7


Бастауыш қоштасу (4 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

1. Нұршат:

Армысыздар, мұғалімдер әз жандар!

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,

Өмір деген үлкен жолда тарландар

Бүгін, міне бастауышпен қоштасады балбұлақ

Әні менен жырына тарландарым сал құлақ

Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан

Лаулап жансынболашағың шамшырақ

2. Дидар:

Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар

Жүщдеріңнен мейірім мен нұр тамар

Алдарыңызда жауқазындай құлпырған

Біз алаңсыз балғын шақты балалар

Қош келіпсіз өр тұлғалы әкелер,

Қыран құстай болашағын мәпелер.

Бүгін міне бастауышпен қоштасады

Азамат боп, кешегі сәби - еркелер.

Хормен:

Мектеп - кеме, білім - теңіз

Адаспаймыз ұлы жолда

Барар жерге тез жетеміз

Ұстаз берген білім қолда

3. Нұршат:

Үйретіп бізге алғаш әліппені

Ұстазым ғылымға, жол салып берді

Адамның ой - арманы, мақсаттары

Оқудың сәулесімен жарық көрді.

4. Дидар

Өмірге жол бір өзіңнен бастадым

Алфавитті жалғыз сеннен жаттадым

Ұстаз Ана естен кетпес мәңгілік

Мейіріммен жауырыннан қаққаның

5. Ануарбек

Жүзің жылы, құшағың кең

Сенен түлеп ұшамын мен

Өзің берген біліміңмен

Биіктерге шығамын мен

6. Алеша

Ақылшы асыл ұстазым

Өзіңе мен де ұқсармын

жеткенше қайрат күш - әлім

Биікке самғап ұшармын

Ән: «Ғалым да, шахтер да бас иетін»

7. Ануарбек

Байсалды мінезіңнен бір қалыпты,

Менің де көкейімде із қалыпты

Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің

Ерінбей үйреттің де әр әріпті,

Қоссаңдар бірді екіге үш болады

Деуші едің - білімменен күш толады

8. Дидар

Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол

Ақылмен іс істесең іс болады

Беруші ең бізге айтып өлең, тақпақ,

Таласып алушы едік біздер жаттап

Өзіңіз баға қойған күнделікті

Жоалтпай өір бойы жүрем саұтап

9. Алеша

Қстаздық еткен жалықпас

Үйретуден балаға, - деп Абай атамыз айтқандай, ұстазымыз жыл бойы білім нәрімен сусындатып, хат танытты, еңбек ете білуге үйретті. Сондықтан да, алғашқы ұстазымызға алғыс айтып, басымызды иеміз.

10. Дидар

Келесі тамашалайтындарыңыз Нұршаттың орындауында «Қазақ биі»

11. Ануарбек

Жырын жаттап жатамыз,

Жалықпастан қыс - жазы

Ұлы Ыбырай атамыз,

Ұстаздардың ұстазы

Ұран тастап көп елге,

«Кел, балалар, оқылық»

Деген сөзін көңілге,

Ықыласпен тоқылық.

12. Дидар

Оқығаннан кезінде,

Озған алғаш - сол екен!

«Әліппенің» өзім де

Жазған алғаш сол екен.

Бұларды да мектепте,

Білдік алғаш оқып біз

Ұлы болып етсек те,

Ұлы ұстазға шәкіртпіз

13. Алеша

Абай - бізідің бабамыз,

Өлеңі - ақыл, өзі - аңыз

Абай - біздің бабамыз,

Өсиетін сондықтан,

Санамызға жазамыз.

14. Нұршат

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге қашық бол

Деген жырын Абайдың,

Жиі - жиі ашып көр

Өтірікпен , өсекпен,

Өмірлері бос өткен

Адамдарды ұлы Абай

Шығарыпты есептен

Еңбекпене, талапты,

Әрбір күнін ән еткен

Балалардан ұлы Абай

Адамшылық дәм еткен

Келесі кезекте Дидар, Ануарбек, Алешаның орындауында «Жастар» биін тамашалайық

15. Нұршат

Бізді болашаққа не бастайды?

Дидар: Ұстаздың көрсеткен жолы

Ануарбек: Ата - ананың ақылы

Алеша: Болашаққа деген сенім.

