін нәтиже
І. Ұйым-дастыру бөлімі:
Оқушылармен амандасу
Мұғаліммен сәлемдесу
5 минут.
Оқушылар назарын сабаққа аударту
1. Мотива-циялық ке-зең.
- Сәлеметсіздер ме, балалар!
-Бүгінгі көңіл күйлерін қандай?
-Сәлеметсіз бе, мұғалім!
-Жақсы.
1 минут
Сабаққа балаларды түгіндеу.
2. Психоло-гиялық дай-ындық.
- Ал, балалар бәріміз бірге!
Сыныбымыз тап-таза,
Бор да дайын тақтада.
Ойымызды жинақтап,
Отырайық партаға.
1 минут
Оқушылар-ды сабақ-қа ынта-ландыру.
3. Өткен тақырпты еске түсіру.
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Алақанды ашайық!
Бесті беске қосқанда,
Болып шықты неше саусақ?
- Өте жақсы, біз өткен са-бақта қандай санмен таныс-тық?
- Жақсы, ендеше осы та-қырыпты терең меңгеру үшін топқа бөлінейік.
- Топқа бөліну үшін сен-дерге, парақшаларды үлес-тіремін, суретке сәйкес ор-ындарға отырамыз!
- Болып шықты он саусақ.
- 10 саны және цифры.
- Екі топқа бөліндік: 1-ші топ: «Доп», 2-ші топ: «Шар».
3 минут
Балалар-дың са-баққа да-ярлығын тексеру.
ІІ. Негізгі бөлім:
Оқушылармен жасала-тын жұмыстарды таныстыру
Орындалатын тап-сырмалар арқылы, жаңа білім, білік, іскерлікті игеру.
25 ми-нут
Оқушылар-ға тақы-рыпты түсіндіру
1. Тақы-рыпқа шы-ғу.
- Топқа бөлініп болсақ, сен-дерге қызықты нәрсе айтай-ын: ойыншықтар әлемінен бізге математика пәніне ар-налған ойындар келді. Сол ойындармен танысайық!
- Танысу үшін тақтаға на-зар аударамыз!
- Балалар «Мәреге жет» ой-ынының картасы тұр.
- Бұл ойында әрбір сөрені өткен сайын сабақтарымыз-дан алған білімдеріңіздің қандай екенін, мәреге жету-ге жеткілікті ме, соны бай-қаймыз.
- Әрбір сөрені оқып шығай-
ық. (мұғалім оқиды, оқу-
шылар тізбектеп қайталай-ды).
І-ші топ: «Доп».
ІІ-ші топ: «Шар».
- Сөре!
- Доп!
- Шар!
- Көлік!
- Қоян!
- Қуыршақ!
- Мәре!
2 минут
Балаларға сабақ та-қырыбын қызықтыр-ып таныс-тыру ар-қылы ын-таланды-руды іске асыру. Шағын әң-гіме жүр-гізу.
2. Тақыр-ыпты тү-сіндіру.
- Балалар, әрбір тапсырмаға сендерге жұлдызша беріле-ді. Қай топ көбірек жауап берсе, сол топқа жұлдызша беріледі. Сабақ соңында көп жинаған топ мәреге жетеді.
- Жақсы, егер сендерге тү-сінікті болса, біз көңілді ойынымыздың бірінші сө-реге жетейік
- Мынау не? Мынау - доп.
- Доп тапсармасында: Бұл тапсырмада бір таңбалы сандарды сол жаққа, ал екі таңбалы сандарды оң жаққа қойамыз. Балалар бір таң-балы және екі таңбалы сан-дардың қандай болатынын еске түсір.
- Ал, енді тексереміз!
тапсырмасы:
Бір таң- Екі таң-
балы сан- балы сан-
дар дар
6 5 10 2 3
11 1 21 13
ТЕКСЕРУ:
Бір таң- Екі таң-
балы сан- балы сан-
дар дар
6 2 3 11 21
1 5 13 10
8 минут
Оқушы-ларға та-қырыпты түсінді-ру,әңгіме-леу арқы-лы білім-дерін то-лықтыру.
3. Машық-тық жұ-мыс.
«Шар» тапсырмасы: СӨЗЖҰМБАҚТЫ ШЕШ!
2-1
Р
10-3
Н
7-5
Е
К
1+4
3+0
Ө
3
1
7
2
5
Ө
Р
Н
Е
К
- Жарайсыңдар!
- Балалар, біз келесі сөреге өттік.
«Көлік» тапсырмасы.
1«КӨРШІ САНДЫ АТА»
5
8
9
«Қоян» тапсырмасы.
Теңсіздіктерді шеш:
І топқа: ІІ топқа:
6 * 7 3 * 4
6 * 6+1 8 * 8-3
7-5 * 2 9-2 * 1
9-3 * 9-4 10-1 * 10-2
Сергіту сәті
Аспанға қарап ай көрдім.
Төмен қарап жер көрдім.
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім!
«Қуыршақ» тапсырмасы:
Оқушының аты-жөні:_____________________
КАРТОЧКАМЕН ЖҰМЫС
Теңдіктердің жауабын тап.
9+=10 10-5= 7-=5
6+1= 8-= 5 9-2=
Кесінділерді сыз:
5 см
10 см
15 минут
Оқушылар-ға түсін-діріп, ба-лалардың өздігінен жұмысқа баулуды іске асыру арқылы оларға ал-ған білім-дерін іс-жүзінде қолдануға үйрету.
Балалар жұмыстар-ын бақы-лау.
ІІІ. Қоры-тынды бөлім:
Балалар жұмыстарын сараптау
Дайын жұмыстарын талдау
5 минут
Өздігінен жұмысқа дағдылану
1. Қоры-тындылау.
- Жарайсыңдар балалар, сендер мәреге жеттіңдер!
- Жеңімпаз топты анықтай-ық. Қай қалтада жұлдызша-лар саны көп екенін анық-тауда, қалтадағы жұлдыз-дарды санайық.
- Жарайсыңдар, әр топқа осы «Мәреге жет» ойынына қатысқан топтарға сыйлық беріледі.
2. Рефлек-сия.
«Бағдаршам»
Ойынның шарты: сұрақ беріледі, сендерге ұнаса - жасыл, ұнамаса - қызыл түсті көрсетеміз.
- Балалар сендерге бұл сабақ ұнады ма?
- «Мәре» ойыны ұнадыма?
- Сергіту сәті ұнадыма?
2 минут
Нені біл-ді? Нені үйренді? анықтау.
3. Мадақ-тау.
- Бүгін сыныпта кім өте жақсы қатысты?
- Оларға жұлдызша беруге болма? Неліктен?
- Дұрыс, олар сабақта белсенді қатысты.
- Жарайсыңдар, балалар барлығымыз тұрайық.
- Сабақ аяқталды, сау бол-ыңыздар!
- Иә. Өткені сабақта көп жауап берді.
- Сау болыңыз!
3 минут
Оқушылар жұмысын бағалау және ма-дақтау ар-қылы ке-лесі жұ-мыстарға ынталан-дыру.
Павлодар қаласының № 33 жалпы орта білім беру мектебі
АШЫҚ САБАҚ
Тақырыбы:
«10 саны және цифры.Бір таңбалы және екі таңбалы сандар».
Сынып: 1 «Б»
Сынып жетекші: Картова М.М.
2015 - 2016 оқу жылы