16. Нұршат:

Ұстазадр жаққан шырақты,

Өшірмейік балалар

Бәрін - бәрін білесің

Оқи берсең кітапты

17. Дидар

Бастауышым - бастамам,

Білім жолын бастаған.

Білім жолы биікте,

Беліңді бу, жас данам

18. Ануарбек

Бастауышым - балбұлағым,

Алдым сенен балдың дәмін

Әріп танып, білім алып

Рахметімді жаудырамын.

19. Алеша.

Бастауышым - балбұлағым

Лаулап жансын шамшырағың

Өзің берген біліміңмен,

Самғап ұшты тау қыраның.

20. Нұршат

Әріптрді үйртіп,

Жақын болған кім бізге?

Жамандақтан жиреніп,

Ақыл болған кім бізге?

Десек, ол жан- мұғалім,

Таласады, сірә кім?

Қапастағы елдерден,

Мұңын айтқан кім бізге?

Көрікті сан жерлерден.

Сырын айтқан кім бізге?

Десек, ол жан - мұғалім

21. Дидар

Таласады, сірә кім?

Аңыз, ертек, ән - жырдың,

Бәрін бойға құйғыздың

Санамызға сен біздің

Бар асылды сыйғыздың

Жақтың білім шырағын

Хормен: Рахмет, саған , мұғалім!

22. Ануарбек

Нұршаттың орындауында «Үнді » биін қарсы алыңыздар:

23. Алеша

Өзіміз оқыған 8 пәнге сиапттама берейік

24. Нұршаи

Қазақ тілі

Еселейді сө з аслын тіл сабағы,

Түзейді талдап тұрып мін - шаланы.

Көкейге себілгендей інжу - маржан

Кернейді жарқыраған нұр сананы.

25. Ануарбек

Бейнелеу өнері

Құлшынтады бізді сурет сабағы

Тебірентіп ой - қиялды, сананы

Елестетіп көк тіреген тауларды,

Малы өрегн ауыл мен сай - саланы.

Қыл қаламменезіп тұрып бояуды

Сызамыз да шексіз байтақ даланы

Соннан кейін таңдап зәулім үйлерді,

Әдейілеп аралаймыз қаланы

26.Дидар

Математика

Әуелі жүзге шейін жаттап алғын,

Соннан соң ережелі шартқа бағын

Екіге бірді қосып молайттағы

Бесті бұзбай екіні шақтап алғын

Үшті үшке көбейтіп еселе де

Сегізді төртке бөліп, бапқа барғын

Тәсілін төрт амалдың игергенің

Есеңді бермеу жолын сақтағаның.

27. Алеша

Еңбек

Гүл өсірсең терлеп,

Мұның аты - еңбек.

Кесте тіксең зерлеп,

Мұның аты - еңбек.

Қырға шықсаң өрлеп,

Мұның аты - еңбек.

Қиындықтың бәрін,

Еңбек қана жеңбек.

28. Ануарбек

Дүниетану

Бұл сабақта елестейді сағым шың,

Алыс жақын Жер бедерін танисың

Асқар асып, мұхиттарды кешкендей,

Сезінесің көлдің көркн тау иісін.

Қырлықтың құпиясын білесің.

Бар ма өзіңнің оған қосар үлесің?

Жақсылық пен жамандықты айырып,

Адамдармен бірге өмір сүресің.

29. Дидар

Дене тәрбиесі

Күнде ертемен тұрамын да,

Жуынам тау бұлағына

Әрлі - берлі жүгіремін,

Дене жазып бүгілемін.

Сосын үйге келемін мен

Тигендей - ақ төбем күнге

Көңілім шалқып, мерейім асып

Мектебіме шығам жолға

Мендей әдет күнде осы,

Жаттығу бұл адам досы.

30.Алеша

Ана тілі

Ең бірінші бақытым - тілім менің,

Тас жүректі тілімміен тілімдедім

Кей кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тіліммен түңілмедім.

31. Нұршат

Музыка

Көңілді көтереді ән сабағы,

Мұғалім өзі үйретіп ән салады.

Шырқасаң жаңа әнді көкке өрлете,

Тыңдаған үлкен - кіші тамсанады.

Талабы талпындырған өнерпаздар,

Жетеді мұратына жанса бағы.



</<font face="Times New Roman, serif">Келесі тамашалайтындарыңыз ән «Көңілді күн»









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал